Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9675 тіркелді.

Жаңартылған

      2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Спорттық аттақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігінің төрағасы
Т. Есентаев

  Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі төрағасының
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 300 бұйрығына
1-қосымша

Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру туралы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру тәртібін айқындайды.

      2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген "Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. осы Қағиданың 3 және 11-тармақтарда көрсетілген спорттық атақтар немесе біліктілік санаттарды алу үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      осы Қағиданың 4, 5, 12, 13-тармақтарда көрсетілген спорттық разрядтарды немесе біліктілігік санаттарды алу үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жаттықтырушылар мен спортшыларға және спорттық атақтар, разрядтар берудің тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын Қазақстан Республикасының азаматтарына облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының, спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер", 1 разрядты спортшы спорттық разрядтар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімінің, спорт түрлері бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган береді.

      5. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарды дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) дене-шынықтыру-спорт ұйымының ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі аудандық, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі береді.

      6. Спорттық атақтар мен разрядтардың орындалуын спорт түрлерінен мына құрамдағы төрешілер алқасы растайды:

      1) "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атақтарын беру үшін - төрешілер алқасы "Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші" санатындағы кемінде үш төрешіден тұрады;

      2) спорттық разрядтар беру үшін:

      Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерге - "Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші" санатындағы екі төреші және "Спорттан ұлттық төреші" санатындағы үш төреші;

      1-разрядты спортшыға - "Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші" санатындағы екі төреші және "Спорттан ұлттық төреші" санатындағы екі төреші;

      2-разрядтағы спортшыға және 3-разрядтағы спортшыға - "Спорттан ұлттық төреші" санатындағы екі төреші және бірінші санаттағы екі төреші;

      1-жасөспірімдік разрядтағы спортшыға, 2-жасөспірімдік разрядтағы спортшыға, 3-жасөспірімдік разрядтағы спортшыға - бірінші санаттағы екі төреші және спорт жөнінде екі төреші болуы қажет.

      7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери және әскери құрылымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы және басқа да спорт түрлерінен спорттық разрядтарды беруді уәкілетті органдармен келісу бойынша олардың өздері жүзеге асырады.

      8. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтар тиісті спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормаларын және талаптарын орындаған сәттен бастап, бір жыл ішінде беріледі.

      9. Жаттықтырушыға және (немесе) спортшы (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi" спорттық атағын беру үшін:

      осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;

      спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыс хаттамаларының көшірмелері;

      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;

      2) "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атақтарын беру үшін:

      осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;

      спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыс хаттамаларының көшірмелері;

      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;

      3) "Спорт шеберіне кандидат" спорттық разрядын беру үшін:

      осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;

      спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған жарыстар және (немесе) спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;

      4) "1 разрядтағы спортшы" спорттық разрядын беру (және/немесе растау) үшін:

      осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;

      спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті бір фотосурет;

      5) "2 разряд спортшысы", "3 разряд спортшысы", "1 жасөспірімдік разряд спортшысы", "2 жасөспірімдік разряд спортшысы", "3 жасөспірімдік разряд спортшысы" спорттық разрядтарын беру үшін:

      бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты;

      спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрлер бойынша аккредитілген облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

      10. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атағын алу үшін құжаттар ұсынбайды.

3-тарау. Жаттықтырушыларға, нұсқаушы-спортшыларға, әдіскерлерге және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын берудің тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. "Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы", "Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы", "Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер", "Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер", "Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы", "Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі", "Ұлттық спорт төрешісі" біліктілік санаттарын уәкілетті орган береді.

      12. "Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы", "Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, "Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер", "Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер", "Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы", "Бірінші санатты спорт төрешісі" біліктілік санаттарын дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы береді.

      13. "Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы", "біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы", "біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер", "біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер", "біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы", спорт төрешісі біліктілік санаттарын ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы және Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі береді.

      14. Қызметкерге біліктілік санаттарын беру 5 жыл ішінде кемінде бір рет даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру курстарынан өткен жағдайда, оның біліктілік деңгейін, кәсіби құзыреттілігін, әдістемелік жұмысқа қатысуын талдаудың негізінде өткізіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2017 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Санаттар жаттықтырушының спортшымен кемінде екі жыл жұмыс істеген өтілі болған жағдайда және комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 5 жылдық мерзімге беріледі.

      16. Төрешілер санатынан басқа берілген санаттың қолданыс мерзімі аяқталған соң, жұмыскер оны растауы тиіс.

      Расталмаған жағдайда, санат автоматты түрде бір деңгейге төмендейді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Жоғары санат талаптарын орындаған және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы бар жаттықтырушы үшін көрсетілген санаттың қолданылу мерзімі шектелмейді.

      18. Біліктілік санаты төмендегі спорт түрлерін, велоспорт және спорттың ойын түрлері, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, суға секіру, үйлесімді жүзу, биатлон, шаңғы қоссайысы, қазіргі бессайысты қоспағанда, сонымен қатар спортшыларды одан әрі спорттық шеберліктерін көтеру үшін басқа жаттықтырушыларға тапсыруды қоспағанда, бір спортшыны дайындаған бірнеше жаттықтырушыға берілмейді.

      Спортшыларды одан әрі спорттық шеберліктерін арттыру үшін басқа жаттықтырушыларға тапсырған жаттықтырушылардың спортшыны тапсырылған сәтінен бастап екі жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері бойынша біліктілік санаттарын иеленуге құқылары бар.

      19. Қолданыс мерзімі өткеннен кейін қызметкерлердің біліктілік санаттары олардың өтініштерінің негізінде мына жағдайларда ұзартылады:

      1) уақытша еңбекке жарамсыздығы;

      2) жүктілік және босану, бала күтімі бойынша демалыста болуы;

      3) мемлекеттік органдардың, спорт түрлерінен қоғамдық бірлестіктердің, дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарының жіберуімен шетелде мамандығы бойынша іссапарда, оқуда, жұмыста болуы.

      20. Жаттықтырушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы", "Біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы" санаттарын беру (және/немесе растау) үшін:

      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

      осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;

      спорт түрі бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

      2) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы", "Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы" санаттарын беру (және/немесе растау) үшін:

      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

      осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;

      спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен расталған республикалық жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

      3) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы", "Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы" санаттарын беру (және/немесе растау) үшін:

      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

      осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама;

      спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спортттық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

      21. Әдіскерге (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер", "Біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер" санатын беру (және/немесе растау) үшін:

      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органының қолдаухаты;

      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

      2) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер" және "Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер" санатын беру (және/немесе растау) үшін:

      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

      алдыңғы біліктіліктін берілгені туралы бұйрықтан куәліктің көшірмесі немесе үзінді;

      3) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер", "Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер" санаттарын беру (және/немесе растау) алу үшін:

      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

      22. Нұсқаушы-спортшыға (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы" санатын беру (және/немесе растау) үшін:

      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      білімі туралы дипломның көшірмесі;

      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағат анықтамасы;

      спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен расталған, спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген санат беру туралы қолдаухат;

      2) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы" санатын беру (және/немесе растау) үшін:

      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      білімі туралы димпломның көшірмесі;

      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

      спорт түрлері бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда, нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат;

      3) "Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы" санатын беру (және/немесе растау) алу үшін:

      осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      білімі туралы дипломның көшірмесі;

      жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

      спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерацияның мөрімен расталған, аккредителген жергілікті спорттық федерация болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат;

      23. Спорт төрешісіне (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) "Жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi", "Ұлттық спорт төрешiсi" төреші санаттарын беру үшін:

      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;

      спорт түрлер бойынша аккредителген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерация өткізетін төрешілердің республикалық семинарынан өткені туралы анықтама;

      өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;

      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;

      2) "Бірінші санатты спорт төрешісі" төреші санатын беру үшін:

      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;

      спорт түрлер бойынша аккредителген жергілікті спорттық федерация өткізетін төрешілердің семинарынан өткені туралы анықтама;

      өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама;

      3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет,

      3) "Спорт төрешісі" төреші санатын алу үшін:

      осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      өтініш берушінің немесе төрешілік туралы анықтамасы төрешілігін растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі.

4-тарау. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі комиссия

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру мәселелерін қарау үшін спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі уәкілетті органда құжаттардың келіп түсуіне қарай Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрауы тиіс.

      Комиссия мүшелері уәкілетті органның өкілдері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары болып табылады. Комиссия Төраға-мүшесі, хатшысы уәкілетті органның қызметкерлері ішінен айқындалады.

      Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттамаларды рәсімдеуді жүзеге асырады. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылданған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 көбі қатысса комиссияның отырысы заңды деп саналады.

      27. Комиссияның шешімі комиссияның қатысушы мүшелерінің көп даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның қатыспаған себебі көрсетіледі. Комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға комиссия мүшелері қол қояды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Комиссияның отырысында комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды және жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беруді немесе спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды және жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беруден бас тартуды ұсынады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беруден бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:

      1) Осы Қағидалардың 9, 20, 21, 22, 23-тармақтарында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) спортшының, жаттықтырушының, әдіскердің, нұсқаушы-спортшының немесе спорт төрешісінің және (немесе) қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалар талаптарына және (немесе) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығымен бекітілген Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға және спорт төрешісіне қатысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға немесе спорт төрешісіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға және спорт төрешіге спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатты алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылу.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Спортшы немесе жаттықтырушы спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатты беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда, спортшының немесе жаттықтырушының осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен қайта жүгіну мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Комиссия шешімінің негізінде уәкілетті орган спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беруге туралы бұйрық шығарады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Ереженің қорытындысы

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Спорттық атақты, разрядтарды және біліктілік санаттарды беруге тапсырған құжаттардың қарау мерзімі уәкілетті органда құжаттарды тапсырған күннен бастап 30 күнтізбелік күн құрады.

      34. Беру қорытындысы бойынша:

      осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық атақтардың, разрядтардың куәлігі және (немесе) бұйрықтың көшірмесі беріледі;

      осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарының куәлігі немесе бұйрықтың көшірмесі беріледі.

  Спорттық атақтарды, разрядтарды
және біліктілік санаттарын беру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе жергілікті

      атқарушы органның атауы)

      біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________________________

ӨТІНІШ

      _______________________________

      (спорт түрі)

      Мен, ________________________________________________________________

      Туған жылы __________________________________________________________

      Спорттық атағы ______________________________________________________

      Жұмыс орны, атқаратын қызметі _______________________________________

      Жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі _________________________________

      Үйінің мекенжайы: ___________________________________________________

      Маған _______________________________________________________________

      беру туралы мәселені қарауыңызды сұраймын.

      Мына нәтижелерді спорттық атақ беру үшін негіздеме ретінде санаймын:

      _____________________________________________________________________

      20__ ж. "___" ______________ ____________________

      (жеке қолы)

  Спорттық атақтарды,
разрядтарды және біліктілік
санаттарын беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ҰСЫНЫС

Спорт түрі

Атағы

Фотосурет орны



Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады)

Туған күні



Жеке сәйкестендіру нөмірі



Ұсынып отырған өңір (облыс, қала)

Спорт мектебі (спорт клубы)



Оқу, жұмыс орны

Білімі



Спортшымен шұғылдану уақыты (жаттықтырушылар үшін)


Үйінің мекенжайы


Алдыңғы атағы

Атақ берілген немесе расталған күні



Спортшы және (немесе) жаттықтырушысы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қолы

Спортшы



Бірінші жаттықтырушысы немесе спорт түрі (спорт түрлері) бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама команданың тізіміне сәйкес жаттықтырушысы



Аккредиттелген
республикалық және
(немесе) өңірлік спорт
федерациясының
Басшы ________
Мөр орны
Күні 20_ жылғы "__"______

Дене шынықтыру және спорт басқармасының
(облыс, қала)
Басшы __________
Мөр орны
Күні 20_ жылғы. "__"_______

РМКМ "Спортты дамыту дирекциясы"
Басшы ____________
Мөр орны
Күні 20_ жылғы "__"__________

      Комиссияның қарауына келіп түскен күні: 20__жылғы "___"__________

Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)

Орындаған күні және орны (күні, айы, жылы және қала, ел)

Жарыстардың атауы,

Жарыс дәрежесі, санаты

Көрсеткен нәтижесі









Төреші
лауазымы

Төрешінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қала (ел)

өрешілік санаты

Бас төреші




Бас хатшы




Аға төреші




  Спорттық атақтарды,
разрядтарды және біліктілік
санаттарын беру
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

ҰСЫНЫМ

Атағы

Фотосурет орны

Спорт түрі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

(мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады)

Туған күні

ЖСН

Ұсынып отырған өңір (облыс, қала)

Ведомство

Спорт мектебі

Оқу, жұмыс орны

Білімі

Дене шынықтыру білімі

Спортпен шұғылдану өтілі

Үйінің мекенжайы

Алдыңғы атағы

Атақ берілген немесе расталған күні



Спортшыны даярлаған жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жаттықтырушылық санаты





Бастапқы дене шынықтыру ұйымы

Басшы ________

МО

Күні 20___ ж. "__"___

Дене шынықтыру және

спорт басқармасы

(облыс, қала)

Басшы ________

МО

Күні 20___ж. "__"___

Аккредителген

республикалық және

(немесе) өңірлік

спорт федерациясы

Басшы ________

МО

Күні 20__ж. "__"___


      Комиссияның қарауына келіп түскен күні 20__ ж. "___" ________________

Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)

Орындаған күні

(күні, айы, жылы)

Жарыстардың атауы

Жарыс дәрежесі, санаты

Көрсеткен нәтижесі









Төреші лауазымы

Төрешінің тегі,

аты, әкесінің аты

(бар болса)

Қала (ел)

Төрешілік санаты

Бас төреші




Бас хатшы




Аға төреші





Атақ беру туралы белгі

Жауапты тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Лауазымы




Бас тартудың себебі және тәртіп бұзушылық туралы белгі

Жіберілген күні 20__ ж. "___" ______________

  Спорттық атақтарды, разрядтарды
және біліктілік санаттарын беру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

ҰСЫНЫМ

Атағы

Фотосурет орны

Спорт түрі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады)

Туған күні

ЖСН

Ұсынып отырған өңір (облыс, қала)

Ведомство

Спорт мектебі

Оқу, жұмыс орны

Білімі

Дене шынықтыру білімі

Спортпен шұғылдану өтілі

Үйінің мекенжайы

Алдыңғы разряд

Атақ берілген

немесе расталған күн



Спортшыны даярлаған жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Жаттықтырушылық санаты





Бастапқы дене

шынықтыру ұйымы

Басшы ________

МО

Күні 20___ ж. "__"___

Дене шынықтыру және

спорт бөлімі

(қала, аудан)

Басшы ________

МО

Күні 20___ж. "__"___

Аккредителген

жергілікті спорт

федерациясы

Басшы ________

МО

Күні 20___ж. "__"___


      Комиссияның қарауына келіп түскен күні 20__ ж. "___" ________________

Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)

Орындаған күні (күні, айы, жылы)

Жарыстардың атауы

Жарыс дәрежесі, санаты

Көрсеткен нәтижесі









Төреші лауазымы

Төрешінің тегі,

аты, әкесінің аты

(бар болса)

Қала (ел)

Төрешілік санаты

Бас төреші




Бас хатшы




Аға төреші





Атақ беру туралы белгі

Жауапты тұлға (тегі,

аты, әкесінің аты (бар

болса))

Лауазымы




Бас тартудың себебі және тәртіп бұзушылық туралы белгі

Жіберілген күні 20__ ж. "___" _________

  Спорттық атақтарды, разрядтарды
және біліктілік санаттарын беру
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

      ___________________________________________________________________

      (дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе

      жергілікті атқарушы органның атауы)

      біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________________________

ӨТІНІШ

      _____________________________

      (спорт түрі)

      Мен, ________________________________________________________________

      Спорттық атағы ______________________________________________________

      Жұмыс орны, атқаратын қызметі _______________________________________

      Жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі _________________________________

      Үйінің мекенжайы: ___________________________________________________

      Маған _______________________________________________________________

      беру туралы мәселені қарауыңызды сұраймын.

      Мына жұмыс нәтижелерін біліктілік санатын беру үшін негіздеме ретінде

      санаймын: ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жаттықтырушының, әдіскердің, нұсқаушы-спортшының және спорттық төрешілердің лауазымдарына арналған біліктілік талаптарымен таныстым ____________________

      20__ ж. "___" ______________ ____________________

      (жеке қолы)

  Спорттық атақтарды, разрядтарды
және біліктілік санаттарын беру
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды даярлауы туралы
АНЫҚТАМА

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Р/с

Дайындаған спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Спортшымен жұмыс істеген өтілі

Растаушы құжат

Спорттық нәтижесі

Тіркелген (берілген) орны

Растаушы құжат










      Басшының қолы ____________________

      М.О. 20__ ж. "___" _______________

      Дене шынықтыру және спорт жөніндегі

      облыстық (республикалық маңызы

      бар қаланың, астананың) басқарма

      басшысының қолы ____________________

  Спорттық атақтарды, разрядтарды
және біліктілік санаттарын беру
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды даярлауы туралы
АНЫҚТАМА

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Р/с

Дайындаған спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Спортшымен жұмыс істеген өтілі

Растаушы құжат

Спорттық нәтижесі

Тіркелген (берілген) орны

Растаушы құжат










      Басшының қолы ____________________

      М.О. 20__ ж. "___" _______________

      Дене шынықтыру және спорт жөніндегі

      қалалық (аудандық) бөлімінің

      басшының қолы ____________________

  Спорттық атақтарды, разрядтарды
және біліктілік санаттарын беру
қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды даярлауы туралы
АНЫҚТАМА

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Р/с

Дайындаған спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Спортшымен жұмыс істеген өтілі

Растаушы құжат

Спорттық нәтижесі

Тіркелген (берілген) орны

Растаушы құжат










      Басшының қолы ____________________

      М.О. 20__ ж. "___" _______________

  Спорттық атақтарды,
разрядтарды және біліктілік
санаттарын беру қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2017 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Куәлік

      Беткі жағы                                                                  Артқы жағы

     


      Ескерту.

      Куәлік мынадай параметрлерге сәйкес жасалады: куәліктің өлшемі - 54х86,5 миллиметр. Мәтін "Arial" (ариал) № 13 (қою) қаріппен жасалады, тегі, аты әкесінің атын (бар болған жағдайда) қоспағанда "Arial" (ариал) № 6 (қою) қаріппен рәсімделеді.

  Спорттық атақтарды, разрядтарды
және біліктілік санаттарын беру
қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

      Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті және

      жергілікті атқарушының атауы

      ___________________________________________________

      біліктілік санатын беру туралы

№ ____КУӘЛІК

      Осы куәлік __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ____________________________________________________________ берілді

      20____жылғы "____"_______________ № ________ комиссиясының шешіміне,

      сәйкес, оған _______________________________________________

      _________________________________________ біліктілік санаты берілді.

      Біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Біліктілік комиссиясының хатшысы

      _____________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      "____"_______________

      (берілген күні)

  Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігі төрағасының
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 300 бұйрығына
2-қосымша

Дене шынықтыру және спорт саласындағы
кейбір күші жойылған бұйрықтардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 "Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5306 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қазанда № 158 (1558) "Заң газеті" газетінде жарияланған);

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 "Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы" бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6864 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 мамырда № 215-216 (26614) "Егемен Қазақстан" газетінде, 2011 жылғы 14 маусымда № 187 (26608) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған);

      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 62 "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 "Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7652 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 шілдеде № 369-374 (27448) "Егемен Қазақстан" газетінде, 2012 жылғы 7 шілдеде № 211-212 (27030-27031) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған);

      4. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 30 қазандағы № 344 "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 "Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8865 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашасында № 263 (28202) "Егемен Қазақстан" газетінде, 2013 жылғы 28 қарашасында № 325 (27599) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).