«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы бекітілсін.
2. «Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 309 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6631 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов):
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы З. Баймолдина
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 7 наурыздағы № 98
бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы
1. Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеуі (бұдан әрі – есептік тіркеу) келу сипатына ие және тиісті атқарушылық округтің жеке сот орындаушылары туралы деректерді қалыптастыру мақсатында жеке сот орындаушылары лауазымына тағайындалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде жеке сот орындаушысы лауазымына орналасуға және жеке сот орындаушыларының алқасына мүшелікке өткен адамды уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) тіркеу есебіне қоюға арналған.
3. Есептік тіркеуден өту үшін жеке сот орындаушысы лауазымына орналасуға және жеке сот орындаушыларының алқасына мүшелікке өткен тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген мерзімде аумақтық органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғаны туралы бұйрықтың көшірмесі;
3) уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке сот орындаушыcының қызметiмен айналысу құқығына лицензия.
4) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы басқармасының өтініш берушіні жеке сот орындаушылары алқасына мүшелікке қабылдау туралы шешімінің көшірмесі;
5) егер өтініш беруші бұрын басқа атқарушылық округте атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырған болса тиісті атқарушылық округте есептік тіркеуден шығару туралы аумақтық органның бұйрығының көшірмесі.
6) кеңсе үшін үй-жайдың бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (жалға беру, сатып алу-сату шарты немесе үй-жайды пайдалануға құқықты растайтын өзге де құжат);
7) салық органы берген жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі;
8) жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесі;
9) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда жеке сот орындаушысының жеке сауалнамасы.
4. Өтініш берушіні есептік тіркеуге қою туралы мәліметтер осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабына (бұдан әрі – Кітап) енгізіледі.
5. Кітап аумақтық органда жүргізіледі.
Кітаптағы парақтар байланады, нөмірленеді және аумақтық органның мөрімен бекітіледі.
Кітапқа енгізілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақтылығы, сондай-ақ сақталуы аумақтық органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен айқындалған аумақтық органның қызметкеріне жүктеледі.
6. Жеке сот орындаушысы тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгерген жағдайда аумақтық органға тиісті өзгерістер туындаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынады.
Бұл ретте жеке сот орындаушысы өзінің тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгергені туралы ақпаратына тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін аумақтық органға ұсынады.
7. Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу жеке сот орындаушысы лицензиясының қызмет етуі тоқтатылған, басқа атқару округында жеке сот орындаушысының бос лауазымына орналасуға конкурсқа өткен, жеке сот орындаушысы қызметін өз еркімен тоқтатқан жағдайда жүзеге асырылады.
Кітапқа жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу туралы мәліметтер енгізіледі.
8. Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуге қою және алу аумақтық органның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.
Аумақтық орган жеке сот орындаушысын есептік тіркеуге қою және алу туралы бұйрықты шығарған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұйрықтың көшірмесін тіркей отырып, уәкілетті органды хабардар етеді.
Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасына
1-қосымша
Нысан
_____________________________
(аумақтық орган)
_____________________________
_____________________________
_____________________________
Өтініш
_____________________________________________________________________
(жеке сот орындаушысы тағайындалған атқарушылық округтің
_____________________________________________________________________
әкімшілік-аумақтық бірлігі көрсетіледі)
жеке сот орындаушысы ретінде есептік тіркеу жүргізуді сұраймын.
Осы өтінішке мыналарды қоса беремін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________ ________________________
(Қолы) (Т.А.Ә.)
20___ж. «__» _____________
Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасына
2-қосымша
Жеке сот орындаушысының жеке сауалнамасы Жалпы мәліметтер
1. Тегі _______________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда)_____________________________
2. Туған күні _________________________________________________
(жылы, күні, айы)
3. Туған жері _________________________________________________
_______________________________________________________________
4. Білімі _____________________________________________________
_______________________________________________________________
(жоғары оқу орнының атауы және бітірген күні)
5. Дипломы бойынша мамандығы __________________________________
Диплом ______ ж. «___» __________________ № ___________________
6. Жалпы жұмыс өтілі __________________________________________
7. Заңгер мамандығы бойынша жұмыс өтілі _______________________
оның ішінде атқарушылық іс жүргізу саласында __________________
8. Жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындау туралы
бұйрықтың күні және № _______________________________________________
9. Жеке сот орындаушылары алқасының мүшелігіне кірген күні ____
10. Есептік тіркелген күні ____________________________________
11. Сақтандыру компаниясының атауы және жеке сот орындаушысының
азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы шарт жасасқан күні
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
12. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
№ _____________кім берді________ берілген күні ________________
13. ЖСН _______________________________________________________
14. Мекенжайы _________________________________________________
_______________________________________________________________
үй телефоны ___________________________________________________
15. Кеңсенің мекенжайы ________________________________________
_______________________________________________________________
жұмыс телефоны ________________________________________________
Мемлекеттік лицензияның нөмірі мен берілген күні |
Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі |
Жеке сот орындаушысы қолының үлгісі |
Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасына
3-қосымша
Нысан
_____________________________(қаласы) облысы
жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу кітабы
Р/с№ |
Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты |
Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні |
Мемлекеттік лицензияның нөмірі және берілген күні |
Жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың күні және № |
Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының мүшелігіне кірген күні |
Есептік тіркеуге қойылған күні |
Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жері |
Жеке сот орындаушысының мекенжайы |
Жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының мүшелігінен шығарылған күні |
Есептік тіркеуден алынған күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |