Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 14 қазандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 қазанда № 9797 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 17 бұйрығымен

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 19-бабына, «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Жамбыл облысының әкiмдігіне аударуүшiн Жаңатас қаласын 2014 – 2015 жылдардағы жылыту маусымында үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге отындық мазут сатып алу үшін нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде 510614491 (бес жүз он миллион алты жүз он төрт мың төрт жүз тоқсан бір) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Жамбыл облысының әкімі 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
К. Мәсімов