Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 152 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 қыркүйекте № 9732 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтаң қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін (бұдан әрі - Тізбе).
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                     Қ. Келімбетов

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің
      Төрағасы
      Ә. Смайылов
      _________________________
      2014 жылғы 5 тамыз

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2014 жылғы 16 шілдедегі   
№ 152 қаулысымен бекітілген 

Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін
пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы» 2004 жылғы 12 шілдедегі № 200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2988 тіркелген, 2005 жылғы 21 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 169 (733) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ақша, оның ішінде:
      кассадағы ақша, бірақ, Ұлттық почта операторының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан астам емес;
      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;
      клирингтік ұйымның шоттарындағы Ұлттық почта операторының кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;
      Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, дербес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      ұйымдарға бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін банктік қызмет көрсетулерді ұсынатын резидент емес ұйымдардың шоттарындағы ақша;».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Жоғары өтімді активтерді есептеуге мыналар енгізіледі:
      1) қолма-қол ақша;
      2) орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша;
      3) клирингтік ұйымның шоттарындағы банктің кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;
      4) тазартылған бағалы металдар;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;
      6) Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі талап етуге дейінгі салымдар;
      7) Қазақстан Республикасының банктерінде, сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 тіркелген, «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысында (бұдан әрі - № 141 қаулы) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
      9) № 141 қаулымен белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары;
      10) Ұлттық Банкте 7 күнтізбелік күнге дейінгі өтеу мерзімі бар мерзімді депозиттер;
      11) Standard & Poor's рейтингтік агенттіктің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес банктеріне берілген «овернайт» қарыздары.»;
      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
      «43-1. Банк кері сатып алу талабымен сатқан немесе кепілге берілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге түрде ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды қоспағанда, осы Нұсқаулықтың 43-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.»;
      44-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 5), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, жоғары өтімді активтердің есебіне енгізілмейтін бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып табылады деген талаппен өтімді активтердің есебіне кіреді.»;
      53-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53-9. Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздар өсімінің коэффициенті к10 коэффициентімен сипатталады, 0,30-дан астам емес мөлшерде белгіленеді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қалыптастырылған резервтерді ескере отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бастап есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелі өсімінің күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздардың портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.
      Есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелінің өсімі есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелі мен күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздар портфелінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      Осы коэффициентті есептеу мақсаттары үшін тұтынушылық портфель ретінде жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген қарыздарды, сатып алынатын автокөлік қамтамасыз етуі болатын қарыздарды, банктік салым шартына сәйкес банкте орналастырылған және берілетін қарыз сомасын толығымен жабатын ақша қамтамасыз етуі болатын қарыздарды қоспағанда, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға берілген қарыздар және білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздар түсініледі.
      Басқа банктен тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін немесе бүкіл портфелін қабылдаған банктер несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың өсу коэффициентінің есебіне ағымдағы күнтізбелік жылы басқа банктен қабылданған тұтынушылық қарыздар портфелінің бөлігін кіргізбейді.
      Есепті кезеңде басқа банкке (банктерге) тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін немесе бүкіл портфелін сатуды (беруді) жүзеге асырған банк үшін есепті күнге тұтынушылық қарыздардың өсу коэффициентінің мөлшері (к10) 0,30-дан астам емес мөлшерде белгіленеді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қалыптастырылған резервтерді ескере отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бастап есепті күнге нақты берілген тұтынушылық қарыздардың күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздар портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.».
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Жоғары өтiмдi активтер есебiне мыналар кіреді:
      1) қолма-қол ақша;
      2) орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша;
      3) клирингтік ұйымның шоттарындағы банктің кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;
      4) тазартылған бағалы металдар;
      5) ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг, дауыс беруші акцияларының жүз пайызы (қатысу үлесі) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар - оригинаторлар құрған исламдық арнайы қаржы компаниясы шығарған ислам бағалы қағаздары;
      6) Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі талап етуге дейінгі салымдар;
      7) Қазақстан Республикасының банктерінде, сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
      8) Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен төмен емес шетел валютасында тәуелсіз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң ислам бағалы қағаздары;
      9) Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шетел эмитенттерінің ислам бағалы қағаздары.
      Банк кері сатып алу талабымен сатқан немесе кепiлге берілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге түрде ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды қоспағанда, осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.»;
      42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нұсқаулықтың 41-тармағының 5), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, жоғары өтімді активтердің есебіне енгізілмейтін бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып табылады деген талаппен өтімді активтер есебіне кіреді.»;
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «58. Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздар өсімінің коэффициенті к10 коэффициентімен сипатталады, 0,30-дан астам емес мөлшерде белгіленеді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қалыптастырылған резервтерді ескере отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бастап есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелі өсімінің күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздардың портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.
      Есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелінің өсімі есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелі мен күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздар портфелінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
      Осы коэффициентті есептеу мақсаттары үшін жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген қарыздарды, сатып алынатын автокөлік қамтамасыз етуі болатын қарыздарды, банктік салым шартына сәйкес банкте орналастырылған және берілетін қарыз сомасын толығымен жабатын ақша қамтамасыз етуі болатын қарыздарды қоспағанда, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға берілген қарыздар және білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздар тұтынушылық портфель ретінде түсініледі.
      Басқа банктен тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін немесе бүкіл портфелін қабылдаған банктер несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың өсу коэффициентінің есебіне ағымдағы күнтізбелік жылы басқа банктен қабылданған тұтынушылық қарыздар портфелінің бөлігін кіргізбейді.»;
      мынадай мазмұндағы 58-1-тармақпен толықтырылсын:
      «58-1. Есепті кезеңде басқа банкке (банктерге) тұтынушылық қарыздардың бір бөлігін немесе бүкіл портфелін сатуды (беруді) жүзеге асырған банк үшін есепті күнге тұтынушылық қарыздардың өсу коэффициентінің мөлшері (к10) 0,30-дан астам емес мөлшерде белгіленеді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қалыптастырылған резервтерді ескере отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бастап есепті күнге нақты берілген тұтынушылық қарыздардың күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздар портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.».
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8794 тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашада «Заң газеті» газетінде № 167 (2368) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерінде:
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ақша, оның ішінде:
      Қордың балансы бойынша активтер сомасының бір пайызынан аспайтын кассадағы ақша;
      осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы теңгемен және Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасымен ақша;
      орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша;
      Қордың кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын клирингтік ұйымның шоттарындағы меншікті ақша;
      Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді рейтингі немесе Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасындағы басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, Қорға бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасында операцияларды жүзеге асыру үшін банк қызметін ұсынатын шетел ұйымдарының ағымдағы шоттарындағы ақша»;
      1 және 2-қосымшалар осы Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) берілген 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 18 маусымда «Заң газеті» газетінде № 88 (2482) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларында:
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ақша, оның ішінде:
      кассадағы ақша, инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде;
      осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша;
      клирингтік ұйымдардың шоттарындағы инвестициялық портфельді басқарушының кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;
      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді, жеке рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;
      ұйымдарға бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін банк қызметтерін көрсететін Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйымдарының шоттарындағы ақша;»;
      қосымша Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 6 мамырдағы № 79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9530 тіркелген, 2014 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      үшіншіден бастап он жетінші аралығындағы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Банктердің жарғылық капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
      жаңадан құрылатын банктер үшін – 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
      тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін – 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банктік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар банктің меншік капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге мөлшерінде;
      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 50 000 000 000 (елу миллиард) теңге мөлшерінде;
      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 75 000 000 000 (жетпіс бес миллиард) теңге мөлшерінде;
      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңге мөлшерінде.
      Банктің меншік капиталының ең аз мөлшері бойынша пруденциалдық норматив мына талаптарды бір мезгілде орындаған кезде орындалды деп саналады:
      банктің меншік капиталының нақты мөлшері кемінде 10 000 000 000 (он миллиард) теңге болғанда;
      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банктік операцияларды жүзеге асыруға байланысты міндеттемелердің мөлшері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілеген лимиттерден аспайды.
      1-2. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банктік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы жоқ банктің меншік капиталының ең аз мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін меншік капиталының ең аз мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банк акционерлерден меншiктi акцияларды, егер мұндай сатып алу уәкілетті орган белгiлеген кез келген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi бұзуға алып келмейтiн жағдайда ғана сатып алады.»;
      елу біріншіден бастап елу сегізінші аралығындағы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      ««53-6. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының меншікті капиталдың орташа айлық шамасының, реттелген борыштың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының және ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасының сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.
      53-7. Банктің ішкі активтері активтерді (ақша) және Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.
      Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы реттелген борышты қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының резиденттерiндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, Қазақстан Республикасының резиденттерiндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын білдіреді.
      53-8. Банктің қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді есепке алғанда есептелген ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып, банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің жалпы сомасының, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың тиісті есепті айдың жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
      Меншікті капиталдың орташа айлық шамасы есепті кезеңнің әрбір жұмыс күніндегі жағдай бойынша меншікті капитал сомасының тиісті есепті кезеңнің жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
      Банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаттары үшін меншікті капитал бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының резидент емес еншілес ұйымдарына инвестицияларды қоспағанда, мынадай мөлшерлерде пайдаланылады:
      жүйе құрайтын банктерді қоспағанда банктер үшін:
      2014 жылғы 1 қазаннан бастап – 0,7-ге көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні;
      жүйе құраушы банктер үшін:
      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – 0,3-ке көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні;
      2015 жылғы 1 қазаннан бастап - 0,7-ге көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні.»;
      2-тармақтың қырық екіден бастап елу аралығындағы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      ««55. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының меншікті капиталдың орташа айлық шамасының, реттелген борыштың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының және ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасының сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.
      Коэффициент үтірден кейін үш таңбамен беріледі.
      56. Банктің ішкі активтері активтерді (ақша) және Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.
      Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы реттелген борышты қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының резиденттерiндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, Қазақстан Республикасының резиденттерiндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын білдіреді.
      57. Банктің қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді есепке алғанда есептелген ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықақылар, оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып, банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің жалпы сомасының, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың тиісті есепті айдың жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
      Меншікті капиталдың орташа айлық шамасы есепті кезеңнің әрбір жұмыс күніндегі жағдай бойынша меншікті капитал сомасының тиісті есепті кезеңнің жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
      Банктер қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаттары үшін меншікті капитал бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының резидент емес еншілес ұйымдарына инвестицияларды қоспағанда, мынадай мөлшерлерде пайдаланылады:
      жүйе құрайтын банктерді қоспағанда банктер үшін:
      2014 жылғы 1 қазаннан бастап – 0,7-ге көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні;
      жүйе құрайтын банктер үшін:
      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – 0,3-ге көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні;
      2015 жылғы 1 қазаннан бастап - 0,7-ге көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы қаулы мыналарды:
      2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз алтыншы – елу бірінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының он бірінші – жиырма тоғызыншы абзацтарын;
      2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз екінші – отыз бесінші абзацтарын, елу екінші – алпыс үшінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының қырық бірінші – елу үшінші абзацтарын;
      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының үшінші – он жетінші абзацтарын, алпыс төртінші – алпыс тоғызыншы абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының елу төртінші – елу тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының 1-тармағының отызыншы және отыз бірінші абзацтары 2013 жылғы 28 тамыздан бастап 2014 жылғы 30 қыркүйек аралығында туындаған қатынастарға қолданылады.».

Қазақстан Республикасының қаржы     
ұйымдарының қызметін пруденциялық    
реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілетін нормативтік   
құқықтық актілерінің тізбесіне     
1-қосымша                 

«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін
пруденциялық нормативтердің тізбесіне,
олардың нормативтік мәндеріне және  
есептеу әдістемесіне, сондай-ақ есептілік
нысандары мен ұсыну мерзімдеріне   
1-қосымша                

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

                                                               Нысан

«К1 коэффициенті мәнінің есебі» Есепті кезең: ____ж.__.__.

      Нысан индексі: DNP-K1
      Ақпарат жинау кезеңділігі: ай сайын
      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – Қор)
      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.

                                                      (мың теңгемен)

Көрсеткіш атауы

Баланс бойынша құны

Ескерілетін көлем (%)

Есептелетін сома

1

Ақша - барлығы (1.1 - 1.5 жол сомасы):


Х


1.1

кассадағы ақша, Қор балансы бойынша активтер сомасының бір пайызынан аспайды


100


1.2

Тізбенің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі теңгедегі және шетел валютасындағы ақшасы


100


1.3

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;


100


1.4

клирингтік ұйымдағы шоттардағы, Қордың кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;


100


1.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдің шетел валютасында басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктеріндегі ағымдағы шоттарындағы ақша


100


1.6

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін Қорға банктік қызмет көрсететін агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдардың ағымдағы шоттарындағы ақша


100


2

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzB»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің отыз алты айдан аспайтын мерзімге арналған салымдар


100


3

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzB» төмен емес рейтингтік бағасы бар, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің банктік депозиттік сертификаттары


100


4

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарын қосқанда)


100


5

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар


100


6

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


7

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дауыс беретін акцияларының жүз пайызын иеленетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


8

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBB» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


9

№ 77 қаулыда көзделген қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары


70


10

№ 77 қаулыда көзделген қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары


50


11

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzВВ» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


12

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В+»-тен «В-»-қа дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBB-»-тан «kzВ»-ға дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


80


13

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, эмитенті № 77 қаулыда көзделген «бірінші шағын санатты (ең жоғарғы) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


80


14

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Тізбенің 5-тармағының
12) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының бағалы металдар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


80


15

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, эмитенті № 77 қаулыда көзделген «екінші шағын санатты (ең жоғарғы) рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


70


16

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының ұйымдарының және басқа мемлекеттердің Тізбенің 5-тармағының 13) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


70


17

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесіне ие бағалы қағаздары


100


18

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


19

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары


100


20

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздары


100


21

Лондондық бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және «Лондондық сапалы жеткізілім» («London good delivery») стандарты ретінде осы қауымдастық құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері, оның ішінде Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА» кем емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде 12 айдан аспайтын мерзімге салынған металл депозиттері


100


22

Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және акционерлері бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі ретіндегі өзге де заңды тұлғалардың акциялары


50


23

Зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақылар мен зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кіріс бойынша, шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген дебиторлық берешек


100


24

Қордың балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы, Қордың жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары


100


25

Өтімді және басқа активтер (1 - 24-жолдарының сомасы)


Х


26

Баланс бойынша міндеттемелер


Х


27

МКТМ




28

К1 (25-жолы - 26-жолы) /27-жол

Х

Х


29

зейнетақы активтерінің ағымдағы құны

Х

Х


30

Баланс бойынша активтер сомасы

Х

Х


Қордың толық атауы
_____________________________________________________________________
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) ___ күні __
Бас бухгалтер _____________ күні _____________
Орындаушы _____________ күні _____________
Телефон: ___________
Мөр орны

«К1 коэффициенті мәнінің есебі» 
әкімшілік деректер жинауға   
арналған нысанына қосымша   

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
«К1 коэффициенті мәнінің есебі» нысанын толтыру бойынша
түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      Осы түсіндірме «К1 коэффициенті мәнінің есебі» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
      Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 62-5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      Нысанды ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы өтімді активтері, міндеттемелері, меншікті капиталының ең төменгі мөлшері және меншікті капиталының жеткіліктілік нормативі бойынша толтырады.
      Қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.
      5-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы есептеуге арналған, 3 және 4-бағандар деректерінің қосындысы ретінде есептелген сома көрсетіледі.
      Реттік нөмірі 28-жолда баланс бойынша өтімді активтер мен міндеттемелер айырмасының меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қатынасы ретінде есептелген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті көрсетіледі.

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары  
үшін пруденциялық нормативтердің   
тізбесіне, олардың нормативтік    
мәндеріне және есептеу әдістемесіне,
сондай-ақ есептілік нысандары мен  
ұсыну мерзімдеріне          
2-қосымша              

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

                                                             Нысан

«К1 коэффициентінің пруденциалдық нормативін есептеу үшін
қосымша мәліметтер»
Есепті кезең: ____ж.__.__.

      Нысан индексі: DNP-8PR
      Ақпарат жинау кезеңділігі: ай сайын
      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – Қор)
      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.

                                                        (мың теңге)

Белгісінің

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сомасы

1

2

3

8001

Қордың балансы бойынша активтер сомасының бір пайызынан аспайтын кассадағы ақша


8002

Тізбенің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің теңгемен және шетел валютасымен ақшасы


8003

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;


8004

клирингтік ұйымдағы шоттардағы, Қордың кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;


8005

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі немесе Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердегі ағымдағы шоттарындағы ақша


8006

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі немесе Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасындағы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін Қорға банктік қызмет ұсынатын басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдардағы ағымдағы шоттардағы ақша


8007

Кассадағы және ағымдағы шоттардағы басқа ақша


8008

Лондондық бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және «Лондондық сапалы жеткізілім» («London good delivery») стандарты ретінде осы қауымдастық құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері, оның ішінде Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА» кем емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде 12 айдан аспайтын мерзімге салынған металл депозиттері


8009

Зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақы және зейнетақы активтерін инвестициялаудан болған, есептелген инвестициялық кіріс бойынша шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген дебиторлық берешек


8010

Басқа дебиторлық берешек


8011

Қорға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар


8012

Қордың ірі акционерлеріне тиесілі Қордың дауыс беретін он және одан да көп акцияларын сенімгерлікпен басқарушылар және осы сенімгерлік басқарушылардың үлестес тұлғалары шығарған бағалы қағаздар


8013

Қорға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


8014

Меншігінде тұрған немесе жерді тұрақты пайдаланудағы жер


8015

Меншігінде тұрған үйлер мен ғимараттар


8016

Көлік құралдарын қоспағанда меншігінде тұрған машиналар мен жабдықтар


8017

Басқа да негізгі құрал-жабдықтар


Қордың толық атауы
_____________________________________________________________________
Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) __ күні ___
Бас бухгалтер _____________ күні _____________
Орындаушы _____________ күні _____________
Телефон: ___________
Мөр орны

«К1 коэффициентінің пруденциалдық    
нормативін есептеу үшін қосымша    
мәліметтер» әкімшілік деректер жинауға
арналған нысанына қосымша       

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
«К1 коэффициентінің пруденциалдық нормативін есептеу үшін
қосымша мәліметтер» нысанын толтыру бойынша
түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      Осы түсіндірме «К1 коэффициентінің пруденциалдық нормативін есептеу үшін қосымша мәліметтер» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
      Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 62-5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      Нысанды ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ай сайын жасайды.
      Қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.».

Қазақстан Республикасының қаржы    
ұйымдарының қызметін пруденциялық   
реттеу мәселелері бойынша өзгерістер  
мен толықтырулар енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне     
2-қосымша               

«Инвестициялық портфельді  
басқаруды жүзеге асыратын  
ұйымдар үшін пруденциялық   
нормативті есептеу      
қағидаларына қосымша     

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

                                                               Нысан

«Пруденциялық нормативті есептеу»
Есепті кезең: ____ж.__.__.

      Нысанның индексі: Н1-ИПБ
      Ақпаратты жинақтау кезеңділігі: ай сайын
      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: инвестициялық
портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар
      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс
күнінен кешіктірмей.

                                                          (мың теңге)

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сома

Есепке алынатын көлем (%)

Есеп айырысуға сома

1

2

3

4

5

1.

Ақша - барлығы (1.1.-1.5-жолдарының қосындысы), оның ішінде:


100


1.1.

кассадағы ақша (инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайды)


100


1.2.

Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


100


1.3.

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;


100


1.4.

клирингтік ұйымдағы шоттардағы, инвестициялық портфельді басқарушының кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;


100


1.5.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердегі ағымдағы шоттардағы ақша


100


1.6.

ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйымдардағы шоттардағы ақша


100


2.

Мына талаптардың біреуіне сәйкес келген кезде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ықтимал шығындар бойынша резервтер шегерілген салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып):
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша «kzB» төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар;
банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-» төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - бас банктің еншілес резидент - банктері болып табылады


100


3.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі, осы эмитент-банктер № 77 қаулысына сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы санатына) енгізілуі талабымен, ықтимал шығындарға резервтер шегерілген, негізгі борыш пен есептелген сыйақы есепке алынған салымдар.


80


4.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі, осы эмитент-банктер № 77 қаулысына сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы санатына) енгізілуі талабымен, ықтимал шығындарға резервтер шегерілген, негізгі борыш пен есептелген сыйақы есепке алынған салымдар.


70


5.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердегі негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомалары есепке алынған салымдар


100


6.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


7.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


8.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес болып табылмайтын, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша
«kzВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары


100


9.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес болып табылмайтын заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары


70


10.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес болып табылмайтын заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген,
№ 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының екінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары


50


11.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша
«kzBB-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


12.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергенде инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы бар (ең жоғары санаты) борыштық бағалы қағаздар» санатына енгізілген, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В+»-тен «В-»-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шкаласы бойынша «kzB+»-тен
«kzB-»-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар, мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


80


13.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыда көзделген «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған инвестициялық портфельді басқарушыға қатынасы бойынша үлестес тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


80


14.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Қағидалардың 5-тармағы 10) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


80


15.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


16.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


17.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


18.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, базалық активі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


19.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, базалық активтері Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBB-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасын эмитенттерінің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


20.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыға сәйкес базалық активі қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар


70


21.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыға сәйкес базалық активі қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар


50


22.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-» кем емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


23.

Тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері


100


24.

Ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың акциялары


50


25.

Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі ұзартылмаған қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатынасы бойынша үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде)


100


26.

Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі қаражаты


100


27.

Өтімді активтердің жиынтығы (1-26-жолдардың сомасы) - ӨА


х


28.

Баланс бойынша міндеттемелер


х


29.

Меншікті капиталдың барынша төмен мөлшері (МКТМ)

х

х


30.

К1 «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі нормативі» ((27-жол - 28-жол)/29-жол) 1-ден кем емес

х

х


      Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
толық атауы _________________________________________________________
      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
_____________________________________________________________________
      күні __________________________________________________________
      Бас бухгалтер ______________________ күні _____________________
      Орындаушы ____________________________ күні ___________________
      Телефон: ______________________________________________________
      Мөр орны

«Пруденциялық нормативті есептеу» 
әкімшілік деректер жинауға    
арналған нысанына қосымша    

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
«Пруденциялық нормативті есептеу» нысанын толтыру бойынша
түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндіру «Пруденциялық нормативті есептеу» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 62-5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      3. Нысанды инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйым ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы өтімді активтері, міндеттемелері, меншікті капиталының ең төменгі мөлшері және меншікті капиталының жеткіліктілік нормативі бойынша толтырады.
      4. Қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      5. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      6. 3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.
      7. 5-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы есептеуге арналған, 3 және 4-бағандар деректерінің қосындысы ретінде есептелген сома көрсетіледі.
      8. Реттік нөмірі 30-жолда баланс бойынша өтімді активтер мен міндеттемелер айырмасының меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қатынасы ретінде есептелген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті көрсетіледі.

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

                                                          Нысан

«Пруденциялық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтер»
Есепті кезең: ____ж.__.__.

      Нысанның индексі: Н2-ИПБ
      Ақпаратты жинақтау кезеңділігі: ай сайын
      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар
      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.

                                                         (мың теңге)

Белгінің №

Көрсеткіштердің атауы

Баланс бойынша сомасы

8001

Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі қаражаты


8002

Басқа негізгі қаражаттар


8003

Инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық берешегін шегеріп тастағандағы инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындардың резервтерін шегергенде)


8004

Басқа дебиторлық берешек (ықтимал шығындардың резервтерін шегергенде)


8005

Тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері


8006

Мына талаптардың біреуіне сәйкес келгенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzB» төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-» төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес бас банктің резидент еншілес банктері болып табылады (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8007

Аталған эмитент-банктер № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген деген талаппен, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


8008

Аталған эмитент-банктер № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген деген талаппен, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


8009

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердегі салымдары


8010

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


8011

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;


8012

клирингтік ұйымдағы шоттардағы, инвестициялық портфельді басқарушының кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;


8013

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша


8014

Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банк қызметтерін көрсететін резидент емес ұйымдардың шоттарындағы ақша


8015

брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын кассадағы ақша


8016

Өзге ақша


8017

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналымға шығарылғандарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8018

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8019

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-» төмен емес немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша «kzBB-» төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша рейтингі бар үлестес тұлғалар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары


8020

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың акциялары


8021

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының екінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың акциялары


8022

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBВ-» төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8023

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатына енгізілген, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В+»-тен «В-»-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzВ+»-тен «kzВ-»-қа дейінгі рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар үлестес тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8024

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыда көзделген «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8025

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, осы Қағидалардың 5-тармағының 10) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8026

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8027

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8028

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары


8029

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


8030

Ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-» төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBB-» төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


8031

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


8032

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы) санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


8033

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8034

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-» төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8035

Басқа бағалы қағаздар


      Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның
толық атауы _________________________________________________________
      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
_____________________________________________________________________
      күні __________________________________________________________
      Бас бухгалтер _______________________ күні ____________________
      Орындаушы ____________________________ күні ___________________
      Телефон: ______________________________________________________
      Мөр орны

«Пруденциялық нормативті есептеу 
үшін қосымша мәліметтер»     
әкімшілік деректер жинауға    
арналған нысанына қосымша    

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
«Пруденциялық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтер»
нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндіру «Пруденциялық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтер» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 62-5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      3. Нысанды инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйым ай сайын, есепті кезеңнің соңында жасайды.
      4. Пруденциялық нормативті есептеу кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      5. Есептің нысанына бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      6. 3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.