Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 10 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 22-НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 наурызда № 9184 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 3-тармағына, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 17) тармақшасына және «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешенінде мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А. Момышев) мыналарды:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
      3) бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы                  Қазақстан Республикасы
      Мұнай және газ министрі                 Өңірлік даму министрі
      ________ Ұ. Қарабалин                   ____________ Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Мұнай және газ министрінің
2014 жылғы 28 қаңтардағы 
№ 10 және Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрі  
2014 жылғы 31 қаңтардағы
№ 22/НҚ бірлескен бұйрығына
қосымша        

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі мен Қазақстан
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір
нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 420 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 479 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 22.06.2015 № 420 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 479 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 26.06.2015 № 441 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 483 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.