Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы N 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2014 жылғы 24 қаңтарда N 2515 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-тармағы 2-3 тармақшаларына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.

      2. "Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 4 шешімінің (2012 жылғы 6 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1824, 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 37 "Қызылжар нұры", 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 37 "Проспект СК" газеттерінде жарияланған), "Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 шешімінің (2013 жылғы 11 қаңтардағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2053, 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 4 "Қызылжар нұры", 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 4 "Проспект СК" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
С. Хамзин
      Петропавл қалалық
мәслихат хатшысы
Л. Жалмұқанова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімінің м.а.
А. Сапаров

  Петропавл қалалық мәслихаты сессиясының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешімімен бекітілді

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 08.12.2016 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленген және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Петропавл қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Петропавл қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) әлеуметтік бейімдеу шаралары – "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабымен белгіленген, әлеуметтік ортаның жағдайына қалыптасу үшін ұсынылатын, арнаулы әлеуметтік қызметтер, мүгедектерді оңалту құралдары, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамалар тәртібімен қарастырылған мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Солтүстік Қазақстан облысының статистикалық органдарымен есептелетін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы- "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департамент;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Петропавл қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы аумағында тұрақты тұратын адамдарға таралады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігімен "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабы және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтiк көмек, осы Қағидаларда қарастырылған тәртіпте көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі мен мөлшері осы Қағидалардың 1-қосымшасынға сәйкес белгіленеді.

      Алушылардың жекеленген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісім бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      Мемлекеттік жәрдемақы алушыларға атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек осы қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген санаттарға сәйкес жылына бір рет көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 11.07.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бекітілген ереже негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, зілзала апаттары немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдіру мерзімдері Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы әкімдігімен белгіленеді және осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес бекітіледі.

      9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің және адамның (отбасының) материалдық - тұрмыстық жағдайын тексеруді өткізудің соңғы тізбесі Осы Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес бекітіледі.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      10. Әлеуметтік төлемдер 451-007-000 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

      11. Осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген негіздемелер бойынша әлеуметтік көмек, зілзала апаттары немесе өрт салдарынан зардап шеккен, бір тұрғын үй (тұрғын құрылысы) иесіне табыс есебінсіз беріледі.

      12. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 1)-13) -тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша әлеуметтік көмек, азаматтарға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша белгіленген, бір реттік ең төмен күнкөріс мөлшері шегінен аспайтын тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы есебімен, жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш көлемінде беріледі.

      13. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 15)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек, 3 жылда бір рет тіс протезінің құны көлемінде, медициналық мекемемен берілген шот-фактураға сай, табыс есебінсіз көрсетіледі.

      14. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 16)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек, бір жылда бір рет санаторлық-курорттық емделу құны көлемінде, өтініш білдірушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша мемлекеттік емдеу-профилактикалық мекемесінің ұсыныстарына сай, санаторлық-курорттық картаның көшірмесін ұсынғанда табыс есебінсіз көрсетіледі.

      15. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 17)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек, жылына бір рет табыс есебінсіз беріледі.

      16. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 18)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек, бір рет табыс есебінсіз 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш көлемінде беріледі.

      17. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 19)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек, бір реттік ең төмен күнкөріс мөлшері шегінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы есебімен әр оқу семестріне бөлек оқу құны мөлшерінде беріледі.

      18. Осы Қағидалардың 3-қосымшасы 20)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек, бір рет табыс есебінсіз облыстық туберкулезге қарсы диспансердің тізімдері негізінде, жылына бір рет 10 (оң) айлық есептік көрсеткіш көлемінде беріледі.

      Аталған тұлғаларға әлеуметтік көмек, егер олар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болмаса ғана көрсетіледі.

      19. Осы Қағидалардың 3-қосымшасы 21)-тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек, ай сайын табыс есебінсіз "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы-"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаментімен берілетін тізім бойынша, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      20. Әлеуметтік көмек көрсетуге адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы және үш айға есептеп шығарылады.

      Сонымен бірге жиынтық табыс "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептеледі (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізімінде № 5757 болып тіркелген).

      20-1. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 22) тармақшасында көрсетілген негіздегі әлеуметтік көмек, өтініш берушіге бір жолғы төлем ретінде жеке тұрғын үй салуға арналған сүрек түбірі құнының елу пайызы төленеді.

      Ескерту. Қағида 20-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 26.01.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      21. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігімен бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі.

      22. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін куәландыратын кұжатты;

      3) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      23. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      24. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      25. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 5, 6 -қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.

      26. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      27. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      28. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      29. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      30. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 26-және 27-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      31 Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      32. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей беріледі, осы Қағидалардың 2-қосымшасында және 3 қосымшасының 1), 2), 5), 13) тармақшаларында көрсетілген туындаған өмірлік қиын жағдайларды есептемегенде.

      33. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады;

      34. Әлеуметтік көмекті беру үшін шығындарды қаржыландыру, Петропавл қаласының бюджетімен қарастырылған, ағымдағы қаржыландыру жылына арналған қаражат шегінде іске асырылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы сомаларды өтініш білдірушілердің жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      35. Әлеуметтік көмек:

      1) Алушы қайтыс болған;

      2) Алушы Петропавл қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) Алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      36. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

6. Қорытынды ереже

      37. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1 қосымша

Алушылар санаты тұрғысында, әлеуметтік көмек көрсетуге атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 11.07.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

№ р/н

Әлеуметтік көмек алушылар санаттарына атаулы күндер және мереке күндерінің атауы

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері

15 ақпан – "Ауған аумағынан әскерді шығару күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде, Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлері; бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 (бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе басқа ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міңдетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.

Жылына 1 (бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 (бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерді ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 (бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер.

Жылына 1 (бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

6

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша болған және совет әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері.

Жылына 1 (бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні"

1

"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", I, II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

26 сәуір – "Чернобыль атом электр стансасындағы апатты еске алу күні"

1

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, сондай-ақ, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ, ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар.

Жылына 1 (бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ, ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.

Жылына 1 (бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы.

Жылына 1 (бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ, азаматтардың отбасы.

Жылына 1 (бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

5

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні құрсағындағы жатқан балаларды қоса алғанда.

Жылына 1 (бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

9 мамыр – "Жеңіс күні"

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.

Жылына 1 (бір) рет – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш

2

Әскери қызметкерлер, сондай-ақ, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамында болған, Ұлы Отан соғысы кезінде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Кеңестік Армия, Әскери – Теңіз Флоты, жасақтар мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ерікті жалдама құрамдарына кірген, Ұлы Отан соғысы кезінде әрекеттегі армияның құрамындағы бөлімшелерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымы болған тұлғалар немесе осы кезеңде қалаларда қызмет етіп, оларды қорғауға қатысқаны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекеттегі армия бөлімшелерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдетілген жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарға есептелген тұлғалар

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

5

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

6

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелері.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

7

Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

8

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

9

Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

10

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқаруға кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

11

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

12

Екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ, қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерi (күйеулерi).

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

13

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні"

1

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар.

Жылына 1(бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

2

Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар мына төмендегі жағдайларда:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндердің қолдануы;
г) қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғары Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер халық комиссариаты – Мемлекеттік Қауіпсіздігі министрлігі – Ішкі істер министрлігі жанындағы айрықша кеңестің, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша қолданылуы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқаны, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргін қолданылды деп танылады.

Жылына 1(бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

3

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқығына қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар да танылады.

Жылына 1(бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш

4

Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары.

Жылына 1 (бір) рет – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш

30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні"

1

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары.

Жылына 1 (бір) рет – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш

2

"Алтын алқамен", "Күмiс алқамен", I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналар.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш

3

4 (төрт) және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар.

Жылына 1 (бір) рет – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш


  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына 2 қосымша

Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, зілзала апаттарынан немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 26.01.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/р

Алушы санаттардың тізімі

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері

Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

1

2

3

4

1.

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру

100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей


  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына 3 қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің соңғы тізбесі

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 26.01.2018 № 2 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1) жетiмдiк;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) Кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;

      4) Туғаннан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық даму мүмкiндiктерiнiң шектелуi;

      5) Дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне негізделген организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      6) Әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi;

      7) Жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;

      8) Әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгездiк;

      9) Баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);

      10) Бас бостандығынан айыру орындарынан босау;

      11) пробация қызметінің есебінде болуы;

      12) Айрықша күн тәртібіндегі білім беру ұйымдарында ұсталатын кәмелетке толмағандарды табу.

      13) Төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, толық емес көп балалы отбасылардың мұқтаж болуы;

      14) Зілзала апаттары немесе өрт, не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіруі;

      15) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың, қымбат металлдардан және металл-керамика, металл-акрилден протездерді қосапағанда 70 (жетпіс) айлық көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомаға тіс протездеу мұқтаждығы;

      16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, жалпы аурудың 1, 2, 3 топтағы мүгедектері және мүгедек балалардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж болуы;

      17) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, Семей ядролық сынақ полигоны аумағында зардап шеккен адамдардың, жалпы аурудың 1, 2, 3 топтағы мүгедектері, мүгедек балалар, сондай-ақ мүгедек балаларды ертіп апарушы адамдардың темір жол, жолаушылар автокөлігі транспортымен (таксиден басқа), көрсетілген транспорт жабдықтарының біреуінің ішінен, жіберу бекетінен Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитальдеу орнына дейін және кері қайту жолын төлеуге мұқтаж болуы;

      18) Петропавл қаласының аумағында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін және тарату орны бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс шартымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыс істейтін, мемлекеттік және жеке емдеу-профилактикалық мекемелеріне тұрақты жұмыс орындарына келген дәрігерлердің және медициналық жоғары оқу орындарының түлектерінің әлеуметтік көмек алуға мұқтаждығы;

      19) күндізгі оқу нысаны бойынша Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында оқитын, күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар, отбасы мүшелерінің оқу ақысын төлеуге мұқтаж болуы;

      20) Солтүстік Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы облыстық диспансерінде амбулаторлық емделуде жатқан және туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдарға, қосымша тамақтануға мұқтаждығы;

      21) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5 және 7 - баптарында көрсетілген, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызмет көрсетулерге және отынға жұмсалатын шығындарды төлеуге мұқтаж болуы.

      22) Соғыс мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктері бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген басқа да тұлғалар санатына, берілген анықтама негізінде сүрек түбірімен қырық тығыз текше метрден артық болмайтын мөлшерде беріледі.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына 4 қосымша

      Отбасының тіркеу нөмірі ____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      _________________________ ________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,                   (үйінің мекенжайы, тел.)

      әкесінің аты (болған жағдайда)

Р/с

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы














      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________

     

     

      Отбасының құрамы туралы
мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________
(қолы)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына 5 қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20__ ж. "___" _______

      _____________________
(елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы ___________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
өмірлік қиын жағдай
____________________________________________________________
____________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ___________
адам, оның ішінде:

Р/с

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда).

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай










      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____адам.

      Балалардың саны: _________

      жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______адам, оқу құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 (сексен) жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)

      ____________________________________________________________________________________________________________________________

      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше көрсету керек):______________________________________________________ Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      ______________________________________________________________________________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына
































      6. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      ________________________________________________________________________________________________________________________қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      ______________________________________________________________________________________________________________________________________

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):__________________________________________________________________________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
қамтамасыз етілуі _________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
_________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:     
________________________ ________________________

      Комиссия мүшелері:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы, күні ______________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына 6 қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

     

                                                      20__ жылғы___ ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)_______________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде_____________________________________________________________ (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы: ___________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Қорытынды

      қоса берілген құжаттармен ___ данада

      20__ ж. "___" ___________ қабылданды

     

      Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________, лауазымы, қолы __________