Газды магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 286-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3922. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Газды магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оның белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен газды магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға



  Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының
2005 жылғы 29 қыркүйектегі
N 286-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Газды магистральдық таратушы құбырлары арқылы
тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия
субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің
реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Газды магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      2. Нұсқаулық газды магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері (бұдан әрі - газ тасымалдау ұйымы) тарифтерінің құрамына кіретін және оларды есептеген және бекіткен кезде ескерілетін пайданың қол жетімді деңгейін есептеу тетігін нақтылайды.

      3. Нұсқаулық газ тасымалдау ұйымының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы негізді есептеу мен оны алу мүмкіндігінің мақсатында қолданысқа енгізіледі.

      4. Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының пайда ставкасын газ тасымалдау ұйымының тарифтерін қараған және бекіткен кезде уәкілетті орган анықтайды.

      5. Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      дивидендтер - қарапайым акцияға бөлінетін компанияның таза табысының бір бөлігі;

      қарыз капиталы - бір жылдан астам өтеу мерзімімен компанияның қарызы мен міндеттемесі;

      бас компания - газ тасымалдау ұйымы акцияларының бақылау пакеттерін иеленген компания;

      есепті кезең - газ тасымалдау ұйымының газды магистарльдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтеріне тарифті белгілеуге өтінім беру күнінің алдындағы төрт кезекті тоқсан;

      артықшылық берілген капитал - артықшылық берілген акцияларды шығару есебінен қалыптасқан капитал;

      меншікті капитал - кредиторлардың және акционерлердің алдындағы міндеттемелерді алып тастағанда артықшылық берілген акциялар бойынша құрылтайшылар (акционерлер) меншігіндегі компания активтерінің құны;

      капитал құрылымы - компанияның қаржыландыру құрылымындағы қарыз капиталының, артықшылық берілген капиталының және меншікті капиталының (қарапайым акциялар) үйлесімділігі;

      елдік тәуекел - елдегі саяси және экономикалық жағдайлардың мүмкін болатын өзгерістеріне байланысты келешек табыстағы белгісіздік;

      капиталдың орташа өлшенген құны - онда салмағы капиталдың нысаналы құрылымындағы қаржыландырудың әрбір көзінің үлесі ретінде анықталатын компанияның ұзақ мерзімді міндеттемелеріне, артықшылық берілген акцияларына, қарапайым акцияларына арналған табыстың қажетті нормаларының орташа өлшенген мәні;

      меншікті капиталдың құны - компанияның қарапайым акциядағы инвестицияларға инвесторлардың инвестициялық тәуекелдерін көрсететін табыстылықтың ставкасын сипаттайтын шама;

      артықшылық берілген капиталдың құны - компанияның артықшылық берілген акциядағы инвестицияларға инвесторлардың инвестициялық тәуекелдерін көрсететін табыстылықтың ставкасын сипаттайтын шама;

      қарыз капиталының құны - сыртқы қаржыландыруды тарту құны;

      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

2. Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін
базасына пайда ставкасын анықтау

      6. Салық салынғаннан кейінгі пайда ставкасы капиталдың негізделген және тиімді құрылымының негізінде есептеледі және капиталдың әртүрлі түрлерінің орташа өлшенген құны ретінде мынадай формула (1) бойынша анықталады:

      WACC = r d x(1-t)x(3K/K) + r e x(CK/K) + r p x(PK/K) (1)

      мұндағы:

      r d - ұзақ мерзімді қарыз капиталының құны;

      r e - меншікті капиталдың құны;

      r р - артықшылық берілген капиталдың құны;

      ЗК - ұзақ мерзімді қарыз капиталы;

      РК - төленген артықшылық берілген акциялар;

      СК - төленген қарапайым акциялар;

      К - жалпы капитал ЗК + РК + СК сомасы ретінде анықталады;

      t - салық салу ставкасы (корпоративтік табыс салығы).

      7. Салық салынғанға дейінгі пайда ставкасы (1-t) бөлінген салық салынғаннан кейінгі пайда ставкасы ретінде анықталады.

      8. Капитал құрылымын анықтау кезінде газ тасымалдау ұйымының, оның бас компаниясының және ұқсас компаниялардың "прокси тобының" капиталының құрылымдары қарастырылады.

      9. Газ тасымалдау ұйымы капиталының қолда бар құрылымы мынадай шарттар болған кезде пайдаланылады:

      1) капиталдың осы құрылымы экономикалық негізделген болып табылады және газ тасымалдау ұйымының қызметтерін тұтынушыларының мүдделеріне қысым жасамайды;

      2) газ тасымалдау ұйымы бас компаниядан тәуелсіз сырттан қарыз алуды жүзеге асырады.

      10. Газ тасымалдау ұйымының қаржыландырылуы бас компаниямен оның тартылған қарыз қаражатының есебінен жүзеге асырылған жағдайда, бұл ретте бас компания капиталының құрылымы газ тасымалдау ұйымы капиталының құрылымынан елеулі айрықша болған кезде, бас компания капиталының құрылымын қолданған мақсатты болады.

      11. Жекелеген жағдайларда, газ тасымалдау ұйымы мен оның бас компаниясы капиталының құрылымдары экономикалық негізделмеген болып табылса, ұқсас компанияның немесе газ тасымалдау ұйымының немесе оның бас компаниясының қызметіне неғұрлым сай келетін компаниялардың "прокси тобының" капитал құрылымын қолдану орынды. Бұл жағдайда, салыстыру үшін Қазақстанда да, шетелде де қызметін жүзеге асыратын компаниялар қабылдана алады.

3. Қарыз капиталының құны

      12. Пайда ставкасын есептеу үшін осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес газ тасымалдау ұйымының немесе осы Нұсқаулықтың 10-тармағына сәйкес оның бас компаниясының капитал құрылымы пайдаланған кезде, қарыз капиталының құны дисконттарды немесе сыйлықақыларды, қарыз капиталын тарту немесе қайта қаржыландыру бойынша шығындарды есепке ала отырып, есепті кезеңнің аяғындағы қарыз капиталының орташа өлшенген нақты құны ретінде анықталады.

      13. Осы Нұсқаулықтың 11-тармағына сәйкес капитал құрылымын анықтаған жағдайда, қарыз капиталының құны газ тасымалдау ұйымының кредиттік рейтінгісінің немесе ұқсас компанияның немесе осындай компаниялардың "прокси тобының" қарыз капиталы құнының негізінде анықталады.

      14. Егер қарыз капиталы шетел валютасында тартылған жағдайда, қарыз капиталының құнын болжамды бағам айырмасына түзету қажет. Қарыз капиталының осы түзетілген құны (2) формула бойынша есептеледі.

      r D (теңге) =(1 + r D {доллар))х(1 + i Қазақстан )/(1 + i АҚШ )-1 (2)

      мұндағы:

      r D {теңге) - қарыз капиталының теңгелік эквивалентіндегі құны;

      r D {доллар) - қарыз капиталының долларлық эквивалентіндегі құны;

      i ҚАЗАҚСТАН және i АҚШ - тиісінше Қазақстан мен АҚШ-ғы инфляцияның болжамды деңгейі.

4. Артықшылық берілген акциялардың құны

      15. Артықшылық берілген акциялардың құны газ тасымалдау ұйымы деректерінің негізінде есепті кезеңдегі орташа өлшенген мәні ретінде анықталады.

5. Меншікті капиталдың құны

      16. Газ тасымалдау ұйымы үшін меншікті капиталдың құнын анықтау дисконтталған ақша ағындарының қос сатылы үлгісінің негізінде жүзеге асырылады.

      17. Меншікті капиталдың құнын бағалаудың осы үлгісі компания акциясының бағасы инвесторлар талап ететін табыс деңгейіне сәйкес дисконтталған осы акцияға барлық болжамды келешектегі табыстардың ағымдағы құнының болуына негізделген. Акцияға келешектегі табыстар өсудің тұрақты қарқынымен сипатталатын орташа мерзімді кезеңдегі өсудің (өсудің орташа мерзімді қарқыны) негізінде болжанады.

      18. Инвесторлармен талап етілетін табыстылық деңгейі меншікті капиталдың құнын көрсетеді.

      19. Газ тасымалдау ұйымы үшін осы нұсқаулықты қолдану мақсаттарында меншікті капиталдың құнын анықтауға салыстырмалы таратушы құбырлары компанияларының прокси тобын анықтау қажет.

      20. Компанияларды прокси тобына таңдау мынадай өлшемдердің негізінде жүзеге асырылады:

      1) таңдалған компания акциялары қор биржасындағы ашық айналымда болатын акционерлік қоғам болуы тиіс;

      2) компания газ құбыры көлігінің тәуекелдерін көрсететін және растау ретінде әртараптандырылған газ саласын талдау үшін әртүрлі талдау есептерінің инвестициялық көріністеріне қосылған ретінде инвесторлармен қаралуға тиіс.

      21. Прокси тобының меншікті капиталының құны прокси тобына кіретін компаниялардың меншікті капиталы құндарының орташа мәні ретінде анықталады және (3) формула бойынша анықталады.


(3)

      мұндағы:

      r Е - прокси тобы үшін меншікті капиталдың орташа құны;

      r i Е - компаниясының меншікті капиталының құны;

      n - прокси тобындағы компаниялардың саны.

      22. Егер таңдалған компания өз қызметін АҚШ-тан тыс жерлерде жүзеге асырған жағдайда, осы компания үшін меншікті капиталдың алынған құны бірыңғай көрсеткіштерге келтіру үшін осы елдің елдік және бағам тәуекелдеріне түзетілуі тиіс.

      23. Әр компания үшін меншікті капиталдың құны бұл дивидендтерді тоқсан сайын төлеуге және дивидендтердің күтілетін өсу қарқынына түзетілген келесі жылдағы акциялар бойынша табыстылық сомасы. Меншікті капиталдың құны (4) формула бойынша есептеледі.


(4)

      мұндағы:

      Y i 1 - компаниясының акциялары бойынша келесі жылдағы табыстылық;

      g i - компаниясының күтілетін өсу қарқыны.

      24. Дивидендтерді тоқсан сайын төлеуге түзетілген келесі жылдағы компанияның акциялары бойынша табыстылығы (5) формула бойынша анықталады.

      Y l i = Y 0 i х (1+0,5g i ) (5)

      мұндағы:

      Y i 0 - компаниясының акциялары бойынша ағымдағы табыстылығы.

      25. Компанияның акциялары бойынша ағымдағы табыстылығы ағымдағы дивидендтердің акция бағасына қатынасы ретінде және (6) формула бойынша анықталады.


(6)

      мұндағы:

      Р i - компаниясына арналған өтінім беру күнінің алдындағы екі

      кезекті тоқсандағы акцияның орташа ағымдағы бағасы;

      Д i 0 - есепті кезеңде акцияға төленген дивидендтер.

      26. i компаниясы дивидендтерінің күтілетін өсу қарқыны үлес салмақтары жылдардағы тиісті кезеңдердің ұзақтығымен анықталатын орташа мерзімді және тұрақты өсу қарқындарының орташа өлшенген мәні ретінде есептеледі және (7) формула бойынша анықталады. Өсу қарқындарын пайдаланудың жалпы шегінің ұзақтығы 20 жылды құрайды.

      g i =g 0 i x KП/П + g t i x УП/П (7)

      мұндағы:

      g 0 i - і компаниясы үшін акцияға есептелген дивидендтердің орташа мерзімді өсу қарқыны;

      g t i - і компаниясы үшін акцияға есептелген дивидендтердің тұрақты өсу қарқыны;

      КП - өсудің орташа мерзімді қарқындарын (жылдарын) пайдалану шегі;

      УП - өсудің тұрақты қарқынын (жылдарын) пайдалану шегі;

      П - жалпы шек (жылдар) (КП+УП) сомасы ретінде анықталады.

      27. Компаниялар дивидендтерінің орташа мерзімді өсу қарқындарын жалпы танылған талдау компаниялары (бес жылдық кезеңге) ұсынады. Талдау компаниясының жалпы танымалдылығы оның деректерін басқа елдердегі газ тасымалдау ұйымдарын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың пайдалану жиілігімен анықталады.

      28. Өсудің тұрақты қарқыны өсудің орташа мерзімді қарқынының кезеңінен кейінгі кезеңге болжанады және компания өсуінің ішкі резервтік көздері болып табылатын екі компонентпен анықталады және (8) формула бойынша есептеледі.

      g t i = B i R i + V i S i (8)

      (8) теңдеудің бірінші компоненті компания өсуінің негізгі көзі болып табылады және өсудің тұрақты қарқынының ажырамас компоненті болып табылады.

      Мұндағы:

      B i - акциялар бойынша бөлінбеген болжамды табыстар үлесі;

      R i - акцияға есептегендегі компанияның теңгерімді құнына табыстылықтың болжанатын деңгейі.

      (8) теңдеудің екінші компоненті, егер компания қосымша акциялар эмиссиясын шығаруды болжамаса, есептеу кезінде тыс қалуы мүмкін.

      Мұндағы:

      V i - меншікті капиталдың болжамды өсу үлесі;

      S i - болжанатын жыл сайынғы эмиссияны (қарапайым акциялар көлемінің өсу қарқынын) есепке ала отырып, қарапайым акциялардың болжанған өсу пайызы.

      29. Прокси тобының меншікті капиталының құны Қазақстан Республикасының елдік тәуекелін көрсететін меншікті капитал құнына келтірілуі тиіс және ол (9) формула бойынша есептеледі.

      -

      r Е {доллар) = r Е + елдік тәуекелге сыйлықақы (9)

      мұндағы:

      r Е - Қазақстан Республикасының елдік тәуекелін долларлық эквивалентте көрсететін меншікті капиталдың құны.

      30. Елдік тәуекел үшін сыйлықақы елдің дефолты тәуекеліне негізделеді және долларда шығарылған Қазақстан Республикасының облигациялары бойынша табыстылығы мен қор рыногы тұрақсыздығының орташа коэффициентіне көбейтілетін АҚШ 10-жылдық қазынашылық облигациялары бойынша табыстылықтың арасындағы айырма ретінде есептеледі.

      31. Егер Қазақстан Республикасының облигациялары бойынша өтеудің қалған мерзімі 5 жылдан кем болған жағдайда, онда табыстылықты есептеу үшін Қазақстан рейтінгісіне жақындалған рейтінгісі бар елдердің облигациялары бойынша табыстылық алынады.

      32. Долларлық қатынаста көрсетілген меншікті капиталдың құны ұлттық валюта бағамының болжамды өзгерісіне қарай түзетіледі. Бұл түзету (10) формула бойынша есептеледі.

      r Е (теңге)=(1 + r Е (доллар)) х (1 + i Қазақстан )/(1+i АҚШ ) -1 (10)

      мұндағы:

      r Е (теңге) - меншікті капиталдың теңгелік эквиваленттегі құны;

      i ҚАЗАҚСТАН және і АҚШ - тиісінше Қазақстан мен АҚШ-тағы инфляцияның болжамды деңгейі.

      33. Ұлттық валютада көрсетілген меншікті капиталдың алынған құны капиталдың орташа өлшенген құнын, яғни пайда ставкасын есептеу үшін пайдаланылады.

      r Е = r Е {теңге) (11)

6. Газ тасымалдау ұйымының пайда ставкасын есептеу
үшін пайдаланылатын ақпарат

      34. Пайда ставкасын есептеу үшін осы Нұсқаулықтың 35, 36 және 37-тармақтарында санамаланған ақпарат пайдаланылады.

      35. Қарыз капиталының құнын есептеу үшін ақпарат мына төмендегілерді:

      1) қарыздардың атауын, оларды тарту күні мен өтеу күнін;

      2) қарыздар бойынша пайыздық ставкасын;

      3) қарыздардың жалпы сомасын;

      4) дисконттың немесе қарызды орналастыруды ұйымдастырушылар комиссиясының жалпы сомасын;

      5) шығару бойынша шығындардың жалпы сомасын;

      6) қарыздар бойынша таза түсімдерді;

      7) қарыз капиталының құнын: пайыздық ставка мен таза түсімдердің негізінде есептелетін өтеуге дейінгі табыстылықты қамтиды.

      36. Артықшылық берілген капиталдың құнын есептеу үшін ақпарат мына төмендегілерді:

      1) артықшылық берілген акциялар эмиссияның атауы мен күнін;

      2) егер кері сатып алуға жатса, сатып алу құнын;

      3) егер айырбасталатын болса, айырбастау шарттарын;

      4) дивидендтер бойынша ставкасын;

      5) артықшылық берілген акциялар эмиссияның атаулы сомасын;

      6) дисконттың немесе қарызды орналастыруды ұйымдастырушылар комиссиясының жалпы сомасын;

      7) шығару бойынша шығындардың жалпы сомасын;

      8) тартылған қаржының құнын - шығарылған акцияның бірлігіне таза тартылған қаражатқа бөлінген дивидендтер бойынша жыл сайынғы ставкасын қамтиды.

      37. Меншікті капиталдың құнын есептеу үшін ақпарат мына төмендегілерді:

      1) прокси тобына кіретін компаниялардың тізімін, осы компаниялары бизнесінің сипаттамасы мен таратушы құбыр көлігінің осы компаниялардың жалпы қызметіндегі үлесін;

      2) прокси тобына таңдалған компаниялардың бір акциясына есептегендегі акциялар бағаларын, табыстылық, дивидендтер мен теңгерімді құнының деңгейін;

      3) жалпы танылған талдау компаниясымен бағаланған прокси тобына кіретін компаниялардың орташа мерзімді өсу қарқынын;

      4) АҚШ 10-жылдық қазынашылық облигациялары бойынша табыстылық деңгейін;

      5) АҚШ долларында шығарылған Қазақстанның немесе Қазақстанның рейтінгісіне жақындалған рейтингісі бар елдердің мемлекеттік облигациялары бойынша табыстылық деңгейін;

      6) Қазақстан Республикасындағы және АҚШ-тағы инфляцияның болжамды деңгейін;

      7) пайдаланатын ақпарат пен есептеу компоненттерінің көздерін қамтиды. Есептеуде пайдаланылатын ақпараттың көздері ресми, шынайы мен қаржы және өзге ұйымдар кеңінен қолданылатындай болуға тиіс.