Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 32 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 сәуірде № 9325 тіркелді

Жаңартылған

      РҚО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданылу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 32 қаулысымен   
бекітілді     

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары

      Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш - сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жарналарын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті зейнетақы жарналарын немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті зейнетақы жарналарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы жазбаша жүгіну;
      2) сақтандыру ұйымы - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясының негізінде «өмірді сақтандыру» саласында шарттар жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      3) Жөнелтуші қор:
      сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына ауыстырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
      сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартының жасалуына байланысты салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары ауыстырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры;
      4) зейнетақы жинақтарын ауыстыру - Жөнелтуші қордың, Жөнелтуші қордың кастодиан-банкінің сақтандыру ұйымына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ауыстырылатын сомасын аудару үшін қажетті жүйелі іс-қимылдары;
      5) зейнетақы жинақтары - салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотында есепте болатын, міндетті зейнетақы жарналарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан және ерікті зейнетақы жарналарынан, инвестициялық кірістен, өсімпұлдан және шарттарға, Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге түсімдерден тұратын ақшасы;
      6) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын.

2. Зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру тәртібі

      2. Салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарын ауыстыру мақсатында Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтініші;
      2) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы;
      3) зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы;
      4) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ауыстыру кезінде, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда кемінде бес жыл еңбек өтілі болуын растайтын құжаттар.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.11.2015 № 209 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішпен жеке жүгінуге мүмкіндігі болмаған жағдайда салымшы (алушы) жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі - сенім білдірілген тұлға) сенімхатта сақтандыру ұйымының атауын көрсете отырып зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішпен жүгінуге арналған, нотариат куәландырған сенімхат береді.
      4. Сенім білдірілген тұлға Жөнелтуші қорға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сенім білдірілген адамның зейнетақы аннуитеті шарты бойынша салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтініші;
      2) егер сенімхатта сенім білдіруші тұлғаның бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру бойынша өкілеттік болған жағдайда, нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;
      3) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      4) салымшының (алушының) сақтандыру ұйымымен жасаған зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасы;
      5) сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және шолу үшін оның түпнұсқасы;
      6) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ауыстыру кезінде, салымшының (алушының) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда кемінде бес жыл еңбек өтілі болуын растайтын құжаттар.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.11.2015 № 209 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Жіберуші қор зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште толтырылуға тиіс мәліметтердің дұрыс көрсетілуін тексереді және салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып анықтама береді.
      Егер салымшы (алушы) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адам болған жағдайда, Жіберуші қор уәкілетті ұйым мен Жіберуші қор арасында жасалған шарт шеңберінде өтініш берген салымшының (алушының) белгіленген мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі туралы мәліметтерді сұратады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.11.2015 № 209 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Жіберуші қор құжаттарды қабылдау кезінде:
      1) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған;
      2) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары болмаған не салымшының (алушының) атына ашылған жеке зейнетақы шоты болмаған;
      3) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берген күні салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің аяқталуы;
      4) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті беру күні сенімхаттың қолданылу мерзімінің аяқталуы не сенімхаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының оны ресімдеуге қойылатын талаптарына сәйкес болмаған;
      5) салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (болған кезде) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасынан аз болған;
      6) салымшының (алушының) мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің белгіленуі туралы мәліметтердің расталуы болмаған жағдайларда зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті қабылдау мен орындаудың мүмкін болмау себептерін көрсете отырып, салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген адамға ұсынады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.11.2015 № 209 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Жіберуші қор салымшының (алушының) немесе сенім білдірілген адамның зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтінішті орындаудың мүмкін еместігі себептерін көрсете отырып мынадай:
      1) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), Жіберуші қордың дерекқорында көрсетілген аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН сәйкес келмеген;
      2) зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген;
      3) салымшының (алушының) Заңның 11-бабының 1-тармағында, 31-бабының 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабының 1-тармағы 4) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың санатына сәйкес келмеген;
      4) салымшының (алушының) мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігінің белгіленуі туралы мәліметтердің расталуы болмаған;
      5) егер салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары (болған кезде) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарын ауыстыру туралы өтініш берілген күні зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасынан аз болған;
      6) Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда оған дәлелденген жауапты жазбаша нысанда жібереді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.11.2015 № 209 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Жөнелтуші қор Қағидалардың 2 немесе 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
      1) зейнетақы жинақтары сақтандыру қорларына ауыстырылатын жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып МТ 102 форматындағы электрондық төлем хабарламасын қалыптастырады. Жеке тұлғалардың тізімінде салымшының (алушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты, туылған күні, ЖСН, сондай-ақ ауыстыру сомасы туралы мәліметтер бар;
      2) МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын зейнетақы жинақтарын ауыстыру үшін өзінің кастодиан банкіне береді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.11.2015 № 209 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Ауыстыру күні міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасы жеткіліксіз болған кезде, Жөнелтуші қор Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтінішінде немесе Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сенім білдірілген адамның зейнетақы аннуитеті шарты бойынша салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы өтінішінде көрсетілген ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға салымшының (алушының) келісімі болған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына қосымша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын ауыстырады.
      Егер Заңның 11-бабының 1-тармағында және 31-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, 32-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы аннуитеті шарты жасалғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем соманы құрайтын болса, зейнетақы аннуитеті шартына қалдықтың көрсетілген сомасын есепке ала отырып сақтандыру сыйлықақы мөлшерінің және сақтандыру төлемінің ұлғаюы бөлігінде өзгерістер енгізіледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.11.2015 № 209 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Сақтандыру ұйымы жазбаша немесе зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының келісімінде айқындалған өзге тәсілмен салымшыны (алушыны) сақтандыру ұйымының шотына зейнетақы жинақтарының келіп түскені туралы оларды аударған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      Сақтандыру ұйымының хабарламасында келіп түскен зейнетақы жинақтарының сомасы көрсетіледі.

3. Кастодиан банктің МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын
алғаннан кейінгі және Жөнелтуші қордың зейнетақы жинақтарын
қайтарған кездегі іс-қимылдары

      11. Жөнелтуші қордың Кастодиан банкі салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыруға Жөнелтуші қордың МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларында (бұдан әрі – № 388 қағидалар) белгіленген төлемдер белгілеу кодтарын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімдерде сақтандыру ұйымына ауыстырады.
      12. Ауыстыру Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салымшыға (алушыға) немесе сенім білдірілген өкіліне салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен қосылу туралы шарттың қолданысы тоқтатылмағаны және зейнетақы жинақтарының қайтарылуына байланысты оған жеке зейнетақы шотының ашылуы туралы жазбаша немесе өзге тәсілмен хабарлайды.
      Ауыстыру Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылған ерікті зейнетақы жаралары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, Жөнелтуші қор ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салымшыға немесе сенім білдірілген өкіліне салымшының (алушының) Жөнелтуші қормен жасалған ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының қолданысы тоқтатылмағаны және зейнетақы жинақтарының қайтарылуына байланысты оған жеке зейнетақы шотының ашылуы туралы жазбаша немесе өзге де тәсілмен хабарлайды.
      13. Сақтандыру ұйымынан зейнетақы жинақтары қайтарылған жағдайда, Жөнелтуші қор сақтандыру сыйлықақысын қабылдайды.
      Сақтандыру ұйымының зейнетақы жинақтарын қайтаруына төлем тапсырмасын қалыптастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген) бекітілген Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықтың, № 388 қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Сақтандыру ұйымының зейнетақы жинақтарын қайтаруына төлем тапсырмасын қалыптастырған кезде, сақтандыру ұйымы зейнетақы жинақтары Жөнелтуші қорға қайтарылатын салымшының деректемелерін (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты, туылған күні, ЖСН), зейнетақы жарналарын Жөнелтуші қорға қайтаруға негіз болатын төлем тапсырмасының нөмірін және күнін көрсетеді.

4. Қорытынды ережелер

      14. Жөнелтуші қор зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстырғанын растау үшін салымшыға (алушыға) сұрау салуы негізінде мыналарды:
      1) үзінді көшірмені беру күнін және ауыстырылған зейнетақы жинақтарының түрін;
      2) зейнетақы жинақтарының және есептелген инвестициялық кірістің сомасын көрсете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басындағы зейнетақы жинақтары сомасының қалдықтарын;
      3) ағымдағы күнтізбелік жылдағы зейнетақы жинақтарының нақты түсу күнін көрсете отырып, келіп түскен сомасын;
      4) әр айда нақты есептелгенді көрсете отырып, әр ағымдағы күнтізбелік жылдағы инвестициялық кірістің сомасын;
      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан нақты түскен күнін көрсете отырып, ағымдағы жылғы салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына келіп түскен зейнетақы жинақтары аударымдарының сомасын;
      6) нақты төлемдердің күнін және ұсталған табыс салығын көрсете отырып, ағымдағы жылғы жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерінің сомасын;
      7) ауыстырылған зейнетақы жинақтарының нақты сомасын;
      8) салымшы (алушы) өтініш берген күні келіп түскен зейнетақы жинақтарының және инвестициялық кірістің сомасын көрсете отырып, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары сомасының қалдықтарын көрсетіп, зейнетақы жинақтарының ауыстырылған сомасы туралы үзінді көшірмені береді.
      15. Салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын Жөнелтуші қордан сақтандыру ұйымына ауыстырумен байланысты шығыстар Жөнелтуші қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша
зейнетақы жинақтарын сақтандыру
ұйымына ауыстыру қағидаларына
1-қосымша         

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.11.2015 № 209 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Нысан  

      Кімге: ______________________________________________________
                (Жөнелтуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)

Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын
зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру туралы
өтініші

Мен, салымшы (алушы):
Тегі ______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) __________________________________________

Туған
жылы: _____________________________________________________________
                      (күні, айы, жылы цифрлармен)

Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________

Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)
      Жеке куәлігі
      Төлқұжат
      Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі
      Ықтияр хат

Нөмірі ____________________ ________________________________
берілген күні                 (күні, айы, жылы цифрлармен)

___________________________________________________________________
                   (кім берді)
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,
ерікті зейнетақы жарналары (тиістісін сызыңыз) есебінен салымшының
(алушының) зейнетақы жинақтарын:
___________________________________________________________________
       (ауыстырылатын зейнетақы жинақтарының сомасы жазумен)
___________________________________________________________________
       (сақтандыру ұйымының толық немесе қысқартылған атауы)

ауыстыруды сұраймын
____________________________________________________________________
Зейнетақы аннуитеті шартын (бар болса) жасау үшін міндетті зейнетақы
жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары
есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасын аудару күні
жеткіліксіз болған кезде ерікті зейнетақы жарналары есебінен
қалыптастырылған менің зейнетақы жинақтарымды аударуға келісім
беремін.

____________________________________________________________________
                       (иә/жоқ көрсетіледі)

Мен осы өтінішке қол қойған күні:
      1) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша
сақтандыру ұйымдарына ауыстырудың қолданыстағы Қағидаларымен
таныстым;
      2) зейнетақы активтері толық көлемде ауыстырылған жағдайда
ауыстырылған күні Жіберуші қормен жасалған_________жылғы №_____
салымшының (алушының) зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартының
қолданылуы, зейнетақы жинақтары міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары
есебінен сақтандыру ұйымына ауыстырылған күннен бастап 12 (он екі) ай
өткеннен кейін жеке зейнетақы шотында ақша болмаған жағдайда
тоқтатылады, осыған байланысты менің жеке зейнетақы шотым
жабылатындығы туралы хабардармын;
      3) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын зейнетақы
аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру үшін қажетті
менің дербес деректерімді және салымшының (алушының) дербес
деректерін жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.

Салымшының (алушының): ____________________________________________
Өтініш жазылған күні: _____________________________________________
                              (күні, айы, жылы цифрлармен)

Өтінішті Жіберуші қор қабылдаған күн ______________________________
                                      (күні, айы, жылы цифрлармен)

Өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы және қолы:
___________________________________________________________________

Жіберуші қорда тіркелді: _____________________________
                                (кіріс нөмірі)

_____________________________
(күні, айы, жылы цифрлармен)

Ескерту:
      1. Өтініш баспа әріптерімен түсінікті етіп толтырылады.
      2. Барлық жол міндетті түрде толтырылады.

-------------------------------------------------------------------

                               АНЫҚТАМА

___________________________________________________ салымшы (алушы)
              (Жіберуші Қордың атауы)
______________________________________________ зейнетақы жинақтарын
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы)
________________________________________________ сақтандыру ұйымына
       (сақтандыру ұйымының атауы)
ауыстыруға арналған өтініш қабылдағанын растайды
Өтінішті қабылдаған _______________________________________________
                (өтініш қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
___________________________________________________________________
                  (бар болса) және лауазымы)

Жіберуші Қорда тіркелді __________________
                          (кіріс нөмірі)
__________________________
(күні, айы, жылы цифрмен)

Өтінішке мына құжаттар қоса берілді: (қабылданған құжаттардың тізбесі)
Байланыс телефоны: ______________________________
Е-mail: _________________________________________
 

Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша
зейнетақы жинақтарын сақтандыру
ұйымына ауыстыру қағидаларына
2-қосымша         

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 28.11.2015 № 209 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Нысан  

Кімге: ____________________________________________________________

(Жіберуші қордың толық немесе қысқартылған атауы)

Сенім білдірілген тұлғаның салымшының (алушының) зейнетақы
жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына
ауыстыру туралы өтініші

Жеке тұлға толтырады:
Мен, сенім білдірілген:
Тегі ______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) __________________________________________

Туған жылы ________________________________________________________
                      (күні, айы, жылы цифрлармен)
      Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)
      Жеке куәлігі
      Төлқұжат
      Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі
      Ықтияр хат

Нөмірі __________________ ___________________________ берілген күні
                          (күні, айы, жылы цифрлармен)

___________________________________________________________________
                    (кім берді, берілген күні)

Заңды тұлға толтырады:
Мен, сенім білдірілген: ___________________________________________
Атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
___________________________________________________________________
Сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
тіркелім № ____________________ ___________________________________
                                   (күні, айы, жылы цифрлармен)
салымшының (алушының) мүддесі үшін:
Тегі ______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса) __________________________________________

Туған күні: _______________________________________________________
                         (күні, айы, жылы цифрлармен)

Жеке сәйкестендіру нөмірі
___________________________________________________________________
      Құжаттың түрі: (тиісті ұяшықта х көрсетіңіз)
      Жеке куәлігі  Төлқұжат
      Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі
      Ықтияр хат

Нөмірі __________________ ___________________________ берілген күні
                          (күні, айы, жылы цифрлармен)

___________________________________________________________________
                   (кім берді, берілген күні)

Зейнетақы аннуитеті шартын (бар болса) жасау үшін міндетті зейнетақы
жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары
есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасын аудару күні
жеткіліксіз болған кезде ерікті зейнетақы жарналары есебінен
қалыптастырылған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарымды
аударуға келісім беремін.
___________________________________________________________________
                        (иә/жоқ көрсетіледі)
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,
ерікті зейнетақы жарналары (тиістісін сызыңыз) есебінен салымшының
(алушының) зейнетақы жинақтарын:

___________________________________________________________________
       (ауыстырылатын зейнетақы жинақтарының сомасы жазумен)
сомасында _________________________________________________________
(сақтандыру ұйымының толық немесе қысқартылған атауы)

______________________________________ ауыстыруды сұраймын.

Мен, салымшының (алушының) сенім білдірілген тұлғасы осы өтінішке
қол қойған күні:
1) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру
ұйымдарына ауыстырудың қолданыстағы Қағидаларымен таныстым;
2) зейнетақы активтері толық көлемде ауыстырылған жағдайда
ауыстырылған күні Жіберуші қормен жасалған ________жылғы №_____
салымшының (алушының) зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шартының
қолданылуы, зейнетақы жинақтары міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары
есебінен сақтандыру ұйымына ауыстырылған күннен бастап 12 (он екі)
ай өткеннен кейін жеке зейнетақы шотында ақша болмаған жағдайда
тоқтатылады, осыған байланысты менің жеке зейнетақы шотым
жабылатындығы туралы хабардармын.
3) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитеті
шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыру үшін қажетті менің дербес
деректерімді және салымшының (алушының) дербес деректерін жинауға
және өңдеуге өз келісімімді беремін.
Сенім білдірілген тұлғаның қолы: __________________________________

Өтініш жазылған күні: _____________________________________________
                              (күні, айы, жылы цифрлармен)
Өтінішті Жіберуші қор қабылдаған күн ______________________________
                                       (күні, айы, жылы цифрлармен) Өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы және қолы: _______________________________________________

Жіберуші қорда тіркелді: ________________
                          (кіріс нөмірі)

_____________________________
(күні, айы, жылы цифрлармен)

Ескерту ___________________________________________________________
1. Өтініш баспа әріптерімен түсінікті етіп толтырылады.
2. Барлық жол міндетті түрде толтырылады.
-------------------------------------------------------------------

                            АНЫҚТАМА

___________________________________________________________ салымшы
                            (алушы)
___________________________________________________________________
       (Жіберуші Қордың атауы)          (аты-жөні, туған жылы)

мүддесі үшін сенім білдірілген тұлғасы ____________________________
                                           (аты-жөні, туған жылы)
зейнетақы жинақтарын ___________________________ сақтандыру ұйымына
                     (сақтандыру ұйымының атауы)
ауыстыруға арналған өтініш қабылдағанын растайды

Өтінішті қабылдаған
___________________________________________________________________
         (өтініш қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен лауазымы)

Жіберуші Қорда тіркелді ___________________________________________
                                 (күні, айы, жылы цифрмен)
Кіріс нөмірі _____________________

Өтінішке мына құжаттар қоса берілді: (қабылданған құжаттардың
тізбесі)
Байланыс телефоны: ___________________
Е-mail: ______________________________