Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 маусымда № 9527 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 08.12.2014 № 575 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      С. Ахметов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 20 мамырдағы
№ 218 бұйрығымен
бекітілген

Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және
оларды жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларының 5-тармағына сәйкес құрастырылған.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 08.12.2014 № 575 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі жұмысты уақтылы, толық және сапалы ұйымдастыруды:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы (бұдан әрі – Орталық);

      2) жергілікті әскери басқару органдары (қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар, бөлімдер) (бұдан әрі – ЖӘБО) жүзеге асырады.

      3. Орталық әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін (бұдан әрі – зейнетақы) тағайындау, әскери қызметтен шығарылуға жататын әскери қызметшілердің зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеу жөніндегі жұмысты, сондай-ақ Орталықтың жарғысына сәйкес өзге де қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады.

      4. ЖӘБО әскери қызметке алғаш рет 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін кірген және зейнетақы алу құқығымен әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау (қайта жандандыру) үшін қажетті құжаттарды ресімдеу (толық жинау), олардың жеке істерін дербес есепке алуды жүргізу, әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша келіп түскен ұсыныстарды, өтініштер мен шағымдарды шешу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңнамаға түсініктеме беру, сондай-ақ куәліктерді және зейнетақы куәліктеріне қосымша парақтарды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі жұмыстарды тікелей орындау үшін ЖӘБО-да жауапты лауазымды адам тағайындалады.

2. Әскери қызметшіні шығару кезінде
зейнетақы тағайындау үшін жеке істі ресімдеу

      5. Есепке алу құжаттарын жүргізу жөніндегі жұмыс жүктелген лауазымды адамдар (бұдан әрі – лауазымды адам) оларды әскери есепке қою орны бойынша одан әрі ЖӘБО-ға жолдау үшін әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілердің жеке істерін ресімдейді, олар мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) қызметтік тізім (қызмет өткеруді растау мен әскери қызметтен шығару туралы жазбалары бар);

      2) әскери бөлімдер командирлерінің (мемлекеттік мекемелер басшыларының) бұйрықтарынан үзінділер не қызмет өткеруді, оның ішінде жеңілдік шарттарында өткеруді растайтын мұрағаттық анықтамалар;

      3) мерзімді қызмет өткергенін растайтын құжат (әскери билеттің нотариат куәландырған көшірмесі немесе ЖӘБО-дан анықтама);

      4) басқа мемлекеттік органдардағы (басқа елдердің Қарулы Күштеріндегі) қызметті жеңілдікпен есептеуді растайтын құжаттар;

      5) еңбек кітапшасының нотариат куәландырған көшірмесі (еңбек өтілі болған кезде), білімі туралы құжаттардың, балаларының туу туралы куәліктерінің нотариат куәландырған көшірмелері, мұрағаттық анықтама;

      6) Орталық жасаған зейнетақыға еңбек сіңірген жылдары есебінің түпнұсқасы;

      7) әскери қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді;

      8) шығарылуына байланысты жеке құрам тізімінен алу туралы әскери бөлім командирінің (мемлекеттік мекеме басшысының) бұйрығынан үзінді;

      9) еркін нысанда жасалған әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының түпнұсқасы (әскери қызметші денсаулық жағдайы бойынша шығарылған жағдайда);

      10) ақшалай аттестат (төлем санатын көрсетумен).

      Офицерлер құрамы үшін есептеу жеке істің бірінші данасы бойынша жүргізіледі.

      6. Ақшалай аттестатта толық бір ай үшін ақшалай қаражат жалақысының мөлшер және әскери қызметші қай күнге дейін ақшалай қамтудың барлық түрлерімен қамтамасыз етілгені, сондай-ақ жүргізілген зейнетақы төлемдерінің болуы немесе болмауы туралы жазбалар көрсетіледі.

      Осы аттестатты әскери қызметші ақшалай қамтуда тұрған әскери бөлімнің қаржы бөлімшесіндегі лауазымды адам сұратады және әскери қызметтен шығарылған кезде жеке ісіне тіркеледі.

      7. Лауазымды адам әскери қызметшіні оның жасалған жеке ісімен таныстырады.

3. ЖӘБО-да қызметтен шығарылған әскери қызметшілердің
құжаттарын қабылдау және жинақтау

      8. Зейнетақы тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО-ға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы тағайындау туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

      3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат ( мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкiмдерінiң анықтамасы);

      4) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың немесе түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      5) көлемі 3 х 4 см фотосурет (2 дана).

      Құжаттардың көшірмелері "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайлардан басқа, құжаттардың көшірмелерін ұсынылған түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін бөлімшенің лауазымды адамы куәландыруға тиіс.

      1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдар үшін зейнетақы жинақталымдарының болуы немесе болмауы туралы мәліметтер қосымша ұсынылады.

      9. Көрсетілген құжаттар мен жеке істер олар ЖӘБО-ға келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейіннен Орталыққа жолдау үшін қорғаныс істері жөніндегі департаментке ұсынылады.

      10. ЖӘБО осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің зейнеткерлерін есепке алу кестесіне сәйкес зенеткерлерді есепке алуды жүргізеді.

4. Зейнетақы тағайындау үшін Орталыққа келіп түскен
қызметтен шығарылған әскери қызметшілердің құжаттарын қарау

      11. Орталық осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде зейнетақы тағайындауды жүргізеді.

      12. Орталық толық емес, нақты емес немесе қайшы келетін мәліметтерді қамтитын құжаттар келіп түскен жағдайда, сондай-ақ өтініш иесінде оған құқығының болмауына байланысты зейнетақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда Орталыққа келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтару себебін жазбаша түсіндірумен зейнетақы істерінің тізілімінде белгі жасай отырып, құжаттарды ЖӘБО-ға қайтарады.

      13. Зейнетақыны тағайындау:

      1) келіп түскен жеке істер зейнетақы істерінің тізілімінде осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеледі, ол бойынша зейнетақы ісіне нөмір беріледі;

      2) зейнетақыны тағайындау осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдеріне есептеу бойынша жүргізіледі;

      3) жүргізілген тағайындаулар деректері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес екі данада 1-ҚК үлгісіндегі үзінділерді жасай отырып, Орталықтың электрондық деректер базасына енгізіледі;

      4) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес 1-В/Л үлгісіндегі хабарлама ресімделеді;

      5) зейнетақы алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылатын зейнетақы куәлігі (қосымша парағымен) осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;

      6) қосымша парағымен зейнетақы куәліктерін есепке алу және беру журналы бойынша, осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша парағымен зейнетақы куәліктерін беру ведомосы осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      14. 1-ҚК үлгісіндегі үзінді 1-В/Л үлгісіндегі хабарламамен бірге зейнетақы алушының (бұдан әрі – алушы) тұрғылықты жері бойынша "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – МЗТО) филиалдарына жолданады.

      15. Қосымша парағымен зейнетақы куәлігі және оларды беруге ведомость ілеспе хатпен қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге жолданады.

      16. Зейнетақы тағайындау рәсімі аяқталғаннан кейін зейнеткерлік іс зейнеткерлік істерінің тізілімі бойынша Орталықтың мұрағатына тігу және одан әрі есепке алу және сақтау үшін беріледі.

      17. Алушы зейнетақы мөлшерін қайта есептеу үшін Орталықтың мекенжайына бұдан бұрын әскери қызметшінің жеке ісіне тіркелмеген оның еңбек қызметін немесе қызмет өткеруін, оның ішінде жеңілдік шарттарында өткеруін растайтын нотариат куәландырған құжаттардың көшірмелерін, мұрағаттық анықтамаларды ұсынған жағдайда зейнетақы мөлшерін қайта есептеу және қосымша төлеу Орталыққа растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

5. Қызметтен шығарылуға жататын әскери қызметшінің зейнетақыға
еңбек сіңірген жылдарын есептеу және жеке ісін ресімдеу

      18. Әскери қызметтен шығарылуға жататын әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын, оның ішінде еңбек өтілін ескере отырып есептеуді Орталық жүргізеді.

      19. Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі осы Нұсқаулыққа 7- 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады. Есепте әскери қызметтің барлық күнтізбелік кезеңдері және жеңілдік шарттарында еңбек сіңірген жылдары үшін есептелетін кезеңдер бөлек, сондай-ақ зейнетақыға жалпы еңбек сіңірген жылдары көрсетіледі.

      Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі жалғыз данада жасалады және осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін келіп түскен жеке істерді есепке алу кітабында тіркеледі. Еңбек сіңірген жылдарының есебін жоғалтқан кезде Орталық жеке іс және жоғалту фактісі бойынша қызметтік тексеру материалдары негізінде еңбек сіңірген жылдары есебінің көшірмесін береді.

      20. Әскери қызметтен шығарылатын әскери қызметшілердің жеке істері қызметтен шығарылғанға дейін 3 (үш) ай бұрын бағыныстылығы бойынша басқару органы қызмет өткергенін растағаннан кейін Орталыққа жолданады.

      Қорғаныс министрлігінде және Қарулы Күштердің Бас штабында қызмет өткеретін офицерлер құрамы әскери қызметшілерінің қызмет өткеруін растауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті жүргізеді.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қарулы Күштері Бас штабының департаменттері мен басқармаларында, Қарулы Күштерінің түрлерінде қызмет өткеретін сарбаздар (матростар) құрамындағы әскери қызметшілердің қызмет өткеруін растауды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті жүргізеді.

      Қорғаныс министрлігінің және Қарулы Күштер Бас штабының департаменттері мен басқармаларында қызмет өткеретін сержанттар (старшиналар) құрамындағы әскери қызметшілердің қызмет өткеруін растауды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасы жүргізеді.

      Қызмет өткеруді растау туралы жазба жеке істің қызметтік тізімінде жасалады. Қызмет өткеруді растауда қызметтің барлық күнтізбелік кезеңдері және жеңілдік шарттарында есептелетін жекелеген кезеңдер көрсетіледі, оған бастық қол қояды және растау күнін міндетті түрде көрсете отырып, мөрмен куәландырылады.

      Жеке істерді жолдау алдында қызметтік тізімде көрсетілген әскери қызметтің барлық кезеңдері, сондай-ақ жеңілдік шарттарында зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын есептеуге құқық беретін жазбалар мұқият тексеріледі және аттестаттау және қосымша құжаттар деректерімен салыстырылады және бұйрықтармен немесе тиісті құжаттармен расталады.

      21. Әскери қызметшінің еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін жолданатын жеке істің бірінші данасында мынадай құжаттар болады:

      1) қызметтік тізім (қызмет өткеруді растаумен);

      2) әскери бөлімдер командирлерінің (мемлекеттік мекемелер басшыларының) бұйрықтарынан үзінділер не қызмет өткергенін, оның ішінде жеңілдік шарттарында өткергенін растайтын мұрағаттық анықтамалар;

      3) мерзімді қызмет өткергенін растайтын құжат (әскери билеттің нотариат куәландырған көшірмесі немесе ЖӘБО-дан анықтама);

      4) басқа мемлекеттік органдардағы (басқа елдердің Қарулы Күштеріндегі) қызметті жеңілдікпен есептеуді растайтын құжаттар;

      5) еңбек кітапшасының нотариат куәландырған көшірмесі (еңбек өтілі болған кезде), дипломның, білімі туралы аттестаттың, балалардың туу туралы куәліктерінің нотариат куәландырған көшірмелері, мұрағаттық анықтамалар және еңбек қызметін растайтын басқа да құжаттар.

      Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есептерін жасағаннан кейін еңбек сіңірген жылдарының есептерімен жеке істер жіберушіге қайтарылады.

      Лауазымды адам әскери қызметшіні оның жасалған еңбек сіңірген жылдарының есебімен таныстырады.

      22. Жеке істің материалдары толық жинақталмаған жағдайда зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі жасалмайды және жазбаша түсіндірумен жіберушіге қайтарылады.

6. Зейнетақыларды қайта жандандыру және жәрдемақыларды төлеу
кезінде құжаттарды ресімдеу

      23. Алушылардың республиканың басқа өңірлеріне кетуіне байланысты зейнетақыларды және/немесе жәрдемақыларды уақытша тоқтату үшін кету орны бойынша ЖӘБО-ға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақыларды және/немесе жәрдемақыларды уақытша тоқтату туралы өтініш;

      2) мекенжайлық кету парағының нотариат куәландырған көшірмесі (әділет органдарында тіркеуден алу туралы);

      3) МЗТО-дан табыстар туралы анықтама.

      24. Алушылардың республиканың басқа өңірлеріне қоныс аударуына байланысты зейнетақыларды және/немесе жәрдемақыларды қайта жандандыру үшін жаңа тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО-ға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақыларды және/немесе жәрдемақыларды қайта жандандыру туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

      3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат ( мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);

      4) банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер.

      25. Алушылардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне байланысты зейнетақыларды және/немесе жәрдемақыларды уақытша тоқтату үшін кету орны бойынша ЖӘБО-ға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақыларды және/немесе жәрдемақыларды уақытша тоқтату туралы өтініш;

      2) басқа елдердің уәкілетті органдарының зейнеткерлік ісін жіберу туралы сұрау салуы;

      3) мекенжайлық кету парағының (ішкі істер органдарында тіркеуден алу туралы) нотариат куәландырған көшірмесі.

      26. Қазақстан Республикасы халықаралық келісімдер жасасқан басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген алушылардың қоныс аударуына байланысты зейнетақыларды қайта жандандыру үшін жаңа тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО-ға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) зейнетақыны және/немесе жәрдемақыны қайта жандандыру туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);

      3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат ( мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);

      4) банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер;

      5) көлемі 3 х 4 см фотосурет (2 дана).

      Құжаттардың көшірмелері "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайлардан басқа, құжаттардың көшірмелерін ұсынылған түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін бөлімшенің лауазымды адамы куәландыруға тиіс.

      27. Қазақстан Республикасы халықаралық келісімдер жасасқан басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнеткерлік істерін әскери комиссариаттар тұрақты тұрғылықты жерін тіркеу бойынша ЖӘБО-ға жолдайды.

      28. ЖӘБО осы Нұсқаулықтың 26-тармағында көрсетілген құжаттар мен зейнеткерлік ісін алғаннан кейін олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды Орталыққа жолдайды.

      29. Қазақстан Республикасы халықаралық келісімдер жасасқан елдерден келген алушылардың зейнетақыларын қайта жандандыру үшін Орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақыларды қайта есептеуді (тағайындауды) жүргізеді.

      Зейнетақыларды және/немесе жәрдемақыларды қайта жандандыруға немесе уақытша тоқтатуға құжаттарды алғаннан кейін Орталық мынадай құжаттарды ресімдейді және МЗТО-ға жолдайды:

      1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-ҚК нысаны бойынша үзіндіні;

      2) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 1-ИУ нысаны бойынша үзіндіні;

      3) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-ҚК/1-арттыру нысаны бойынша үзіндіні;

      4) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысаны бойынша хабарламаны;

      5) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес 1-Б/ҚК нысаны бойынша хабарламаны;

      6) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес 1-Б/ҚК/2 нысаны бойынша хабарламаны.

      30. Алушы қайтыс болған немесе басқа да себептер бойынша зейнетақылар және/немесе жәрдемақылар тоқтатылған жағдайда Орталықтың электрондық деректер базасына тиісті өзгерістер енгізіледі. Зейнеткерлік істе "Қайтыс болды", "Оқу аяқталды", "МЗТО-ға ауысты", "Анықтағанға дейін" деген белгілер қойылады және ол есепке алу мен сақтау үшін Орталықтың мұрағатына беріледі.

      31. Зейнетақы куәлігін және қосымша парақты жоғалтуға немесе жарамсыз болуына байланысты қайта алу немесе ауыстыру үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысандағы жоғалту себебі көрсетілген өтінішті;

      2) пайдалануға жарамсыз құжатты;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарына құжатты жоғалту туралы хабарландыру беру туралы анықтаманы.

  Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
зейнеткерлерін есепке алу
кестесі

Р/с №

Әскери атағы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Зейнеткерлік істің №

Зейнетақы мөлшері (толық/ толық емес)

Зейнетақы тағайындалған күн

1-бөлім. Толық көлемде тағайындалған зейнетақылар













2-бөлім. Толық көлемде тағайындалмаған зейнетақылар













3-бөлім. 1998 ж. 1.01. кейін алғаш рет шақырылған және зейнетақы алу құқығымен шығарылған әскери қызметшілер













4 бөлім. Зейнетақы алу құқығынсыз шығарылған әскери қызметшілер













  Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

      Нысан

      _______________

      20 __ ж. дейін сақталсын

      № ______ тармақ

      Мүк. № ________

ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы
Зейнеткерлік істер тізілімі (№ _________ бастап № _________ дейін, _____ том)

      20 __ ж. "___" ___ басталды

      20 __ ж. "___" ___ аяқталды

      _____ парақта

Р/с №

Істің тіркелген күні

Пошта түрі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)






























































































































Зейнеткерлік ісінің нөмірі

Зейнетақыны тағайындаудан бас тарту туралы немесе істі мұрағатқа тапсыру туралы белгі

Ескертпе






























































































  Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

      Нысан

      З.І. № АС-__________

Зейнетақы төлемдеріне арналған
ЕСЕП

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _______________________

      2. Лауазым санаты және жалақысы _______________, ______________ теңге

      3. Әскери атағы және жалақысы ______________________, _________ теңге

      4. Еңбек сіңірген жылдары _________ (күнтізбелік есептеумен ____ жыл,

      еңбек өтілі __________ жыл)

      5. Зейнетақы мөлшері _______ % _______________ теңге

      6. Зейнетақы 20 _______ ж. " ________ " _________ бастап тағайындалды

      7. Зейнетақы тағайындау үшін негіздеме: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 ж. 21 маусымдағы № 105-V Қазақстан Республикасы Заңының 64, 65-баптары.

      8. Зейнетақы мөлшерін айқындау: жаңа тағайындау _____________________

      _____________________________________________________________________

      9. Өткен кезең үшін толық төлеу есебі: ______________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жиыны: ______________ теңге.

      Базалық зейнетақы төлемі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жиыны ____________________ теңге.

       ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру

       орталығының бастығы ________________

      М.О. Қызмет бастығы ________________

       Қызмет маманы ________________

      20 ___ ж. "___"___________

      № ___________ зейнетақы куәлігі мен қосымша парақ жазып берілді.

  Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

       Нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 08.12.2014 № 575 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ

КУӘЛІК № 000000 атағы



Тегі ___________________

Аты ____________________

Әкесінің

аты ____________________

Орталық

бастығы ________________

      

МИНИСТЕРСТВО ОБОРОНЫ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ

УДОСТОВЕРЕНИЕ № 000000 Воинское звание


Фамилия ________________

Имя ____________________

Отчество _______________

Вид пенсии (дата назначения) ____________

Дата выдачи " " 20 г.

  Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

       Нысан

      20 __ ж. дейін сақталсын

      № ______ тармақ

      Мүк. № ________

ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы
Қосымша парағымен зейнеткер куәліктерін есепке алу және беру
журналы

      20 __ ж. "___" ___ басталды

      20 __ ж. "___" ___ аяқталды

      _____ парақта

Р/с №

Куәлік №

Т.А.Ә.

Іс №

Адресат

Ведомость №

Алғаны туралы белгі

































































































































































































































  Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша

       Нысан

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі зейнеткерінің куәлігін беру ведомосы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 08.12.2014 № 575 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Куәлік №

Қосымша парақ зейнетақы түрі

Кімге берілді

Зейнеткерлік істің №

Берілген күні

Зейнеткердің қолы








  Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша

      Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ

Зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын
ЕСЕПТЕУ

(Әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты)



Жылдар

Айлар

Күндер



Жылдар

Айлар

Күндер

Туған айы, күні және жылы

1. Күнтізбелік қызмет мерзімі





а) қызметтің бір айы екі ай













Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




Барлығы:




Барлығы:



2. Жеңілдік шарттарында есептелетін қызмет кезеңдері

а) қызметтің бір айы үш ай





в) қызметтің бір айы бір жарым ай













Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:








Барлығы:








Еңбек сіңірген жылдарында есептелетін мерзім




Жиыны:







Барлығы:




Жалпы еңбек сіңірген жылдарының ЖИЫНЫ


Еңбек сіңірген жылдарына есептелетін мерзім




Зейнетақыға толық жылдар саны




      20 _ ж. "__"___ ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы

      Қызмет маманы_______________________ _______________________________________

      Есеппен таныстым ___________ (келісемін, келіспеймін)

       қолы керек емесін сызу керек

  Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша

       Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ

Еңбек өтілін ескере отырып, зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарын
ЕСЕПТЕУ

(Әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты)



Жылдар

Айлар

Күндер



Жылдар

Айлар

Күндер

Туған айы, күні және жылы

1. Күнтізбелік қызмет мерзімі





3. Еңбек өтілі













Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




Барлығы:








2. Жеңілдік шарттарында есептелетін қызмет кезеңдері

а) қызметтің бір айы бір жарым ай













Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




Барлығы:




Барлығы:





Еңбек сіңірген жылдарына есептелетін мерзім




Жалпы еңбек өтілі





Жалпы еңбек сіңірген жылдары




Зейнетақыға толық жылдар саны



      20 _ ж. "__"___ ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы

      Қызмет маманы_______________________ _______________________________________

      Есеппен таныстым ___________ (келісемін, келіспеймін)

       қолы керек емесін сызу керек

  Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша

       Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ

Еңбек өтілін оның ішінде жеңілдік шарттарындағыны ескере отырып, зейнетақыға
еңбек сіңірген жылдарын
ЕСЕПТЕУ

(Әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты)



Жылдар

Айлар

Күндер



Жылдар

Айлар

Күндер

Туған айы, күні және жылы

1. Күнтізбелік қызмет мерзімі





3. Еңбек өтілі













Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




Барлығы:




Барлығы:



2. Жеңілдік шарттарында есептелетін қызмет кезеңдері

а) қызметтің бір айы бір жарым ай





4. Жеңілдік шарттарында есептелінетін еңбек өтілі













Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:




















Жиыны:




Жиыны:








Барлығы:








Жеңілдік шарттарында есептелетін еңбек өтілі




Жиыны:




Барлық еңбек өтілі




Барлығы:





Еңбек сіңірген жылдарына есептелетін мерзім




Жалпы еңбек өтілі





Жалпы еңбек сіңірген жылдары




Зейнетақыға толық жылдар саны



      20 _ ж. "__"___ ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы

      Қызмет маманы_______________________ _______________________________________

      Есеппен таныстым ___________ (келісемін, келіспеймін)

       қолы керек емесін сызу керек

  Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша

       Нысан

      20 ж. дейін сақталсын _______

      № тармақ

      Мүк. № _______

ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы
Еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін келіп түскен жеке
істерді есепке алу кітабы

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 08.12.2014 № 575 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ж."___"_____________________басталды

      20__ж."___"_____________________аяқталды

      _______парақта

Реттік нөмірі

Іс қайдан келіп түсті

Істің келіп түскен күні

Әскери атағы


























































































































































































































































































































Тегі, әкесінің аты

Іс қайдан жолданды

Жіберілген күні

Орындаған

Ескертпе







































































































































































































































































































































































































  Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
11-қосымша

      Нысан

      Кімге:

      _____________________________________

      _____________________________________

      _____________________________________

      _____________________________ тұратын

      (өтініш иесінің Т.А.Ә.)

      тел: ________________________________

Зейнетақыны және/немесе өтемақыны қайта жандандыруға
(уақытша тоқтатуға)
ӨТІНІШ

      Сізден ______________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       (оқиғаның мән-жайы көрсетіледі)

      байланысты зейнетақыны және/немесе өтемақыны қайта жандандыруды (уақытша тоқтатуды) сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____ ж. "______" ______ Өтініш иесі ________ __________________

      (жылы) (күні) (айы) қолы (Т.А.Ә.)