Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 79 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 маусымда № 9530 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 17.06.2016 № 05-34 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы "Кербұлақ аудаңдық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 27-165 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 20 наурызда № 2631 тіркелген, 2014 жылы 04 сәуірде аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің № 14(3711) жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды."
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Аманкелді Тұрысбекұлы Иманбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Бақытбек Есімов
Мәслихат хатшысы
Есенбай Сұраншынов