«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1 бабы 2) тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Табиғи монополия субъектілерінің мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Табиғи монополия субъектілерінің тауарлық газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Табиғи монополия субъектілерінің тауарлық газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің ауыл шаруашылығын суландыру үшін сумен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Құбыржолдары және су кәрiзi жүйелерi саласындағы реттеу департаментi:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi;
2) бұқаралық ақпарат кұралдарында ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жаряланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының сондай-ақ тауарлық газды сақтау, жалғастырушы магистральдық газ құбыржолдары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің және мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің назарына жеткізсін.
3) бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеде жариялау үшін қағаз және электронды тасығышта жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Оспанов
«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қоршаған орта және су Мұнай және газ министрі
ресурстары министрі ____________ Ұ.Қарабалин
________________ Н. Қаппаров 2014 жылғы 22 қаңтарда
2014 жылғы 5 наурызда
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі
________________ Е. Досаев
2014 жылғы 12 ақпанда
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 13-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Табиғи монополия субъектілерінің мұнайды магистральдық
құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне тарифтерді (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерін)
есептеу әдiстемесi 1. Жалпы ережелер
1. Табиғи монополия субъектілерінің мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi (бұдан әрі - Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тiркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес әзірленген.
2. Осы Әдестеме мұнай өткізу ұйымының мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігінің айқындау мақсатында әзірленген.
3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
есепті кезең – мұнай өткізу ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді бекітуге арналған өтінімді беру күнінің алдындағы қаржылық жыл;
магистральдық құбыржолының учаскесі – тармақтары жоқ және қосылмаған, қайта айдау станцияларымен шектелген және (немесе) мұнай өткізу бөлімшелерінің шекараларымен бар магистральдық құбыржолының учаскесі;
мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер (бұдан әрі – Қызметтер) – магистральдық құбыржолдары арқылы мұнайды қайта айдау, темір жол цистерналарынан мұнайды құйып алу, темір жол цистерналарына мұнайды құю, танкерге мұнайды құю, автоцистерналардан мұнайды құйып алу, мұнайды автоцистерналарға құю, мұнайды сақтау, мұнайды ауыстырып тиеу, мұнайды араластыру, бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет жөніндегі қызметтер;
мұнайды өткізу ұйымы – мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға және «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
2. Мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау
қызметтерін өткізуден алынған кірісті айқындау
4. Қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру кезінде Ерекше тәртіпке сәйкес шығындар ескереледі.
5. Тарифтің құрамына кіретін пайда мұнай өткізу ұйымының қалыпты жұмыс істеуін, оның ішінде өндірістік активтерді қалпына келтіру, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және жаңарту жұмыстарын орындауды қамтамасыз етуге тиіс.
6. Қызметтерді өткізуден алынған кіріс мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Д - кіріс;
3 – мәлімделген қызмет көлемі кезінде тариф есептеу кезінде ескерілетін шығындар жиынтығы;
ДУП – пайданың ұйғарымды деңгейі;
КПН – пайданың ұйғарынды деңігейіне және қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесіне сүйене отырып, айқындалған корпоративтік табыс салығының шамасы.
7. Пайданың ұйғарынды деңігейі қолданысқа енгізілетін активтердің реттелетін базасының пайда мөлшерлемесіне реттеліп отырған қолданысқа енгізілетін актвитердің базасы құнының туындысы ретінде, мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ДУП – пайданың қол жетімді деңгейі;
Б – реттеліп отырған қолданысқа енгізілетін активтер базасының мөлшерлемесі;
СПЗА – реттеліп отырған қолданысқа енгізілетін активтер базасының пайда мөлшерлемесі.
8. Реттеліп отырған қолданысқа енгізілетін активтер базасының пайда мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушы 2004 жылғы 5 шілдедегі № 304-НҚ бұйрығымен бекітілген Магистральдық құбыржолдары арқылы мұнай тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің реттеліп отырған қолданысқа енгізілетін активтер базасына пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2997 тiркелген) сәйкес есептеледі.
9. Мұнай өткізу ұйымының қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасын ұзақ мерзімді активтер (негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қалдық құны, ықтимал өнім берушілерге ұзақ мерзімді активтер үшін аванстар және басқа) және мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге қажетті және есепті кезеңнің соңында айқындалған таза айнылым капиталы құрайды. Таза айнылым капиталының мәні мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ЧОК – таза айнылым капиталы;
ТА – ағымдағы активтер;
ТО – ағымдағы міндеттемелер.
10. Қызметтердің жекелеген түрлеріне пайда есептеу үшін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына осы қызметтерді ұсынуға қолданысқа енгізілген сол активтер ғана енгізіледі.
3. Мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы қайта айдауға
тариф есептеу
11. Мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы қайта айдау жөніндегі қызметтерге үлестік тариф, яғни 1000 шақырымға 1 тонна мұнайды қайта айдау тарифі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
УТ – үлестік тариф, теңге/мың тонна шақырым;
Д - кіріс, теңге;
Г – мұнайды тасымалдау кезіндегі жүк айналымы (тасымалдау бағытының қашықтығы, осы бағыт бойынша тасымалдау көлеміне көбейтілген), мың тн шақырым.
12. Бір тонна мұнайды жекелеген учаске арқылы қайта айдау тарифін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы:
Туч – бір тонна мұнайды белгілі бір учаске арқылы қайта айдау тарифі, теңге/тн;
L – учаскенің қашықтығы, мың шақырым.
13. Тарифтің деңгейін есептеу кезінде ішкі нарықтарды бағыттарды экспорт бағыттары мен транзиттік мұнай тасымадау есебінен субсидиялауға жол беріледі.
4. Мұнайды құйып алуға, құюға, сақтауға, ауыстырып тиеуге,
араластыруға тарифтер есептеу және бірыңғай бағыттау жөніндегі
операторлық қызмет
14. Темір жол цистерналарынан мұнайды құйып алу, темір жол цистерналарына мұнайды құю, танкерге мұнайды құю, автоцистерналардан мұнайды құйып алу, автоцистерналарға мұнайды құю, мұнайды сақтау, мұнайды ауыстырып тиеу, мұнайды араластыру, бірынғай бағыттау бойынша операторлық қызмет жөніндегі мұнай өткізу ұйымы көрсететін қызметтерге тарифтер есептеу әрбір қызметке жеке жүргізіледі.
15. Осы қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
t ДҚi - i-ші қызметінің 1 тоннасының тарифі, теңге/тонна;
ДДҚi - i-ші қызмет көрсетуден алынған кіріс, теңге;
ОДҚi - i-ші қызметті көрсету көлемі, тонна.
16. Темір жол цистерналарынан мұнайды құйып алу, темір жол цистерналарына мұнайды құю, танкерге мұнайды құю, автоцистерналардан мұнайды құйып алу, автоцистерналарға мұнайды құю, мұнайды сақтау, мұнайды ауыстырып тиеу, мұнайды араластыру, бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет жөніндегі қызметтер үшін таза айнылым капиталы қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының есебіне қосылмайды.
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 13-НҚ бұйрығына
2-қосымша
Табиғи монополия субъектілерінің тауарлық газды Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы магистральдық құбыржолдары арқылы
тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу
әдiстемесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополия субъектілерінің тауарлық газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi (бұдан әрі - Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тiркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес әзірленген.
2. Әдестеме Табиғи монополия субъектілерінің транзиттік газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау (бұдан әрі – транзиттік газ тасымалдау) жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің тетігін айқындайды.
3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
ауыстыру құны - осы заманғы құрылыс материалдар мен технологияларды қолдана отырып, ауыстырылатын мүлікпен ұқсас функционалдық сипаттар бар (немесе пайдалы) газ тасымалдау ұйымының мүлкін жаңғырту жөніндегі ағымдағы шығындар;
газды тасымалдау - газды магистральдық құбыржолдарының жүйесі арқылы қабылдау, ауыстыру және тарату;
құзыретті орган - салалық министрлік (ведомствоаралық) және оның аумақтық органдары немесе табиғи монополия субъектісі коммуналдық меншікте болған жағдайда жергілікті атқарушы орган;
магистральдық құбыржолының жүйесі - тармақтары мен лупингтері бар құбыржолдары, сығымдағыш станциялар, газ тарату станциялары, электр химиялық қорғау қондырғылары, бақылау-өлшеуіш аспаптары және газды бір немесе бірнеше пунктеріне бір немесе бірнеше шығу пунктеріне дейін тасымалдауға арналған бірыңғай және байланысқан жүйені білдіретін басқа да құрылыстар;
тауар-тасымалдау жұмысының көлемі - газды тасымалдау көлемінің оны тасымалдау қашықтығына көбейтіндісі ретінде айқындалатын транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдау жұмыстың көлемі;
транзиттік газ - табиғи газ оның Қазақстан Республикасының аумағына жеткен орны мен оның осы аумақтан жөнелтілген орнының арасында магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалданады.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға және «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
2. Транзиттік газды тасымалдау жөніндегі қызметке
тарифті есептеу
4. Транзиттік газды магистральдық құбыр жолдарының жүйесі арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерге арналған тариф мөлшерлемелері газ тасымалдау ұйымы, жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың арасындағы шарттың мәні болып табылады.
5. Қызметтерді тұтынушы мен газ тасымалдау ұйымының арасында өзара келісім болған кезде транзиттік газды тасымалдауға ұзақ мерзімді шарт жасалады және шарт қолданыста болған кезеңде транзиттік газды тасымалдау жөніндегі қызметке тіркелген тариф белгіленеді. Осы тариф транизиттік бағыттың ағымдағы және перспективтік жүктемелігін, сондай-ақ жоспарланып отырған операциялық шығындарды, пайда мөлшерлемесін есептеу үшін пайдаланылатын инвестицияларды және көрсеткіштерді ескере отырып, есептеледі.
6. Магистральдық құбыржол жүйесі арқылы 100 шақырымға 1000 текше метр транзиттік газды тасымалдау тарифі мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Ттг - 100 километрге 1000 текше метр транзиттік газды тасымалдауға арналған тариф;
ТДтг - газ тасымалдау ұйымының транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуден түскен жоспарлы тарифтік кіріс;
ТТРтг - транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тауар тасымалдау жұмысының жоспарлы жылдық көлемі.
7. Транзиттік газды газ тасымалдау ұйымының магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдау қызметтерінің жоспарлы тарифтік кірісі мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Зтг - газ тасымалдау ұйымының транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдау қызметтерінің жоспарланып отырған көлеміне есептелген жоспарлы шығындары;
ДУПтг - транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдау қызметтерінің жоспарланып отырған көлеміне арналған пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейі;
Н - корпоративтік табыс салығын және жоспарлы кезеңге арналған таза кірістің бюджетке басқа төлемдер төлеуді есекере отырып, пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейін қайта есептеу коэффициенті.
8. Транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдау қызметтерін жоспарланып отырған көлеміне есептелген газ тасымалдау ұйымының жоспарлы шығындары Табиғи газды магистральдық құбыржол арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есебін жүргізу әдістемесінде көзделген қағидаттарға сәйкес айқындалады.
9. Корпоративтік табыс салығын және жоспарлы кезеңге арналған таза табыстан бюджетке басқа төлемдер төлеуді ескере отырып, пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейін қайта есептеу коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
мұндағы:
r - корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі;
k - таза кірістен бюджетке төленетін төлемнің мөлшерлемесі.
10. Транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдау бойынша пайданың (таза табыстың) жол берілетін деңгейі мына формула бойынша айқындалады:
мұндағы:
БАтг - транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдауға жатқызылған құндық көріністегі қолданысқа енгізілген активтердің базасы;
СП - қолданысқа енгізілген активтердің базасына арналған пайданың мөлшерлемесі.
11. Қолданысқа енгізілген активтердің базасына арналған пайданың мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 286-НҚ бұйрығымен бекітілген Газды магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3922 тiркелген) сәйкес есептеледі.
12. Транзиттік газды тасымалдауға жатқызылған газ тасымалдау ұйымының қолданысқа енгізілген активтерінің базасы мына формула бойынша айқындалады:
мұндағы:
ЗАгг - транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдауға жатқызылған қолданысқа енгізілген активтер;
ОКтг - транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге қажетті айналымдағы капитал;
НПтг - транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдауға жатқызылған газ тасымалдау ұйымының аяқталмаған өндірісі.
13. Транзиттік газды тасымалдау қызметтеріне жатқызылған қолданысқа енгізілген активтер Табиғи газды магистральдық құбыржол арқылы тасымалдау қызметтері көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу әдістемесінде көзделген қағидаттарға сәйкес айқындалады.
14. Қолданысқа енгізілген активтер олардың теңгерімді құнының немесе тарифті алдағы кезеңде есептеудің есепті кезеңнің аяғына ауыстыру құнының негізінде қолданылады. Бұл ретте ауыстыру құны бухгалтерлік есепте негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізу қажеттілігін білдірмейді. Ұзақ мерзімді шартты жасаған кезде қолданысқа енгізілген активтер магистральдық құбыржол жүйесін дамытуға және жаңғыртуға бағытталған болжамды күрделі қаржы салымдарын ескеруге тиіс.
15. Транзиттік газды тасымалдау қызметтерін көрсетуге қажетті айналымдағы капитал мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ЗСМТГ - магистральдық құбыржол жүйесі арқылы үзіліссіз сервисті ұсынуға қажетті шикізат пен материалдардың негізігі қоры;
АПтг - магистральдық құбыржол жүйесі арқылы негізді аванстық төлемдер;
ДОКтг- магистральдық құбыржол жүйесіне келетін ақша айналымы капиталының рұқсат берілген көлемі.
16. Шикізат және материалдар қоры, сондай-ақ айналым капиталына енгізілетін аванстық төлемдер осы баптар бойынша ай сайынғы теңгерімді көрсеткіштердің орташа арифметикалық мәні ретінде он үш айлық кезең ішінде айқындалады.
17. Ақша айналымы капиталының рұқсат берілген көлемі мынадай талаптарға сүйене отырып, компанияның ақша ағынының кезеңділігін жүйелендірілген бағалау негізінде айқындалады:
1) ақша айналымының капиталы операциялық қызметті жүзеге асыруға қажетті шикізат пен материалдарға арналған шығыстар сомасын шегере отырып, жалпы операциялық шығындардың бір де сегізінен аспайды;
2) операциялық шығындар амортизациялық аударымдарды қамтымайды.
18. Ақша ағындарының жүйелендірілген бағасы:
қызметтер көрсету және газ тасымалдау ұйымының қызметтерін тұтынушылардан осы қызметтер үшін ақы алу;
жеткізушілерден газ тасымалдау ұйымының тауары мен қызметтерін алу және оларды төлеу сәтінен бастап өткен нақты күннің санын бағалауға негізделеді.
19. Егер ақша ағындарын жүйелендірілген бағалау нәтижесінде ақша айналымының капиталы жағымсыз болса, онда алынған сома айналымдағы капиталдың реттелетін базасынан шегіріледі.
20. Газ тасымалдау ұйымының аяқталмаған өндірісі аяқталмаған өндірістің кезеңіндегі жобалар негізді болған жағдайда, қолданысқа енгізілген активтердің базасына енгізіледі. Жобалардың негізділігін құзыретті орган растайды.
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 13-НҚ бұйрығына
3-қосымша
Табиғи монополиялар субъектілерінің мұнайды Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы магистральдық құбыржолдары арқылы
тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)
есептеу әдiстемесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi (бұдан әрі - Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тiркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес әзірленген.
2. Әдестеме Табиғи монополиялар субъектілерінің мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау (бұдан әрі – транзиттік мұнайды тасымалдау) жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеудің тетігін айқындау мақсатында әзірленген.
3. Әдістеменің 2-бөліміне сәйкес есептелген тарифтер транзиттік мұнайды тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде қолданылады.
4. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
магистральдық құбыржолының учаскесі – тармақтары мен қосылыстары жоқ, қайта айдау станцияларымен мұнай құбыры ұйымның қайта айдау станциясымен және (немесе) шекараларымен шектелген магистральдық құбыржолының учаскесі;
мұнай құбыры ұйымы – мұнайды магистральдық құбыржол арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін кәсіпорын;
мұнай құбыры ұйымының қызметтерін тұтынушы – мұнай құбыры ұйымының қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
транзиттік мұнай – магистральдық құбыржол жүйесі және көліктің басқа түрі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы оның шектерінен тыс тасымалданатын мұнай.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға және «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
2. Транзиттік мұнайды тасымалдау қызметіне тарифті есептеу
5. Транзиттік мұнайды тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті уәкелетті орган заңға сәйкес осы тарифтің ең жоғары және ең төменгі шамаларының шегінде бекітеді.
6. Тарифтің шекті ең жоғары шамасы мұнай құбыры ұйымының жоспарлы тарифтік түсімін мұнай тасымалдау бойынша жүк айналымының жоспарлы мәніне бөлу жолымен магистральдық құбыржолдын барлық жүйесі бойынша үлестік тариф ретінде есептіледі:
мұндағы:
ТВ – барлық жүйе бойынша мұнайды тасымалдау қызметтерін ұсынғаны үшін мұнай құбыры ұйымының жоспарлы тарифтік түсімі;
V - барлық жүйе бойынша мұнайдың жоспарлы жүк айналымы.
7. Мұнайды тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге байланысты негізделген шығындарды жабу және пайданың қажетті мөлшерін қалыптастыру үшін тариф қолданысының есепті кезеңіне жоспарлы тарифтік түсім мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Зтр – барлық жүйе бойынша мұнайды тасымалдауға арналған мұнай құбыры үйымының экономикалық жағынан негізделген шығындары;
Нпр – мұнайды тасымалдау қызметтерін көрсету қызметіне жатқызылған мұнай құбыры ұйымына түсетін пайда салығының сомасы;
ЧПтр – табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен анықталатын мұнай құбыры ұйымы таза пайдасының экономикалық негізделген шамасы;
С – жоспарлы тарифтік түсімнен шегеруге (мұнай құбыры ұйымының қандай да бір шығындарын көлденең субсидиялаған жағдайда) немесе өтеуге (мұнайды тасымалдаудың есебінен қандай да бір шығынды қызметтерді субсидиялаған жағдайда) жатқызылған субсидия;
Зв – өтеуге жатқызылған шығындар. Егер осы шығындар таза пайданың есебінен жабылған жағдайда, олар салық салуды ескере отырып, есептеу үшін қолданылады.
8. Тарифтің ең төменгі шамасы транзиттік мұнайды тасымалдау учаскесі бойынша үлестік тариф ретінде есептеледі:
мұндағы:
Зуч - транзиттік мұнайды тасымалдау учаскесіне келетін шығындар;
Зуч – транзиттік мұнайды қайта айдаудың қосымша көлеміне байланысты шығындар;
Гт – транзиттік мұнайдың мәлімделген жүк айналымы;
r – инфляцияның болжамды деңгейімен айқындалатын пайдалалықтың ең төмен деңгейі.
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 13-НҚ бұйрығына
4-қосымша
Табиғи монополиялар субъектілерінің газды сақтау жөніндегі
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің газды сақтау тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi (бұдан әрі - Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тiркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес әзірленген.
2. Осы Әдістеме Табиғи монополиялар субъектілерінің жер асты газ сақтау қоймаларында (бұдан әрі – ЖГҚ) тауарлық газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерін және сұйытылған көмірсутекті газды (бұдан әрі – СКСГ) газгольдерге сақтау қызметтерін тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) айқындау мақсатында әзірленді.
3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
буферлік газ – ЖГҚ-ны пайдалану үшін жобалау режимінде оңтайлы жағдайларды ұстау мақсатында ЖГҚ-да тұрақты болуы қажетті газдың көлемі;
газдың белсенді көлемі – ЖГҚ-ны пайдалану жобасында айқындалған газдың көлемі сақтау үшін ол буферлік газдың көлемінен артық айдалуы мүмкін;
газгольдер – тұтынушыларға кейіннен беру үшін СКСГ-ны сақтау және оны газ түріндегі жай-күйге өзгертуге арналған металл сыйымдылығы;
газ сақтаушы ұйым – жекеменшікте немесе өзге де заңды негізде газдың жер асты сақтау орындары мен басқа да құрылыстарды және (немесе) газгольдерді қызметің осы түріне қолда бар лицензияның негізінде газ сақтау қызметтерін көрсетуге арналған басқа құрылыстары бар ұйым;
есепті кезең – газ сақтау ұйымының қызметтеріне тарифтерді бекітуге немесе өзгертуге арналған өтінімді беру күнінен алдынғы қаржылық жыл;
ЖГҚ-да газды сақтаудың ең аз технологиялық кезеңі – газды үзіліссіз айдаудың технологиялық кезеңімен айқындалатын және пайдалану жобасынды ЖГҚ-ның әрқайсысына белгіленетін құзыретті органмен расталған ЖГҚ-да газды сақтаудың нормативтік кезеңі;
ЖГҚ-ның қуаты – ЖГҚ-ны пайдалану жобасында айқындалатын ЖГҚ-да белсенді газдың ең жоғары рұқсат етілетін көлемі;
жер асты газ сақтау қоймасы (ЖГҚ) – магистральдық газ құбырлары жүйесінің бөлігі болып табылатын, газдың қоры сақталатын жердегі жабдықпен кешеніндегі жер асты құрылыстары;
капитал сыйымдылығы – негізгі капиталдың (негізгі өндірістік қорлардың) тиісті кезеңде өндірілген өнімге немесе оның бөлігіне – таза кірісіне, пайдасына, ұлттық кірісіне қатынасын айқындайды.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға және «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
2. ЖГҚ-дағы тауарлық газ сақтау қызметтеріне тарифтерді
есептеуді тәртібі
4. Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы ЖГҚ-ның геологиялық және технологиялық айрмашылақтарына сүйене отырып, ЖГҚ-дағы газ сақтау бойынша қызметтердің кірісі әрбір ЖГҚ-ға айына 1000 текше метр үшін жеке есептеледі.
5. ЖГҚ-дағы газ сақтау қызметтеріне тарифі қалыптастыру кезінде Ерекше тәртіпке сәйкес шығындар ескереледі.
6. ЖГҚ-дағы газ сақтау қызметтеріне тариф жоспарлы тарифтік кірістің негізінде есептеледі. Жоспарлы тарифтік кіріс мынадай формула бойынша есептеледі:
ТД – газ сақтауын ұйымының жоспарлы тарифтік кірісі;
З – ЖГҚ-дағы газ сақтау қызметтерін көрсетуге байланысты, газ сақтау ұйымының шығынының газды айдау және сұрыптау шығындарын қоса, жоспарлы жиынтығы;
ДУП – газ сақтауын ұйымының пайдасының (таза кірісініне) жол берілетін деңгейі;
Н – корпоративтік табыс салығы мен бюджетке жоспарлы кезеңге арналған таза кірістен басқа да төлемдерді төлеуді ескере отырып, пайданың (таза кірістің) жол беретін деңгейін қайта есептеу коэффициенті.
7. Газ сақтау ұйымының ЖГҚ-дағы газ сақтау қызметтерін көрсетуге, газды сұрыптау мен айдауға байланысты өндірістік шығындары қызметтің осы түрлеріне тікелей тиесілілігі бойынша айқындалады.
8. Газ тасымалдау ұйымы пайдасының (таза кірісінің) жол берілетін деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:
PБA – қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы;
СП – пайда мөлшерлемесі.
9. Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына ЖГҚ-да тауарлық газды сақтау қызметтерін көрсетуге қажетті үзақ мерзімді активтердің (негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің) және есепті кезеңнің сонындағы таза айналым капиталының жиынтық құны қолданылады. Өндірістік сипаттағы негізгі құралдар мен материалдық емес аквтивтер олар консервацияда немесе ұзақ мерзім (бір жылдан астам) жөндеуде техникалық қайта жарақтандыруда (реконструкцияда), жалдауда болған жағдайда және өзге де ұзақ мерзім қолданбау жағдайларда қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының құрамына енгізілмейді. Газ сақтау ұйымы бірнеше қызмет түрін жүзеге асыруына байланысты таза айналым капиталының мәнін мүмкін болмаған жағдайда, таза айналым капиталының мәні газ сақтау ұйымы үшін негұрлым капитал сыйымды болып табылатын қызмет түрі бойынша қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына енгізіледі. Таза айналым капиталының мәні мына формула бойынша айқындалады:
ЧОК – таза айналым капиталы;
ТА – есепті кезең аяғындағы ағымдағы активтер;
ТО – есепті кезең аяғындағы ағымдағы міндеттемелер.
10. Газ сақтау ұйымының қолданысқа енгізілетін активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 286-НҚ бұйрығымен бекітілген Газды магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3922 тiркелген) сәйкес есептеледі.
11. Пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейін қайта есептеу коэффициенті бюджетке корпоративтік табыс салығы мен басқа да төлемдерді жоспарлы кезеңдегі таза кірістің төленгені ескеріле отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
r – корпоративтік табыс салығының молшерлемесі;
k – бюджеттке таза кірістен төленген төлем мөлшерлемесі.
12. 1000 текше метр үшін ЖГҚ-да газ сақтау қызметтеріне тариф айына мына формула бойынша есептеледі:
Т – ЖГҚ-да тауарлық газды сақтау қызметтерінің тарифі;
ТД – газ сақтауын ұйымының тарифтік кірісі;
V – ЖГҚ-да газдың айдау мен сұрыптау көлімдері ескерілген газды ай бойынша сақтаудың жиынтықты көлемі.
13. ЖГҚ-да газдың айдау мен сұрыптау көлемдері ескерілген газды ай бойынша сақтаудың жиынтықты көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
Viхр - i-айындағы газды айдау мен сұрыптау көлемдері ескерілген ЖГҚ-да газ сақтаудың айлық көлемі;
Viocm - i-айының басындағы ЖГҚ-да белсенді газдың қалдығы;
Vi3- i-айындағы айдалған газдың көлемі;
Vi0 - i-айындағы сұрыпталған газдың көлемі.
3. Газгольдерлерде СКСГ сақтау қызметтерін
тарифтерді есептеу тәртібі
14. Газгольдерде СКСГ сақтау қызметтеріне тариф бір тәуік газгольдерде СКСГ сақтау қызметтеріне бірыңғай тариф нысанында газгольдерлердің әрбір операторы бойынша жеке есептеледі.
15. Газгольдерлерде СКСГ сақтау қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру кезінде Ерекше тәртіпке сәйкес шығындар ескереледі.
16. СКСГ сақтау қызметтеріне тариф жоспарлы тарифтік кіріс негізінде есептеледі. Жоспарлы тарифтік кіріс мынадай формула бойынша есептеледі:
ТД - газ сақтау ұйымының жоспарлы тарифтік кірісі;
З - газ сақтау ұйымының газгольдерлерге СКСГ сақтау қызметтерін көрсетуге байланысты шығындарының жоспарлы жиынтығы;
ДУП - газ сақтау ұйымының пайдасының (таза кірістің) жол берілетін деңгейі;
Н - корпоративтік табыс салығы мен бюджетке жоспарлы кезеңге арналған таза кірістен басқа да төлемдердің төленгені ескеріле отырып, пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейін қайта есептеу коэффициенті.
17. Газ тасымадау ұйымы пайдасының (таза кірісінің) қол жетімді деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
РБА - қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы;
СП - пайда мөлшерлемесі.
18. Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына газгольдерге СКСГ-да сақтау қызметтерін көрсетуге қажетті ұзақ мерзімді активтердің (негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің) және есепті кезеңнің соңындағы таза айналым капиталының жиынтық құны қолданылады. Өндірістік сипаттары негізгі құралдар мен материалдық емес активтер олар консервацияда немесе ұзақ мерзім (бір жылдан астам) жөндеуде техникалық қайта жарақтандыруда (реконструкцияда), жалдауда болған жағдайда және өзге де ұзақ мерзім қолданбау жағдайларда қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының құрамына енгізілмейді. Газ сақтау ұйымы бірнеше қызмет түрін жүзеге асыруына байланысты таза айналым капиталының мәнін мүмкін болмаған жағдайда таза айналым капиталының мәні газ сақтау ұйымы үшін негұрлым капитал сыйымды болып табылатын қызмет түрі бойынша қолданысқа енгізілген активтердін реттелетін базасына енгізіледі. Таза айналым капиталының мәні мына формула бойынша айқындалады:
ЧОК - таза айналым капиталы;
ТА - есепті кезең аяғындағы ағымдағы активтер;
ТО - есепті кезең аяғындағы ағымдағы міндеттемелер.
19. Газ сақтау ұйымының қолдансысқа енгізілген активтерін реттелетін базасына пайда мөлшерлемесі Нұсқамаға сәйкес есептеледі.
20. Бюджетке корпортаивтік табыс салығы мен басқа да төлемдердің жоспарлы кезеңдегі таза кірістен төленгені ескере отырып, пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейін қайта есептеу коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
r – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі;
k – бюджеттке таза кірістен төленген төлем мөлшерлемесі.
21. 1 тәулік газгольдерлерде СКСГ сақтау қызметтеріне тариф мынадай формула бойынша есептеледі:
Т – газгольдердегі СКСГ сақтау қызметтеріне тариф;
N – газгольдерлердің саны.
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 13-НҚ бұйрығына
5-қосымша
Табиғи монополия субъектілерінің тауарлық газды магистральдық
құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)
есептеу әдiстемесi
1. Жалпы ережелер
1. Табиғи монополия субъектілерінің тауарлық газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi (бұдан әрі - Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тiркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес әзірленген.
2. Әдістеме табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды Қазақстан Республикасының магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерін тарифтер есептеу тетігін айқындау мақсатында әзірленді.
3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша газ құбырларының қашықтығына қарамастан техникалық мүмкіндіктер шегінде әрбір 1000 текше метр үшін тұтынушыларға газ тасымалдау тарифтері белгіленеді.
4. Ішкі тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тарифтерін қызметтің тиісті түрлері мен басқа да көрсеткіштер бойынша халықаралық тасымалдау, шығын деңгейіне, көлемдері мен таза кіріске тарифтерін сүйене отырып, уәкілетті орган теңдестіріп белгілеуі мүмкін.
5. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
газ тасымалдау ұйымының кірісі – газ ұйымының газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымадау жөніндегі қызметтерді өткізуден алған кірісі;
есепті кезең - газ тасымалдау ұйымының қызметтеріне арналған тарифтерді бекітуге немесе өзгертуге өтінім беру күнінен алдынғы қаржылық жыл;
ішкі тасымалдау - Қазақстан Республикасының аумағында тұтынуға арналған газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызмет;
магистральдық газ құбыржолдары басқармасы (-лары) - газ тасымалдау ұйымының филиалдары (бұдан әрі - МГБ);
тауар-тасымалдау жұмысының көлемі - газды тасымалдау көлемінің оны тасымалдау қашықтығына көбейтіндісі ретінде айқындалатын транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдау жұмыстың көлемі;
халықаралық тасымалдау – тауарлық газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бір елдің аумағынан басқа елге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан басқа елдің аумағына магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметі.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға және «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.
2. Тауарлық газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау
қызметтеріне тарифтерді есептеу тәртібі
6. Тауарлық газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтеріне тарифі қалыптастыру кезінде Ерекше тәртіпке сәйкес шығындар ескереледі.
7. Тауарлық газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау тарифтері жоспарлы тарифтік кіріс негізінде есептеледі. Газ тасымалдау ұйымының жоспарлы тарифтік кірісі мынадай формула бойынша айқындалады:
ТДобщ – газ тасымалдау ұйымының жалпы жоспарлы тарифік кірісі;
Зобщ – қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген газ тасымалдау ұйымның жиынтықты экономикалық негізделген жоспарлы шығындары;
ДУПобщ – пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейі;
Н - корпоративтік кірістен салығы мен бюджетке жоспарлы кезеңге арналған таза кірістен басқа да төлемдерді төленгенін ескере отырып, пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейін қайта есептеу коэффициенті.
8. Бюджетке корпоративтік табыс салығы мен басқа да төлемдерді жоспарлы кезеңдегі таза кірістен төленгенін ескере отырып, пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейін қайта есептеу коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
r – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі;
k – бюджеттке таза кірістен төленген төлем мөлшерлемесі.
9. Газ тасымалдау ұйымының құрамында өндірістік аумақтық филиалдар болған жағдайда, жиынтықты шығындар мынадай формула бойынша есептеледі:
– қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген филиалардың (магистарльдық газ құбырларының басқармалары) жиынтықты экономикалық негізделген жоспарлы шығындары;
Зцентр – газ тасымалдау ұйымының орталық аппаратының жоспарлы шығыстары.
10. Газ тасымалдау ұйымның халықаралық газ тасымалынан кірістері ескерместен ішкі тасымал қызметтерін өткізуден алынған жоспарлы тарифтік кірісі мынадай формула бойынша есептеледі:
ТДВН - ішкі тасымалдан алынған жоспарлы тарифтік кіріс;
Звн - газ тасымалдау ұйымының ішкі тасымалдауға жататын жиынтықты экономикалық негізделген жоспарлы шығындары;
ДУПВН - газ тасымалдау ұйымы үшін есептелген және ішкі тасымалдауға жатқызылған пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейі.
Н - корпоративтік табыс салығы мен бюджетке жоспарлы кезеңге арналған таза кірістен басқа да төлемдерді төленгені ескеріле отырып, пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейін қайта есептеу коэффициенті.
11. Газ тасымалдау ұйымының, ішкі тасымалға жататын жиынтықты
экономикалық негізделген жоспарлы шығындары мынадай формула бойынша
есептеледі:
Зенфил - барлық МГБ-ның газды ішкі тасымалдауға арналған шығындары;
Зенцентр,- ішкі тасымалдауға келетін орталық аппарат шығындары.
12. Газды магистральдық құбыржолдары арқылы ішкі тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет үшін пайданың жол берілетін деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
ДУПВН -газды магистральдық құбыржолдары арқылы ішкі тасымалдау жүзеге асыру қызметі үшін пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейі;
dвн - ттр - тауар тасымалдау жұмысының жалпы көлеміндегі ішкі тасымалдау жөніндегі тауар тасымалдау жұмысының үлес бағытты.
13. Газ тасымалдау ұыймы пайдасының (таза кірісінің) жол берілетін деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:
ДУПобщ - үйым пайдасының (таза кірісінің) жол берілетін деңгейі;
РБА - қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы;
СП - пайда мөлшерлемесі.
14. Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсетіге қажетті ұзақ мерзімді активтердің (негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің) және есепті кезеңнің соңындағы таза айналым капиталының жиынтық құны қолданылады. Өндірістік сипаттары негізгі құралдар мен материалдық емес аквтивтер олар консервацияда немесе ұзақ мерзім (бір жылдан астам) жөндеуде техникалық қайта жарақтандыруда (реконструкцияда), жалдауда болған жағдайда және өзге де ұзақ мерзім қолданбау жағдайларда қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының құрамына енгізілмейді. Таза айналым капиталының мәні мына формула бойынша айқындалады:
мұндағы:
ЧОК - таза айналым капиталы;
ТА - есепті кезең аяғындағы ағымдағы активтер;
ТО - есепті кезең аяғындағы ағымдағы міндеттемелер.
15. Газ сақтау ұйымының қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының пайда мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 286-НҚ бұйрығымен бекітілген Газды магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3922 тіркелген) сәйкес есептеледі.
16. 1000 текше метр газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдауға тариф мынадай формула бойынша есептеледі:
ТДобщ - газ тасымалдау ұйымының жалпы жоспарлы тарифтік кірісі; Vобщ- газ тасымалдаудың жылдық көлемі.
17. 1000 текше метр газды магистральдық құбыржолдары арқылы ішкі тасымалдауға тариф мынадай формула бойынша есептеледі:
ТДВН - ішкі тасымалдаудан алынған жоспарлы тарифтік кіріс;
VBH - газды ішкі тасымалдаудың жылдық көлемі.
18. Шығындарды жоспарлау газ тасымалдау ұйымының әрбір басқармасы бойынша олардың есепті кезең ішіндегі қаржы-шаруашылық қызметін және жоспарлы кезеңге арналған жұмыс бағдарламасын талдау негізінде жүргізіледі.
19. МГБ і газ тасымалдауға жұмсалған шығын мынадай формула бойынша есептеледі:
і - магистральдық газ құбырларының і-ші басқармасы;
Зiпр - жалпы өндірістік және пайдалану шығыстарының і-ші МГБ;
Зiпер, - кезең шығыстарының і-ші МГБ.
20. і-ші МТБ газды ішкі тасымалдауға арнап жұмсалған шығындар мынадай формула бойынша есептеледі:
- і -ші МГБ-ның ішкі тасымалдауға жұмсалған шығындары;
- жоспарлы кезеңдегі і МТБ бойынша тауар тасымалдау жұмысының жалпы көлеміндегі ішкі тасымалдау жөніндегі тауар тасымалдау жұмысының үлес салмағы.
21. Газ тасымалдау ұйымының ішкі тасымалдау бойынша жоспарлы шығындары әрбір МГБ бойынша газды ішкі тасымалдауға жоспарлы шығындардың жиынтығы ретінде айқындалады:
- барлық МГБ-ның ішкі тасымалдауға жұмсалған жоспарлы шығындары;
- і-ші МГБ-ның газды тасымалдауға жұмсалған жоспарлы шығындары;
N - МГБ-ның саны.
22. жекелеген МГБ-ның жоспарлы шығындары әрбір МГБ-ның өндірістік шығындарына жекелеген есептелетін орталық бойынша газ тасымалдау ұйымының өндірістік шығындарының жалпы көлеміндегі шығындар үлесін ескере отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
3iцентр - жекелеген МГБ бойынша орталық аппаратының шығындарын бөлуді ескере отырып і-ші МГБ-ны құрайтын жоспарлы шығындар.
23. Газ тасымалдау ұйымында қызметі өндірістік сипаттағы жұмыстарды жүзеге сыруға байланысты газ тасымалдауды тікелей жүзеге асырмайтын филиалдар, олардың болған жағдайда жоспарланған шығындары, осы Әдістеменің 22-тармағында айқындалған тәртіппен өндірістік филиалдар бойынша қайта бөлінеді.
24. Газ тасымалдау ұйымының газды ішкі тасымалдауға жататын жоспарлы шығындары әрбір МТБ бойынша ішкі тасымалдауға және орталық аппаратының осы МГБ тауар тасымалдау жұмысының үлесіне көбейтілген жоспарлы шығындарының жиынтығы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 13-НҚ бұйрығына
6-қосымша
Табиғи монополиялар субъектілерінің суды магистральдық
құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi
1. Жалпы ережелер
1. Табиғи монополиялар субъектілерінің суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi (бұдан әрі - Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тiркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес әзірленген.
2. Осы Әдістеменің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
қызмет беруші – суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісі;
магистральдық құбыржолы және (немесе) арна – суды бас тоғаннан таратушыларға дейін тартуға (магистральдық құбыржолынан және (немесе) арнадан су пайдаланушылары топтарына суды тартуға) арналған гидротехникалық құрылыстар кешені;
тарифтік учаскесі – шекарасында тұтынушылардың бір тобының шегінде суды беруге арналған бірыңғай тариф бекітілетін және қолданылатын магистральдық құбыржолының учаскесі.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.
3. Егер суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру қызметтерін көрсету кезінде магистральдық құбыржолдарының жүйесінде жекелеген тарифтік учаскелері белгіленбеген және қызметтер екі және одан да көп облыстардың аумағына көрсетілген жағдайда, бірыңғай тариф тұтастай барлық жүйеге есептеледі.
4. Егер магистральдық құбыржолдарының жүйесінде жекелеген тарифтік учаскелер белгіленген жағдайда, тариф әрбір тарифтік учаскеге есептеледі.
5. Егер суды арналар арқылы беру қызметтері бірнеше облыстардың аумағына көрсетілген жағдайда, тариф әрбір облысқа есептеледі.
6. Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру қызметтерін сату көлемі нормативтік техникалық ысырыптардың және табиғи монополия субъектісінің өзінің мұқтаждарына суды жеткізу көлемінің (суды беру қызметтерін көрсету үшін қажетті) минусімен суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру көлеміне сүйене отырып айқындалады.
7. Суды беру қызметтерін ұсынуға кажетті экономикалық негізделген шығындар Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес есептеледі. Шығындардың баптарын қалыптастыру бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес келуге тиіс. Шығындардың есептеу нормативтік техникалық ысырыптары және табиғи монополия субъектісінің өзінің мұқтаждарына суды жеткізу көлемін (суды беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге қажетті) ескере отырып жүзеге асыралады.
2. Суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру қызметтеріне
тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу
8. Суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру қызметтеріне тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Т – 1 текше метр үшін тариф, теңге;
Z – экономикалық негізделген шығындар, теңге;
ДУП – салық салынғанға дейін пайданың ұйғарынды деңгейі, теңге;
V – суды беру жөнінде көрсетілген қызметтердің жиынтық көлемі, текше метр.
9. Егер магистарльдық құбыржолдары жүйесінің бірнеше тарифтік учаскелері болған жағдайда, суды әрбір тарифтік учаскеде беруге арналған тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
i – тарифтік учаскенің нөмірі;
Тi – суды i тарифтік учаске бойынша беруге арналған тариф, 1 текше метр үшін теңге;
Z – i тарифтік учаске бойынша экономикалық негізделген шығындар, теңге;
ДУПi – i тарифтік учаске бойынша салық салынғанға дейін пайданың ұйғарынды деңгейі, теңге;
Vi – i тарифтік учаске бойынша суды беру қызметтерін сату көлемі, текше метр.
10. Тұтынушылардың топтары бойынша тарифтік учаске бойынша тарифтерді саралау қажет болған жағдайда, тарифтерді есептеу сәйкес жүргізіледі.
11. Жеке тұтынушы үшін суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру құны мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
С – жеке тұтынушы үшін суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру құны;
i – тарифтік учаскелердің нөмірлері олар арқылы осы тұтынушы үшін су бірізділікпен берілетінді;
V – осы тұтынушы үшін суды беру қызметтерін сату көлемі.
3. Суды арналар арқылы беру қызметтеріне тарифті
(бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу
12. Суды облыстар бойынша арналар арқылы беру жөніндегі қызметін тұтынушыларға арналған тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Ti –i облысының тұтынушылары үшін тариф, 1 текше метр үшін теңге;
Zi – i облысының кезеңдегі пайдалану шығындары мен шығыстары, теңге;
Vi –i облысының аумағында орналасқан тұтынушыларға суды беру қызметтерін сату көлемі, текше метр.
4. Суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру кезінде
жекелеген учаскелер бойынша тұтынушылардың топтары бойынша
тарифтерді есептеу
13. Тұтынушылардың топтары бойынша тарифтерді саралау тұтынушылардың өндірістік – технологиялық процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын жөндеуге және оларды жаңғыртуға, реконструкциялауға мен жаңартуға күрделі салымдарға қажеттілік дәрежесінің негізінде жүргізіледі.
14. Тұтынушылар мынадай топтарға жектеледі:
1) халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызметтер көрсететін басқа да кәсіпорындар;
2) ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері;
3) өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да коммерциялық ұйымдар;
4) мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар.
15. і учаскесіндегі тұтынушылардың тобы «халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызметтер көрсететін басқа да кәсіпорындар» (1-топ) үшін тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Zi – і учаскесіндегі экономикалық негізделген шығындар, теңге;
Mi – і учаскесіндегі амортизациялық аударымдар, теңге;
Рi – і учаскесіндегі жөндеуге арналған шығыстар, теңге;
Vi – і учаскесіндегі тұтынушылардың барлық топтары үшін суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру қызметтерін сатудың жиынтық көлемі, текше метр.
16. і учаскесінде жөндеуге арналған шығыстар учаскелер бойынша негізгі құралдардың құнындағы әрбір учаскенің үлесіне барабар бөлінген магистральдық құбыржолдарының тұтастай барлық жүйесі бойынша жөндеудің жалпы жиынтығына сүйене отырып есептеледі.
17.і учаскесіндегі тұтынушылардың тобы «ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері» (2-топ) үшін тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Zi – і учаскесіндегі экономикалық негізделген шығындар, теңге;
Vi – і учаскесіндегі тұтынушылардың барлық топтары үшін суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру қызметтерін сатудың жиынтық көлемі, куб. м.
18. і учаскесіндегі тұтынушылардың тобы «өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да коммерциялық ұйымдар» (3-топ) үшін тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Zi – і учаскесіндегі экономикалық негігделген шығындар, теңге;
ДУПi – і учаскесіндегі салық салынғанға дейін пайданың ұйғарынды деңгейі, теңге;
Vi – і учаскесіндегі тұтынушылардың барлық топтары үшін суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру қызметтерін сатудың жиынтық көлемі, куб. м.
19. і учаскесіндегі тұтынушылардың тобы «мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар» (4-топ) үшін тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Vi1 – і учаскесіндегі 1-топтың тұтынушыларына суды беру қызметтерін сату көлемі;
Vi2 – і учаскесіндегі 2-топтың тұтынушыларына суды беру қызметтерін сату көлемі;
Vi4 – і учаскесіндегі 4-топтың тұтынушыларына суды беру қызметтерін сату көлемі;
Ескерту. І учаскесіндегі 1-топтың тұтынушыларына суды беру қызметтерін сатудың Vi1 көлеміне халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар тікелей тұтынатын көлемдер ғана жатады.
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2014 жылғы 20 қаңтардағы
№ 13-НҚ бұйрығына
7-қосымша
Табиғи монополиялар субъектілерінің ауыл шаруашылығын суландыру
үшін сумен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)
есептеу әдiстемесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің ауыл шаруашылығын суландыру үшін сумен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi (бұдан әрі - Әдістеме) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемесін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тiркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес әзірленген.
2. Осы Әдістеме ауыл шаруашылығын суландыру үшін табиғи монополиялар субъектілеріне сумен жабықтау жүйелерінің салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (бұдан әрі - Сумен жабдықтаудың қызметтері) тарифтер есептеудің тетігін айқындау мақсатында әзірленді және осы қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің бәріне меншік нысанына қарамастан қолданылады.
3. Осы Әдістеменің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымы пайдаланылады:
суландыру нормалары – вегетациялық кезең ішінде (гектарына/текше метр) суландырылатын алаңның гектарына берілетін судың көлемі.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.
2. Сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді есептеу
4. Сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер барлық тұтынушы топтары үшін бірыңғай болып табылады және суды тұтынушыларға бөлінген нүктесіндегі берілген су мөлшерінің бірлігіне белгіленеді.
5. Суды тұтынушылардың топтары бойынша тарифтер, егер олар экономикалық жағынан негізделген болса, яғни суды тұтынушылардың топтары үшін тарифті қызмет көрсетуге қажетті шығындардың деңгейі әртүрлі болған жағдайда саралану мүмкін.
6. Сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер мынадай формуламен есептеледі:
мұндағы:
Т – сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер бір текше метр үшін теңгемен;
Z – Ерекше тәртіптің талаптарын ескере отырып қабылданған, экономикалық жағынан негізделген шығындар, теңгемен;
Р – пайда, теңгемен;
V – көрсетілетін сумен жабдықтау қызметтерінің көлемі, текше метр.
7. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтауға және (немесе) суды және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2154 тiркелген) сәйкес есептелген пайданың ұйғарынды деңгейі.
8. Сумен жабдықтау қызметтеріне тарифті есебіне қызмет көрсетуге суды тұтынушылармен жасалған шарттарда расталған жоспарлы көлемдер салынады.
9. Көрсетілетін қызметтердің көлемдерінің төмендеуін су беруші ұйымының төмендеуін негіздейтін материалдарымен расталады.
10. Ауыл шаруашылығын суландыру үшін пайдаланылған судың көлемі уәкілетті орган аумақтардың ылғылдарылығын, биоклиматтық жағдайлары, су шаруашылығы бассейндері бойынша топырақты-мелиоративтік және гидрогеологиялық жағдайлары, суарылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерін, ауыл шаруашылығы дақылдарының суаралатын алаңын және басқа ескере отырып бекіткен суару нормаларына сүйене отырып анықталады.