«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 3-тармағына, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 17) тармақшасына және «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешенінде мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А. Момышев) мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрі Өңірлік даму министрі
________ Ұ. Қарабалин ____________ Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2014 жылғы 28 қаңтардағы
№ 10 және Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрі
2014 жылғы 31 қаңтардағы
№ 22/НҚ бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер
1. «Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 146 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 31 тамыздағы № 275 бірлескен бұйрығында (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7180 тіркелген, 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 497-500 (26892) жарияланған):
аталған бұйрықпен бекітілген мұнай өнімдерін өндіру саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бастапқы кезде барлық тексерілетін субъектілер орташа тәуекел дәрежесі тобына жатқызылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі бөлу мына өлшемдер бойынша жинаған балға байланысты жүргізіледі:
тексерілетін субъектілермен құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру - 2 балл;
екі және одан да көп тексерілетін субъектілермен мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы - 1 балл;
тексерілетін субъектілермен шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін және сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын сатып алуға, сондай-ақ өңдеуге қабылдау - 6 балл;
шұғыл түрде авариялық жағдайды болдырмау қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспестен, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату және аз қуатты технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіру - 2 балл;
тексерілетін субъектілердің шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізуі - 1 балл;
тексерілетін субъектіде өндіріс паспортының болмауы - 1 балл;
тексерілетін субъектіде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесінің болмауы - 1 балл;
тексерілетін субъектіде Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шоттың болмауы - 1 балл;
тексерілетін субъектілердің инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есептілікті ұсынбауы - 1 балл;
тексерілетін субъектілердің мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есеп жүргізу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынбауы - 4 балл;
тексерілетін субъектілердің мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген аз мөлшерін орындамауы - 2 балл.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тексеру қорытындысы бойынша тексерілетін субъектінің жинаған балдары қосылып есептеледі.
Тексеру кезеңінде 4 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер болмашы тәуекел дәрежесі тобына жатқызылады.
Тексеру кезеңінде 4 балдан 6 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер орташа тәуекел дәрежесі тобына жатқызылады.
Тексеру кезеңінде 6 балл және одан көп балл жинаған тексерілетін субъектілер жоғары тәуекел дәрежесі тобына жатқызылады.»;
2. «Мұнай өнімдерін өндіру саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 147 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 31 тамыздағы № 276 бірлескен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7179 тіркелген, 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 497-500 (26892) жарияланған):
кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«
№ р/с |
Талаптар |
Қойылатын |
Талаптарға сәйкес |
Қуаттылығы 800 мың тоннадан жоғары мұнай өнімдерін өндірушілер |
|||
1. |
Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру |
||
2. |
Мұнай өнімдерін өндіруге қажетті жабдықтарды пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуы |
||
3. |
Шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін және сапасын растайтын құжаттардың болуы |
||
4. |
Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз, мұнай өнімдерін өндіруге пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату |
||
5. |
Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізу |
||
6. |
Өндіріс паспортының болуы |
||
7. |
Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға технологиялық қондырғылардың жоспарлы - алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесінің болуы және оның сақталуы |
||
8. |
Қазақстан Республикасының резидент-банкінде инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін ағымдағы шоттың болуы |
||
9. |
Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру туралы есепті ұсыну |
||
10. |
Мұнай өндіру саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсыну |
||
11. |
Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген мұнай өнімдерін өндірудің белгіленген аз мөлшерін орындау |
||
Қуаттылығы 800 мың тоннадан кем мұнай өнімдерін өндірушілер |
|||
1. |
Құрамында металы бар қосындыларды (дизель отыны үшін статикалық қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин мен дизель отынын өндіру |
||
2. |
Мұнай өнімдерін өндіруге қажетті жабдықтарды пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуы |
||
3. |
Шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының шыққан жерін және сапасын растайтын құжаттардың болуы |
||
4. |
Шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өткізу |
||
5. |
Өндіріс паспортының болуы |
||
6. |
Ведомстволық статистикалық қадағалау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті бастапқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсыну |
3. «Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 40 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 72 бірлескен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7486 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда «Егемен Қазақстан газетінде № 274-278 (27352) жарияланған):
аталған бұйрықпен бекітілген газ және газбен жабдықтау саласындағы: жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанында:
«СТН, (БСН, ЖСН)____________» жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«БСН, ЖСН ________________ ».