"Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 наурызда № 10413 тіркелді

      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабы 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9258 тіркелген, 2014 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                               Б.Имашев

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2015 жылғы 27 ақпандағы
бұйрығына қосымша   

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрі міндетін  
атқарушысының       
2014 жылғы 7 наурыздағы № 98
бұйрығымен бекітілген   

Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы

      1. Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу тәртібін айқындайды.
      2. Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеуі (бұдан әрі - есептік тіркеу) хабарлау сипатына ие және тиісті атқарушылық округтің жеке сот орындаушылары туралы деректерді қалыптастыру мақсатында жеке сот орындаушылары лауазымына тағайындалған күнінен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде жеке сот орындаушысы лауазымына орналасуға және Жеке сот орындаушыларының, республикалық палатасына мүшелікке өткен адамды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) тіркеу есебіне қоюға арналған.
      3. Есептік тіркеуден өту үшін жеке сот орындаушысы лауазымына орналасуға және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген мерзімде аумақтық органға осы Қағиданың  1-қосымшасына сәйкес нысанда өтініш береді.
      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғаны туралы бұйрықтың көшірмесі;
      3) уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия;
      4) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басқармасының өтініш берушіні Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке қабылдау туралы шешімінің көшірмесі;
      5) егер өтініш беруші бұрын басқа атқарушылық округте атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырған болса, тиісті атқарушылық округте есептік тіркеуден шығару туралы аумақтық, органның хабарламасы;
      6) кеңсе үшін үй-жайдың бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (жалға беру, сатып алу-сату шарты немесе үй-жайды пайдалануға құқықты растайтын құқығын белгілейтін өзге де құжат);
      7) жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесі;
      8) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда жеке сот орындаушысының жеке сауалнамасы.
      4. Өтініш берушіні есептік тіркеуге қою туралы мәліметтер осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабына (бұдан әрі - Кітап) енгізіледі.
      5. Кітап аумақтық органда жүргізіледі.
      Кітаптағы парақтар байланады, нөмірленеді және аумақтық органның мөрімен бекітіледі.
      Кітапқа енгізілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақыттылығы, сондай-ақ сақталуы аумақтық органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен айқындалған аумақтық органның қызметкеріне жүктеледі.
      6. Жеке сот орындаушысы тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгерген жағдайда аумақтық органға тиісті өзгерістер туындаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынады.
      Бұл ретте жеке сот орындаушысы өзінің тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгергені туралы ақпаратына тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін аумақтық органға ұсынады.
      7. Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) жеке сот орындаушысы кызметі аумағының басқа атқару округына ауысуы;
      2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қызмет етуінің тоқтатылуы;
      3) жеке сот орындаушысы қызметін өз еркімен тоқтатуы;
      4) Республикалық палата мүшелігінен шығарылуы;
      5) Республикалық палата мүшелігіне кіруден бас тартуы.
      Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден осы тармақтың 2)3),  4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша алу жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың күшін жою үшін негіз болып табылады.
      Кітапқа жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу туралы мәліметтер енгізіледі.
      8. Есептік тіркеуге қоюды немесе одан алуды аумақтық орган өтініш келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды.
      Аумақтық орган есептік тіркеуге қойған немесе алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасына
1-қосымша      

Нысан

_______________________
(аумақтық орган)   
_______________________
_______________________
_______________________

Өтініш

____________________________________________________________________
      (жеке сот орындаушысы тағайындалған атқарушылық округтің
____________________________________________________________________
                әкімшілік-аумақтық бірлігі көрсетіледі)
жеке сот орындаушысы ретінде есептік тіркеу жүргізуді сұраймын.

Осы өтінішке мыналарды қоса беремін:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      _____________                      _________________________
          (Қолы)                         (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

20__ж.«__» __________

Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасына
2-қосымша        

Нысан

Жеке сот орындаушысының жеке сауалнамасы

Жалпы мәліметтер

1. Тегі ____________________________________________________________
Аты ________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) _________________________________
2. Туған күні ______________________________________________________
                               (күні, айы, жылы)
3. Туған жері ______________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Білімі __________________________________________________________
____________________________________________________________________
          (жоғары оқу орнының атауы және бітірген күні)
5. Дипломы бойынша мамандығы _______________________________________
Диплом _______ ж. «__» __________________ № ________________________
6. Жалпы жұмыс өтілі _______________________________________________
7. Заңгер мамандығы бойынша жұмыс өтілі ____________________________
оның ішінде атқарушылық іс жүргізу саласында _______________________
8. Жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың
күні және № ________________________________________________________
9. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелігіне
кірген күні ________________________________________________________
10. Сақтандыру компаниясының атауы және жеке сот орындаушысының
азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы шарт жасасқан күні ________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
№ __________ кім берді __________ берілген күні ____________________
12. ЖСН ____________________________________________________________
13. Мекенжайы ______________________________________________________
____________________________________________________________________
үй телефоны ________________________________________________________
14. Кеңсенің мекенжайы _____________________________________________
____________________________________________________________________
жұмыс телефоны _____________________________________________________

Мемлекеттік лицензияның нөмірі мен берілген күні

Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі

Жеке сот орындаушысы қолының үлгісі




Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасына
3-қосымша         

Нысан

_________________________ (қаласы) облысы
жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу кітабы

Р/с

Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты

Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні

Мемлекеттік лицензияның нөмірі және берілген күні

Жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың күні және №

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшелігіне кірген күні

Есептік тіркеуге қойылған күні

Жеке сот орындаушысы кеңесінің орналасқан жері

Жеке сот орындаушысының мекенжайы

Жеке сот орындау шыларының республикалық палатасының мүшелігінен шығарылған күні

Есептік тіркеуден алынған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11