Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы N 01-08/142 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 18 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5306 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 26.08.2009 № 244 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алмалы ауылдық округіндегі "Тал-тал" қыстағындағы қой-ешкі малдарынан сарып ауруының туындауына байланысты, сарып ауруына қарсы шектеу шаралары қойылсын.
      2. Сарып ауруынан айықтыру мақсатында ветеринариялық-санитарлық және медициналық шараларды жүзеге асыру ісі "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сарқан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын (келісім бойынша).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Әлібаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Бекішов