Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9258 тіркелді.

Жаңартылған

      "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы бекітілсін.

      2. "Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 309 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6631 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов):

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

З. Баймолдина


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 7 наурыздағы № 98
бұйрығымен бекітілген

Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.02.2015 № 123 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеуі (бұдан әрі - есептік тіркеу) хабарлау сипатына ие және тиісті атқарушылық округтің жеке сот орындаушылары туралы деректерді қалыптастыру мақсатында Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен күнінен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен адамды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) тіркеу есебіне қоюға арналған.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Есептік тіркеуден өту үшін Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген мерзімде аумақтық органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда хабарлама береді.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия;

      3) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басқармасының өтініш берушіні Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке қабылдау туралы шешімінің көшірмесі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Өтініш берушіні есептік тіркеуге қою туралы мәліметтер осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабына (бұдан әрі - Кітап) енгізіледі.

      5. Кітап аумақтық органда жүргізіледі.

      Кітаптағы парақтар байланады, нөмірленеді және аумақтық органның мөрімен бекітіледі.

      Кітапқа енгізілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақыттылығы, сондай-ақ сақталуы аумақтық органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен айқындалған аумақтық органның қызметкеріне жүктеледі.

      6. Жеке сот орындаушысы тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгерген жағдайда аумақтық органға тиісті өзгерістер туындаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынады.

      Бұл ретте жеке сот орындаушысы өзінің тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгергені туралы ақпаратына тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін аумақтық органға ұсынады.

      7. Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) жеке сот орындаушысы кызметі аумағының басқа атқару округына ауысуы;

      2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қызметінің тоқтатылуы;

      3) жеке сот орындаушысы қызметін өз еркімен тоқтатуы;

      4) Республикалық палата мүшелігінен шығарылуы.

      Кітапқа жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу туралы мәліметтер енгізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Есептік тіркеуге қоюды немесе одан алуды аумақтық орган өтініш келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды.

      Аумақтық орган есептік тіркеуге қойған немесе алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

  Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасына
1-қосымша

      Нысан

      _________________________

      (аумақтық орган)

      _________________________

      _________________________

      _________________________

Ескерту

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________________

      (қызметін жүзеге асыратын атқарушылық округтің

      _____________________________________________________________________

      әкімшілік-аумақтық бірлігі, кеңсенің орналасқан мекенжайы

      көрсетіледі)

      жеке сот орындаушысы ретінде қызмет атқаратындығы туралы.

      Осы ескертуге мыналарды қоса беремін:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________ _________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      20__ж. "__" __________

  Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасына
2-қосымша

      Нысан

____________________ (қаласы) облысы жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу кітабы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.05.2016 № 357 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/р

Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні

Мемлекеттік лицензияның нөмірі және берілген күні

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшелігіне кірген күні

Есептік тіркеуге қойылған күні

Жеке сот орындаушысының кеңсесі орналасқан жері

Жеке сот орындаушысының үйінің мекенжайы

Жеке сот орындау шыларының республикалық палатасының мүшелігінен шығарылған күні

Есептік тіркеуден алынған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











  Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасына
3-қосымша

      Нысан

_________________________ (қаласы) облысы
жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу кітабы

Р/с

Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты

Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні

Мемлекеттік лицензияның нөмірі және берілген күні

Жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың күні және №

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшелігіне кірген күні

Есептік тіркеуге қойылған күні

Жеке сот орындаушысы кеңесінің орналасқан жері

Жеке сот орындаушысының мекенжайы

Жеке сот орындау шыларының республикалық палатасының мүшелігінен шығарылған күні

Есептік тіркеуден алынған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11