Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 мамырда № 9419 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 14 қазандағы № 12 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014.10.14 № 12 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының 2013 жылғы 12 қазандағы № 333 (Нормативтік құқықтық актілердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8905 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20 (27641) «Казахстанская правда»; 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20 (28244) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Агенттіктің Кадрлар басқармасы Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесе отырып, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Агенттіктің Кадрлар басқармасы осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және Қаржы полициясы академиясының мәліметіне жеткізсін.
      5. Агенттік департаменттерінің, дербес басқармаларының, аумақтық органдарының және Қаржы полициясы академиясының бастықтары осы бұйрықты қатаң басшылыққа алсын.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Р. Түсіпбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
      қызмет істері агенттігінің Төрағасы
      _____________________ А. Байменов
      2014 жылғы «___» ______________

Қазақстан Республикасы Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі (қаржы полициясы) 
Төрағасының 2014 жылғы 15 сәуірдегі
№ 140 бұйрығымен бекітілді     

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы
органдары мен мекемелері қызметкерлерінің
лауазымдары үшін біліктілік талаптары

      1. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптары (бұдан әрі – біліктілік талаптары) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 29-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
      2. Біліктілік талаптары үш топқа бөлінді және оларға кіретін лауазымдарды атқаруға үміттенетін азаматтарға қойылады.
      Бірінші топқа Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі – Агенттік) қызметкерлерінің лауазымдары жатады.
      Екінші топқа аумақтық қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің лауазымдары жатады.
      Үшінші топқа Қаржы полициясы академиясы қызметкерлерінің лауазымдары жатады.
      3. Лауазымдар топтарында еңбек өтілі бойынша лауазымдарға қойылатын талаптарға сәйкес топшалар айқындалады.
      4. Басшы лауазымдарына кірмейтін лауазымдарға басшы қызметтердегі еңбек өтілінің бар болуы талап етілмейді. Ғылыми немесе жоғары академиялық дәреженің бар болуы Қаржы полициясы академиясының лауазымдарын атқаруға басым құқық болып табылады.
      5. Кәсіби даярлығы жоғары, өзіндік білімі немесе белгілі бір мамандықтар бойынша едәуір жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар осы біліктілік талаптарында белгіленген қажетті жұмыс өтілін ескерместен, Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары мен мекемелеріне Агенттік Төрағасының келісімі бойынша қызметке тағайындалуы мүмкін.
      6. Бірінші топтағы қаржы полициясы органдарының лауазымдарына келесі біліктілік талаптары белгіленеді:
      1) бірінші топша үшін (аппарат басшысы (C-FP-1)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде тоғыз жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл қызмет өтілінің, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде он жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің, немесе мемлекеттік органдардағы жұмысы кемінде он бір жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он екі жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы;
      2) екінші топша үшін (департамент бастығы (C-FP-2)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде сегіз жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл қызмет өтілінің, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде тоғыз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе мемлекеттік органдарда кемінде он жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он бір жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы;
      3) үшінші топша үшін (аппарат басшысының орынбасары, департамент бастығының бірінші орынбасары, департамент бастығының орынбасары, Агенттіктің басқарма бастығы, орталық органның бірінші басшысының кеңесшісі (C-FP-3)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде жеті жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл, немесе мемлекеттік органдарда кемінде тоғыз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы;
      4) төртінші топша үшін (Агенттік департаментінің басқарма бастығы, басқарма бастығының орынбасары (C-FP-4)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғарғы кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде бес жыл, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде алты жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде жеті жыл еңбек өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы;
      5) бесінші топша үшін (Агенттік департаментінің басқарма бастығының орынбасары, департаментінің бөлім бастығы, басқармасының бөлім бастығы (C-FP-5)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде төрт жыл, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде бес жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде алты жыл еңбек өтілінің, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл жұмыс өтілінің болуы;
      6) алтыншы топша үшін (департаменттің бөлім бастығының орынбасары, департамент басқармасының бөлім бастығы, орталық органның бірінші басшысының көмекшісі (C-FP-6)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде үш жыл, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде төрт жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің болуы;
      7) жетінші топша үшін (аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші (инспектор) (C-FP-7)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде екі жыл, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде үш жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде төрт жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің, немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы;
      8) сегізінші топша үшін (аға тергеуші, аға инспектор (C-FP-8)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде бір жыл, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде екі жыл қызмет өтілінің болуы, немесе мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің, немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы;
      9) тоғызыншы топша үшін (тергеуші, инспектор (С-FP-9)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      10) оныншы топша үшін (кіші инспектор (C-FP-10)):
      білімі - арнайы орта, техникалық және кәсіби, орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін орта білімнен кейінгі білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.
      7. Қаржы полициясы органдарындағы екінші топтағы лауазымдарға келесі біліктілік талаптары қойылады:
      1) бірінші топша үшін (аумақтық орган басшысы (C-FPO-1)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде тоғыз жыл, оның ішінде келесі төменгі санаттағы лауазымдарда кемінде екі жыл, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде он жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде он бір жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы тиіс;
      2) екінші топша үшін (аумақтық орган басшысының орынбасары (C-FPO-2)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде сегіз жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл, немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде тоғыз жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде он жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы;
      3) үшінші топша үшін (аумақтық орган басқармасының бастығы (С-FPO-3)):
      білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде бес жыл, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде алты жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде жеті жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы;
      4) төртінші топша үшін (аумақтық органның басқарма бастығының орынбасары, аумақтық орган бөлімінің бастығы (С-FPO-4)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде төрт жыл, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде бес жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде алты жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл жұмыс өтілінің болуы;
      5) бесінші топша үшін (аумақтық органның бөлім бастығының орынбасары, аумақтық орган басқармасының бөлім бастығы (С-FPO-5)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде үш жыл, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде төрт жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің болуы;
      6) алтыншы топша үшін (аумақтық органның басқарма бастығының орынбасары, аумақтық органның бөлімше бастығы (С-FPO-6)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      қаржы полициясы органдарында кемінде екі жыл, немесе құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде үш жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде төрт жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы;
      7) жетінші топша үшін (аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші (инспектор) (С-FPO-7)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде екі жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы;
      8) сегізінші топша үшін (аға тергеуші, аға инспектор (С-FPO-8)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде бір жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы;
      9) тоғызыншы топша үшін (тергеуші, инспектор (C-FPO-9)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      10) оныншы топша үшін (кіші инспектор, жүргізуші-қызметкер (C-FPO-10)):
      білімі – орта;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.
      8. Қаржы полициясы органдарындағы үшінші топтағы лауазымдарға келесі біліктілік талаптары қойылады:
      1) бірінші топша үшін (академия бастығы (C-FPU-1)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім, бағыт бойынша ғылыми докторы дәрежесінің немесе жоғары академиялық дәрежесінің бар болуы;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде он жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде он жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он екі жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы;
      2) екінші топша үшін (академия бастығының орынбасары (C-FPU-2)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі (оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ғылыми немесе жоғары академиялық дәрежесінің бар болуы міндетті);
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде тоғыз жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде тоғыз жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он бір жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы;
      3) үшінші топша үшін (академия факультетінің бастығы (C-FPU-3)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі, бағыт бойынша ғылыми немесе жоғары академиялық дәрежесінің бар болуы;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде жеті жыл қызмет өтілінің, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он жыл жұмыс өтілінің болуы;
      4) төртінші топша үшін (академия кафедрасының бастығы, академия бөлімінің бастығы, академия факультетінің бастығының орынбасары, профессор (C-FPU-4)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім (оқу үдерістерін басқару функцияларын орындайтын қызметкерлер үшін, бағыт бойынша ғылыми немесе жоғары академиялық дәреженің бар болуы міндетті);
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде алты жыл қызмет өтілінің, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл жұмыс өтілінің болуы;
      5) бесінші топша үшін (академия кафедрасының бастығының орынбасары, академия бөлімінің бастығының орынбасары, доцент (C-FPU-5)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі (оқу үдерістерін басқару функцияларын орындайтын қызметкерлер үшін, бағыт бойынша ғылыми немесе жоғары академиялық дәреженің бар болуы міндетті);
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде төрт жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің болуы;
      6) алтыншы топша үшін (академияның аға оқытушысы, академияның аға ғылыми қызметкері (C-FPU-6)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі (оқу үдерістерін басқару функцияларын орындайтын қызметкерлер үшін, магистр академиялық дәрежесінің бар болуы міндетті);
      магистр академиялық дәрежесінің бар болуы;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде үш жыл қызмет өтілінің, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы;
      7) жетінші топша үшін (академия оқытушысы, академияның ғылыми қызметкері, курс бастығы, ғылыми кеңестің хатшысы (C-FPU-7)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім (оқу үдерістерін басқару функцияларын орындайтын қызметкерлер үшін, магистр академиялық дәрежесінің бар болуы міндетті);
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы;
      құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде үш жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы;
      8) сегізінші топша үшін (академияның кіші ғылыми қызметкері, курс бастығының орынбасары (C-FPU-8)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде екі жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің болуы;
      9) тоғызыншы топша үшін (аға инспектор (C-FPU-9)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      құқық қорғау, арнаулы органдарында немесе әскери қызметінде кемінде бір жыл қызмет өтілінің, немесе мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы;
      10) оныншы топша үшін (инспектор (C-FPU-10)):
      білімі – нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;
      денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;
      нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы;
      11) он бірінші топша үшін (кіші инспектор (C-FPU-11), жүргізуші-қызметкер (C-FPU-12));