"Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің м.а. 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығына өзгерістер бойынша

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 30 қазанда № 8865 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 29.07.2014 № 300 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығына (нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5306 тіркелді; «Заң газеті» газеті 2008 жылғы 16 қазан, № 158 (1384), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2008 ж., № 10) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру ережесінде:
      4-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) спорттық атақтар:
      «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы;
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
      Қазақстан Республикасының спорт шебері.»;
      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын, осы бұйрықтың 15-1-тармағында қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайларда, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери орталық спорт клубының, спорт түрлерінен республикалық федерациялардың ұсынымы бойынша уәкілетті орган береді.».
      2. Дене шынықтыру департаменті (Қ.М. Қазбеков):
      1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Баспасөз қызметі осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары
Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Спорт және дене шынықтыру
      істері агенттігі төраға                          Е. Қожағапанов