Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 наурызда № 9274 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 186 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8691 тіркелген, 2013 жылғы 1 қазанда «Заң газеті» газетінде № 147 (2348) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Қ. Келімбетов

Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды
жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін есепке алу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қордың инвестициялық портфеліндегі және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарын бағалау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) акциялардың баланстық құны – уәкілетті органымен келісілген қор биржасының ережесіне сәйкес осы акциялардың эмитентінің қаржылық есептіліктің негізінде айқындалатын акциялардың құны;
      2) борыштық қаржы құралының номиналды құны – шығарылымы кезде айқындалған, пайызда көрсетілген сыйақы, сондай-ақ өтеген кезде борыштық қаржы құралының ұстаушысына төлеуге жататын сомасы есептелетін борыштық қаржы құралы құнының ақша көрінісі, борыштық қаржы құралының номиналды құны осы борыштық қаржы құралы шығарылымының проспектісі негізінде айқындалады;
      3) қаржы құралдарын бағалау комитеті – құрамы және жұмыс істеу тәртібі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушының ішкі құжаттарымен реттелетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушының алқалық органы;
      4) қаржы құралының ағымдағы құны – бухгалтерлік есепте көрсетілген, негізгі борыш, есептелген сыйақы, амортизацияланбаған сыйлықақы (дисконт), құнын оң (теріс) түзету, резервтер (провизиялар) қамтылатын қаржы құралының құны;
      5) қаржы құралының әділ құны – Қағидалардың 4567891011121314163031323334353637383940,  41 және 42-тармақтарына сәйкес айқындалатын құны;
      6) құрылымдық ноттар – шығарылым шарттары негізгі борыш сомасының төлемі және (немесе) оларды шығару шартында берілген көрсеткіштеріне жетуге дейін осы қаржы құралдар бойынша сыйақының байланысын көздейтін Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері шығарған қаржы құралдары;
      7) өтімді емес борыштық бағалы қағаздар – құны (кірістілігі) қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінде белгіленген борыштық бағалы қағаздардың құнын анықтау критерийлеріне қарай есептелмейтін борыштық бағалы қағаздар;
      8) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      9) жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған, лицензиясының қолданысы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатылатын заңды тұлға.

2. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін
есепке алу және бағалау

      3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 69 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7118 тіркелген) бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8765 тіркелген) бекітілген «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебін жүзеге асырады.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы активтерін мынадай санаттар бойынша жіктеуді жүзеге асырады:
      1) амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар;
      2) әділ құны бойынша бағаланатындар.
      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы активтерін жоғарыда көрсетілген екі санаттың біріне жатқызуды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушы айқындайды.
      4. Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың жай және артықшылықты акцияларын бағалау қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген қор биржасының Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      5. Қор биржасы орналастыратын нарықтық баға туралы ақпарат болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың жай және артықшылықты акцияларын бағалау баланстық құны бойынша жүзеге асырылады.
      6. Қағидалардың 45 және 7-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, тек қана Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын (саудаланатын), «әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған өзге қаржы құралдарын бағалау қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген қор биржасының Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      7. Тек қана Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын (саудаланатын), «әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған өтімді емес борыштық бағалы қағаздарды бағалау Қағидалардың 16-тармағына сәйкес аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      Егер Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың тек қана Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын (саудаланатын), «әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған өтімді емес борыштық бағалы қағаздарына делистинг жүргізілген жағдайда, бағалау мақсаттары үшін осы бағалы қағаздардың қор биржасы жариялаған соңғы әділ құны пайдаланылады.
      8. «Әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған, тек қана халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналыста болатын (саудаланатын) қаржы құралдарын бағалау Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабу (close price) бағасы бойынша апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында жүзеге асырылады.
      9. Қазақстан Республикасының аумағында да, халықаралық (шетелдік) нарықтарда да айналыста болатын (саудаланатын), «әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған қаржы құралдарын бағалау Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабу (close price) бағасы бойынша апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында жүзеге асырылады.
      10. Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген бағаланатын қаржы құралдары туралы ақпарат болмаған жағдайда үлестік және борыштық қаржы құралдарын бағалау мақсаттары үшін ағымдағы құны пайдаланылады.
      11. Тазартылған қымбат металдарды бағалау алдыңғы аптаның соңғы жұмыс күні Лондон қауымдастығы жүргізетін қымбат металдар нарығы таңертеңгілік сауда-саттықтың сессиясы жабылу бағасы бойынша аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      12. Туынды қаржы құралдарын бағалау Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын ескере отырып, әзірленген ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте әділ құны бойынша аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      13. Пайларды бағалау инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырған соңғы есептелген құны бойынша аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      14. Банк салымдарында орналастырылған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны банк салымының шартында көрсетілген сыйақы сомасын күн сайын есептеу жолымен айқындалады.
      15. «Амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған қаржы құралдарын бағалау амортизацияланған құны бойынша жүзеге асырылады.
      16. Қор биржасы Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының әділ құнын қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен айқындайды.
      Дисконттау мөлшерлемесі қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен тоқсанына бір рет қор биржасы ресми тізімінің «Борыштық бағалы қағаздар» секторының әрбір жеке санаты (шағын санаты) үшін борыштық бағалы қағаздар кірістілігінің орташа мөлшерленген мөлшерлемесін есептеу әдістемесінің негізінде осы тоқсанның алдынғы он екі айдың қорытындысы бойынша тиісті санаттағы (шағын санаттағы) орташа мөлшерленген жылдық кірістілік мөлшерлемесіне қарай анықталады.
      Қор биржасының директорлар кеңесі есепті тоқсанға дисконттау мөлшерлемелерін бекітпеген жағдайда өтімді емес борыштық бағалы қағаздардың әділ құнын есептеу мақсатында алдыңғы есепті тоқсан үшін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен дисконттау мөлшерлемелері пайдаланылады.
      Қор биржасының директорлар кеңесінің шешімі есепті тоқсанның бірінші айының он бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кеш емес мерзімде қор биржасының интернет-ресурсында жарияланады.
      17. Қор биржасы апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кеш емес мерзімде өз интернет-ресурсында мынадай:
      1) Қағидалардың 16-тармағына сәйкес анықталатын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының өтімді емес борыштық бағалы қағаздарының құны туралы;
      2) қор биржасының ішкі құжаттарымен анықталатын өзге де мәліметтерді орналастырады.
      18. Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қаржы құралдарын қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құнсыздануына (құнын азайтуға) тест жүргізу және эмитенттің қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан құнын жоғалту кезінде зейнетақы активтерінің құнсыздануына (құнының азайтылуына) байланысты ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастыру (құнын теріс түзету) ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.
      19. Құнсыздануына тест жүргізуге ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының «амортизациялық құны бойынша бағаланатындар» санатына және дебиторлық берешектер шоттарына жатқызылған, сондай-ақ банк салымдарына орналастырылған зейнетақы активтері жатады. «Әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған зейнетақы активтері бойынша эмитенттің дефолты не делистингі және (немесе) банкроттығы жарияланған және (немесе) соңғы жарияланған тоқсандық (жылдық) бухгалтерлік баланстың негізінде теріс меншікті капиталдың және (немесе) халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналыста болатын және саудаланатын қаржы құралдарын қоспағанда, эмитенттің өзге қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамау фактісі болған жағдайда құнын төмендету жүзеге асырылады.
      Қаржы құралдарының құнсыздануы және құнын азайту Қағидалардың талаптары ескеріле отырып ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры әзірлеген әдістемеге (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады.
      20. Қаржы құралдарының құнсыздануына тест жүргізумен мынадай критерийлер анықталады:
      1) эмитенттің қаржылық жай-күйі;
      2) шығарылған қаржы құралдары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу мерзімін кешіктіру;
      3) кепілдіктің болуы;
      4) қаржы құралы рейтингінің және (немесе) эмитент рейтингінің төмендеуі;
      5) қаржы құралдарының құнсыздануы туралы куәландыратын өзге де объективті ақпарат.
      Акциялардың құнсыздануына тест жүргізу кезінде осы тармақтың 1), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген критерийлер қолданылады.
      Әрбір критерий бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес балл беріледі. Балл сомасы қаржы құралдарының жіктеу санатын анықтау кезінде пайдаланылады. Актив бойынша жиналған баллдардың санын негізге алып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес оның жіктеу санаты және қажетті резервтердің (провизиялардың) мөлшері белгіленеді.
      21. Эмитенттің қаржылық жай-күйі ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, әзірлейтін Әдістемеге сәйкес бағаланады және қаржылық жай-күйін бағалау тәртібін, әдісін, тәсілдерін, қажетті құжаттардың тізбесін және эмитенттің қаржылық жай-күйін анықтауға мүмкіндік беретін өзге қолайлы ақпаратты енгізеді. Әдістемені ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органы бекітеді.
      22. Әдістемеде эмитенттің қаржылық жай-күйін сипаттайтын мынадай негізгі көрсеткіштер қамтылады:
      1) төлем қабілеттілігі, Әдістемеде белгіленген коэффициенттердің тиісті жиынтығын негіздей отырып есептелетін, эмитенттің өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін ашады;
      2) қаржылық тұрақтылық, Әдістемеде белгіленген коэффициенттердің тиісті жиынтығын негіздей отырып есептелетін, капитал құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылдағы динамикасында), тиімділікті (соңғы күнтізбелік жылдағы динамикасында) ашады;
      3) эмитенттің өз қаржылық жай-күйін жақсарту үшін қабылдаған шаралары.
      23. Қаржылық жай-күйі мынадай болып жіктеледі:
      1) тұрақты - эмитенттің қаржылық жай-күйі тұрақты:
      эмитент төлемге қабілетті;
      коэффициенттердің мәні Әдістемеге сәйкес есептелген;
      бизнесті дамытудың оң нарықтық талаптары, сондай-ақ нарықта жақсы бәсекелестік позициясы қалыптасқан;
      ресурстарға және капитал нарығына еркін ену мүмкіндігі бар, бағалы қағаздарды шығару мерзімі аралығында эмитенттің қаржылық жай-күйін елеулі төмендетуге қабілетті сыртқы немесе ішкі факторлар анықталмаған;
      эмитенттің өз міндеттемесі бойынша есептесу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
      эмитенттің активтері және міндеттемелері бойынша мерзімдері шамалас келеді;
      2) қанағаттанарлық – осы санаттағы эмитенттің қаржылық жай-күйі «тұрақты» сипаттамасына жақын, бірақ оның осы деңгейді ұзақ уақыт бойы ұстап тұруы жөнінде болжам жасау төмен болып табылады;
      3) тұрақсыз – эмитенттің мынадай факторларға байланысты өзінің міндеттемелері бойынша есептесе алмайтындығы жөнінде белгілі бір болжам бар:
      эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты және елеулі түрде нашарлау белгілері бар (эмитенттің қолданып отырған шараларының қаржылық жай-күйін тиімді тұрақтандыра алатындығына сенім жоқ);
      эмитентке материалдық зиян әкеліп отырған төтенше жағдайлар, сондай-ақ өзге де жағдайлар бар, бірақ ол оның қызметін тоқтатуға әкеп соқтырған жоқ;
      4) шекті – эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты төмендеуі шекті деңгейге жетті:
      төлем қабілетсіздігі, эмитенттің банкрот болу мүмкіндігі немесе өзге қайта ұйымдастырылу мүмкіндігі;
      шарт талаптарының бұзылуы (пайыздардың немесе борыштың негізгі сомасының төленбеуі немесе төлем жасау мерзімдерінің бұзылуы);
      қағаз ұстаушының басқаша жағдайда жасалмауы мүмкін мүмкіндікті эмитентке жасауы;
      эмитентте оған материалдық зиянға әкеп соқтырған және (немесе) оның қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлар бар.
      24. Эмитенттің кредиттік рейтингісінің төмендеуі құнсыздануды растау болып табылмайды. Барлық оқиғаларды басқа қол жетімді деректер жиынтығымен қарастыру қажет.
      25. Қаржы құралдарының құнсыздануынан ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастыру немесе қаржы құралдарының құнын азайтуды жүзеге асыру Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айқындалатын ең төменгі мөлшерде айдың соңғы жұмыс күніне дейін жеті жұмыс күні бұрыннан ерте емес жүргізіледі.
      26. Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес есептелген резерв (құнды түзету) Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
      27. Қаржы құралдарының құнсыздануынан ықтимал шығындарға қарсы резервтердің (провизиялардың) мөлшері немесе қаржы құралдарының құнын азайтуының мөлшері қаржы құралдарының құнсыздануынан немесе қаржы құралдарының құнын азайтуынан ықтимал шығындарды жабуға бұрын қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруді ескере отырып, қаржы құралдарының ағымдағы құнынан есептеледі.

3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін
есепке алу және бағалау

      28. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін есепке алуды Нұсқаулыққа және Стандартқа сәйкес жүзеге асырады.
      29. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушының Инвестициялық комитеті:
      қаржы активтерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құрамына сатып алу туралы шешімдерді қабылдау кезінде Стандартта көзделген санаттарға қаржы құралдарын жатқызу;
      Стандартта көзделген санаттар бойынша қаржы құралдарын қайта жіктеу туралы шешім қабылдайды.
      30. Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың жай және артықшылықты акцияларын бағалау қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген қор биржасының Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      31. Қор биржасы орналастыратын нарықтық баға туралы ақпарат болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың жай және артықшылықты акцияларын бағалау баланстық құны бойынша жүзеге асырылады.
      32. Қағидалардың 3031 және 33-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, тек қана Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын (саудаланатын), «әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған өзге қаржы құралдарын бағалау қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен және уәкілетті органмен келісілген қор биржасының Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      33. Тек қана Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын (саудаланатын), «әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған өтімді емес борыштық бағалы қағаздарды бағалау Қағидалардың 16-тармағына сәйкес аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      Егер Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың тек қана Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын (саудаланатын), «әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған өтімді емес борыштық бағалы қағаздарына делистинг жүргізілген жағдайда, бағалау мақсаттары үшін осы бағалы қағаздардың қор биржасы жариялаған соңғы әділ құны пайдаланылады.
      34. Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген қаржы құралдарын қоспағанда, тек қана халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналыста болатын (саудаланатын) қаржы құралдарын бағалау аптаның бірінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 17.00 сағаттан кешіктірмей алдынғы аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында шетелдік кастодиан (кастодиандар) зейнетақы активтерін басқарушысына беретін зейнетақы активтерін жай-күйі туралы ақпараттың негізінде аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында жүзеге асырылады.
      Шетелдік кастодиан (кастодиандар) осы ақпаратты зейнетақы активтерін басқарушыға осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда осы ақпаратты шетелдік кастодиан (кастодиандар) зейнетақы активтерін басқарушыға берген соңғы алдынғы кезең үшін ұқсас ақпарат пайдаланылады.
      35. Қағидалардың 34-тармағында белгіленген тәртіпте зейнетақы активтерін басқарушының шетел кастодиан беретін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы ақпаратта Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген қаржы құралдары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, осы қаржы құралдарын бағалау әр апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабу (close price) бағасы бойынша жүзеге асырылады.
      36. Құрылымдық ноттарды бағалау нарықтық құны бойынша, ал ол болмаған жағдайда – ағымдағы құны бойынша жүзеге асырылады.
      37. Қазақстан Республикасының аумағында да, халықаралық (шетелдік) нарықтарда да айналыста болатын (саудаланатын), «әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған қаржы құралдарын бағалау Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабу (close price) бағасы бойынша апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңында жүзеге асырылады.
      38. Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде Қағидалардың 34 және 37-тармақтарында көрсетілген бағаланатын қаржы құралдары туралы ақпарат болмаған жағдайда үлестік және борыштық қаржы құралдарын бағалау мақсаттары үшін ағымдағы құны пайдаланылады.
      39. Тазартылған қымбат металдарды бағалау алдыңғы аптаның соңғы жұмыс күні Лондон қауымдастығы жүргізетін қымбат металдар нарығы таңертеңгілік сауда-саттықтың сессиясы жабылу бағасы бойынша аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      40. Туынды қаржы құралдарын бағалау Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын ескере отырып, әзірленген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте әділ құны бойынша аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      41. Пайларды бағалау инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырған соңғы есептелген құны бойынша аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын жүзеге асырылады.
      42. Банк салымдарында орналастырылған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны банк салымының шартында көрсетілген сыйақы сомасын күн сайын есептеу жолымен айқындалады.
      43. «Амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған қаржы құралдарын бағалау амортизацияланған құны бойынша жүзеге асырылады.
      44. Қағидалардың 34-тармағында көрсетілген қаржы құралдарын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құнсыздануына (құнын азайтуға) тест жүргізу және эмитенттің қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан құнын жоғалту кезінде зейнетақы активтерінің құнсыздануына (құнының азайтылуына) байланысты ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастыру (құнын теріс түзету) ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.
      45. Құнсыздануына тест жүргізуге бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «амортизациялық құны бойынша бағаланатындар» санатына және дебиторлық берешектер шоттарына жатқызылған, сондай-ақ банк салымдарына орналастырылған зейнетақы активтері жатады. «Әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жатқызылған зейнетақы активтері бойынша эмитенттің дефолты не делистингі және (немесе) банкроттығы жарияланған және (немесе) соңғы жарияланған тоқсандық (жылдық) бухгалтерлік баланстың негізінде теріс меншікті капиталдың және (немесе) халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналыста болатын және саудаланатын қаржы құралдарын қоспағанда, эмитенттің өзге қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамау фактісі болған жағдайда құнын төмендету жүзеге асырылады.
      Құнсыздану (қаржы құралдарының құнын азайту) Қағидалардың талаптары ескеріле отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әзірлеген әдістемеге (бұдан әрі – Әдістеме), қаржы құралдарын бағалау комитеті бекіткен әдістемеге (бұдан әрі – Құнсыздану әдістемесі) сәйкес жүзеге асырылады.
      46. Қаржы құралдарының құнсыздануына тест жүргізумен мынадай критерийлер анықталады:
      1) эмитенттің қаржылық жай-күйі;
      2) шығарылған қаржы құралдары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу мерзімін кешіктіру;
      3) кепілдіктің болуы;
      4) қаржы құралы рейтингінің және (немесе) эмитент рейтингінің төмендеуі;
      5) қаржы құралдарының құнсыздануы туралы куәландыратын өзге де объективті ақпарат.
      Акциялардың құнсыздануына тест жүргізу кезінде осы тармақтың 1), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген критерийлер қолданылады.
      Әрбір критерий бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес балл беріледі. Балл сомасы қаржы құралдарының жіктеу санатын анықтау кезінде пайдаланылады. Актив бойынша жиналған баллдардың санын негізге алып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес оның жіктеу санаты және қажетті резервтердің (провизиялардың) мөлшері белгіленеді.
      47. Эмитенттің қаржылық жай-күйі Құнсыздану әдістемесіне сәйкес бағаланады және қаржылық жай-күйін бағалау тәртібі, әдісі, тәсілдері, қажетті құжаттардың тізбесі және эмитенттің қаржылық жай-күйін анықтауға мүмкіндік беретін өзге де қолайлы ақпарат қамтылады.
      48. Құнсыздану әдістемесінде эмитенттің қаржылық жай-күйін сипаттайтын мынадай негізгі көрсеткіштер қамтылады:
      1) төлем қабілеттілігі, БЖЗҚ Құнсыздану әдістемесінде белгіленген коэффициенттердің тиісті жиынтығын негіздей отырып есептелетін, эмитенттің өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін ашады;
      2) қаржылық тұрақтылық, Құнсыздану әдістемесінде белгіленген коэффициенттердің тиісті жиынтығын негіздей отырып есептелетін, капитал құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылдағы динамикасында), тиімділікті (соңғы күнтізбелік жылдағы динамикасында) ашады;
      3) эмитенттің өз қаржылық жай-күйін жақсарту үшін қабылдаған шаралары.
      49. Қаржылық жай-күйі мынадай болып жіктеледі:
      1) тұрақты - эмитенттің қаржылық жай-күйі тұрақты:
      эмитент төлемге қабілетті;
      коэффициенттердің мәні Әдістемеге сәйкес есептелген;
      бизнесті дамытудың оң нарықтық талаптары, сондай-ақ нарықта жақсы бәсекелестік позициясы қалыптасқан;
      ресурстарға және капитал нарығына еркін ену мүмкіндігі бар, бағалы қағаздарды шығару мерзімі аралығында эмитенттің қаржылық жай-күйін елеулі төмендетуге қабілетті сыртқы немесе ішкі факторлар анықталмаған;
      эмитенттің өз міндеттемесі бойынша есептесу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
      эмитенттің активтері және міндеттемелері бойынша мерзімдері шамалас келеді;
      2) қанағаттанарлық – осы санаттағы эмитенттің қаржылық жай-күйі «тұрақты» сипаттамасына жақын, бірақ оның осы деңгейді ұзақ уақыт бойы ұстап тұруы жөнінде болжам жасау төмен болып табылады;
      3) тұрақсыз – эмитенттің мынадай факторларға байланысты өзінің міндеттемелері бойынша есептесе алмайтындығы жөнінде белгілі бір болжам бар:
      эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты және елеулі түрде нашарлау белгілері бар (эмитенттің қолданып отырған шараларының қаржылық жай-күйін тиімді тұрақтандыра алатындығына сенім жоқ);
      эмитентке материалдық зиян әкеліп отырған төтенше жағдайлар, сондай-ақ өзге де жағдайлар бар, бірақ ол оның қызметін тоқтатуға әкеп соқтырған жоқ;
      4) шекті – эмитенттің қаржылық жай-күйінің тұрақты төмендеуі шекті деңгейге жетті:
төлем қабілетсіздігі, эмитенттің банкрот болу мүмкіндігі немесе өзге қайта ұйымдастырылу мүмкіндігі;
      шарт талаптарының бұзылуы (пайыздардың немесе борыштың негізгі сомасының төленбеуі немесе төлем жасау мерзімдерінің бұзылуы);
      қағаз ұстаушының басқаша жағдайда жасалмауы мүмкін мүмкіндікті эмитентке жасауы;
      эмитентте оған материалдық зиянға әкеп соқтырған және (немесе) оның қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдайлар бар.
      50. Эмитенттің кредиттік рейтингісінің төмендеуі құнсыздануды растау болып табылмайды. Барлық оқиғаларды басқа қол жетімді деректер жиынтығымен қарастыру қажет.
      51. Қаржы құралдарының құнсыздануынан ықтимал шығындарға қарсы резервтерді (провизияларды) қалыптастыру немесе қаржы құралдарының құнын азайтуды жүзеге асыру Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айқындалатын ең төменгі мөлшерде айдың соңғы жұмыс күніне дейін жеті жұмыс күні бұрыннан ерте емес жүргізіледі.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құнсыздануынан ықтимал шығындарды жабуға арналған провизияларды қалыптастыру мөлшері бойынша шешімді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушының қаржы құралдарын бағалау комитеті қабылдайды.
      52. Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес есептелген резерв (құнды түзету) Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
      53. Қаржы құралдарының құнсыздануынан ықтимал шығындарға қарсы резервтердің (провизиялардың) мөлшері немесе қаржы құралдарының құнын азайтуының мөлшері қаржы құралдарының құнсыздануынан немесе қаржы құралдарының құнын азайтуынан ықтимал шығындарды жабуға бұрын қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруді ескере отырып, қаржы құралдарының ағымдағы құнынан есептеледі.

4. Ауыспалы ережелер

      54. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын инвестициялық портфельге оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдау күнінде жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерінде осы қаржы құралдары есепке алынған ағымдағы құны бойынша қабылдайды.
      55. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін беру аяқталғаннан кейін лицензия негізінде мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) және (немесе) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау қызметін жүзеге асыратын бағалаушының (бұдан әрі – бағалаушы) қорытындысы негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын бағалау жүзеге асырылады.
      Бағалаушының қорытындысы негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін бағалауды жүргізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қабылдайды.
      56. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша жүргізілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін бағалауға дейін бағалаушының қорытындысы негізінде:
      1) мыналарды жіктеу жүзеге асырылады:
      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы қорларынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 187 қаулысымен (2013 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8671 тіркелген) бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларына (бұдан әрі – № 187 қағида) сәйкес № 187 қағиданың 1-қосымшасына сай жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдері қалыптастырылған есепке алу санаттары бойынша қабылдаған зейнетақы активтері;
      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушының шешімі негізінде мынадай есепке алу санаттары бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы активтері:
      өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын қаржы құралдары;
      өтеуге дейін ұсталатын қаржы құралдары;
      сату үшін қолда бар қаржы құралдары;
      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебі Нұсқаулыққа және Стандартқа сәйкес мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      өтеуге дейін ұсталатын қаржы құралдарының бухгалтерлік есебі амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтерінің бухгалтерлік есебіне ұқсас жүзеге асырылады;
      өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын қаржы құралдарының және сату үшін қолда бар қаржы құралдарының бухгалтерлік есебі әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерінің бухгалтерлік есебіне ұқсас жүзеге асырылады;
      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілікті қалыптастыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша бағаланатын қаржы құралдары және әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтеріне ұқсас сату үшін қолда бар қаржы құралдары;
      амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтеріне ұқсас өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтері;
      4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы қорларынан қабылдаған мынадай қаржы құралдарын бағалау осы қаржы құралдары жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерінде есепке алынған есептелген сыйақы және сыйлықақы (дисконт) амортизациясы сомасына ұлғайтылған ағымдағы құны бойынша жүзеге асырылады:
      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы қаржы құралдарын қабылдау күнінен бастап Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде осы қаржы құралдары туралы ақпарат болмаған жағдайда Қағидалардың 34 және 37-тармақтарында көрсетілген борыштық қаржы құралдары;
      Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың борыштық бағалы қағаздары, есептелген сыйақы ескерілмеген нарықтық бағасы туралы ақпаратты қор биржасы оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қабылдаған күннен бастап жарияламайды;
      Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген құрылымдық ноттар;
      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы қорларынан қабылдаған мынадай қаржы құралдарын бағалау осы қаржы құралдары жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерінде есепке алынған ағымдағы құны бойынша жүзеге асырылады:
      қор биржасы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы акцияларды қабылдаған күннен бастап орналастыратын акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда Қағидалардың 30 және 31-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың жай және артықшылықты акциялары;
      Bloomberg немесе Reuters ақпараттық-талдау жүйелерінде осы қаржы құралдары туралы ақпарат болмаған жағдайда Қағидалардың 34 және  37-тармақтарында көрсетілген үлестік қаржы құралдары;
      6) қор биржасы орналастыратын акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, бағалануы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес жүргізілген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы қорларынан қабылдаған Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың жай және артықшылықты акцияларын бағалау соңғы ағымдағы құны бойынша жүргізіледі;
      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінде тұрған кезеңде зейнетақы активтерінің есебінен дефолт және (немесе) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейінің рейтингтік бағасы бойынша «D» деңгейіне дейін төмен болған Қазақстан Республикасының резиденттері – эмитенттердің қаржы құралдарын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құнсыздануына (құнын азайтуға) тестілер жүргізу жүзеге асырылмайды және құнсыздану (қаржы құралдарының құнын азайту) жүргізілмейді.
      Құнсыздануға (құнын азайтуға) тестер және Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлімінде көрсетілген қаржы құралдарының құнсыздануын (құнын азайтуды) жүргізу Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      57. Қағидалардың 56-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацында және 5) тармақшасында көзделген талаптар «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының зейнетақы активтеріне қолданылмайды.
      58. Бағалаушының қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша жүргізілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін бағалаудан кейін қаржы құралдарын бағалау комитеті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарын Стандартта көзделген санаттар бойынша бір мезгілде жіктеу туралы шешім қабылдайды.

Зейнетақы активтерін есепке алуды  
және бағалауды жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша              

Қаржы құралдарының құнсыздануын немесе құнын азайтуды тану
критерийлері


Критерий атауы

Балл саны

1

Қаржылық жай-күйі:


1.1

Тұрақты

+0

1.2

Қанағаттанарлық

+1

1.3

Тұрақты емес

+2

1.4

Шекті

+7

2

Шығарылған/берілген қаржы құралдары бойынша төлемдердің кез келгенін өтеу мерзімін кешіктіру:


2.1

Мерзімін кешіктірудің болмауы

-1

2.2

Күнтізбелік 7 күнге дейін мерзімін кешіктіру

+0

2.3

Күнтізбелік 8 күннен 15 күнге дейін мерзімін кешіктіру

+1

2.4

Күнтізбелік 16 күннен 30 күнге дейін мерзімін кешіктіру

+2

2.5

Күнтізбелік 30 күннен астам

+3

2.6

Күнтізбелік 1 жылдан астам

+4

3

Кепілдіктің болуы:


3.1

Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақыға 100%-ға кепілдік беру кезінде)

-4

3.2

Қазақстан Республикасы мемлекетінің (негізгі борыш пен сыйақыға 100%-дан кем кепілдік беру кезінде)

(Балл сомасы «-4»-тен бастап кепілдік мөлшеріне шамалас есептеледі)

3.3

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шет мемлекеттің

-3

3.4

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері

-3

3.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес рейтингісі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетелдік эмитенттің

-2

3.6

Кепілдіксіз

+0

4

Рейтингінің болуы:


4.1

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А»-дан төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы

-4

4.2

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен «ВВВ-»-ке дейінгі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы

-3

4.3

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен «В-»-ке дейінгі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы

-2

4.4

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі бағасы

+3

5

Рейтингісі жоқ


5.1

«Бірінші шағын санаттың (ең жоғары санат) рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар

-1

5.2

«Екінші шағын санаттың (ең жоғары санаттан кейінгі) рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар

+0

5.3

Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, қор биржасымен танылған рейтингілік агенттіктердің бағалары бар қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

+1

6

Қор биржасы ресми тізімінің «акциялар» секторындағы бірінші санатқа (ең жоғары) енгізілген эмитенттер акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар

-1

6.1

Қор биржасы ресми тізімінің «акциялар» секторындағы екінші санатқа (ең жоғары) енгізілген эмитенттер акциялары және олар бойынша депозитарлық қолхаттар

0

7

Қор биржасының ресми тізімінің «буферлік санатына» эмиттенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақы төлеу бойынша дефолтқа ұшыраған жағдайда енгізілген борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізімінің «буферлік санатына» енгізілген борыштық бағалы қағаздар

+1

8

Делистинг немесе рейтингінің төмендеуі

+2

9

Бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру (уәкілетті органның орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімі)

+2

10

Ақпараттың болмауы

+10

Зейнетақы активтерін есепке алуды    
және бағалауды жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша               

Қаржы құралдарының құнсыздануынан ықтимал шығындарды жабуға
арналған резервтердің (провизиялардың) мөлшері немесе құнын
азайту мөлшері

Балл сомасы

Қаржы құралдарының жіктелу санаты

Резервтердің (провизиялардың) қажетті мөлшері

1

Стандартты

0 %

2-4

1-санатты күмәнді

10 %

5-7

2-санатты күмәнді

15 %

8-10

3-санатты күмәнді

25 % (35 %)

11-12

Қанағаттанарлықсыз

50 % (70 %)

12-ден жоғары

Үмітсіз

90 %

      Кестеге түсіндірмелер:

      Осы критерийлер қаржы құралдарының құнсыздануы немесе қаржы құралдарының құнын азайту үшiн пайдаланылған кезде рейтингілiк бағасы және листинг санаты болған кезде есепке рейтингілiк бағасы алынады.
      1-ге дейiнгi (қоса алғанда) балл сомасы алынған кезде қаржы құралы стандартты болып жiктеледi.
      2-ден 4-ке дейiн (қоса алғанда) тең балл сомасы болған кезде қаржы құралы 1-санатты күмәндi болып жiктеледi, провизиялардың 10 (он) пайызы қалыптастырылады.
      5-тен 7-ге дейiн (қоса алғанда) тең балл сомасы болған кезде қаржы құралы 2-санатты күмәндi болып жiктеледi, провизиялардың 15 (он бес) пайызы қалыптастырылады.
      8-ден 10-ға дейiн (қоса алғанда) тең балл сомасы болған кезде қаржы құралы 3-санатты күмәндi болып жiктеледi, мыналар:
      борыштық бағалы қағаздар және банк салымдары бойынша провизиялардың 25 (жиырма бес) пайызы;
      акциялар бойынша провизиялардың 35 (отыз бес) пайызы қалыптастырылады.
      11-ден 12-ге дейiн (қоса алғанда) тең балл сомасы болған кезде қаржы құралы қанағаттанарлықсыз болып жiктеледi, мыналар:
      борыштық бағалы қағаздар және банк салымдары бойынша провизиялардың 50 (елу) пайызы;
      акциялар бойынша провизиялардың 70 (жетпіс) пайызы қалыптастырылады.
      12-ден жоғары балл сомасы болған кезде бағалы қағаз үмiтсiз деп жiктеледi, провизиялардың 90 (тоқсан) пайызы қалыптастырылады. Эмитенттiң борыштық бағалы қағазы және (немесе) банк салымы үмiтсiз деп жiктелген жағдайда осы эмитенттiң акциясы бiр мезгiлде нөлге дейiн есептен шығарылады.
      Қаржы құралының эмитентi банкрот болған кезде осы қаржы құралы бiр мезгiлде нөлге дейiн есептен шығарылады.