"Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы N 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы N 11 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда N 2053 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандагы N 6 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 27.12.2013 N 6 шешімімен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Петропавл қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1824 тіркелген, 2012 жылғы 14 қыркүйектегі «Қызылжар нұры» № 37, 2012 жылғы 14 қыркүйектегі «Проспект СК» № 37 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек;».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы
      Петропавл қалалық
      мәслихат хатшысы                           Л. Жолмұқанова

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қазақстан Республикасы
      денсаулық сақтау министрлігі
      Солтістік Қазақстан облысы
      әкімдігінің «Облыстық туберкулезге
      қарсы күрес диспансері»
      коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері        П. Соболевский
      14 желтоқсан 2012 жыл

      «Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
      министрлігінің «Зейнетақы төлеу
      жөніндегі мемлекеттік орталығы»
      республикалық мемлекеттік қазыналық
      кәсіпорны Солтүстік Қазақстан облыстық
      филиалының директоры                       Қ. Әмрин
      14 желтоқсан 2012 жыл