Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдiстемесi бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2018 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Құбыржолдары және су кәрiзi жүйелерi саласындағы реттеу департаментi:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi;
2) бұқаралық ақпарат кұралдарында ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жаряланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының сондай-ақ тауарлық газды сақтау, жалғастырушы магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің және мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің назарына жеткізсін.
3) бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеде жариялау үшін қағаз және электронды тасығышта жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | М. Оспанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қоршаған орта және су
ресурстары министрі
________________ Н. Қаппаров
2014 жылғы 5 наурызда
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі
____________ Ұ.Қарабалин
2014 жылғы 22 қаңтарда
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
________________ Е. Досаев
2014 жылғы 12 ақпанда
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 13-НҚ бұйрығына 1-қосымша |
Табиғи монополиялар субъектілерінің мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі
Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Табиғи монополиялар субъектілерінің мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің осы кемсітпейтін әдістемесі "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Әдестеме мұнай өткізу ұйымының мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігінің айқындау мақсатында әзірленген.
3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
есепті кезең – мұнай өткізу ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді бекітуге арналған өтінімді беру күнінің алдындағы қаржылық жыл;
магистральдық құбыржолының учаскесі – тармақтары жоқ және қосылмаған, қайта айдау станцияларымен шектелген және (немесе) мұнай өткізу бөлімшелерінің шекараларымен бар магистральдық құбыржолының учаскесі;
мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер (бұдан әрі – Қызметтер) – магистральдық құбыржолдары арқылы мұнайды қайта айдау, темір жол цистерналарынан мұнайды құйып алу, темір жол цистерналарына мұнайды құю, танкерге мұнайды құю, автоцистерналардан мұнайды құйып алу, мұнайды автоцистерналарға құю, мұнайды сақтау, мұнайды ауыстырып тиеу, мұнайды араластыру, бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет жөніндегі қызметтер;
мұнайды өткізу ұйымы – мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамаға және "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. Мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау
қызметтерін өткізуден алынған кірісті айқындау
4. Қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру кезінде Ерекше тәртіпке сәйкес шығындар ескереледі.
5. Тарифтің құрамына кіретін пайда мұнай өткізу ұйымының қалыпты жұмыс істеуін, оның ішінде өндірістік активтерді қалпына келтіру, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және жаңарту жұмыстарын орындауды қамтамасыз етуге тиіс.
6. Қызметтерді өткізуден алынған кіріс мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Д - кіріс;
3 – мәлімделген қызмет көлемі кезінде тариф есептеу кезінде ескерілетін шығындар жиынтығы;
ДУП – пайданың ұйғарымды деңгейі;
КПН – пайданың ұйғарынды деңігейіне және қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесіне сүйене отырып, айқындалған корпоративтік табыс салығының шамасы.
7. Пайданың ұйғарынды деңігейі қолданысқа енгізілетін активтердің реттелетін базасының пайда мөлшерлемесіне реттеліп отырған қолданысқа енгізілетін актвитердің базасы құнының туындысы ретінде, мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ДУП – пайданың қол жетімді деңгейі;
Б – реттеліп отырған қолданысқа енгізілетін активтер базасының мөлшерлемесі;
СПЗА – реттеліп отырған қолданысқа енгізілетін активтер базасының пайда мөлшерлемесі.
8. Реттеліп отырған қолданысқа енгізілетін активтер базасының пайда мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушы 2004 жылғы 5 шілдедегі № 304-НҚ бұйрығымен бекітілген Магистральдық құбыржолдары арқылы мұнай тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің реттеліп отырған қолданысқа енгізілетін активтер базасына пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2997 тiркелген) сәйкес есептеледі.
9. Мұнай өткізу ұйымының қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасын ұзақ мерзімді активтер (негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қалдық құны, ықтимал өнім берушілерге ұзақ мерзімді активтер үшін аванстар және басқа) және мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге қажетті және есепті кезеңнің соңында айқындалған таза айнылым капиталы құрайды. Таза айнылым капиталының мәні мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ЧОК – таза айнылым капиталы;
ТА – ағымдағы активтер;
ТО – ағымдағы міндеттемелер.
10. Қызметтердің жекелеген түрлеріне пайда есептеу үшін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына осы қызметтерді ұсынуға қолданысқа енгізілген сол активтер ғана енгізіледі.
3. Мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы қайта айдауға
тариф есептеу
11. Мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы қайта айдау жөніндегі қызметтерге үлестік тариф, яғни 1000 шақырымға 1 тонна мұнайды қайта айдау тарифі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
УТ – үлестік тариф, теңге/мың тонна шақырым;
Д - кіріс, теңге;
Г – мұнайды тасымалдау кезіндегі жүк айналымы (тасымалдау бағытының қашықтығы, осы бағыт бойынша тасымалдау көлеміне көбейтілген), мың тн шақырым.
12. Бір тонна мұнайды жекелеген учаске арқылы қайта айдау тарифін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы:
Туч – бір тонна мұнайды белгілі бір учаске арқылы қайта айдау тарифі, теңге/тн;
L – учаскенің қашықтығы, мың шақырым.
13. Тарифтің деңгейін есептеу кезінде ішкі нарықтарды бағыттарды экспорт бағыттары мен транзиттік мұнай тасымадау есебінен субсидиялауға жол беріледі.
4. Мұнайды құйып алуға, құюға, сақтауға, ауыстырып тиеуге,
араластыруға тарифтер есептеу және бірыңғай бағыттау жөніндегі
операторлық қызмет
14. Темір жол цистерналарынан мұнайды құйып алу, темір жол цистерналарына мұнайды құю, танкерге мұнайды құю, автоцистерналардан мұнайды құйып алу, автоцистерналарға мұнайды құю, мұнайды сақтау, мұнайды ауыстырып тиеу, мұнайды араластыру, бірынғай бағыттау бойынша операторлық қызмет жөніндегі мұнай өткізу ұйымы көрсететін қызметтерге тарифтер есептеу әрбір қызметке жеке жүргізіледі.
15. Осы қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
t ДҚi - i-ші қызметінің 1 тоннасының тарифі, теңге/тонна;
ДДҚi - i-ші қызмет көрсетуден алынған кіріс, теңге;
ОДҚi - i-ші қызметті көрсету көлемі, тонна.
16. Темір жол цистерналарынан мұнайды құйып алу, темір жол цистерналарына мұнайды құю, танкерге мұнайды құю, автоцистерналардан мұнайды құйып алу, автоцистерналарға мұнайды құю, мұнайды сақтау, мұнайды ауыстырып тиеу, мұнайды араластыру, бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет жөніндегі қызметтер үшін таза айнылым капиталы қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының есебіне қосылмайды.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 13-НҚ бұйрығына 2-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2018 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі
Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әдістеме табиғи монополиялар субъектілерінің жерасты газ қоймаларында (бұдан әрі – ЖГҚ) тауарлық газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігін айқындау мақсатында әзірленді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
буферлік газ - ЖГҚ-ны жобалық режимде пайдалану үшін оңтайлы жағдайларды ұстап тұру мақсатында ЖГҚ-да тұрақты болуы қажет газ көлемі;
газдың белсенді көлемі – ЖГҚ-ны пайдалану жобасында айқындалған, газ көлемі, сақтау үшін буферлік артық айдалуы мүмкін газ көлемі;
газ сақтау ұйымы – меншігінде немесе өзге де заңды негізде ЖГҚ және осы түріне қолда бар лицензияның негізінде газ сақтау қызметтерін көрсетуге арналған басқа да құрылыстары бар ұйым;
есепті кезең – газ сақтау ұйымының көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді бекітуге немесе өзгертуге арналған өтінімді беру күнінің алдындағы қаржы жылы;
ЖГҚ-да газды сақтаудың ең аз технологиялық кезеңі – газды үзіліссіз айдаудың технологиялық кезеңімен айқындалатын және пайдалану жобасында ЖГҚ-ның әрқайсысына белгіленетін, құзыретті органн растаған ЖГҚ-да газды сақтаудың нормативтік кезеңі;
ЖГҚ-ның куаты – белсенді газдың ЖГҚ-ның қолданысқа беру жобасымен анықталған максималды рұқсат етілген көлемі;
жерасты газ қоймасы (ЖГҚ) – газ қоры сақталатын магистральдық газ құбырлары жүйесінің құрамы болып табылатын, жер бетіндегі жабдықпен кешендегі жер асты құрылыстары;
капитал сыйымдылығы – негізгі капиталдың (негізгі өндірістік қорлардың) тиісті кезеңде өндірілген өнімге немесе оның бөліктеріне – таза табысқа, пайдаға, ұлттық табысқа қатынасын айқындайтын көрсеткіш;
Әдістемеде қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Газ және газбен қамтамасыз ету туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. ЖГҚ-дағы тауарлық газ сақтау қызметтеріне тарифтерді есептеуді тәртібі
4. Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы ЖГҚ-ның геологиялық және технологиялық айрмашылақтарына сүйене отырып, ЖГҚ-дағы газ сақтау бойынша қызметтердің кірісі әрбір ЖГҚ-ға айына 1000 текше метр үшін жеке есептеледі.
5. ЖГҚ-дағы газ сақтау қызметтеріне тарифі қалыптастыру кезінде Ерекше тәртіпке сәйкес шығындар ескереледі.
6. ЖГҚ-дағы газ сақтау қызметтеріне тариф жоспарлы тарифтік кірістің негізінде есептеледі. Жоспарлы тарифтік кіріс мынадай формула бойынша есептеледі:
ТД – газ сақтауын ұйымының жоспарлы тарифтік кірісі;
З – ЖГҚ-дағы газ сақтау қызметтерін көрсетуге байланысты, газ сақтау ұйымының шығынының газды айдау және сұрыптау шығындарын қоса, жоспарлы жиынтығы;
ДУП – газ сақтауын ұйымының пайдасының (таза кірісініне) жол берілетін деңгейі;
Н – корпоративтік табыс салығы мен бюджетке жоспарлы кезеңге арналған таза кірістен басқа да төлемдерді төлеуді ескере отырып, пайданың (таза кірістің) жол беретін деңгейін қайта есептеу коэффициенті.
7. Газ сақтау ұйымының ЖГҚ-дағы газ сақтау қызметтерін көрсетуге, газды сұрыптау мен айдауға байланысты өндірістік шығындары қызметтің осы түрлеріне тікелей тиесілілігі бойынша айқындалады.
8. Газ тасымалдау ұйымы пайдасының (таза кірісінің) жол берілетін деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:
PБA – қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы;
СП – пайда мөлшерлемесі.
9. Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына ЖГҚ-да тауарлық газды сақтау қызметтерін көрсетуге қажетті үзақ мерзімді активтердің (негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің) және есепті кезеңнің сонындағы таза айналым капиталының жиынтық құны қолданылады. Өндірістік сипаттағы негізгі құралдар мен материалдық емес аквтивтер олар консервацияда немесе ұзақ мерзім (бір жылдан астам) жөндеуде техникалық қайта жарақтандыруда (реконструкцияда), жалдауда болған жағдайда және өзге де ұзақ мерзім қолданбау жағдайларда қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының құрамына енгізілмейді. Газ сақтау ұйымы бірнеше қызмет түрін жүзеге асыруына байланысты таза айналым капиталының мәнін мүмкін болмаған жағдайда, таза айналым капиталының мәні газ сақтау ұйымы үшін негұрлым капитал сыйымды болып табылатын қызмет түрі бойынша қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына енгізіледі. Таза айналым капиталының мәні мына формула бойынша айқындалады:
ЧОК – таза айналым капиталы;
ТА – есепті кезең аяғындағы ағымдағы активтер;
ТО – есепті кезең аяғындағы ағымдағы міндеттемелер.
10. Газ сақтау ұйымының қолданысқа енгізілетін активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 286-НҚ бұйрығымен бекітілген Газды магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3922 тiркелген) сәйкес есептеледі.
11. Пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейін қайта есептеу коэффициенті бюджетке корпоративтік табыс салығы мен басқа да төлемдерді жоспарлы кезеңдегі таза кірістің төленгені ескеріле отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
r – корпоративтік табыс салығының молшерлемесі;
k – бюджеттке таза кірістен төленген төлем мөлшерлемесі.
12. 1000 текше метр үшін ЖГҚ-да газ сақтау қызметтеріне тариф айына мына формула бойынша есептеледі:
Т – ЖГҚ-да тауарлық газды сақтау қызметтерінің тарифі;
ТД – газ сақтауын ұйымының тарифтік кірісі;
V – ЖГҚ-да газдың айдау мен сұрыптау көлімдері ескерілген газды ай бойынша сақтаудың жиынтықты көлемі.
13. ЖГҚ-да газдың айдау мен сұрыптау көлемдері ескерілген газды ай бойынша сақтаудың жиынтықты көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
Viхр - i-айындағы газды айдау мен сұрыптау көлемдері ескерілген ЖГҚ-да газ сақтаудың айлық көлемі;
Viocm - i-айының басындағы ЖГҚ-да белсенді газдың қалдығы;
Vi3- i-айындағы айдалған газдың көлемі;
Vi0 - i-айындағы сұрыпталған газдың көлемі.
3. Газгольдерлерде СКСГ сақтау қызметтерін тарифтерді есептеу тәртібі
Ескерту. 3-тарау алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 13-НҚ бұйрығына 3-қосымша |
Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2018 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі
Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың Ерекше тәртібін бекіту туралы" 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) және 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Келісім).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әдістеме табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды Қазақстан Республикасының магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерін тарифтер есептеу тетігін айқындау мақсатында әзірленді.
3. Тұтынушылар үшін тауарлық газды тасымалдауға тарифтер газдың әрбір 1000 текше метрі үшін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша газ құбырларының ұзындығына қарамастан техникалық мүмкіндіктері шегінде белгіленеді, Келісім аясында тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, оларға тұтынушылар үшін газ тасымалдауға тарифтер 100 километрге 1000 текше метрі үшін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша техникалық мүмкіндіктері шегінде белгіленеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Ішкі тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тарифтерін қызметтің тиісті түрлері мен басқа да көрсеткіштер бойынша халықаралық тасымалдау, шығын деңгейіне, көлемдері мен таза кіріске тарифтерін сүйене отырып, уәкілетті орган теңдестіріп белгілеуі мүмкін.
5. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
газ тасымалдау ұйымының кірісі – газ ұйымының газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымадау жөніндегі қызметтерді өткізуден алған кірісі;
есепті кезең – газ тасымалдау ұйымының қызметтеріне арналған тарифтерді бекітуге немесе өзгертуге өтінім беру күнінен алдынғы қаржылық жыл;
ішкі тасымалдау – Қазақстан Республикасының аумағында тұтынуға арналған газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызмет;
магистральдық газ құбыржолдары басқармасы (-лары) – газ тасымалдау ұйымының филиалдары (бұдан әрі - МГБ);
тауар-тасымалдау жұмысының көлемі – газды тасымалдау көлемінің оны тасымалдау қашықтығына көбейтіндісі ретінде айқындалатын транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдау жұмыстың көлемі;
халықаралық тасымалдау - тауарлық газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бір елдің аумағынан басқа елге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан басқа елдің аумағына магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметі.
Әдістемеде қолданылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Газ және газбен қамтамасыз ету туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. Тауарлық газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау
қызметтеріне тарифтерді есептеу тәртібі
6. Тауарлық газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтеріне тарифі қалыптастыру кезінде Ерекше тәртіпке сәйкес шығындар ескереледі.
7. Тауарлық газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау тарифтері жоспарлы тарифтік кіріс негізінде есептеледі. Газ тасымалдау ұйымының жоспарлы тарифтік кірісі мынадай формула бойынша айқындалады:
ТДобщ – газ тасымалдау ұйымының жалпы жоспарлы тарифік кірісі;
Зобщ – қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген газ тасымалдау ұйымның жиынтықты экономикалық негізделген жоспарлы шығындары;
ДУПобщ – пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейі;
Н - корпоративтік кірістен салығы мен бюджетке жоспарлы кезеңге арналған таза кірістен басқа да төлемдерді төленгенін ескере отырып, пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейін қайта есептеу коэффициенті.
8. Бюджетке корпоративтік табыс салығы мен басқа да төлемдерді жоспарлы кезеңдегі таза кірістен төленгенін ескере отырып, пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейін қайта есептеу коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
r – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі;
k – бюджеттке таза кірістен төленген төлем мөлшерлемесі.
9. Газ тасымалдау ұйымының құрамында өндірістік аумақтық филиалдар болған жағдайда, жиынтықты шығындар мынадай формула бойынша есептеледі:
– қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген филиалардың (магистарльдық газ құбырларының басқармалары) жиынтықты экономикалық негізделген жоспарлы шығындары;
Зцентр – газ тасымалдау ұйымының орталық аппаратының жоспарлы шығыстары.
10. Газ тасымалдау ұйымның халықаралық газ тасымалынан кірістері ескерместен ішкі тасымал қызметтерін өткізуден алынған жоспарлы тарифтік кірісі мынадай формула бойынша есептеледі:
ТДВН - ішкі тасымалдан алынған жоспарлы тарифтік кіріс;
Звн - газ тасымалдау ұйымының ішкі тасымалдауға жататын жиынтықты экономикалық негізделген жоспарлы шығындары;
ДУПВН - газ тасымалдау ұйымы үшін есептелген және ішкі тасымалдауға жатқызылған пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейі.
Н - корпоративтік табыс салығы мен бюджетке жоспарлы кезеңге арналған таза кірістен басқа да төлемдерді төленгені ескеріле отырып, пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейін қайта есептеу коэффициенті.
11. Газ тасымалдау ұйымының, ішкі тасымалға жататын жиынтықты
экономикалық негізделген жоспарлы шығындары мынадай формула бойынша
есептеледі:
Зенфил - барлық МГБ-ның газды ішкі тасымалдауға арналған шығындары;
Зенцентр,- ішкі тасымалдауға келетін орталық аппарат шығындары.
12. Тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет үшін пайданың жол берілетін деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
ДУПвн = ДУПобщ х dвнттр, мұнда:
ДУПвн – тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдауды жүзеге асыру қызметі үшін пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейі;
ДУПобщ – ұйым пайдасының (таза кірісінің) жол берілетін деңгейі;
dвнттр – тауар тасымалдау жұмысының жалпы көлеміндегі газды ішкі тасымалдау жөніндегі тауар тасымалдау жұмысының үлес салмағы.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Газ тасымалдау ұыймы пайдасының (таза кірісінің) жол берілетін деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
ДУПобщ = РБАобщ х СП, мұнда:
ДУПобщ – ұйым пайдасының (таза кірісінің) жол берілетін деңгейі;
РБАобщ – тартылған активтердің реттелетін базасы;
СП – пайда мөлшерлемесі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсетіге қажетті ұзақ мерзімді активтердің (негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің) және есепті кезеңнің соңындағы таза айналым капиталының жиынтық құны қолданылады. Өндірістік сипаттары негізгі құралдар мен материалдық емес аквтивтер олар консервацияда немесе ұзақ мерзім (бір жылдан астам) жөндеуде техникалық қайта жарақтандыруда (реконструкцияда), жалдауда болған жағдайда және өзге де ұзақ мерзім қолданбау жағдайларда қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының құрамына енгізілмейді. Таза айналым капиталының мәні мына формула бойынша айқындалады:
мұндағы:
ЧОК - таза айналым капиталы;
ТА - есепті кезең аяғындағы ағымдағы активтер;
ТО - есепті кезең аяғындағы ағымдағы міндеттемелер.
15. Газ тасымалдау ұйымының тартылған активтерінің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесі "Магистралдық құбыр желілерімен газ тасымалдау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 286-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3922 тіркелген) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес есептеледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Магистральдық газ құбырлары арқылы газдың 1000 текше метрін ішкі тасымалдауға тариф мынадай формула бойынша айқындалады:
Твн – газдың 1000 текше метрін магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдауға тариф;
ТДвн – ішкі тасымалдаудан алынған жоспарлы тарифтік кіріс;
Vвн – газды ішкі тасымалдаудың жылдық көлемі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Келісім аясында тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін, Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін, экспорт мақсаттары үшін газ тасымалдау жөніндегі қызметтерге және транзиттік газды тасымалдау жөніндегі қызметтерге есептелген бірыңғай тариф бойынша, магистральдық газ құбырлары арқылы 100 километрге газдың 1000 текше метрін тасымалдауға арналған тариф мынадай формула бойынша есептеледі:
Тобщ – 100 километрге 1000 текше метр үшін газ тасымалдауға тарифі;
ТДобщ – газ тасымалдау ұйымының жалпы жоспарлы тарифтік кірісі;
ТТРобщ – магистральдық газ құбырлары арқылы газды тасымалдау жөніндегі тауар тасымалдау жұмыстарының жалпы жоспарлы жылдық көлемі.
Келісім аясында тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін 100 километрге 1000 текше метр үшін ішкі тасымалдауға тариф мынадай формула бойынша айқындалады:
Твн – 1000 текше метр үшін магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдауға тариф;
ТДвн – ішкі тасымалдаудан алынған жоспарлы тарифтік кіріс;
ТТРвн – газды магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдау жөніндегі тауарлар тасымалдау жұмысының жоспарлы жылдық көлемі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17-1. Газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі тауарлар тасымалдау жұмысының жалпы жоспарлы жылдық көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
n – газ беру нүктелерінің саны;
m – газды іріктеу нүктелерінің саны;
Li – беру нүктесінен іріктеу нүктесіне дейінгі газ құбырының ұзындығы;
Vi общ – магистральдық газ құбырының (Li) учаскелері арқылы газ тасымалдаудың жылдық көлемі.
Газды магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдау жөніндегі тауар тасымалдаудың жоспарлы жылдық көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
n – ішкі тасымалдау үшін газ беру нүктелерінің саны;
m – ішкі тасымалдау үшін газды іріктеу нүктелерінің саны;
Li – ішкі тасымалдау үшін газ беру нүктесінен газды іріктеу нүктесіне дейінгі газ құбырының ұзындығы;
Vі вн – магистральдық газ құбырының (Li) учаскелері арқылы газды ішкі тасымалдаудың жылдық көлемі. 17-1. Газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі тауарлар тасымалдау жұмысының жалпы жоспарлы жылдық көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
n – газ беру нүктелерінің саны;
m – газды іріктеу нүктелерінің саны;
Li – беру нүктесінен іріктеу нүктесіне дейінгі газ құбырының ұзындығы;
Vi общ – магистральдық газ құбырының (Li) учаскелері арқылы газ тасымалдаудың жылдық көлемі.
Газды магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдау жөніндегі тауар тасымалдаудың жоспарлы жылдық көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
n – ішкі тасымалдау үшін газ беру нүктелерінің саны;
m – ішкі тасымалдау үшін газды іріктеу нүктелерінің саны;
Li – ішкі тасымалдау үшін газ беру нүктесінен газды іріктеу нүктесіне дейінгі газ құбырының ұзындығы;
Vі вн – магистральдық газ құбырының (Li) учаскелері арқылы газды ішкі тасымалдаудың жылдық көлемі.
Ескерту. 2-тарау 17-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Шығындарды жоспарлау газ тасымалдау ұйымының әрбір басқармасы бойынша олардың есепті кезең ішіндегі қаржы-шаруашылық қызметін және жоспарлы кезеңге арналған жұмыс бағдарламасын талдау негізінде жүргізіледі.
19. МГБ і газ тасымалдауға жұмсалған шығын мынадай формула бойынша есептеледі:
і - магистральдық газ құбырларының і-ші басқармасы;
Зiпр - жалпы өндірістік және пайдалану шығыстарының і-ші МГБ;
Зiпер, - кезең шығыстарының і-ші МГБ.
20. і-ші МТБ газды ішкі тасымалдауға арнап жұмсалған шығындар мынадай формула бойынша есептеледі:
- і -ші МГБ-ның ішкі тасымалдауға жұмсалған шығындары;
- жоспарлы кезеңдегі і МТБ бойынша тауар тасымалдау жұмысының жалпы көлеміндегі ішкі тасымалдау жөніндегі тауар тасымалдау жұмысының үлес салмағы.
21. Газ тасымалдау ұйымының ішкі тасымалдау бойынша жоспарлы шығындары әрбір МГБ бойынша газды ішкі тасымалдауға жоспарлы шығындардың жиынтығы ретінде айқындалады:
- барлық МГБ-ның ішкі тасымалдауға жұмсалған жоспарлы шығындары;
- і-ші МГБ-ның газды тасымалдауға жұмсалған жоспарлы шығындары;
N - МГБ-ның саны.
22. жекелеген МГБ-ның жоспарлы шығындары әрбір МГБ-ның өндірістік шығындарына жекелеген есептелетін орталық бойынша газ тасымалдау ұйымының өндірістік шығындарының жалпы көлеміндегі шығындар үлесін ескере отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
3iцентр - жекелеген МГБ бойынша орталық аппаратының шығындарын бөлуді ескере отырып і-ші МГБ-ны құрайтын жоспарлы шығындар.
23. Газ тасымалдау ұйымында қызметі өндірістік сипаттағы жұмыстарды жүзеге сыруға байланысты газ тасымалдауды тікелей жүзеге асырмайтын филиалдар, олардың болған жағдайда жоспарланған шығындары, осы Әдістеменің 22-тармағында айқындалған тәртіппен өндірістік филиалдар бойынша қайта бөлінеді.
24. Газ тасымалдау ұйымының газды ішкі тасымалдауға жататын жоспарлы шығындары әрбір МТБ бойынша ішкі тасымалдауға және орталық аппаратының осы МГБ тауар тасымалдау жұмысының үлесіне көбейтілген жоспарлы шығындарының жиынтығы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 13-НҚ бұйрығына 4-қосымша |
Табиғи монополиялар субъектілерінің суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдiстемесi
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2018 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдiстемесi (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.
2. Осы Әдістеме табиғи монополиялар субъектілерінің суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігін анықтайды.
3. Осы Әдістеменің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
арна – су ресурстарын басқару, су ресурстарын пайдалану, су тұтынушыларға су беру, сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жасанды гидротехникалық құрылыс;
магистральдық құбыржолы – суды бас тоғаннан таратушыларға дейін тартуға (магистральдық құбыржолынан және (немесе) арнадан су пайдаланушылары топтарына суды тартуға) арналған гидротехникалық құрылыстар кешені;
су берудің механикаландырылған тәсілі – су көздерінен су көтеру механизмдері (сорғылар) немесе машиналық (механикалық көтеру) арқылы су берілетін тәсіл;
су берудің өзағар тәсілі – су көтеру (сорғыларды) немесе машиналық механизмдерін (механикалық көтеру) қолданусыз гравитациялық күштерді пайдалану негізінде су алу мен таратуға мүмкіндік беретін жүйелер бойынша су беру;
суармалау нормалары – вегетациялық кезеңде суармалау алаңының гектарына берілетін су көлемі (текше метр/га);
су беру тәсілі – өзағар, механикаландырылған;
тарифтік учаске – шекарасында тұтынушылардың бір тобының шегінде суды беруге арналған бірыңғай тариф бекітілетін және қолданылатын магистральдық құбыржолының және (немесе) арнаның учаскесі;
тұтынушылар топтары – осы Әдістемені қолдану мақсатында суды пайдалану қажеттілігіне байланысты топтастырылған, магистральдық және (немесе) арналар арқылы су беру қызметтерінің тұтынушылары;
Осы Әдістемеде қолданылатын өзге ұғымдар мен терминдер 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
4. Егер суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру қызметтерін көрсету кезінде магистральдық құбыржолдарының жүйесінде жекелеген тарифтік учаскелері белгіленбеген және қызметтер екі және одан да көп облыстардың аумағына көрсетілген жағдайда, бірыңғай тариф және тарифтік смета тұтастай барлық жүйеге есептеледі.
5. Егер магистральдық құбыржолдарының және (немесе) арналарының жүйесінде жекелеген тарифтік учаскелер белгіленген жағдайда, тариф әрбір тарифтік учаскеге есептеледі.
6. Егер суды арналар арқылы беру қызметтерін көрсету кезінде қызметтер бірнеше облыстардың аумағында көрсетілген жағдайда, тариф және тарифтік смета тұтынушылар топтарына және осы Әдістемеге сәйкес арналар арқылы су беру тәсіліне саралауды қолданумен тұтастай алғанда көрсетілетін қызметке есептеледі.
7. Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру қызметтерін көрсету көлемі нормативтік техникалық ысыраптардың және субъектінің өзінің мұқтаждарына суды жеткізу көлемінің (суды беру қызметтерін көрсету үшін қажетті) минусімен суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру көлеміне сүйене отырып айқындалады.
Ауыл шаруашылығын суландыру үшін тұтынылатын судың көлемі аумақтардың ылғалдылығын, биоклиматтық жағдайларын, су шаруашылығы бассейндері бойынша топырақты-мелиоративтік және гидрогеологиялық жағдайларын, суарылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерін, ауыл шаруашылығы дақылдарының суарылатын алаңын және басқаларды ескере отырып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 14827 болып тіркелген) Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге сәйкес есептелетін су тұтынудың үлестік нормаларынан шыға келе анықталады.
Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін субъекті негіздеуші құжаттармен (субъектінің сапалық қызмет көрсету міндеттерінен және мүмкіндіктерінен шыға келе ниет хаттамалары, шарттар, көлемді есептеу) растайды.
Көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуін субъекті төмендеуді негіздейтін құжаттармен (шарттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер/суды қабылдау-беру) растайды.
8. Суды беру қызметтерін ұсынуға қажетті экономикалық негізделген шығындар Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес қалыптастырылады.
Экономикалық негізделген шығындар егер субъект қызметтерді бірнеше облыс немесе учаске аумағында көрсетсе, субъектінің аумақтық филиалдарының немесе егер субъект қызметтерді облыс/қала/аудан аумағында көрсетсе учаскелердің шығындарынан қалыптастырылады.
Табиғи монополиялар субъектісінің құрамында екіден астам өндірістік аумақтық филиал болған жағдайда, жиынтық шығындар мына формула бойынша есептеледі:
Зобщ=Зфил+Зцентр,
мұндағы:
Зобщ–субъектінің жалпы экономикалық негізделген шығындары, теңге;
Зфил–қызметтер көлеміне есептелген субъектінің аумақтық филиалдарының жиынтық экономикалық негізделген шығындары, теңге;
Зцентр – субъектінің орталық аппаратының шығындары, теңге.
2-тарау. Суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру қызметтеріне тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу
9. Суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру қызметтеріне тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
n–тарифтің қолданылу кезеңі (бір жылға немесе барлық кезеңге);
Тn–тарифтің қолданылу кезеңіне 1 текше мерт үшін суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру қызметтеріне тариф, теңге;
Zn–Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған, тарифтің қолданылу кезеңіне экономикалық негізделген шығындар, мың теңге;
ДУПn–тарифтің қолданылу кезеңіне салық салынғанға дейін пайданың ұйғарынды деңгейі, мың теңге;
Vn–тарифтің қолданылу кезеңіне көрсетілген қызметтердің көлемі, мың текше метр.
10. Егер магистральдық құбыржолдары жүйесінің бірнеше тарифтік учаскелері болған жағдайда, су беру қызметтеріне әрбір тарифтік учаскеде беруге арналған тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
i–тарифтік учаскенің нөмірі;
Тin–тарифтің қолданылу кезеңіне су беру қызметтеріне i тарифтік учаске бойынша беруге арналған тариф, 1 текше метр үшін теңге;
Zin–тарифтің қолданылу кезеңіне і тарифтік учаске бойынша экономикалық негізделген шығындар, теңге;
ДУПin–тарифтің қолданылу кезеңіне i тарифтік учаске бойынша салық салынғанға дейін пайданың ұйғарынды деңгейі, теңге;
Vin–тарифтің қолданылу кезеңіне i тарифтік учаске бойынша суды беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің көлемі, текше метр.
11. Тарифтерді тарифтік учаске бойынша саралау қажет болған жағдайда, саралау тұтынушылардың топтары бойынша жүргізіледі.
12. Жеке тұтынушы үшін суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру құны мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Сn–тарифтің қолданылу кезеңіне жеке тұтынушы үшін суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру құны,теңге;
i–олар арқылы осы тұтынушы үшін су бірізділікпен берілетін тарифтік учаскелердің нөмірлері;
Vn–тарифтің қолданылу кезеңіне осы тұтынушы үшін суды беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің көлемі, текше метр;
Тin–тарифтің қолданылу кезеңіне су беру қызметтеріне i тарифтік учаске бойынша беруге арналған тариф, 1 текше метр үшін теңге.
3-тарау. Суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру кезінде жекелеген учаскелер бойынша тұтынушылардың топтары бойынша тарифтерді есептеу
13. Тұтынушылардың топтары бойынша тарифтерді саралау тұтынушылардың өндірістік-технологиялық процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын жөндеуге және оларды жаңғыртуға, реконструкциялауға мен жаңартуға күрделі салымдарға қажеттілік дәрежесінің негізінде жүргізіледі.
14. Тұтынушылар мынадай топтарға жіктеледі:
1) халық, бюджеттік және коммерциялық емес, ұйымдарға коммуналдық қызметтер көрсететін басқа да кәсіпорындар;
2) ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері;
3) өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да коммерциялық ұйымдар;
4) мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар.
15. і учаскесіндегі тұтынушылардың тобы "халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызметтер көрсететін басқа да кәсіпорындар" (1-топ) үшін тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
n-тарифтің қолданылу кезеңі (бір жылға немесе барлық кезеңге);
Тin1-тарифтің қолданылу кезеңіне i учаскесінде тұтынушылардың 1-тобы үшін тариф, 1 текше метр үшін теңге;
Zin–тарифтің қолданылу кезеңіне i учаскесінде экономикалық негізделген шығындар, теңге;
Min–тарифтің қолданылу кезеңіне i учаскесіндегі амортизациялық аударымдар, теңге;
Рin–тарифтің қолданылу кезеңіне i учаскесіндегі жөндеу шығыстары, теңге;
Vin–тарифтің қолданылу кезеңіне і учаскесіндегі тұтынушылардың барлық топтары үшін суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің жиынтық көлемі, текше метр.
16. і учаскесінде жөндеуге арналған шығыстар учаскелер бойынша негізгі құралдардың құнындағы әрбір учаскенің үлесіне барабар бөлінген магистральдық құбыржолдарының тұтастай барлық жүйесі бойынша жөндеудің жалпы жиынтығына сүйене отырып есептеледі.
17. і учаскесіндегі тұтынушылардың тобы "ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері" (2-топ) үшін тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Тin2–тарифтің қолданылу кезеңіне i учаскесіндегі тұтынушылардың 2-тобы үшін тариф, 1 текше метр үшін теңге;
Zin–тарифтің қолданылу кезеңіне і учаскесіндегі экономикалық негізделген шығындар, теңге;
Vin–тарифтің қолданылу кезеңіне і учаскесіндегі тұтынушылардың барлық топтары үшін суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің жиынтық көлемі, текше метр.
18. і учаскесіндегі тұтынушылардың тобы "өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да коммерциялық ұйымдар" (3-топ) үшін тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Тin3-тарифтің қолданылу кезеңіне i учаскесіндегі тұтынушылардың 3-тобы үшін тариф, 1 текше метр үшін теңге;
Zin-тарифтің қолданылу кезеңіне і учаскесіндегі экономикалық негізделген шығындар, теңге;
ДУПin-тарифтің қолданылу кезеңіне і учаскесіндегі салық салынғанға дейін пайданың ұйғарынды деңгейі, теңге;
Vin-тарифтің қолданылу кезеңіне і учаскесіндегі тұтынушылардың барлық топтары үшін суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің жиынтық көлемі, текше метр.
19. і учаскесіндегі тұтынушылардың тобы "мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар" (4-топ) үшін тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Тin4-тарифтің қолданылу кезеңіне i учаскесіндегі тұтынушылардың 4-тобы үшін тариф, 1 текше метр үшін теңге;
Vin1–тарифтің қолданылу кезеңіне i учаскесіндегі тұтынушылардың 1-тобы үшін суды беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің көлемі, текше метр;
Vin2–тарифтің қолданылу кезеңіне i учаскесіндегі тұтынушылардың 2-тобы үшін суды беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің көлемі, текше метр;
Vin4–тарифтің қолданылу кезеңіне i учаскесіндегі тұтынушылардың 4-тобы үшін суды беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің көлемі, текше метр.
Ескертпе. і учаскесіндегі 1-топтың тұтынушыларына суды беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің Vin1 көлеміне халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызметтер көрсететін басқа да кәсіпорындар тікелей тұтынатын көлемдер ғана жатады.
4-тарау. Суды арналар арқылы беру қызметтеріне тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу
20. Суды арналар арқылы беру қызметтеріне тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
n–тарифтің қолданылу кезеңі (бір жылға немесе барлық кезеңге);
Тn–тарифтің қолданылу кезеңіне 1 текше метр үшін су беру қызметтеріне тариф, теңге;
Zn–тарифтің қолданылу кезеңіне Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып, қабылданған экономикалық негізделген шығындар, мың теңге;
ДУПn–тарифтің қолданылу кезеңіне салық салынғанға дейін пайданың ұйғарынды деңгейі, мың теңге;
Vn–тарифтің қолданылу кезеңіне көрсетілген қызметтер көлемі, мың текше метр.
21. Егер бірнеше тарифтік учаске болған жағдайда, суды арналар арқылы беру қызметтерін тұтынушылар үшін тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
i–тарифтік учаскенің нөмірі;
Tin–тарифтің қолданылу кезеңіне і тарифтік учаске бойынша су беру қызметтеріне тариф, 1 текше метр үшін теңге;
Zin–тарифтің қолданылу кезеңіне і тарифтік учаске бойынша экономикалық негізделген шығындар, мың теңге;
ДУПin–тарифтің қолданылу кезеңіне і тарифтік учаске бойынша салық салынғанға дейін пайданың ұйғарынды деңгейі, мың теңге;
Vin–тарифтің қолданылу кезеңіне і тарифтік учаскесіндегі су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің көлемі, мың текше метр.
22. Тарифтерді тарифтік учаскелер бойынша саралау қажет болған жағдайда, саралау тұтынушылар тобы бойынша жүргізіледі.
5-тарау. Суды арналар арқылы беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге су беру тәсілдері және тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу
23. Тарифтерді тұтынушылар топтары бойынша саралау суды арналар арқылы беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде суды тұтынушыға дейін беру екі тәсілмен (механикаландырылған және өзағар) жүзеге асырылатын технологиялық ерекшеліктің негізінде және судың қандай мұқтаждарға пайдаланылуына қарай жүргізіледі.
24. Тұтынушылар мынадай топтарға жіктеледі:
1) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері;
2) су арналары, бюджеттік ұйымдар;
3) электр энергиясын өндіретін кәсіпорындар;
4) су бөлу орны (табиғат қорғау, өтемдік, санитарлық-экологиялық);
5) өнеркәсіптік кәсіпорындар, өзге де коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.
25. Тарифтің қолданылу кезеңіне суды арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерге орташа босату есептеу тарифі мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы :
n–тарифтің қолданылу кезеңі (бір жылға немесе барлық кезеңге);
Tn–тарифтің қолданылу кезеңіне орташа босату есептеу тарифі, 1 текше метр үшін теңге;
Zn–тарифтің қолданылу кезеңіне Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған экономикалық негізделген шығындар, мың теңге;
ДУПn–тарифтің қолданылу кезеңіне салық салынғанға дейін пайданың ұйғарынды деңгейі, мың теңге;
Vn–тарифтің қолданылу кезеңіне көрсетілетін қызметтердің көлемі, мың текше метр.
26. Су беру тәсіліне қарай тұтынушылардың әрбір тобы үшін суды арналар арқылы беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге есептік тариф мына формула бойынша есептеледі:
1) Су берудің механикаландырылған тәсілі үшін:
Tnмi расчет =Tn*Vфакт/Dфакт*(Dмi факт/Vмi факт),
мұндағы:
i–тұтынушылар тобы;
Tnмi расчет–тарифтің қолданылу кезеңіне тұтынушылардың і тобы үшін су берудің механикаландырылған тәсілі үшін есепті тариф, текше метр үшін теңге;
Dфакт–өткен аяқталған күнтізбелік жыл үшін көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі кірісі, мың теңге;
Vфакт–өткен аяқталған күнтізбелік жыл үшін көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлемі, мың текше метр;
Dмi факт–өткен аяқталған күнтізбелік жыл үшін тұтынушылардың і тобы үшін механикаландырылған су беруден іс жүзіндегі кіріс, мың теңге;
Vмi факт–өткен аяқталған күнтізбелік жыл үшін тұтынушылардың і тобы үшін механикаландырылған су берудің іс жүзіндегі көлемі, мың текше метр;
2) Суды өзағар тәсілімен беру үшін:
Tnсi расчет=Tn*Vфакт/Dфакт*(Dсi факт/Vсi факт),
мұндағы:
i–тұтынушылар тобы;
Tnсi расчет–тарифтің қолданылу кезеңіне тұтынушылардың і тобы үшін су берудің өзағар тәсілі үшін есептік тариф, 1 текше метр үшін теңге;
Dфакт–өткен аяқталған күнтізбелік жыл үшін көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі кірісі, мың теңге;
Vфакт–өткен аяқталған күнтізбелік жыл үшін көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлемі, мың текше метр;
Dсi факт–өткен аяқталған күнтізбелік жыл үшін тұтынушылардың і тобы үшін су берудің өзағар тәсілінен іс жүзіндегі кіріс, мың теңге;
Vсi факт–өткен аяқталған күнтізбелік жыл үшін тұтынушылардың і тобы үшін суды өзағар тәсілімен берудің іс жүзіндегі көлемі, мың текше метр;
27. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін есептік тарифтерді және тарифтің қолданылу кезеңіне көрсетілетін қызметтердің болжамды көлемін ескере отырып, орташа өлшенген есептік тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
n – тарифтің қолданылу кезеңі (бір жылға немесе барлық кезеңге);
i – тұтынушылар тобы;
Tn ср.расчет–тарифтің қолданылу кезеңіне орташа өлшенген есептік тариф, 1 текше метр үшін теңге;
Vnсi–тарифтің қолданылу кезеңіне тұтынушылардың і тобы үшін суды өзағар тәсілімен беру көлемі, мың текше метр;
Vnмi–тарифтің қолданылу кезеңіне тұтынушылардың і тобы үшін механикаландырылған су беру көлемі, мың текше метр;
Sci–тарифтің қолданылу кезеңіне тұтынушылардың і тобы үшін суды өзағар тәсілімен беру көлеміне тариф көбейтіндісінің сомасы, мың теңге;
Sмi–тарифтің қолданылу кезеңіне тұтынушылардың і тобы үшін суды механикалық тәсілмен беру бойынша көлемге тариф көбейтіндісінің сомасы, мың теңге.
28. Көрсетілетін қызметтердің болжамды көлемдері өзгерген кезде орташа босату есептік тарифтен орташа өлшенген есептік тарифтің ауытқуын анықтау үшін мына формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті қолданылады:
Kn поправ=Tn /(Tn ср.расчет),
мұндағы:
Kn поправ–тарифтің қолданылу кезеңіне кірістің жинамдылық дәрежесін сипаттайтын түзету коэффициенті, бұл ретте коэффициенттің мәні мынаны білдіреді: Kn поправ < 1–тарифтің қолданылу кезеңіне есептік кіріс тарифтің қолданылу кезеңіне тарифтік кірістен асып түседі; Kn поправ=1–тарифтің қолданылу кезеңіне есептік және тарифтік кірістер тең; Kn поправ > 1–тарифтің қолданылу кезеңіне есептік кіріс тарифтің қолданылу кезеңіне қажетті тарифтік кірістен аз;
29. Тарифтің қолданылу кезеңіне су беру тәсіліне қарай әрбір тұтынушылар тобы үшін тариф мына формулалар бойынша анықталады:
1) Суды механикаландырылған тәсілмен беру үшін:
Tnмi=Tnмi расчет*Kn поправ
2) Суды өзағар тәсілімен беру үшін:
Tnci=Tnci расчет*Kn поправ
мұндағы:
Tnмi–тарифтің қолданылу кезеңіне суды механикаландырылған тәсілмен берген кезде тұтынушылардың і тобы үшін тариф, 1 текше метр үшін теңге;
Tnci–тарифтің қолданылу кезеңіне суды өзағар тәсілімен берген кезде тұтынушылардың і тобы үшін тариф, 1 текше метр үшін теңге.