Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 25.02.2016 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 89 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8781 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде № 247 (28186) 2013 жылғы 6 қарашада жарияланған).
3. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры А.Дауылбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Төрағасы
______________ А.Байменов
2014 жылғы 27 маусым
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 40 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы (бұдан әрі - «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң), «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарына және құқық қорғау қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Прокуратура органдарына, ведомстволары мен мекемелеріне (бұдан әрі – прокуратура органдары) конкурстық негізде қызметке кіру бос лауазымдарға осы Ережелерге 1-қосымшаға сай Конкурстық негізде орналастырылатын лауазымдар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес жүзеге асырылады.
3. Конкурс:
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тағайындауды жүзеге асыратын бос лауазымдарға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (бұдан әрі – Бас прокуратура);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (бұдан әрі - ҚСжАЕК) ҚСжАЕК-нің Төрағасымен;
облыстық, Астана, Алматы қалаларының прокуратуралары, Бас көлік прокуратурасы, ҚСжАЕК-нің аумақтық бөлімшелерімен - тиісті уәкілетті басшыларымен;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен (бұдан әрі - Құқық қорғау органдары академиясы) - Құқық қорғау органдары академиясының ректорымен.
Конкурс құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, конкурстан тыс қызметке қабылдануға құқығы бар адамдардың, бос орынға орналасуға резервке енгізілген кандидаттардың қатарынан өздерінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері бос орынға орналастыруға сәйкес келетін кандидаттар болмаған жағдайда жарияланады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 25.02.2016 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Азаматтар іріктеуге және конкурсқа қатысу шығыстары (тестілеу, әңгімелесу, тағылымдама өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану және басқа да шығыстар) азаматтардың өздерінің жеке қаражаттарының есебiнен жүргiзіледi.
5. Конкурс келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама;
3) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;
10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;
11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;
12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;
13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;
14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 25.02.2016 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Прокуратура органдарына қызметке қабылдау кезінде конкурс өткізу
6. Прокуратура органдары конкурс өткізу үшін конкурстық комиссияны құрады.
7. Прокуратура органының басшысының немесе өкілетті басшысының бұйрығымен бекітілетін конкурстық комиссияның құрамы бес мүшеден кем болмауы тиіс.
Конкурстық комиссияның орнында жоқ мүшелерін алмастыруға тыйым салынады.
Конкурстық комиссияның хатшысы болып прокуратура органының кадр жұмысы бөлімшесінің өкілі табылады және ол оның ұйымдастырушылық жұмысын қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.
8. Конкурстық комиссияның құрамына прокуратура органы бөлімшелерінің басшылары, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кадр жұмысы жөніндегі бөлімшелердің өкілдері және өзге де қызметкерлер енгізіледі.
Конкурс жарияланған бос лауазымы бар бөлімшелердің басшылары конкурстық комиссияның жұмысына қатысу үшін шақыртылуы мүмкін, олардың пікірі ұсыныс сипатында болады.
9. Прокуратура органы басшысының не уәкілетті басшысының шешімі бойынша конкурстық комиссияның төрағасы болып оның орынбасары немесе өзге тұлға тағайындалады.
10. Конкурстық комиссия осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттарды, соның ішінде тағылымдамадан өту нәтижелерiн қарайтын және конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтармен (бұдан әрі – кандидаттар) әңгiмелесуді өткiзетiн, сондай-ақ жарияланған бос лауазымға орналасуға кандидаттарды түпкiлiктi iрiктеудi және бос лауазымға орналастырудың резервіне енгізуді жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.
11. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер отырысқа қатысқан конкурстық комиссия мүшелерінің ішінен көпшілік дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Шешім хаттама түрінде ресімделеді және оған конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды.
12. Конкурстық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екі бөлiгi қатысқан жағдайда заңды деп есептеледi.
13. Бас прокуратурада, ҚСжАЕК-те, Құқық қорғау органдары академиясында, Бас көлік прокуратурасында конкурсты өткізу кезінде хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Прокуратура органдарының және ҚСжАЕК-тің аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу туралы хабарландырулар тисті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда жарияланады.
Мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жарияланғаннан кейін конкурс өткізу туралы хабарландыру Бас прокуратураның және конкурсты жариялаған прокуратура органының интернет-ресурстарына орналастырылады.
Негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне бос лауазымға орналастыру үшін конкурс өткізілген жағдайда мұндай шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 25.02.2016 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді:
1) прокуратура органының орналасқан жері, атауы, пошталық мекенжайлары, байланыс телефондары мен факс нөмiрлерi;
2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдардың атауы;
3) жарияланған бос лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес айқындалатын кандидатқа қойылатын негiзгi талаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзiмi мен орнын (конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күні) қамтылуы тиіс.
Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.
15. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жарияланған бос лауазымға тағайындауға (ауыстыруға) жол берілмейді.
16. Конкурстық комиссия кандидаттардың құжаттарын алдын ала қарауды құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
17. Алдын ала қарау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия кандидаттың жарияланған лауазымға белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылдайды, немесе хаттамада көрсете отырып конкурсқа одан әрі қатыстырудан дәлелді бас тартады.
18. Жарияланған лауазымға белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде конкурстық комиссия кандидатты әңгімелесуден өтуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Кандидаттарға хабар беру телефон арқылы, оның ішінде олардың электрондық мекен-жайларына хабарламалар жолдау арқылы жүзеге асырылады.
19. Конкурстық комиссия кандидаттармен әңгімелесуді олардың жеке, моралдық, іскерлік және кәсіби қасиеттерін бағалау мақсатында кандидаттың әңгімелесуге жіберілгені туралы хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өткізеді.
20. Конкурстық комиссия кандидаттың жеке, моралдық, іскерлік және кәсіби қасиеттерін бағалай отырып, жарияланған бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары мен функционалдық міндеттерін негізге алады.
21. Әңгімелесу әрбір кандидатпен жеке өткізіледі және техникалық жазу құралдарының көмегімен кандидатқа ескертіле отырып бекітіледі.
22. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия кандидатты тағылымдамадан өтуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
23. Тағылымдама кандидаттың кәсіби жарамдылығын, практикалық машықтарын, моральдық және іскерлік қасиеттерін зерттеу мақсатында жүргізіледі.
24. Конкурс жариялаған прокуратура органының кадр жұмысы бөлімшесі тағылымдама орнын және тағылымдама басшысын белгілейді.
25. Тағылымдама өту мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.
26. Тағылымдамаға бақылау жасау прокуратура органының кадр жұмысы бөлімшесіне жүктеледі.
27. Тағылымада жетекшісі:
1) тағылымдаманың жеке жоспарын әзірлейді және бекітеді;
2) тағылымдамашыны оның функционалдық міндеттерімен,
прокуратура органының жұмысын ұйымдастырумен таныстырады;
3) тағылымдаманың жеке жоспарында көзделген мәселелерді зерделеу үшін қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
4) тағылымдаманың жеке жоспарының уақтылы орындалуын бақылайды.
28. Тағылымдама кезеңінде прокуратура органына қызметке кандидат:
1) белгіленген мерзімде тағылымдаманың жеке жоспарында
көзделген іс-шараларды орындайды;
2) прокуратура органының күн тәртібін және тәртіпті сақтайды;
3) атқарылған жұмыстың есебін жүргізеді;
4) тағылымдама процесінде алған мәліметтерді жария етпейді;
5) өз өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін іс-шараларды қоспағанда, прокуратура органдары өткізетін іс-шараларға қатысады;
6) қызметтік мүлікті және техникалық құралдарды ұқыпты ұстайды;
7) киімнің іскерлік стилін ұстанады.
29. Тағылымдама мерзімі аяқталған соң кандидат өзінің жеке жоспарды орындағанын көрсете отырып жазбаша есепті дайындайды. Есепке кандидат әзірлеген және тағылымдама жетекшісі қол қойған құжаттардың жобалары қоса тіркеледі.
30. Тағылымдама жетекшісі қол қоятын мінездеме кандидаттың тағылымдамадан өткен кезеңіндегі оның теориялық білімі мен практикалық жұмыстарын бағалаудың соңғы сатысы болып табылады. Мінездемеде кандидаттың алған білімі мен практикалық дағдыларының көлемі мен деңгейі, сондай-ақ кәсіби даярлығын, іскерлік қабілетін және кандидаттың жеке-дара нақты шешім қабылдау қабілеттілігін бағалау көрсетіледі.
31. Тағылымдама жетекшісі прокуратура органының кадр жұмысының бөлімшесіне тағылымдама аяқталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей кандидатқа қатысты мінездемені ұсынады.
32. Кандидат тағылымдама өтетін орында дәлелді себептермен (науқастануы, отбасылық және өзге де мән-жайлар) болмаған жағдайда тағылымдама мерзімі ол болмаған уақытқа, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
33. Кандидат:
1) осы Ережелердің 28-тармағында көзделген талаптардың біреуін бұзған;
2) тағылымдама өту орнында дәлелсіз себептермен болмаған;
3) тағылымдама өту орнында осы Ереженің 32-тармағында көзделген мерзімнен артық дәлелді себептермен болмаған жағдайларда тағылымдамадан өтпеген деп есептеледі.
34. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы кандиадаттардың тағылымдамадан өткеннен кейін және прокуратура органдарына қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда өткізілген медициналық және психофизиологиялық куәландырудың, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеудің қорытындылары дайын болғаннан кейін өткізіледі.
35. Конкурстық комиссия қорытынды отырысты өткізу нәтижелері бойынша мына шешімдердің біреуін:
1) жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсынуды;
2) бос орынға орналастыру резервіне енгізуге ұсынуды;
3) жарияланған бос лауазымға тағайындаудан бас тартуды қабылдайды.
36. Конкурстық комиссияның бос орынға орналастыру резервіне енгізуге ұсынған кандидаттары конкурс жарияланған лауазым санаты бойынша резервке енгізіледі.
37. Конкурстық комиссияның резервке енгізу туралы ұсынысы әр бос лауазымға үшеуден көп емес кандидаттарға қатысты шығарылады.
38. Резервке енгізу прокуратура органы басшысының бұйрығымен конкурстық комиссияның шешімі шыққан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
39. Кандидаттардың бос лауазымға орналасу резервінде болу мерзімі - оған енгізілген күннен бастап бір жыл.
40. Прокуратура органының кадр жұмысының бөлімшесі конкурстық комиссияның қабылдаған шешімі туралы кандидаттарға оның қорытынды отырысы болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
41. Жарияланған бос лауазымдарға тағайындалуға, сондай-ақ бос лауазымдарға орналастыру резервіне енгізуге ұсынылған кандидаттардың тізімі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның ақпараттық стенділерінде, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
42. Прокуратура органының басшысы немесе уәкілетті басшысы жарияланған бос лауазымға конкурстық комиссия ұсынған кандидатты тағайындайды.
43. Конкурстық комиссияның шешiмiне жоғары тұрған прокуратура органына (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) немесе сотқа шағым келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама
өткізу ережесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде конкурстық негізде орналасатын лауазымдардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 25.02.2016 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Бас прокуратура, ҚСжАЕК, Құқық қорғау органдары академиясы қызметкерлерінің лауазымдары
1. Бас прокуратураның департамент бастығы, Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшісі (C-GP-1), Құқық қорғау органдары академиясының Институт директоры, профессоры (С-AGP-1).
2. Бас прокуратураның департамент бастығының орынбасары, Бас прокуратураның дербес басқарманың бастығы (C-GP-2), Құқық қорғау органдары академиясының Институт директорының орынбасары, факультет деканы (С-AGP-2).
3. Бас прокуратураның, ҚСжАЕК басқарма бастығы, Бас Прокурордың аға көмекшісі (C-GP-3), Құқық қорғау органдары академиясының басқарма бастығы, орталық бастығы, кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері, Ғылыми кеңестің хатшысы, ректордың көмекшісі (С-AGP-3).
4. Бас прокуратураның басқарма бастығының орынбасары, Бас прокуратураның, ҚСжАЕК бөлім бастығы, Бас прокурордың кеңесші, көмекшісі (C-GP-4), Құқық қорғау органдары академиясының бөлім бастығы, кезекші бөлімінің бастығы, бас ғылыми қызметкері, доценті (С-AGP-4).
5. Бас прокуратураның басқарма, бөлім, ҚСжАЕК аға прокуроры (C-GP-5), Құқық қорғау органдары академиясының басқарма аға прокуроры, аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкері (С-AGP-5).
6. Бас прокуратураның басқарма, бөлім, ҚСжАЕК прокуроры (C-GP-6), Құқық қорғау органдары академиясының басқарма прокуроры, инспекторы, оқытушысы, ғылыми қызметкері (С-AGP-6).
2. Облыстық прокуратура органдары және оларға теңестірілген прокуратуралар, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық органдары қызметкерлерінің лауазымдары
1. Облыс прокурорының бірінші орынбасары және оған теңестірілген прокурор, ҚСжАЕК облыстық органының бастығы (C-OGP-2).
2. Облыс прокурорының орынбасары және оған теңестірілген прокурор, ҚСжАЕК облыстық органы бастығының орынбасары (C-OGP-3).
3. Облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның, ҚСжАЕК облыстық органының басқарма бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі (C-OGP-4).
4. Облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның, ҚСжАЕК облыстық органының басқарма бастығының орынбасары (C-OGP-5).
5. Облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның, ҚСжАЕК облыстық органының бөлім бастығы, облыс прокурорының көмекшісі (C-OGP-6).
6. Облыс прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратураның, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының, бөлімінің аға прокуроры (C-OGP-7).
7. Облыс прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратураның, ҚСжАЕК облыстық органы басқармасының, бөлімінің прокуроры (C-OGP-8).
3. Аудан прокуратурасының органдары және оларға теңестірілген прокуратуралар қызметкерлерінің лауазымдары
1. Аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор (C-RGP-1).
2. Аудан прокурорының орынбасары және оған теңестірілген прокурор (C-RGP-2).
3. Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратуралардың бөлім бастығы (C-RGP-3).
4. Аудандық прокуратураның және оған теңестірілген прокуратураның аға прокуроры (C-RGP-4).
5. Аудандық прокуратураның және оған теңестірілген прокуратураның прокуроры (C-RGP-5).
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесіне 2-қосымша
Нысан
__________________________________
Прокуратура органының, ведомствосы
__________________________________
мен мекемесінің басшысы
Өтініш
____________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________________________________ (лауазымның атауы)
бос лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының бос лауазымдарына орналасу үшін конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібімен таныстым және оларды орындауға міндеттенемін.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқа екендігін растаймын.
(Қолы)
(Т.А.Ә.)
20 ___ жылғы «__» _____________
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесіне 3-қосымша
Нысан
САУАЛНАМА
(өз қолымен толтырылады)
1. Тегі (егер өзгертсеңіз, бұрынғысын көрсетіңіз)__________________
Аты ______________________________________
Әкесінің аты_______________________________________________________
2. Азаматтығы______________________________________________________
егер өзгертсеңіз, қай уақытта
өзгерткеніңізді көрсетіңіз______________________________________
3. Сотталғансыз ба, қашан және не үшін_____________________________
4. Шетелдегі оқу немесе жұмыс______________________________________
Келген ел_______________________________________________________
Келген уақыт____________________________________________________
Жұмыс немесе оқу орны___________________________________________
5. Соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін_____________________
6. Белгілі бір мерзімге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін_________________________________
7. Прокуратура органының:
1) Сіз ұмтылған лауазым тікелей бағынысты__________________________
2) Сіз ұмтылған лауазым тікелей бағынатын__________________________
лауазымды атқаратын қызметкердің (ата-анасы, ұлы, қызы, асырап алушысы, асырып алынған, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер немесе апалы-сіңлілер, атасы, әжесі, немересі, зайыбы немесе жұбайы) жақын туысы болып табыласыз ба.
8. Прокуратура органдарына қызметке орналасардан үш жыл бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылдыңыз ба, қашан және кіммен__________________
___________________________________________________________________
9. Прокуратура органдарына қызметке орналасардан үш жыл бұрын сот тәртібімен қасақана құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жазаға тартылдыңыз ба, қашан және не үшін_________________________________
___________________________________________________________________
10. Құқық қорғау органдарына қызметке орналасардан үш жыл бұрын сот тәртібімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жазаға тартылдыңыз ба, қашан және не үшін________________
___________________________________________________________________
11. Бұрын құқық қорғау қызметінде болдыңыз ба,_____________________, егер болсаңыз, жұмыстан шығу себептерін көрсетіңіз_________________
20 ___ ж."__"______________
______________
(қолы)
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесіне 4-қосымша
Нысан
Кадр есебі жөніндегі жеке
ІС ПАРАҒЫ
ЛИЧНЫЙ ЛИСТОК
по учету кадров
Фотосуретке арналған орын |
1. Тегі _____________________________________________________
Фамилия
аты ______________________________________________________
имя
әкесінің аты _____________________________________________
отчество
2. Жынысы ___________________________________________________
Пол
3. Туған жылы, айы, күні ____________________________________
Год, число и м-ц рождения
4. Туған жері________________________________________________
Место рождения (ауыл, деревня, қала, аудан, облыс, республика)
(село, деревня, город, район, область, республика)
_________________________________________________________________
5. Ұлты _________________ 6. Азаматтығы _________________________
Национальность Гражданство
7. Білімі________________________________________________________
Образование
Оқу орнының атауы және оның тұрған жері |
Факультеті немесе бөлімі Факультет или отделение |
Түскен жылы |
Бітірген немесе шыққан жылы |
Бітірмесе, қай курстан кетті |
Оқу орнын бітірген соң қандай біліктілік алып шықты, диплом не куәлік номерін көрсету керек. |
8. Ана тіліңіз, басқа қандай тілдерді және қай дәрежеде білесіз
__________________________________________________________________
Родной язык, какими другими языками владеете и в какой степени
__________________________________________________________________
(оқи аласыз ба әлде сөздікпен аудара аласыз ба, оқи аласыз ба әлде түсіне аласыз ба, еркін сөйлейсіз бе / читаете и переводите со словарем, читаете и можете объясняться, владеете свободно)
9. Ғылыми дәрежеңіз, атағыңыз_____________________________________
Ученая степень, ученое звание
10. Қандай ғылыми еңбектеріңіз бен ғылыми жаңалықтарыңыз бар______
Какие имеете научные труды и изобретения
__________________________________________________________________
11. Сіз және сіздің жақын туысқандарыңыз* сотты болғансыздар ма / Имеете Вы и Ваши близкие родственники* судимость__________________
__________________________________________________________________
(қашан және не үшін кім соттады, жазалау шарасы
кем, когда и за что осужден, мера наказания)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
12. Еңбек жолын бастағаннан бері істеген жұмыстары (жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқыған жылдарын, әскери қызметін, қоса атқарған жұмысын, т.б. қоса есептегенде)
Выполняемая работа с начала трудовой деятельности (включая учебу в высших и средних специальных учебных заведениях, военную службу, работу по совместительству и др.)
Бұл тармақты толтырғанда мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар кезінде қалай аталса, сол қалпында берілсін, әскери қызмет лауазымы округімен қоса көрсетілсін.
При заполнении данного пункта учреждения, организации и предприятия необходимо именовать так, как они назывались в свое время, военную службу записывать с указанием должности, округа
Айы және жылы |
Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік (ведомство) қоса көрсетілсін |
Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері |
|
Келген |
Кеткен |
||
*Жақын туысқандары: жұбайлар, олардың ата-аналары, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері), балалары
* Близкие родственники: супруги, их родители, братья, сестры, дети.
13. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы, Сіздің жақын туысқандарыңыз*
Семейное положение в момент заполнения личного листка____________
Ваши близкие родственники*
Туысқандық дәрежесі |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған жері, жылы, айы, күні |
Жұмыс орны, лауазымы |
Тұрғылықты мекен-жайы |
*Жақын туысқандары: жұбайлар, олардың ата-аналары, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері), балалары
* Близкие родственники: супруги, их родители, братья, сестры, дети.
Егер осы адамдар белгіленген тәртіппен тегін, атын, әкесінің атын өзгертсе, олардың бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ бұрынғы жұбайлар туралы деректер де көрсетілсін.
Указать и прежние фамилии, имена и отчества этих лиц, если они изменили их в установленном порядке, а также данные на бывших супругов.
14. Шетелдерде болуы (жұмыс, қызметтік іссапар, делегация құрамында бару)
Пребывание за границей (работа, служебная командировка, поездка с делегацией)
Жылы мен айы |
Қай елде |
Шетелге келу себебі |
|
Қай уақыттан бастап |
Қай уақытқа дейін |
||
15. Сайланбалы органдарға сайлады немесе сайланды (қайда, қандай органдарға және қашан)
В какие выборные органы избирался или избрали (где, в какие и когда)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
16. Әскери қызметке қатысы ________________________________________
Отношение к воинской обязанности (әскери міндетті, әскери міндетті емес
Военнообязанный, невоеннообязанный)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(әскери-есепке алу мамандығы, әскери атағы, әскери билетінің номері және жеке номері/военно-учетная специальность, воинское звание, номер военного билета и личный номер)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
17. Қандай мемлекеттік наградаларыңыз бар__________________________
Какие имеете государственные награды (қашан, кім немен наградтады когда, кем и чем награждены)_______________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
18. Паспорты_______________________________________________________
Паспорт (сериясы, номері, кім және қашан берген, тіркелген мекен-жайы серия, номер, кем и когда выдан)
___________________________________________________________________
19. Тұрғылықты мекен-жайы (тіркелген орны/нақты тұрғылықты жері)
___________________________________________________________________
Место жительства (адрес регистрации/фактического места жительства)
20 ___ ж. "____"___________________ Өзінің қолы
_________________________________
___________________________________________________________________
(толтырылған мезгілі/дата заполнения) Личная подпись
(Жеке іс парағын толтырушы қызметкер кейінгі өзгерістер туралы: (білімі, ғылыми дәреже, атақ алуы т.с.с. қызмет орнына хабарлауға міндетті. Бұл мағлұматтар жеке іс қағазына түсіріледі).
(Работник, заполняющий личный листок, обязан о всех последующих изменениях (образовании, присвоении ученой степени, ученого звания и т.п. сообщить по месту работы для внесения этих изменений в его личное дело).
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесіне 5-қосымша
Нысан
Өмірбаянды үміткер өз қолымен, еркін түрде, түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады: |
ӨМІРБАЯН _____________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесіне 6-қосымша
Компьютерлік тестілеу бағдарламалары
Лауазымдар санаттары |
Бағдарлама |
Тапсырмалар саны |
C-GP-1, |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (4 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы»(10 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы»(10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (5 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (5 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (5 сұрақ), «Ұлттық қауіпсіздік туралы» (3 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге сұрақтарды қосады |
120 сұрақ |
C-GP-3, C-GP-4, C-ОGP-4, C-ОGP-5, C-RGP-1 |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (5 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (5 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (5 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (5 сұрақ), «Ұлттық қауіпсіздік туралы» (5 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (3 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге сұрақтарды қосады |
120 сұрақ |
C-GP-5, |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (8 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (8 сұрақ), «Прокуратура туралы» (12 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (5 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (5 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» (5 сұрақ), «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» (5 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге сұрақтарды қосады |
120 сұрақ |
C-ОGP-7, |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (8 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (7 сұрақ), «Прокуратура туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (7 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (5 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (5 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге сұрақтарды қосады |
120 сұрақ |
C-RGP-5, |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (10 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (7 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (10 сұрақ), «Прокуратура туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (5 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (6 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (6 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (6 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» (5 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге сұрақтарды қосады |
120 сұрақ |
Ескертпе:
Компьютерлік тестілеу прокуратура органдарымен мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
Бұл тұста Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Прокуратура туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2005 жылдың 3 мамырында №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) бойынша дұрыс жауаптардың саны әр нормативтік құқықтық акт бойынша 70 пайыздан кем болмауы тиіс.
Тестілеуді орындау уақыты 90 минутты (120 сұрақ) құрайды.