Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 98 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 наурызда № 9258 тіркелді.

Жаңартылған

      "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы бекітілсін.

      2. "Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 309 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6631 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетов):

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің төрағасы Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы З. Баймолдина

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін
атқарушының
2014 жылғы 7 наурыздағы
№ 98 бұйрығымен бекітілген

Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.12.2018 № 1622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеуі (бұдан әрі - есептік тіркеу) тиісті атқарушылық округтің жеке сот орындаушылары туралы деректерді қалыптастыру мақсатында Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен адамды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) тіркеу есебіне қоюға арналған.

      3. Есептік тіркеуден өту үшін Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке өткен жеке сот орындаушысы тиісті аумақтық органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда хабарламаны жеткізуді қамтамасыз ететін байланыс құралы арқылы жолдайды.

      Хабарламаға мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басқармасының өтініш берушіні Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына мүшелікке қабылдау туралы хаттаманың көшірмесі;

      2) кеңсе үшін үй-жайдың бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (жалға беру, сатып алу-сату шарты немесе үй-жайды пайдалануға құқықты растайтын өзге де құжат);

      3) жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесі;

      4. Есептік тіркеуге қою немесе алу туралы мәліметтер аумақтық органға хабарлама (хаттама) келіп түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабына (бұдан әрі - Кітап) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда енгізіледі.

      5. Кітап аумақтық органда жүргізіледі.

      Кітаптағы парақтар байланады, нөмірленеді және аумақтық органның мөрімен бекітіледі.

      Кітапқа енгізілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақыттылығы, сондай-ақ сақталуы аумақтық органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен айқындалған аумақтық органның қызметкеріне жүктеледі.

      6. Жеке сот орындаушысы тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгерген жағдайда аумақтық органға тиісті өзгерістер туындаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынады.

      Бұл ретте жеке сот орындаушысы өзінің тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгергені туралы ақпаратына тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін аумақтық органға ұсынады.

      7. Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) жеке сот орындаушысы кызметі аумағының басқа атқару округына ауысуы;

      2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қызметінің тоқтатылуы;

      3) жеке сот орындаушысы қызметін өз еркімен тоқтатуы;

      4) Республикалық палата мүшелігінен шығарылуы.

      Есептік тіркеуден алу үшін Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы аумақтық әділет органдарына жеке сот орындаушысын Республикалық палатадан мүшеліктен шығару немесе жеке сот орындаушысының қызметтік аумағын басқа атқару округіне ауыстыру туралы хаттаманы бес жұмыс күн ішінде жолдайды.

      Кітапқа жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу туралы мәліметтер енгізіледі.

      8. Аумақтық орган жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуге қойғандығы немесе алғандығы туралы әр айдың 5 қарай уәкілетті органға мәліметтер жолдайды.

  Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасының
1-қосымшасы
  Нысан
  ____________________________
(аумақтық әділет органы)
кімнен______________________
(тегі, аты, жөні
(болған жағдайда) және ЖСН)

Естептік тіркеуге қою туралы хабарлама

      Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының мүшелігіне өтуіме байланысты, аумақтық әділет органына есептік тіркеуге қою үшін өзім туралы ресми мәліметті жолдаймын:

Тұрғылықты, тіркелген мекен-жайы


Жұмыс және ұялы телефондары


Электрондық поштасы


      Қосымша:

      1)________________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________

      3)________________________________________________________________________

      Қағаз түрінде ұсынылса: _____________________________

                                    (күні және қолы)

      Электронды түрде ұсынылса: __________________________________

                                    (күні және ЭЦҚ қойылған уақыты)

  Жеке сот орындаушыларының
есептік тіркеу қағидасының
2-қосымшасы
  Нысан

_____________ облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабы

Есептік тіркеуге қою күні

Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

ЖСН

Мемлекеттік лицензияның нөмірі және берілген күні

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшелігіне кіруі (ауысуы) туралы Басқарма хаттамасының нөмірі және күні

Жеке сот орындаушы сының кеңсесі үшін үй-жайдың орналасқан жері, электрондық поштасы, жұмыс және ұялы телефондары

Жеке сот орындаушы сының тұғылықты және тіркелген мекен-жайы

Жеке сот орындаушы ларының республика лық палатасының мүшелігінен шығару туралы хаттаманың нөмірі және күні, негізі

Есептік тіркеуден алудың күні, негізі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11