«Aзаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабының 1-тармағы 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРAМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Aзаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жариялауды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасына (В.В. Петров) жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Божко
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 225 бұйрығымен
бекітілген
Aзаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) уәкілетті органның жедел резерві - белгілі бір номенклатура мен көлемдегі техника және материалдық құндылықтар, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар запасы;
2) жедел резервтен материалдық құндылықтарды шығару (пайдалану) - төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа шұғыл көмек көрсету үшін, сондай-ақ оқу-жаттығулар, машықтанулар және әзірлікті тексеру барысында зардап шеккен халық үшін іс жүзінде лагерьді өрістетуді жүргізу үшін жаңарту тәртібінде жедел резервтен материалдық құндылықтарды алып қою;
3) жедел резервке материалдық құндылықтарды салу - жедел резервте сақтау үшін материалдық құндылықтарды қабылдау;
4) жедел резервтің техникасы, материалдық құндылықтары, оның ішінде медициналық мақсаттағы дәрілік заттар - белгілі бір номенклатура мен көлемдегі төтенше жағдайлар туындаған кезде зардап шеккен халықтың бірінші кезектегі тіршілігін қамтамасыз етуге арналған қажетті тауарлар;
5) операция жүргізу - мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қою, сақтау, шығару және жаңарту;
6) жедел резервті жаңарту - жедел резервтен материалдық құндылықтарды оларды сақтауға белгіленген мерзім өткенге дейін жедел резервке сондай мөлшердегі және тақылеттес сападағы құндылықтарды сонымен бір мезгілде немесе уақыт алшақтығымен сала отырып шығару;
7) жедел резервке материалдық құндылықтарды жеткізу (толықтыру) - жедел резервтің материалдық құндылықтарын сатып алу және оларды сақтау пункттеріне жеткізу;
8) жедел резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері - жедел резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
9) жедел резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру - материалдық құндылықтарды сақтау орнынан қолдану орнына дейін және кері тікелей мақсаты бойынша тасымалдау;
10) жедел резервті үйлестіруші - жедел резервтің материалдық құндылықтарымен операцияның жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Уәкілетті орган жедел резервінің мақсаты
2. Aзаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резерві алдын ала құрылады және төтенше жағдай аймағындағы халыққа бірінші кезекте тіршілікті қамтамасыз етуге және шұғыл медициналық көмек көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз етуге арналған.
3. Уәкілетті органның негізгі міндеттері мен функциялары
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) міндеті жедел резервті құру және қолдану болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Министрлік мынадай функцияларды жүзеге асырады:
жедел резервпен операция жүргізу, жедел резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, олардың орнын ауыстыру, жаңарту және оларды нысаналы пайдалану кезінде осы Қағидалар талаптарын сақтау;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне жедел резервтің материалдық құндылықтарының көлемі мен қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
жедел резервтің материалдық құндылықтарын уақытында жаңғырту;
жедел резервке материалдық құндылықтарды шығару немесе жеткізу туралы шешім қабылдау;
жедел резервтің материалдық құндылықтарын сапалық және сандық сақталуын, есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету.
4. Уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтармен операция жүргізу
5. Жедел резервке материалдық құндылықтарды жеткізу (толықтыру) қолданыстағы номенклатураға қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
6. Жедел резервтің материалдық құндылықтарын сатып алу кезекті қаржы жылына тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
7. Жедел резервке жеткізілетін материалдық құндылықтар стандарт талаптарына, техникалық шарттарға жауап беруі, ұзақ мерзім сақтауға дайын, ал олардың сапалық жағдайы сертификаттармен, өнім паспорттарымен, сынақ хаттамаларымен немесе басқа тиісті құжаттармен расталған болуы тиіс.
8. Жедел резервтің материалдық құндылықтары:
1) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар – Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - Комитет) «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - «Апаттар медицинасы орталығы» ММ) ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
2) техника, шатырлар, шаруашылық мүлкі, тамақ өнімдері, жанар-жағар май материалдары, заттай мүлік, гигиеналық құралдар, кеңсе тауарлары, байланыс құралдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде (бұдан әрі – азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері) сақталады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Жедел резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды ұйымдастыру сағат сайын олардың орнын ауыстыруға әзірлігін қамтамасыз етуі тиіс.
10. «Апаттар медицинасы орталығы» ММ ведомстволық бағынысты ұйымдары, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері сақтауға берілген жедел резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық сақталуына жауапкершілікте болады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Жедел резервті шығару (пайдалану) Комитеттің ұсынысымен және одан әрі Ішкі істер министрінің немесе оның міндеттерін атқаратын министр орынбасарының шешімімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Жедел резервтен материалдық құндылықтарды шығару (пайдалану):
төтенше жағдайларда зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету және бірінші кезектегі тіршілікті қамтамасыз ету;
жаңартуға байланысты;
оқу-жаттығулар, машықтанулар және әзірлікті тексеру барысында зардап шеккен халыққа лагерьді өрістету бойынша жеке құрамның іс-қимылдарын іс жүзінде пысықтау жағдайларында жүзеге асырылады.
13. Жедел резервтің материалдық құндылықтарын сандық есепке алуды, қолдануды ұйымдастыруды, операция жүргізуді, олардың орнын ауыстыруды, жаңартуды, пайдалануды, толықтыруды жүргізуді жедел резервтің үйлестірушісі жүзеге асырады.
14. Пайдаланылған жедел резервтің материалдық құндылықтары республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеуге жатады.
15. Мақсаты бойынша пайдаланғаннан кейін техника, шатырлар, шаруашылық мүлкі, байланыс құралдары тиісті техникалық қызмет көрсетуге (жөндеуге) және одан әрі жедел резервке салуға жатады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Жедел резервтің материалдық құндылықтарын сақтау орындарынан мақсаты бойынша пайдалану орындарына дейін және кері орнын ауыстыру Ішкі істер министрінің шешімі бойынша көлік құралдарымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарын жаңарту тәртібі
17. Жедел резервтің материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің шешімі негізінде сақтау, жарамдылық мерзімдерінің аяқталуына немесе тозуына қарай жаңартылады.
18. Жедел резервтің материалдық құндылықтарын уақтында жаңарту жауапкершілігі «Aпаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемелерінің басшыларына және Aзаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің командирлеріне жүктеледі.
19. Жедел резервтің материалдық құндылықтарының жарамдылық (сақтау) мерзімдері аяқталу кезеңінде немесе мақсатқа сай пайдаланғаннан кейін «Апаттар медицинасы орталығы» ММ басшылары және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің командирлері жедел резервті үйлестірушінің атына оларды жаңартуға өтінім береді, онда жаңартуға жататын материалдық құндылықтарды жаңарту себебі, олардың тізбесі, көлемі (саны) және құны көрсетіледі.
Пайдаланған кезде жедел резервтің материалдық құндылықтарының толық тозуы себебі бойынша шекті, жарамсыз жай-күйде болған жағдайда өтінімдерге одан әрі материалдық құндылықтарды қолдануға жарамсыздығы туралы комиссияның қорытындысымен техникалық жай-күйінің тиісті актілері қоса берілуі тиіс. Техникалық жай-күйі актілеріне шекті, жарамсыз жай-күйді растайтын фотографияларды қоса алғанда, қажетті материалдар қоса берілуі тиіс
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Берілген өтінімдер негізінде жедел резервті үйлестіруші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тиісті бұйрығын әзірлейді, онда жедел резервтің жаңартылатын материалдық құндылықтарын одан әрі пайдалану және толтыру тәртібі көрсетіледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Жедел резервтің тамақ өнімдерін азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің ағымдағы үлесінің тамақ өнімдері есебінен тең мөлшерде жаңартуға рұқсат беріледі. Бұл ретте өнімдердің сол немесе өзге атауларының жарамдылық мерзімдеріне сәйкес жаңарту жоспарлылығы ескеріледі.
Тамақ өнімдерін жаңарту үшін бөлім командирі 3 жылға арналған перспективамен тамақ өнімдерін жаңарту кестесін әзірлейді және жедел резервтің үйлестірушісіне бекітуге ұсынады, оған сәйкес жыл сайын тиісті бұйрық шығарылады, онда жедел резервтің жаңартылатын және жедел резервке салынатын ағымдағы үлестегі тамақ өнімдерінің саны көрсетіледі.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жаңарту «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығының «Запастарды есепке алу тәртібі» 8-тарауына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 79-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 25.02.2015 № 154 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.