Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 шілдеде № 9561 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 06.04.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 06.04.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 06.04.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 89 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8781 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде № 247 (28186) 2013 жылғы 6 қарашада жарияланған).

      3. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

      5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері

      агенттігінің Төрағасы

      ______________ А.Байменов

      2014 жылғы 27 маусым



  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 40 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 06.04.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 06.04.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – "Құқық қорғау қызметі туралы" Заң) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 06.04.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне (бұдан әрі – прокуратура органдары) конкурстық негізде қызметке кіру осы Қағидалардың 1-қосымшасына сай конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес бос лауазымдарға жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 06.04.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. Конкурс:

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тағайындауды жүзеге асыратын бос лауазымдарға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (бұдан әрі – Бас прокуратура);

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (бұдан әрі - ҚСжАЕК) ҚСжАЕК-нің Төрағасымен;

      облыстық, Астана, Алматы қалаларының прокуратуралары, Бас көлік прокуратурасы, ҚСжАЕК-нің аумақтық бөлімшелерімен - тиісті уәкілетті басшыларымен;

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен (бұдан әрі - Құқық қорғау органдары академиясы) - Құқық қорғау органдары академиясының ректорымен.

      Конкурс құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, конкурстан тыс қызметке қабылдануға құқығы бар адамдардың, бос орынға орналасуға резервке енгізілген кандидаттардың қатарынан өздерінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері бос орынға орналастыруға сәйкес келетін кандидаттар болмаған жағдайда жарияланады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 25.02.2016 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Азаматтар іріктеуге және конкурсқа қатысу шығыстары (тестілеу, әңгімелесу, тағылымдама өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану және басқа да шығыстар) азаматтардың өздерінің жеке қаражаттарының есебiнен жүргiзіледi.

      5. Конкурс келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі:

      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама;

      3) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

      4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

      5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

      6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

      8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

      9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

      10) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

      11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

      12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексерістің қорытындылары;

      13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

      14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

      Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 25.02.2016 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.04.2020 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Прокуратура органдарына қызметке қабылдау кезінде конкурс өткізу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 06.04.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      6. Прокуратура органдары конкурс өткізу үшін конкурстық комиссияны құрады.

      7. Прокуратура органының басшысының немесе өкілетті басшысының бұйрығымен бекітілетін конкурстық комиссияның құрамы бес мүшеден кем болмауы тиіс.

      Конкурстық комиссияның орнында жоқ мүшелерін алмастыруға тыйым салынады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы болып прокуратура органының кадр жұмысы бөлімшесінің өкілі табылады және ол оның ұйымдастырушылық жұмысын қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.

      8. Конкурстық комиссияның құрамына прокуратура органы бөлімшелерінің басшылары, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кадр жұмысы жөніндегі бөлімшелердің өкілдері және өзге де қызметкерлер енгізіледі.

      Конкурс жарияланған бос лауазымы бар бөлімшелердің басшылары конкурстық комиссияның жұмысына қатысу үшін шақыртылуы мүмкін, олардың пікірі ұсыныс сипатында болады.

      9. Прокуратура органы басшысының не уәкілетті басшысының шешімі бойынша конкурстық комиссияның төрағасы болып оның орынбасары немесе өзге тұлға тағайындалады.

      10. Конкурстық комиссия осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттарды, соның ішінде тағылымдамадан өту нәтижелерiн қарайтын және конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтармен (бұдан әрі – кандидаттар) әңгiмелесуді өткiзетiн, сондай-ақ жарияланған бос лауазымға орналасуға кандидаттарды түпкiлiктi iрiктеудi және бос лауазымға орналастырудың резервіне енгізуді жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.

      11. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер отырысқа қатысқан конкурстық комиссия мүшелерінің ішінен көпшілік дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Шешім хаттама түрінде ресімделеді және оған конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды.

      12. Конкурстық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екі бөлiгi қатысқан жағдайда заңды деп есептеледi.

      13. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру Бас прокуратураның, конкурсты жариялаған прокуратура органының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.

      Негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне бос лауазымға орналастыру үшін конкурс өткізілген жағдайда мұндай шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 22.04.2020 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мынадай мәлiметтерді:

      1) прокуратура органының орналасқан жері, атауы, пошталық мекенжайлары, байланыс телефондары мен факс нөмiрлерi;

      2) негiзгi функционалдық мiндеттерi, еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдардың атауы;

      3) жарияланған бос лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес айқындалатын кандидатқа қойылатын негiзгi талаптар;

      4) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны (конкурсты жүргізу туралы соңғы жарияланым күнінен бастап жеті жұмыс күні) қамтылуы тиіс.

      Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпаратты қамтуы мүмкін.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 22.04.2020 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жарияланған бос лауазымға тағайындауға (ауыстыруға) жол берілмейді.

      16. Конкурстық комиссия кандидаттардың құжаттарын алдын ала қарауды құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      17. Алдын ала қарау қорытындысы бойынша конкурстық комиссия кандидаттың жарияланған лауазымға белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылдайды, немесе хаттамада көрсете отырып конкурсқа одан әрі қатыстырудан дәлелді бас тартады.

      18. Жарияланған лауазымға белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде конкурстық комиссия кандидатты әңгімелесуден өтуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

      Кандидаттарға хабар беру телефон арқылы, оның ішінде олардың электрондық мекен-жайларына хабарламалар жолдау арқылы жүзеге асырылады.

      19. Конкурстық комиссия кандидаттармен әңгімелесуді олардың жеке, моралдық, іскерлік және кәсіби қасиеттерін бағалау мақсатында кандидаттың әңгімелесуге жіберілгені туралы хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өткізеді.

      20. Конкурстық комиссия кандидаттың жеке, моралдық, іскерлік және кәсіби қасиеттерін бағалай отырып, жарияланған бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары мен функционалдық міндеттерін негізге алады.

      21. Әңгімелесу әрбір кандидатпен жеке өткізіледі және техникалық жазу құралдарының көмегімен кандидатқа ескертіле отырып бекітіледі.

      22. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия кандидатты тағылымдамадан өтуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

      23. Тағылымдама кандидаттың кәсіби жарамдылығын, практикалық машықтарын, моральдық және іскерлік қасиеттерін зерттеу мақсатында жүргізіледі.

      24. Конкурс жариялаған прокуратура органының кадр жұмысы бөлімшесі тағылымдама орнын және тағылымдама басшысын белгілейді.

      25. Тағылымдама өту мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

      26. Тағылымдамаға бақылау жасау прокуратура органының кадр жұмысы бөлімшесіне жүктеледі.

      27. Тағылымада жетекшісі:

      1) тағылымдаманың жеке жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      2) тағылымдамашыны оның функционалдық міндеттерімен,

      прокуратура органының жұмысын ұйымдастырумен таныстырады;

      3) тағылымдаманың жеке жоспарында көзделген мәселелерді зерделеу үшін қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

      4) тағылымдаманың жеке жоспарының уақтылы орындалуын бақылайды.

      28. Тағылымдама кезеңінде прокуратура органына қызметке кандидат:

      1) белгіленген мерзімде тағылымдаманың жеке жоспарында

      көзделген іс-шараларды орындайды;

      2) прокуратура органының күн тәртібін және тәртіпті сақтайды;

      3) атқарылған жұмыстың есебін жүргізеді;

      4) тағылымдама процесінде алған мәліметтерді жария етпейді;

      5) өз өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін іс-шараларды қоспағанда, прокуратура органдары өткізетін іс-шараларға қатысады;

      6) қызметтік мүлікті және техникалық құралдарды ұқыпты ұстайды;

      7) киімнің іскерлік стилін ұстанады.

      29. Тағылымдама мерзімі аяқталған соң кандидат өзінің жеке жоспарды орындағанын көрсете отырып жазбаша есепті дайындайды. Есепке кандидат әзірлеген және тағылымдама жетекшісі қол қойған құжаттардың жобалары қоса тіркеледі.

      30. Тағылымдама жетекшісі қол қоятын мінездеме кандидаттың тағылымдамадан өткен кезеңіндегі оның теориялық білімі мен практикалық жұмыстарын бағалаудың соңғы сатысы болып табылады. Мінездемеде кандидаттың алған білімі мен практикалық дағдыларының көлемі мен деңгейі, сондай-ақ кәсіби даярлығын, іскерлік қабілетін және кандидаттың жеке-дара нақты шешім қабылдау қабілеттілігін бағалау көрсетіледі.

      31. Тағылымдама жетекшісі прокуратура органының кадр жұмысының бөлімшесіне тағылымдама аяқталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей кандидатқа қатысты мінездемені ұсынады.

      32. Кандидат тағылымдама өтетін орында дәлелді себептермен (науқастануы, отбасылық және өзге де мән-жайлар) болмаған жағдайда тағылымдама мерзімі ол болмаған уақытқа, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      33. Кандидат:

      1) осы Ережелердің 28-тармағында көзделген талаптардың біреуін бұзған;

      2) тағылымдама өту орнында дәлелсіз себептермен болмаған;

      3) тағылымдама өту орнында осы Ереженің 32-тармағында көзделген мерзімнен артық дәлелді себептермен болмаған жағдайларда тағылымдамадан өтпеген деп есептеледі.

      34. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы кандиадаттардың тағылымдамадан өткеннен кейін және прокуратура органдарына қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда өткізілген медициналық және психофизиологиялық куәландырудың, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеудің қорытындылары дайын болғаннан кейін өткізіледі.

      35. Конкурстық комиссия қорытынды отырысты өткізу нәтижелері бойынша мына шешімдердің біреуін:

      1) жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсынуды;

      2) бос орынға орналастыру резервіне енгізуге ұсынуды;

      3) жарияланған бос лауазымға тағайындаудан бас тартуды қабылдайды.

      36. Конкурстық комиссияның бос орынға орналастыру резервіне енгізуге ұсынған кандидаттары конкурс жарияланған лауазым санаты бойынша резервке енгізіледі.

      37. Конкурстық комиссияның резервке енгізу туралы ұсынысы әр бос лауазымға үшеуден көп емес кандидаттарға қатысты шығарылады.

      38. Резервке енгізу прокуратура органы басшысының бұйрығымен конкурстық комиссияның шешімі шыққан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      39. Кандидаттардың бос лауазымға орналасу резервінде болу мерзімі - оған енгізілген күннен бастап бір жыл.

      40. Прокуратура органының кадр жұмысының бөлімшесі конкурстық комиссияның қабылдаған шешімі туралы кандидаттарға оның қорытынды отырысы болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      41. Жарияланған бос лауазымдарға тағайындалуға, сондай-ақ бос лауазымдарға орналастыру резервіне енгізуге ұсынылған кандидаттардың тізімі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның ақпараттық стенділерінде, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

      42. Прокуратура органының басшысы немесе уәкілетті басшысы жарияланған бос лауазымға конкурстық комиссия ұсынған кандидатты тағайындайды.

      43. Конкурстық комиссияның шешiмiне жоғары тұрған прокуратура органына (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) немесе сотқа шағым келтірілуі мүмкін.

  Қазақстан Республикасының
прокуратура органдары
жүйесінде лауазымдарға
орналастыру үшін конкурс пен
тағылымдама өткізу
қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінде конкурстық негізде орналасатын лауазымдардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 06.04.2018 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппараты, облыстық және аудандық органдары қызметкерлерінің лауазымдары (бұдан әрі – Бас прокуратура)

      1. Бас прокуратураның орталық аппараты:

      Департамент бастығы;

      Қызмет бастығының орынбасары;

      Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі бойынша аға көмекшісі;

      Бас прокуратураның Департамент бастығының орынбасары;

      Бас прокуратураның дербес басқармасының бастығы;

      Бас прокуратураның басқарма бастығы;

      Дербес басқарма бастығының орынбасары;

      Бас Прокурордың аға көмекшісі;

      Бас прокуратураның басқарма бастығының орынбасары;

      Бас прокуратураның бөлім бастығы;

      Бас Прокурордың кеңесшісі, көмекшісі;

      Бас прокуратураның басқарма, бөлім аға прокуроры;

      Бас прокуратураның басқарма, бөлім прокуроры.

      2. Бас прокуратураның облыстық органдары:

      Облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың бірінші орынбасары;

      Облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың орынбасары;

      Облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның басқарма бастығы;

      Облыс прокурорының аға көмекшісі;

      Облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның басқарма бастығының орынбасары;

      Облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның бөлім бастығы;

      Облыс прокурорының көмекшісі;

      Облыс прокуратурасының басқарма, бөлім аға прокуроры;

      Облыс прокуратурасының басқарма, бөлім прокуроры.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Бас Прокурорының 22.04.2020 № 56 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Бас прокуратураның аудандық органдары:

      Аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор;

      Аудан прокурорының және оған теңестірілген прокурордың орынбасары;

      Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратуралардың бөлім бастығы;

      Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның аға прокуроры;

      Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның прокуроры.

2-тарау. Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы (бұдан әрі - Академия) қызметкерлерінің лауазымдары

      Академияның Аппарат басшысы;

      Академия Институтының директоры;

      Академияның профессоры;

      Академия Институты директорының орынбасары;

      Академия факультетінің деканы;

      Академияның басқарма бастығы;

      Академия орталығының бастығы;

      Академияның кафедра меңгерушісі;

      Академияның бас ғылыми қызметкері;

      Академия ректорының көмекшісі;

      Академияның Ғылыми кеңесінің хатшысы;

      Академияның бөлім бастығы;

      Академияның Кезекші бөлімінің бастығы;

      Академияның жетекші ғылыми қызметкері;

      Академияның доценті;

      Академияның басқарма, бөлім аға прокуроры;

      Академияның аға ғылыми қызметкері;

      Академияның аға оқытушысы.

      Академияның басқарма, бөлім прокуроры;

      Академияның басқарма, бөлім инспекторы;

      Академияның ғылыми қызметкері;

      Академияның оқытушысы.

3-тарау. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) орталық аппараты мен облыстық органдарының қызметкерлерінің лауазымдары

      1. Комитеттің орталық аппараты:

      Комитеттің басқарма бастығы;

      Комитеттің бөлім бастығы;

      Комитеттің басқарма, бөлім аға прокуроры;

      Комитеттің басқарма, бөлім прокуроры.

      2. Комитеттің облыстық органдары:

      Комитеттің облыстық органының бастығы;

      Комитеттің облыстық органы бастығының орынбасары;

      Комитеттің облыстық органының басқарма бастығы;

      Комитеттің облыстық органының басқарма бастығының орынбасары;

      Комитеттің облыстық органының басқарма, бөлім аға прокуроры;

      Комитеттің облыстық органының басқарма, бөлім прокуроры.


  Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесіне 2-қосымша

      Нысан

      __________________________________

      Прокуратура органының, ведомствосы

      __________________________________

      мен мекемесінің басшысы

Өтініш

      ____________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      ______________________________________________ (лауазымның атауы)

      бос лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының бос лауазымдарына орналасу үшін конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібімен таныстым және оларды орындауға міндеттенемін.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқа екендігін растаймын.

      (Қолы)

      (Т.А.Ә.)

  20 ___ жылғы "__" _____________
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесіне 3-қосымша

      Нысан

САУАЛНАМА

      (өз қолымен толтырылады)

      1. Тегі (егер өзгертсеңіз, бұрынғысын көрсетіңіз)__________________

      Аты ______________________________________

      Әкесінің аты_______________________________________________________

      2. Азаматтығы______________________________________________________

      егер өзгертсеңіз, қай уақытта

      өзгерткеніңізді көрсетіңіз______________________________________

      3. Сотталғансыз ба, қашан және не үшін_____________________________

      4. Шетелдегі оқу немесе жұмыс______________________________________

      Келген ел_______________________________________________________

      Келген уақыт____________________________________________________

      Жұмыс немесе оқу орны___________________________________________

      5. Соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін_____________________

      6. Белгілі бір мерзімге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін_________________________________

      7. Прокуратура органының:

      1) Сіз ұмтылған лауазым тікелей бағынысты__________________________

      2) Сіз ұмтылған лауазым тікелей бағынатын__________________________

      лауазымды атқаратын қызметкердің (ата-анасы, ұлы, қызы, асырап алушысы, асырып алынған, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер немесе апалы-сіңлілер, атасы, әжесі, немересі, зайыбы немесе жұбайы) жақын туысы болып табыласыз ба.

      8. Прокуратура органдарына қызметке орналасардан үш жыл бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылдыңыз ба, қашан және кіммен__________________

      ___________________________________________________________________

      9. Прокуратура органдарына қызметке орналасардан үш жыл бұрын сот тәртібімен қасақана құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жазаға тартылдыңыз ба, қашан және не үшін_________________________________

      ___________________________________________________________________

      10. Құқық қорғау органдарына қызметке орналасардан үш жыл бұрын сот тәртібімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жазаға тартылдыңыз ба, қашан және не үшін________________

      ___________________________________________________________________

      11. Бұрын құқық қорғау қызметінде болдыңыз ба,_____________________, егер болсаңыз, жұмыстан шығу себептерін көрсетіңіз_________________

      20 ___ ж."__"______________

      ______________

  (қолы)
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесіне 4-қосымша

      Нысан

Кадр есебі жөніндегі жеке
ІС ПАРАҒЫ
ЛИЧНЫЙ ЛИСТОК
по учету кадров

Фотосуретке арналған орын

Место для фотокарточки

      1. Тегі _____________________________________________________

      Фамилия

      аты ______________________________________________________

      имя

      әкесінің аты _____________________________________________

      отчество

      2. Жынысы ___________________________________________________

      Пол

      3. Туған жылы, айы, күні ____________________________________

      Год, число и м-ц рождения

      4. Туған жері________________________________________________

      Место рождения (ауыл, деревня, қала, аудан, облыс, республика)

      (село, деревня, город, район, область, республика)

      _________________________________________________________________

      5. Ұлты _________________ 6. Азаматтығы _________________________

      Национальность Гражданство

      7. Білімі________________________________________________________

      Образование

Оқу орнының атауы және оның тұрған жері

Название учебного заведения и его местонахождение

Факультеті немесе бөлімі Факультет или отделение

Түскен жылы

Год поступ ления

Бітірген немесе шыққан жылы

Год окончания или ухода

Бітірмесе, қай курстан кетті

Если не оконч. то с какого курса ушел

Оқу орнын бітірген соң қандай біліктілік алып шықты, диплом не куәлік номерін көрсету керек.

Какую квалификацию получил в результате окончания учебного заведения, указать № диплома или удостоверения




















      8. Ана тіліңіз, басқа қандай тілдерді және қай дәрежеде білесіз

      __________________________________________________________________

      Родной язык, какими другими языками владеете и в какой степени

      __________________________________________________________________

      (оқи аласыз ба әлде сөздікпен аудара аласыз ба, оқи аласыз ба әлде түсіне аласыз ба, еркін сөйлейсіз бе / читаете и переводите со словарем, читаете и можете объясняться, владеете свободно)

      9. Ғылыми дәрежеңіз, атағыңыз_____________________________________

      Ученая степень, ученое звание

      10. Қандай ғылыми еңбектеріңіз бен ғылыми жаңалықтарыңыз бар______

      Какие имеете научные труды и изобретения

      __________________________________________________________________

      11. Сіз және сіздің жақын туысқандарыңыз* сотты болғансыздар ма / Имеете Вы и Ваши близкие родственники* судимость__________________

      __________________________________________________________________

      (қашан және не үшін кім соттады, жазалау шарасы

      кем, когда и за что осужден, мера наказания)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      12. Еңбек жолын бастағаннан бері істеген жұмыстары (жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқыған жылдарын, әскери қызметін, қоса атқарған жұмысын, т.б. қоса есептегенде)

      Выполняемая работа с начала трудовой деятельности (включая учебу в высших и средних специальных учебных заведениях, военную службу, работу по совместительству и др.)

      Бұл тармақты толтырғанда мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар кезінде қалай аталса, сол қалпында берілсін, әскери қызмет лауазымы округімен қоса көрсетілсін.

      При заполнении данного пункта учреждения, организации и предприятия необходимо именовать так, как они назывались в свое время, военную службу записывать с указанием должности, округа

Айы және жылы

Месяц и год

Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік (ведомство) қоса көрсетілсін

Должность с указанием учреждения, организации, предприятия, а также министерства (ведомства)

Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері

Местонахождение учреждения Организации, предприятия

Келген

Вступления

Кеткен

ухода


































































































































































      *Жақын туысқандары: жұбайлар, олардың ата-аналары, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері), балалары

      * Близкие родственники: супруги, их родители, братья, сестры, дети.

      13. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы, Сіздің жақын туысқандарыңыз*

      Семейное положение в момент заполнения личного листка____________

      Ваши близкие родственники*

Туысқандық дәрежесі

Степень родства

Тегі, аты, әкесінің аты

Фамилия, имя, отчество

Туған жері, жылы, айы, күні

Дата и место рождения

Жұмыс орны, лауазымы

Место работы, должность

Тұрғылықты мекен-жайы

Место жительства













































































































































































































































      *Жақын туысқандары: жұбайлар, олардың ата-аналары, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері), балалары

      * Близкие родственники: супруги, их родители, братья, сестры, дети.

      Егер осы адамдар белгіленген тәртіппен тегін, атын, әкесінің атын өзгертсе, олардың бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ бұрынғы жұбайлар туралы деректер де көрсетілсін.

      Указать и прежние фамилии, имена и отчества этих лиц, если они изменили их в установленном порядке, а также данные на бывших супругов.

      14. Шетелдерде болуы (жұмыс, қызметтік іссапар, делегация құрамында бару)

      Пребывание за границей (работа, служебная командировка, поездка с делегацией)

Жылы мен айы

Месяц и год

Қай елде

В какой стране

Шетелге келу себебі

Цель пребывания за границей

Қай уақыттан бастап

С какого времени

Қай уақытқа дейін

По какое время














      15. Сайланбалы органдарға сайлады немесе сайланды (қайда, қандай органдарға және қашан)

      В какие выборные органы избирался или избрали (где, в какие и когда)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      16. Әскери қызметке қатысы ________________________________________

      Отношение к воинской обязанности (әскери міндетті, әскери міндетті емес

      Военнообязанный, невоеннообязанный)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (әскери-есепке алу мамандығы, әскери атағы, әскери билетінің номері және жеке номері/военно-учетная специальность, воинское звание, номер военного билета и личный номер)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      17. Қандай мемлекеттік наградаларыңыз бар__________________________

      Какие имеете государственные награды (қашан, кім немен наградтады когда, кем и чем награждены)_______________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      18. Паспорты_______________________________________________________

      Паспорт (сериясы, номері, кім және қашан берген, тіркелген мекен-жайы серия, номер, кем и когда выдан)

      ___________________________________________________________________

      19. Тұрғылықты мекен-жайы (тіркелген орны/нақты тұрғылықты жері)

      ___________________________________________________________________

      Место жительства (адрес регистрации/фактического места жительства)

      20 ___ ж. "____"___________________ Өзінің қолы

      _________________________________

      ___________________________________________________________________

      (толтырылған мезгілі/дата заполнения) Личная подпись

      (Жеке іс парағын толтырушы қызметкер кейінгі өзгерістер туралы: (білімі, ғылыми дәреже, атақ алуы т.с.с. қызмет орнына хабарлауға міндетті. Бұл мағлұматтар жеке іс қағазына түсіріледі).

      (Работник, заполняющий личный листок, обязан о всех последующих изменениях (образовании, присвоении ученой степени, ученого звания и т.п. сообщить по месту работы для внесения этих изменений в его личное дело).

  Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесіне 5-қосымша

      Нысан

Өмірбаянды үміткер өз қолымен, еркін түрде, түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады:

Автобиография пишется кандидатом собственноручно, в произвольной форме, без помарок и исправлений, с обязательным указанием следующих сведений:

- тегі, аты, әкесінің аты, туған датасы мен жері, ұлты, ана тілі, тағы қандай тілдерді біледі;

- фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность, родной язык, какими языками еще владеет;

- қашан, қайда, қандай оқу орындарында оқыды, білімі бойынша мамандығы;

- когда, где, в каких учебных заведениях учился, специальность по образованию;

- кім болып, қашан және қайда жұмыс істеді, кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның толық атауы мен мекен-жайы, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысу себебі көрсетілсін, тәртіптік, материалдық немесе қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылды ма (қашан, кім қолданды, не үшін, ықпал ету шарасы);

- кем, когда и где работал с указанием полного наименования и адреса предприятия, учреждения или организации, причины перехода с одной работы на другую, применялись ли меры дисциплинарного, материального или общественного воздействия (когда, кем, за что, мера воздействия);

- әскери міндеттілікке қатысы, мерзімді әскери қызметке қашан және қандай әскери комиссариат шақырды (егер шақырылмаса, себебі көрсетілсін), қандай әскери бөлімдерде (номерлері көрсетілсін) және кім болып қызмет атқарды, Қарулы Күштерден запасқа қашан және қандай лауазымнан босатылған, әскери атағы;

- отношение к воинской обязанности, когда и каким военкоматом призван на действительную военную службу (если не призвался, указать причину), в каких воинских частях (указать номера) и в качестве кого проходил службу, когда и с какой должности уволен в запас Вооруженных Сил, воинское звание;

- отбасы жағдайы, қашан некеге тұрды, әйелінің (ерінің) тегі, аты, әкесінің аты, туған датасы мен жері, ұлты, жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты жері (сондай-ақ үміткер мен оның әйелінің (ерінің) жақын туысқандары; әкесі, шешесі, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері) мен балалары, сондай-ақ бұрынғы әйелдері (ерлері) және олардың жақын туысқандары, ажырасу себептертері көрсетіле отырып, некені бұзу туралы куәліктерінің номерлері, оларды қандай орган қашан бергені туралы мәліметтер; егер үміткер, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандары тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, олардың бұрынғы бағыттық деректері көрсетіледі, туысқандарынан кім ішкі істер органдарында немесе ішкі әскерлерде қызмет етеді (туысқандық дәрежесі, тегі, аты, әкесінің аты, қайда, лауазымы, арнайы немесе әскери атағы);

- семейное положение, когда вступил в брак, фамилия, имя, отчество, дата и место рождения, национальность; место работы и должность, место жительства жены (мужа); такие же сведения на близких родственников кандидата и его жены (мужа); отца, мать, братьев, сестер и детей, а также на бывших жен (мужей) и их близких родственников с указанием причин развода, номера свидетельств о расторжении брака, когда и каким органом оно выдано; если кандидат, его жена (муж) или их близкие родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то указывается и их прежние установочные данные; служит ли то из родственников в органах внутренних дел или во внутренних войсках (степень родства, фамилия, имя, отчество, где должность, специальное или воинское звание);

- үміткер, оның әйелі (ері) немесе жақын туысқандарынан біреу шетел азаматтылығында тұрды ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде кім шетелдерде болды (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе тұрақты тұруға шетелге шығу үшін өтініш білдірді (қашан, қандай себеппен), шетелдерде тұратын қазақстандық азаматтардың ішінде туысқандары бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туысқандық дәрежесі, немен айналысады, қайда тұрады), олармен байланыс немен көрінеді;

- состоял ли кандидат, его жена (муж) или кто-нибудь из их родственников в иностранном гражданстве (кто, степень родства), кто из них был за границей (когда, где, с какой целью) или ходатайствовал о выезде за границу на постоянное место жительства (когда, по какой причине), имеются ли родственники, проживающие за границей (фамилия, имя, отчество, степень родства, род занятий, где проживают), в чем выражается связь с ними;

- үміткер, оның әйелі (ері) немесе олардың жақын туысқандарынан біреу қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тартылған ба (қашан, не үшін, жазалау шарасы), осы адамдардың құқық қорғау органдары қызметіне қатысы;

- привлекался ли кандидат, его жена (муж) или кто-либо из их близких родственников к уголовной или административной ответственности (когда, за что, мера наказания);

- соңғы жұмыс орны мен лауазымы, тұрғылықты мекен-жайы, егер бір жерден екінші жерге көшуге тура келсе, бұрынғы мекен-жайларын көрсетеді.

- место последней работы и должность, место жительства, если приходилось переезжать с одного места жительства на другое, то указываются прежние места жительства.

ӨМІРБАЯН

АВТОБИОГРАФИЯ

_____________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты / фамилия, имя, отчество)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде
лауазымдарға орналасу үшін
конкурс пен тағылымдама өткізу
ережесіне 6-қосымша

Компьютерлік тестілеу бағдарламалары

Лауазымдар санаттары

Бағдарлама

Тапсырмалар саны

C-GP-1,

C-GP-2,

C-ОGP-2,

C-ОGP-3

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін (4 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (4 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ),  "Құқық қорғау қызметі туралы"(10 сұрақ),  "Мемлекеттік қызмет туралы"(10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" (5 сұрақ), "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" (5 сұрақ), "Ұлттық қауіпсіздік туралы" (3 сұрақ), "Нормативтік құқықтық актілер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге сұрақтарды қосады

120 сұрақ

C-GP-3, C-GP-4, C-ОGP-4, C-ОGP-5, C-RGP-1

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін (5 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (5 сұрақ), "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ), "Мемлекеттік қызмет туралы" (5 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" (5 сұрақ), "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" (5 сұрақ), "Ұлттық қауіпсіздік туралы" (5 сұрақ), "Нормативтік құқықтық актілер туралы" (3 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге сұрақтарды қосады

120 сұрақ

C-GP-5,

C-GP-6,

C-ОGP-5,

C-ОGP-6,

C-RGP-2

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (8 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (8 сұрақ), "Прокуратура туралы" (12 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (5 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ), "Мемлекеттік қызмет туралы" (5 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" (5 сұрақ), "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" (5 сұрақ), "Нормативтік құқықтық актілер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге сұрақтарды қосады

120 сұрақ

C-ОGP-7,

C-ОGP-8- ҚСжАЕАЖК лауазымдарын қоспағанда, C-RGP-3,

C-RGP-4

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін (8 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (5 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (7 сұрақ), "Прокуратура туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (10 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ), "Мемлекеттік қызмет туралы" (7 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (5 сұрақ), "Мемлекеттік құпиялар туралы" (5 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге сұрақтарды қосады

120 сұрақ

C-RGP-5,

ҚСжАЕАЖК-нің C-ОGP-8 санатының лауазымдары

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің міндетті бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (10 сұрақ), Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін (7 сұрақ), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (10 сұрақ), "Прокуратура туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (10 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" (5 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (6 сұрақ), "Мемлекеттік қызмет туралы" (6 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (6 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" (5 сұрақ), "Нормативтік құқықтық актілер туралы" (5 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге сұрақтарды қосады

120 сұрақ


      Ескертпе:

      Компьютерлік тестілеу прокуратура органдарымен мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

      Бұл тұста Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Прокуратура туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2005 жылдың 3 мамырында №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) бойынша дұрыс жауаптардың саны әр нормативтік құқықтық акт бойынша 70 пайыздан кем болмауы тиіс.

      Тестілеуді орындау уақыты 90 минутты (120 сұрақ) құрайды.