Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар шығарылымы және айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 52 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 маусымда № 9513 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қарау ережесінде:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Эмитент облигациялардың (облигациялық бағдарламаның) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.»;
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған эмитент (екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – банк), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) левереджінің шамасы 2-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).
      Standard&Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге арналған левереджінің шамасы халықаралық қаржы ұйымдарының ішкі құжаттарында белгіленген шамадан аспайды.
      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) мемлекеттік тіркеуге арналған левередж шамасы 5-тен аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептілік деректеріне сәйкес).»;
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тиiстi қаржы ұйымының iшкi құжаттарына сәйкес жасалған, қағаз тасымалдағышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (эмитенттің қаржылық есептілігiн қоспағанда) бiр данада облигациялар шығарылымының (облигация шығарылымының талаптары) проспектiсiн не облигациялар шығарылымының талаптарын.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент уәкілетті органға Заңның 24-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы қазақ және орыс тілдеріндегі есеп қамтылады.
      Standard&Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 5-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада ұсынылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент уәкілетті органға Заңның 32-бабының 2-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екі данада ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигацияларды өтеу қорытындылары туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі есеп қамтылады.
      Standard&Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын өтеу қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 6-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада ұсынылады.»;
      1-қосымшада:
      38-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және оларды өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу талаптары;
      облигациялар айналысы жоспарланатын (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған) нарығын;
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсілі;
      орны және облигацияларды эмитент кассасы арқылы қолма-қол ақшамен өтеу кезінде өтініш жасауға болатын тұлғалар;»;
      42-тармақ алып тасталсын;
      2-қосымшаның 23-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) облигациялар айналысының басталуын анықтау тәртібін, облигациялар айналысы жоспарланатын (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған) нарығын, оларды өтеу, облигацияларды өтеу күнін белгілеу талаптарын көрсете отырып, облигациялардың айналысы және оларды өтеу жөніндегі мәліметтер;»;
      3-қосымшаның 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялар айналысының басталу күні;
      облигациялар айналысы жоспарланатын (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған) нарығын;
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу шарттары;
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсілі;»;
      3-13-2 және 3-3-қосымшалары осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы қаулының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес 5-1 және 6-1-қосымшалармен толықтырылсын;
      8-қосымша осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 72 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7578 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларында:
      2-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын акционерлік қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8571 тіркелген) (бұдан әрі - № 130 қаулы) бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ, бар болса аудиторлық есепті ұсынады.
      Қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын, бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасына № 130 қаулымен бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ, бар болса аудиторлық есепті ұсынады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген және қор биржасының алаңында айналыста болмайтын, шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің және шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийіне, шығарылған бағалы қағаздар тізіміне енгізілген қор биржасына тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және мыналардан тұратын өзге ақпаратты ұсынады:
      1) № 422 бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларында белгіленген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен шығындар туралы есеп - қаржы ұйымы, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылмайтын эмитент үшін;
      2) № 130 қаулымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен шығындар туралы есеп - екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, қаржы ұйымы болып табылатын эмитент үшін;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 147 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8618 тіркелген) қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес жасалған банктің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп – екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент үшін;
      4) ХҚЕС-ке сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және меншікті қаражат бойынша пайда мен шығындар туралы есеп – арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын эмитент үшін.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Тізіміне шығарылған бағалы қағаздары енгізілген қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру мақсатында, бағалы қағаздары сондай-ақ, шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент тізіміне шығарылған бағалы қағаздары енгізілген қаржылық есептілік депозитарийіне, қор биржасына ХҚЕС-ке сәйкес жасалған тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының қор биржасының қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімде ұсынады.
      Екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа қосымша Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты Қазақстан Республикасының қор биржасының қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімде ұсынады.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс қаржылық есептілік, аудиторлық есептер және өзге де ақпарат Қағидаларда белгіленген тәртіппен орналастырылған күннен бұрын бұқаралық ақпарат құралдарының басқа көздері арқылы жариялануға (орналастырылуға) жатпайды.
      Осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдары, сондай-ақ бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген эмитенттер тізіміне шығарылған бағалы қағаздары енгізілген қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында орналастыру үшін, көрсетілген ақпараттың сауда жүйесінде халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген эмитенттердің бағалы қағаздары айналыста болған, шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларына берілуі ұқсас көлемде және мерзімде қаржылық есептілікті және бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген эмитенттердің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады.»;
      1-қосымша осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ.Келімбетов

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      2014 жылғы 11 мамыр

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 1-қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялардың 
шығарылымын мемлекеттік тіркеу   
және облигацияларды орналастыру   
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы    
есепті қарау ережесінің        
3-1-қосымшасы             

Нысан

Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

Алматы қаласы
20__жылғы «___» __________                               № _____

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі____________________________
_______________________________________________________ тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті берген органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға
____________________________________________________________
немесе куәлікке сәйкес эмитенттің атауы және мекенжайы)

облигациялар шығарылымын_______________________________________
_______________________________________________________________
(шығарылымның реттік нөмірі)

мемлекеттік тіркеуге алды.

Шығарылым______________________________________________________
__________________________________________________ бөлінді,
(облигациялар саны цифрмен және жазбаша)

әрі оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірі
_________________________________________________________берілді.
Бір облигацияның номиналдық құны
__________________________________________________________ теңге.
           (цифрмен және жазбаша)

Облигациялар шығарылымының көлемі __________________________
                                (шығарылатын облигациялардың
________________________________________________теңге болады.
жиынтық номиналдық құны цифрмен және жазбаша)

Шығарылым ______________________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат:______________________________
______________________________________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның
тегі, аты, бар болса әкесінің аты,
лауазымы, қолы, мөрі.»

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 2-қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялардың 
шығарылымын мемлекеттік тіркеу  
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есепті қарау ережесінің       
3-2-қосымшасы            

Нысан

Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

Алматы қаласы
20__жылғы «__» _________                                    № _____

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі____________________________
_______________________________________________________ тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті берген органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға
____________________________________________________________
немесе куәлікке сәйкес эмитенттің атауы және мекенжайы)

облигациялық бағдарламаның_______________________________________
_________________________________________________________________
                     (реттік нөмірі)
мемлекеттік тіркеуге алды.

Облигациялық бағдарламаның көлемі __________________________
                                 (облигациялық бағдарламаның
_________________________________________________теңге болады.
               шығарылым көлемі)

Шығарылым _______________________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат:_____________________________
_____________________________________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның
тегі, аты, бар болса әкесінің аты,
лауазымы, қолы, мөрі.»

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 3-қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялардың 
шығарылымын мемлекеттік тіркеу   
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есепті қарау ережесінің       
3-3-қосымшасы           

Нысан

Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

Алматы қаласы
20__жылғы «__» __________                                   № _____

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі____________________________
_______________________________________________________ тіркеген
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті берген органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға
____________________________________________________________
немесе куәлікке сәйкес эмитенттің атауы және мекенжайы)

облигациялар шығарылымы____________________________________
                              (реттік нөмірі)
шегінде_________________________________________________________
                              (реттік нөмірі)

мемлекеттік тіркеуге алды.

Шығарылым_______________________________________________________
_________________________________________________ бөлінді,
(облигациялар саны цифрмен және жазбаша)

әрі оларға ұлттық бірегейлендіру нөмірі
________________________________________________________берілді.

Бір облигацияның номиналдық құны
_________________________________________________________ теңге.
               (цифрмен және жазбаша)

Облигациялар шығарылымының көлемі ________________________
                                (шығарылатын облигациялардың
_________________________________________________теңге болады.
жиынтық номиналдық құны цифрмен және жазбаша)

Шығарылым ________________________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Шығарылым туралы қосымша ақпарат:______________________________
______________________________________________________________.

Куәлікке қол қойған адамның
тегі, аты, бар болса әкесінің аты,
лауазымы, қолы, мөрі.»

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 4-қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу  
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есепті қарау ережесінің       
5-1-қосымшасы           

Нысан

облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттің атауы
      2. Эмитенттің орналасқан жері.
      3. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі.
      4. Облигациялар туралы мәліметтер:
      шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрі, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшері.
      5. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) есеп ұсынылатын орналастыру кезеңі басталған күні және аяқталған күні;
      2) есепті кезеңге орналастырылған облигациялардың саны және оларды айналысқа жіберген күннен бастап бұрын орналастырылған облигацияларды ескере отырып;
      Есепке эмитенттің уәкілетті тұлғасы қол қояды. Есептің әрбір данасы облигацияларды орналастыру кезеңінің аяқталған күні тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесімен тігіледі.»

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 5-қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу  
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есепті қарау ережесінің       
6-1-қосымшасы           

Нысан

Облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттің атауы.
      2. Эмитенттің орналасқан жері.
      3. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және шығарылым нөмірі.
      4. Облигацияларды өтеу туралы мәліметтер:
      1) облигацияларды өтеу күні;
      2) облигацияларды өтеу күніндегі жағдай бойынша эмитент сатып алған облигациялар саны туралы мәліметтер;
      3) мерзімінен бұрын өтелген облигациялар саны туралы мәліметтер.
      Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепке эмитенттің уәкілетті тұлғасы қол қояды.»

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 6-қосымша

«Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу  
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есепті қарау ережесінің       
8-қосымшасы           

Нысан

Облигацияларды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті бекіту жөніндегі хабарлама

Алматы қаласы «__» __________                           № ______
20__жыл

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
________________________________________________________________
________________________________ тіркеген (заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті берген органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
_________________________________________________________________
_____________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес эмитенттің атауы және мекен-жайы)
_________________________________________________________________
___________________ облигацияларды орналастыру
(шығарылымның реттік нөмірі)
(өтеу) қорытындылары туралы есепті бекітті.

Шығарылым номиналдық құны
____________________________________________________________
(номиналдық құнының мөлшері цифрмен және жазбаша)
теңге болатын
__________________________________________________________________
__________________________ облигацияға бөлінді.
(облигациялар саны цифрмен және жазбаша, облигациялар түрі)
__________________________________________________________________
_____________________________ жағдай бойынша
(облигацияларды орналастырудың (өтеудің) аяқталған күні, айы, жылы) орналастырылған (өтелген) облигациялар
__________________________________________________________________
орналастырылмаған облигациялар
__________________________________________________________________
Шығарылым_________________нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздар мемлекеттік тізіліміне енгізілген
Шығарылым туралы қосымша ақпарат:________________________________.

Хабарламаға қол қойған адамның
тегі, аты, бар болса әкесінің аты
және лауазымы, қолы, мөрі.»

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 7-қосымша

«Қаржылық есептілік депозитарийінің,    
қор биржасының интернет-ресурсында     
корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты,  
қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді
орналастыру қағидаларына 1-қосымша      

Қаржылық есептілік депозитарийінің және тiзiмiне шығарылған
бағалы қағаздар енгiзiлген қор биржасының интернет-ресурсында
орналастырылатын акционерлік қоғамының корпоративтік оқиғалар
туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар

р/с №

Ақпарат түрі

Ақпарат мазмұны

1

2

3

1.

Ақпаратты акционерлік қоғам акционерлерге және инвесторларға жіберетін ішкі құжаттарына сәйкес мәселелердің тізбесі бойынша акционерлердің жалпы жиналасында және директорлар кеңесімен қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның толық атауы мен орналасқан жері;
2) акционерлердің жалпы жиналысын, директорлар кеңесін өткізу күні, уақыты және орны;
3) акционерлердің жалпы жиналысында, директорлар кеңесінің отырысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер;
4) акционерлердің жалпы жиналасында және дауыс беру қорытындыларын (нәтижелерін) көрсете отырып директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер;
5) акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер.

2.

Акционерлік қоғамының акцияларды және басқа бағалы қағаздарды шығару туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, қоғамның бағалы қағаздарын өтеу, қоғамның бағалы қағаздары шығарылымын жою қорытындылары туралы есептерді бекітуі туралы ақпарат

1) бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;
2) шығаруға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
3) облигацияларды шығарған жағдайда қосымша номиналды құны, айналысқа жіберу мерзімі және өтеу тәртібі, олар бойынша кірісті төлеу тәртібі мен мерзімдері, ковенанттар және (немесе) олардың шығарылым проспектісінде көрсетілген шектеулер;
4) жарияланған бағалы қағаздардың санының өсуі: жарияланған бағалы қағаздар санын өсіру бөлігінде бағалы қағаздардың шығарылымы проспектісінде өзгерістерді мемлекеттік тіркеу күні, жарияланған бағалы қағаздардың санының өсуі туралы шешімді қабылдау күні және осы шешімді қабылдаған акционерлік қоғамы органы, бағалы қағаздардың түрлері бойынша бөлігінде бағалы қағаздардың шығарылым проспектісіне тиісті өзгерістерді мемлекеттік тіркеуден кейін жарияланған бағалы қағаздардың саны;
5) бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімді қабылдаған күні;
6) бағалы қағаздарды орналастыру басталған күні, орналастыруға ұсынылған бағалы қағаздардың санын және орналастыру тәсілін көрсете отырып бағалы қағаздарды орналастыру шарттары;
7) бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күн (орналастырған есепті кезеңін көрсете отырып), бағалы қағаздарды өтеу күні;
8) бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептің, есепті кезеңде орналастырылған (өтелген) бағалы қағаздардың саны мен түрін көрсете отырып өтеу қорытындылары туралы есептің бекітілген күні;
9) есепті кезеңде акционерлік қоғамы олар шығарған бағалы қағаздарды олардың ұстаушылардан сатып алған саны мен түрі;
10) есепті кезеңде акциялар бойынша дивидендтерді, облигациялар бойынша кірістерді төлеу туралы мәліметтер;
11) жою үшін негіздемесін көрсете отырып бағалы қағаздардың шығарылымын жойған күні. Акционерлік қоғамы уәкілетті органнан эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алған жағдайда уәкілетті органның осындай рұқсаттың күні және нөмірі, сондай-ақ шығарылымның негізгі параметрлері көрсетіледі.

3.

Акционерлік қоғамы ірі мәмілелерді жасағаны және оны жасағанда қоғамның мүдделілігі бар мәмілелерді жасағаны туралы ақпарат

1) Акционерлік қоғамы органының мәмілелерді жасау туралы шешімді қабылдаған күн;
2) мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны;
3) мәміле мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні;
4) осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының пайыздық арақатынасы;
5) мәміленің негізгі маңызды шарттары;
6) мәміле жасалған күн.

4.

Акционерлік қоғамының мүлкін осы қоғамның активтерінің бес және одан да көп пайызын құрайтын сомасына кепілге (қайта кепілге) беру

1) акционерлік қоғам акционерлік қоғам мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешімді қабылдаған күн;
2) акционерлік қоғамның мүлкін (шарт жасау) кепілге беру (қайта кепілге беру) күні қабылдаған күн және мүлікті кепілге (қайта кепілге беру) жүзеге асырылатын мерзім;
3) акционерлік қоғамның кепілге берілген (қайта кепілге берілген) мүлік құны;
4) акционерлік қоғамның кепілге берілген (қайта кепілге берілген) мүлікті соңғыбағалау күні;
5) осы акционерлік қоғамның активтерінің жалпы құнына қатысты кепілге берілген (қайта кепілге берілген) мүліктің пайыздық қатынасы;

5.

Акционерлік қоғамы қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерде қарызды алуы туралы ақпарат

1) акционерлік қоғам органының қарызды алу туралы шешімді қабылдаған күні;
2) акционерлік қоғамы қарызды алған күні;
3) акционерлік қоғам алған қарызды мақсатты пайдалану;
4) акционерлік қоғам алған қарыздың мөлшері;
5) акционерлік қоғамының меншікті капиталының мөлшеріне акционерлік қоғамы алған қарыздың мөлшеріне пайыздық арақатынасы.

6.

Акционерлік қоғамның қандай да бір түрдегі қызметті жүзеге асыруға, қоғамның қызметтің қандай да бір түрін жүзеге асыруға бұрын алған лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ақпарат

1) лицензия берген, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы;
2) лицензияның берілген күні, нөмірі, лицензияның қолданылу мерзімі;
3) лицензияланатын қызмет түрінің атауы;
4) мемлекеттік органның лицензияның қолданылуын тоқтату (тоқтату мерзімі), қолданылуын жаңарту күні туралы шешімді қабылдаған күні;
5) лицензияны тоқтата тұру (жаңарту) негіздеме;
6) мемлекеттік органның лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күні (лицензия қолданысын тоқтатуға негіздеме.

7.

Акционерлік қоғамның заңды тұлғаның мекемесінде қатысуы туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның заңды тұлғаны құру (акционерлік қоғамның мекемеге қатысуы туралы) туралы шешім қабылдаған күн, шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы;
2) құрылатын заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;
3) құрылатын заңды тұлға жүзеге асыратын қызмет түрлері.

8.

Акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы шешімнің күні, нөмірі, қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негіздемесі;
2) акционерлік қоғамның тыйым салынған мүлкінің атауы және оның қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы;
Банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасына тыйым салынған жағдайда - тыйым салынған ақша сомасын көрсету. Бағалы қағаздарға тыйым салынған жағдайда - тыйым салынған бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрлері, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы мәліметтер;
3) тыйым салуды алған жағдайда – акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салуды алу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік орган шешімінің күні, нөмірі.

9.

Баланстық құны қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан астам пайызын құрайтын нәтижесінде акционерлік қоғамның мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы туралы ақпарат

1) төтенше сипаттағы жағдайлар басталуына байланысты жойылған акционерлік қоғам мүлігінің атауы;
2) төтенше сипаттағы жағдайлар басталу нәтижесінде акционерлік қоғамның жойылған мүлкінің баланстық құны;
3) акционерлік қоғам мүлкінің жойылуына әкеп соққан төтенше сипаттағы жағдайлардың басталған күні.

10.

Акционерлік қоғамды және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпарат

1) әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған мемлекеттік органның атауы;
2) мемлекеттік органның әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған күні, нөмірі;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бабын көрсете отырып, әкімшілік жаза қолданудың (әкімшілік құқық бұзушылық құрамының) мазмұны.

11.

Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалуы туралы ақпарат

1) корпоративтік дау бойынша талапкердің, жауапкер туралы мәліметтер (жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты; заңды тұлғаның орналасқан жері);
2) талап арыз берген күн, шағым талаптардың қысқаша мазмұны;
3) корпоративтік дау бойынша талап арыз қаралатын соттың атауы;
4) сот шешімі қабылданған күн, сот шешімінің қарарлық бөлігінде көрсетілген мәліметтер;
5) апелляциялық, кассациялық шағымдар беру, өтініштер беру, сот шешіміне наразылық білдіру және оларды қарау нәтижелері туралы ақпарат.

12.

Акционерлік қоғамды мәжбүрлеп қайта құру туралы шешім жөніндегі ақпарат

1) осындай шешімді қабылдаудың негіздемесін көрсете отырып, акционерлік қоғамды мәжбүрлеп қайта құру туралы сот шешімінің күні мен нөмірі;
2) акционерлік қоғамды мәжбүрлеп қайта құру туралы қабылданған шешімді шағымдану, орындалу туралы мәліметтер.

13.

Акционерлік қоғамның жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамның бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіне сәйкес акционерлік қоғамның акционерлерiнiң және инвесторлардың мүддесiне қатысты өзге жағдайлары туралы ақпарат

акционерлік қоғамның жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамның бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіне сәйкес акционерлік қоғамның акционерлерiнiң және инвесторлардың мүддесiне қатысты өзге де мәліметтер.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 52 қаулысына 8-қосымша 

«Қаржылық есептілік депозитарийінің,
қор биржасының интернет-ресурсында  
корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты,
қаржылық есептілікті және аудиторлық 
есептерді орналастыру қағидаларына  
3-қосымша              

Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі:

      1) Азия даму банкi;
      2) Америкааралық даму банкi;
      3) Африка даму банкi;
      4) Еуразиялық даму банкi;
      5) Еуропа инвестициялық банкi;
      6) Еуропа қайта құру және даму банкi;
      7) Еуропалық Кеңестiң даму банкi;
      8) Ислам даму банкi;
      9) Скандинавия инвестициялық банкi;
      10) Халықаралық есеп айырысу банкi;
      11) Халықаралық қайта құру және даму банкi;
      12) Халықаралық қаржы корпорациясы.»