РҚО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданылу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 32 қаулысымен
бекітілді
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш - сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жарналарын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті зейнетақы жарналарын немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті зейнетақы жарналарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы жазбаша жүгіну;
2) сақтандыру ұйымы - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясының негізінде «өмірді сақтандыру» саласында шарттар жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) Жөнелтуші қор:
сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына ауыстырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары ауыстырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;
4) зейнетақы жинақтарын ауыстыру - Жөнелтуші қордың, Жөнелтуші қордың кастодиан-банкінің сақтандыру ұйымына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ауыстырылатын сомасын аудару үшін қажетті жүйелі іс-қимылдары;
5) зейнетақы жинақтары - салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есепте болатын, міндетті зейнетақы жарналарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан және ерікті зейнетақы жарналарынан, инвестициялық кірістен, өсімпұлдан және шарттарға, Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге түсімдерден тұратын ақшасы;
6) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын.
2. Зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру тәртібі
2. Салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарын ауыстыру мақсатында Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш;
2) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы;
3) салымшының (алушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты өзгерген жағдайда осы өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелері (некені қию не бұзу туралы, тегінің, атының, бар болса әкесінің атының өзгеруі куәлік, соттың заңды күшіне енгізілген шешімі) және шолу үшін олардың түпнұсқасы;
4) зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы;
5) 5 және одан көп бала туып (бала асырып алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген, 53 жасқа толғаннан кейін жасы бойынша зейнетақы алуға құқығы бар әйелдердің, төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың, әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін қоспағанда), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың, егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ауыстыру кезінде - Орталықтан төлемдер тағайындау негізін көрсете отырып, зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесі және шолу үшін түпнұсқасы.
3. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішпен жеке жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда салымшы (алушы) жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі - сенім білдірілген тұлға) сенімхатта сақтандыру ұйымының атауын көрсете отырып зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішпен жүгінуге арналған, нотариат куәландырған сенімхат береді.
4. Сенім білдірілген тұлға Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш;
2) егер сенімхатта сенім білдіруші тұлғаның бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру бойынша өкілеттік болған жағдайда, сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;
3) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
4) салымшының (алушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты өзгерген жағдайда осы өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелері (некені қию не бұзу туралы, тегінің, атының, бар болса әкесінің атының өзгеруі куәлік, соттың заңды күшіне енгізілген шешімі);
5) салымшының (алушының) сақтандыру ұйымымен жасаған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы;
6) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы;
7) 5 және одан көп бала туып (бала асырып алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген, 53 жасқа толғаннан кейін жасы бойынша зейнетақы алуға құқығы бар әйелдердің, төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың, әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін қоспағанда), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың, егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ауыстыру кезінде – Орталықтан төлемдер тағайындау негізін көрсете отырып, зейнетақы немесе жәрдемақы алушы болып табылатын салымшы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі және шолу үшін түпнұсқасы.
5. Жіберуші қор зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште толтыруға тиісті мәліметтерді көрсетудің дұрыстығын тексереді және салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып анықтама береді.
Жіберуші қор сенім білдірушіден сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті алған кезде салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінде және салымшының (алушының) сақтандыру ұйымымен жасалынған зейнетақы аннуитетi шартында қойылған қолы бар сенімхатта көрсетілген салымшының (алушының) қол қою үлгілерін тексеруді жүзеге асырады.
Қағидалардың 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген зейнетақы жинақтарын ауыстыруға арналған өтінішпен сенім білдіруші ұсынған құжаттардағы салымшының (алушының) қойылған қолдары салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіндегі қойылған қолдармен көзбен шолу арқылы сәйкес келмеген жағдайда Жіберуші қор оның зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште көрсетілген іс-әрекетті жасау ниетін растау туралы сұратуды салымшыға (алушыға) жібереді.
6. Жіберуші қор құжаттарды қабылдау кезінде:
1) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған;
2) салымшыға (алушыға) ашылған жеке зейнетақы шотында зейнетақы шоттары болмаған не салымшыға (алушыға) ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған;
3) салымшының (алушының) немесе сенім білдірушінің жеке басын куәландыратын құжаттың зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берген күнгі қолданылу мерзімінің аяқталуы;
4) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішпен баруға арналған сенімхаттың қолданылу мерзімі аяқталған не оны ресімдеуге сенімхаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болмаған;
5) жіберуші қордың осы салымшымен (алушымен) жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты болмаған;
6) Қағидалардың 9-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген талаптарды ескере отырып салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары (болған кезде) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні зейнетақы аннуитетi шартында көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасынан аз болған жағдайларда зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті орындаудың мүмкін еместігі себептерін көрсете отырып салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірушіге ұсынады.
7. Жіберуші қор салымшының (алушының) немесе сенім білдірушінің зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) салымшының (алушының) жеке басын растайтын құжатта көрсетілген аты-жөні, бар болса әкесінің аты, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) Жіберуші қордың деректер базасында көрсетілген аты-жөні, бар болса әкесінің аты, туған күні, ЖСК сәйкес келмеген;
2) зейнетақы жинақтарын ауыстыруға арналған өтініште көрсетілген мәліметтердің Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;
3) Жіберуші қор Қағидалардың 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес сұрату жіберген кезде Жіберуші қорда салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын ауыстыруға арналған өтініште көрсетілген іс-әрекетті жасау туралы растамасы болмаған жағдайларда зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті орындаудың мүмкін еместігі себептерін көрсете отырып оған дәлелденген жауапты жазбаша нысанда жібереді.
8. Жөнелтуші қор Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) зейнетақы жинақтары сақтандыру қорларына ауыстырылатын жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып МТ 102 форматындағы электрондық төлем хабарламасын қалыптастырады. Жеке тұлғалардың тізімінде салымшының (алушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты, туылған күні, ЖСН, сондай-ақ ауыстыру сомасы туралы мәліметтер бар;
2) МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын зейнетақы жинақтарын ауыстыру үшін өзінің кастодиан банкіне береді.
9. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасы ауыстыру күні жеткіліксіз болған кезде Жөнелтуші қор міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасын сақтандыру ұйымына ауыстырады.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын ауыстыру күні міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы жеткіліксіз болған кезде салымшы (алушы) зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Жөнелтуші қорға зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін сақтандыру сыйлықақысының жетпейтін бөлігін өз қаражаты есебінен төлеу туралы хабарламаны ұсынады.
10. Сақтандыру ұйымы жазбаша немесе зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен салымшыны (алушыны) сақтандыру ұйымының шотына зейнетақы жинақтарының келіп түскені туралы оларды аударған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Сақтандыру ұйымының хабарламасында келіп түскен зейнетақы жинақтарының сомасы көрсетіледі.
3. Кастодиан банктің МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын
алғаннан кейінгі және Жөнелтуші қордың зейнетақы жинақтарын
қайтарған кездегі іс-қимылдары
11. Жөнелтуші қордың Кастодиан банкі салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыруға Жөнелтуші қордың МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларында (бұдан әрі – № 388 қағидалар) белгіленген төлемдер белгілеу кодтарын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімдерде сақтандыру ұйымына ауыстырады.
12. Ауыстыру Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген өкіліне салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен қосылу туралы шарттың қолданысы тоқтатылмағаны және зейнетақы жинақтарының қайтарылуына байланысты оған жеке зейнетақы шотының ашылуы туралы жазбаша немесе өзге тәсілмен хабарлайды.
Ауыстыру Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған ерікті зейнетақы жаралары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, Жөнелтуші қор ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салымшыға немесе сенім білдірілген өкіліне салымшының (алушының) Жөнелтуші қормен жасалған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының қолданысы тоқтатылмағаны және зейнетақы жинақтарының қайтарылуына байланысты оған жеке зейнетақы шотының ашылуы туралы жазбаша немесе өзге де тәсілмен хабарлайды.
13. Сақтандыру ұйымынан зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, Жөнелтуші қор сақтандыру сыйлықақысын қабылдайды.
Сақтандыру ұйымының зейнетақы жинақтарын қайтаруына төлем тапсырмасын қалыптастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) бекітілген Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықтың, № 388 қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымының зейнетақы жинақтарын қайтаруына төлем тапсырмасын қалыптастырған кезде, сақтандыру ұйымы зейнетақы жинақтары Жөнелтуші қорға қайтарылатын салымшының деректемелерін (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туылған күні, ЖСН), зейнетақы жарналарын Жөнелтуші қорға қайтаруға негіз болатын төлем тапсырмасының нөмірін және күнін көрсетеді.
4. Қорытынды ережелер
14. Жөнелтуші қор зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстырғанын растау үшін салымшыға (алушыға) сұрау салуы негізінде мыналарды:
1) үзінді көшірмені беру күнін және ауыстырылған зейнетақы жинақтарының түрін;
2) зейнетақы жинақтарының және есептелген инвестициялық кірістің сомасын көрсете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басындағы зейнетақы жинақтары сомасының қалдықтарын;
3) ағымдағы күнтізбелік жылдағы зейнетақы жинақтарының нақты түсу күнін көрсете отырып, келіп түскен сомасын;
4) әр айда нақты есептелгенді көрсете отырып, әр ағымдағы күнтізбелік жылдағы инвестициялық кірістің сомасын;
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан нақты түскен күнін көрсете отырып, ағымдағы жылғы салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына келіп түскен зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасын;
6) нақты төлемдердің күнін және ұсталған табыс салығын көрсете отырып, ағымдағы жылғы жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерінің сомасын;
7) ауыстырылған зейнетақы жинақтарының нақты сомасын;
8) салымшы (алушы) өтініш берген күні келіп түскен зейнетақы жинақтарының және инвестициялық кірістің сомасын көрсете отырып, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары сомасының қалдықтарын көрсетіп, зейнетақы жинақтарының ауыстырылған сомасы туралы үзінді көшірмені береді.
15. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын Жөнелтуші қордан сақтандыру ұйымына ауыстырумен байланысты шығыстар Жөнелтуші қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша
зейнетақы жинақтарын сақтандыру
ұйымына ауыстыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге:
(Жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)
Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті
шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтініші
Мен, салымшы (алушы):
Тегі
Аты
Әкесінің аты (бар болған кезде)
Туған күні:
(күні, айы, жылы цифрлармен)
Жеке сәйкестендіру нөмірі
Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)
Жеке куәлігі Төлқұжат
Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі
Ықтияр хат
Нөмірі берілген күні
(күні, айы, жылы цифрлармен)
(кім берді)
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары (тиістісін сызыңыз) есебінен менің зейнетақы жинақтарымды:
_____________________________________________________________________
(ауыстырылатын зейнетақы жинақтарының сомасы жазумен)
сомасында
(сақтандыру ұйымының толық немесе қысқартылған атауы)
ауыстыруды сұраймын.
Мен осы өтінішке қол қойған күні:
1) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстырудың қолданыстағы Қағидаларымен таныстым;
2) зейнетақы активтері толық көлемде ауыстырылған жағдайда ауыстырылған күні Жіберуші қормен жасалған _________ жылғы № _______ менің зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартымның қолданылуы, зейнетақы жинақтары міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен сақтандыру ұйымына ауыстырылған күннен бастап он екі күнтізбелік ай біткеннен кейін дара зейнетақы шотындағы ақша болмаған жағдайда тоқтатылады, осыған байланысты менің дара зейнетақы шотым жабылатындығынан хабардар болдым.
3) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
Салымшының (алушының) қолы: _________________________________
Өтініш жазылған күні:
(күні, айы, жылы цифрлармен)
Өтінішті Жіберуші қор қабылдаған күн
(күні, айы, жылы цифрлармен)
Өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні:
Жіберуші қорда тіркелген күні:
(күні, айы, жылы цифрлармен)
Кіріс нөмірі
Ескертулер:
1. Өтініш баспа әріптерімен түсінікті етіп толтырылады.
2. Барлық жол міндетті түрде толтырылады.
--------------------------------------------------------------
АНЫҚТАМА
_____________________________________________________ салымшы (алушы)
(Жіберуші Қордың атауы)
________________________________________________ зейнетақы жинақтарын
(аты-жөні, туған жылы)
__________________________________________________ сақтандыру ұйымына
(сақтандыру ұйымының атауы)
ауыстыруға арналған өтініш қабылдағанын растайды
Өтінішті қабылдаған _________________________________________________
(өтініш қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен лауазымы)
Жіберуші Қорда тіркелді __________________________
(күні, айы, жылы цифрмен)
Кіріс нөмірі ______________________
Өтінішке мына құжаттар қоса берілді: (қабылданған құжаттардың тізбесі)
Байланыс телефоны:
E-mail:
Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша
зейнетақы жинақтарын сақтандыру
ұйымына ауыстыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге:
(Жіберуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)
Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы
жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына
ауыстыру туралы өтініші
Жеке тұлға толтырады:
Мен, сенім білдірілген:
Тегі
Аты
Әкесінің аты (бар болған кезде)
Туған жылы:
(күні, айы, жылы цифрлармен)
Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)
Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)
Жеке куәлігі Төлқұжат
Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі
Ықтияр хат
Нөмірі берілген күні
(күні, айы, жылы цифрлармен)
(кім берді)
Заңды тұлға толтырады:
Мен, сенім білдірілген:
Атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
тіркелім №
(күні, айы, жылы цифрлармен)
салымшының (алушының) мүддесі үшін:
Тегі
Аты
Әкесінің аты (болған кезде)
Туған күні:
(күні, айы, жылы цифрлармен)
Жеке сәйкестендіру нөмірі
Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)
Жеке куәлігі Төлқұжат
Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі
Ықтияр хат
Нөмірі Берілген күні
(күні, айы, жылы цифрлармен)
(кім берді)
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары (тиістісін сызыңыз) есебінен салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын:
_____________________________________________________________________
(ауыстырылатын зейнетақы жинақтарының сомасы жазумен)
сомасында
(сақтандыру ұйымының толық немесе қысқартылған атауы)
ауыстыруды сұраймын
Мен, салымшының (алушының) сенім білдірілген тұлғасы осы өтінішке қол қойған күні:
1) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымдарына ауыстырудың қолданыстағы Қағидаларымен таныстым;
2) зейнетақы активтері толық көлемде ауыстырылған жағдайда ауыстырылған күні Жіберуші қормен жасалған _________ жылғы № _______ салымшының (алушының) зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартының қолданылуы, зейнетақы жинақтары міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен сақтандыру ұйымына ауыстырылған күннен бастап он екі күнтізбелік ай біткеннен кейін дара зейнетақы шотындағы ақша болмаған жағдайда тоқтатылады, осыған байланысты оның дара зейнетақы шоты жабылатындығынан хабардар болдым.
3) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру үшін қажетті менің дербес деректерімді және салымшының (алушының) дербес деректерін жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
Сенім білдірілген тұлғаның қолы:_____________________________________
Өтініш жазылған күні:
(күні, айы, жылы цифрлармен)
Өтінішті Жіберуші қор қабылдаған күн
(күні, айы, жылы цифрлармен)
Өтінішті қабылдаған адамның аты-жөні мен лауазымы:
Жіберуші қорда тіркелген күні:
(күні, айы, жылы цифрлармен)
Кіріс нөмірі
Ескертулер:
1. Өтініш баспа әріптерімен түсінікті етіп толтырылады.
2. Барлық жол міндетті түрде толтырылады.
---------------------------------------------------------------
АНЫҚТАМА
_________________________ салымшы (алушы)____________________________
(Жіберуші Қордың атауы) (аты-жөні, туған жылы)
мүддесі үшін сенім білдірілген тұлғасы ______________________________
(аты-жөні, туған жылы)
зейнетақы жинақтарын ___________________________ _сақтандыру ұйымына
(сақтандыру ұйымының атауы)
ауыстыруға арналған өтініш қабылдағанын растайды
Өтінішті қабылдаған _________________________________________________
(өтініш қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен лауазымы)
Жіберуші Қорда тіркелді __________________________
(күні, айы, жылы цифрмен)
Кіріс нөмірі ______________________
Өтінішке мына құжаттар қоса берілді: (қабылданған құжаттардың тізбесі)
Байланыс телефоны:
E-mail: