Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 146 және Экономикалық даму және сауда министрінің м.а 2011 жылғы 31 тамыздағы № 275 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7180 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 420 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 479 бірлескен бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 2-бөлімде:
      «Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері, 23111» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері,             25753»;
      «Түзеу мекемелері 12496» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Түзеу мекемелері                                        9854».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов