"Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бір қатар әдістемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 13-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 437 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 16208 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның бір қатар әдістемелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9302 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 13-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір кемсітпейтін әдістемелерін бекіту туралы";

      бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдiстемесi;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің ауыл шаруашылығын суландыру үшін сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдiстемесi бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесiнде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар субъектілерінің мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Табиғи монополиялар субъектілерінің мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің осы кемсітпейтін әдістемесі "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп).";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      есепті кезең – мұнай өткізу ұйымының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді бекітуге арналған өтінімді беру күнінің алдындағы қаржылық жыл;

      магистральдық құбыржолының учаскесі – тармақтары жоқ және қосылмаған, қайта айдау станцияларымен шектелген және (немесе) мұнай өткізу бөлімшелерінің шекараларымен бар магистральдық құбыржолының учаскесі;

      мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер (бұдан әрі – Қызметтер) – магистральдық құбыржолдары арқылы мұнайды қайта айдау, темір жол цистерналарынан мұнайды құйып алу, темір жол цистерналарына мұнайды құю, танкерге мұнайды құю, автоцистерналардан мұнайды құйып алу, мұнайды автоцистерналарға құю, мұнайды сақтау, мұнайды ауыстырып тиеу, мұнайды араластыру, бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет жөніндегі қызметтер;

      мұнайды өткізу ұйымы – мұнайды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі.

      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамаға және "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп).";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әдістеме табиғи монополиялар субъектілерінің жерасты газ қоймаларында (бұдан әрі – ЖГҚ) тауарлық газды сақтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігін айқындау мақсатында әзірленді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      буферлік газ - ЖГҚ-ны жобалық режимде пайдалану үшін оңтайлы жағдайларды ұстап тұру мақсатында ЖГҚ-да тұрақты болуы қажет газ көлемі;

      газдың белсенді көлемі – ЖГҚ-ны пайдалану жобасында айқындалған, газ көлемі, сақтау үшін буферлік артық айдалуы мүмкін газ көлемі;

      газ сақтау ұйымы – меншігінде немесе өзге де заңды негізде ЖГҚ және осы түріне қолда бар лицензияның негізінде газ сақтау қызметтерін көрсетуге арналған басқа да құрылыстары бар ұйым;

      есепті кезең – газ сақтау ұйымының көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді бекітуге немесе өзгертуге арналған өтінімді беру күнінің алдындағы қаржы жылы;

      ЖГҚ-да газды сақтаудың ең аз технологиялық кезеңі – газды үзіліссіз айдаудың технологиялық кезеңімен айқындалатын және пайдалану жобасында ЖГҚ-ның әрқайсысына белгіленетін, құзыретті органн растаған ЖГҚ-да газды сақтаудың нормативтік кезеңі;

      ЖГҚ-ның куаты – белсенді газдың ЖГҚ-ның қолданысқа беру жобасымен анықталған максималды рұқсат етілген көлемі;

      жерасты газ қоймасы (ЖГҚ) – газ қоры сақталатын магистральдық газ құбырлары жүйесінің құрамы болып табылатын, жер бетіндегі жабдықпен кешендегі жер асты құрылыстары;

      капитал сыйымдылығы – негізгі капиталдың (негізгі өндірістік қорлардың) тиісті кезеңде өндірілген өнімге немесе оның бөліктеріне – таза табысқа, пайдаға, ұлттық табысқа қатынасын айқындайтын көрсеткіш;

      Әдістемеде қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Газ және газбен қамтамасыз ету туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.";

      3-тарау алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің тауарлық газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың Ерекше тәртібін бекіту туралы" 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) және 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Келісім).";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тұтынушылар үшін тауарлық газды тасымалдауға тарифтер газдың әрбір 1000 текше метрі үшін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша газ құбырларының ұзындығына қарамастан техникалық мүмкіндіктері шегінде белгіленеді, Келісім аясында тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, оларға тұтынушылар үшін газ тасымалдауға тарифтер 100 километрге 1000 текше метрі үшін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша техникалық мүмкіндіктері шегінде белгіленеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      газ тасымалдау ұйымының кірісі – газ ұйымының газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымадау жөніндегі қызметтерді өткізуден алған кірісі;

      есепті кезең – газ тасымалдау ұйымының қызметтеріне арналған тарифтерді бекітуге немесе өзгертуге өтінім беру күнінен алдынғы қаржылық жыл;

      ішкі тасымалдау – Қазақстан Республикасының аумағында тұтынуға арналған газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызмет;

      магистральдық газ құбыржолдары басқармасы (-лары) – газ тасымалдау ұйымының филиалдары (бұдан әрі - МГБ);

      тауар-тасымалдау жұмысының көлемі – газды тасымалдау көлемінің оны тасымалдау қашықтығына көбейтіндісі ретінде айқындалатын транзиттік газды магистральдық құбыржол жүйесі арқылы тасымалдау жұмыстың көлемі;

      халықаралық тасымалдау - тауарлық газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бір елдің аумағынан басқа елге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан басқа елдің аумағына магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметі.

      Әдістемеде қолданылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Газ және газбен қамтамасыз ету туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет үшін пайданың жол берілетін деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

      ДУПвн = ДУПобщ х dвнттр, мұнда:

      ДУПвн – тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдауды жүзеге асыру қызметі үшін пайданың (таза кірістің) жол берілетін деңгейі;

      ДУПобщ – ұйым пайдасының (таза кірісінің) жол берілетін деңгейі;

      dвнттр – тауар тасымалдау жұмысының жалпы көлеміндегі газды ішкі тасымалдау жөніндегі тауар тасымалдау жұмысының үлес салмағы.

      13. Газ тасымалдау ұыймы пайдасының (таза кірісінің) жол берілетін деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

      ДУПобщ = РБАобщ х СП, мұнда:

      ДУПобщ – ұйым пайдасының (таза кірісінің) жол берілетін деңгейі;

      РБАобщ – тартылған активтердің реттелетін базасы;

      СП – пайда мөлшерлемесі.";

      15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Газ тасымалдау ұйымының тартылған активтерінің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесі "Магистралдық құбыр желілерімен газ тасымалдау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 286-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3922 тіркелген) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес есептеледі.

      16. Магистральдық газ құбырлары арқылы газдың 1000 текше метрін ішкі тасымалдауға тариф мынадай формула бойынша айқындалады:



      Твн – газдың 1000 текше метрін магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдауға тариф;

      ТДвн – ішкі тасымалдаудан алынған жоспарлы тарифтік кіріс;

      Vвн – газды ішкі тасымалдаудың жылдық көлемі.

      17. Келісім аясында тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін, Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін, экспорт мақсаттары үшін газ тасымалдау жөніндегі қызметтерге және транзиттік газды тасымалдау жөніндегі қызметтерге есептелген бірыңғай тариф бойынша, магистральдық газ құбырлары арқылы 100 километрге газдың 1000 текше метрін тасымалдауға арналған тариф мынадай формула бойынша есептеледі:



      Тобщ – 100 километрге 1000 текше метр үшін газ тасымалдауға тарифі;

      ТДобщ – газ тасымалдау ұйымының жалпы жоспарлы тарифтік кірісі;

      ТТРобщ – магистральдық газ құбырлары арқылы газды тасымалдау жөніндегі тауар тасымалдау жұмыстарының жалпы жоспарлы жылдық көлемі.

      Келісім аясында тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін 100 километрге 1000 текше метр үшін ішкі тасымалдауға тариф мынадай формула бойынша айқындалады:



      Твн – 1000 текше метр үшін магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдауға тариф;

      ТДвн – ішкі тасымалдаудан алынған жоспарлы тарифтік кіріс;

      ТТРвн – газды магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдау жөніндегі тауарлар тасымалдау жұмысының жоспарлы жылдық көлемі.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі тауарлар тасымалдау жұмысының жалпы жоспарлы жылдық көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:



      n – газ беру нүктелерінің саны;

      m – газды іріктеу нүктелерінің саны;

      Li – беру нүктесінен іріктеу нүктесіне дейінгі газ құбырының ұзындығы;

      Vi общ – магистральдық газ құбырының (Li) учаскелері арқылы газ тасымалдаудың жылдық көлемі.

      Газды магистральдық газ құбырлары арқылы ішкі тасымалдау жөніндегі тауар тасымалдаудың жоспарлы жылдық көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:



      n – ішкі тасымалдау үшін газ беру нүктелерінің саны;

      m – ішкі тасымалдау үшін газды іріктеу нүктелерінің саны;

      Li – ішкі тасымалдау үшін газ беру нүктесінен газды іріктеу нүктесіне дейінгі газ құбырының ұзындығы;

      Vі вн – магистральдық газ құбырының (Li) учаскелері арқылы газды ішкі тасымалдаудың жылдық көлемі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесiнде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар субъектілерінің суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдiстемесi.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Табиғи монополиялар субъектілерінің суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдiстемесi (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп).";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Әдістеменің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      қызмет беруші – суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісі;

      магистральдық құбыржолы және (немесе) арна – суды бас тоғаннан таратушыларға дейін тартуға (магистральдық құбыржолынан және (немесе) арнадан су пайдаланушылары топтарына суды тартуға) арналған гидротехникалық құрылыстар кешені;

      тарифтік учаске – шекарасында тұтынушылардың бір тобының шегінде суды беруге арналған бірыңғай тариф бекітілетін және қолданылатын магистральдық құбыржолының учаскесі.

      Осы Әдістемеде қолданылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің ауыл шаруашылығын суландыру үшін сумен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесiнде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар субъектілерінің ауыл шаруашылығын суландыру үшін сумен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдiстемесi";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Табиғи монополиялар субъектілерінің ауыл шаруашылығын суландыру үшін сумен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кемсітпейтін әдiстемесi (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы" 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ерекше тәртіп).";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Әдістеменің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:

      суландыру нормалары – вегетациялық кезең ішінде (гектарына/текше метр) суландырылатын алаңның гектарына берілетін судың көлемі.

      Осы Әдістемеде қолданылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _______________ Ө. Шөкеев

      2017 жылғы 29 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ____________ Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 29 желтоқсан