Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы N 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2014 жылғы 24 қаңтарда N 2515 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-тармағы 2-3 тармақшаларына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.
      2. «Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 4 шешімінің (2012 жылғы 6 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1824, 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 37 «Қызылжар нұры», 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 37 «Проспект СК» газеттерінде жарияланған), «Петропавл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 шешімінің (2013 жылғы 11 қаңтардағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2053, 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 4 «Қызылжар нұры», 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 4 «Проспект СК» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                     С. Хамзин

      Петропавл қалалық
      мәслихат хатшысы                        Л. Жалмұқанова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Солтүстік Қазақстан облысы
      әкімінің м.а.                           А. Сапаров

      Петропавл қалалық мәслихаты сессиясының
      2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6
      шешімімен
      бекітілді

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидасы

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Петропавл қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Солтүстік Қазақстан облысының статистикалық органдарымен есептелетін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Петропавл қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы Қағида Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы аумағында тұрақты тұратын адамдарға таралады.
      4. Осы Қағида мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – Алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.
      5. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында көрсетілген адамдарға жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң басшылары өз құқығы мен құзыры шегiнде тиiстi бюджеттер есебiнен, қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, соғысқа қатысушыларды, соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолы (барып, қайту) жөнiнде жеңiлдiктер, сондай-ақ материалдық көмек пен көмектiң басқа да түрлерiн көрсету жөнiнде қосымша шаралар белгiлейдi.
      6. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес әлеуметтік көмек осы қағидамен көзделген тәртіпте көрсетіледі.
      7. Әлеуметтік көмек көрсетуге атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ Петропавл қаласы бойынша алушылар санаты тұрғысында әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін (облыстық жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша).
      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін ереже негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу
тәртібі

      9. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдіру мерзімдері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      10. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің соңғы тізбесі 3 қосымшада көрсетілген.
      11. Әлеуметтік төлемдер 451-007-000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша, бөлінген бюджеттік қаражат шегінде екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамы арқылы ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек алушының жеке есеп шотына аудару жолымен жүргізілсін.
      12. Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігімен бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі.
      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін куәландыратын кұжатты;
      3) осы Қағиданың 4 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе қала әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы 56 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе Петропавл қаласының әкіміне жібереді.
      Петропавл қаласының әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе Петропавл қаласының әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды қабылданған жағдайда әлеуметтік көмек мөлшерін көрсетеді.
      23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      24. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін
негіздемелер

      26. Әлеуметтік көмек:
      1) Алушы қайтыс болған;
      2) Алушы Солтүстік Қазақстан облысы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) Алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Әлеуметтік көмек көрсетудің,
      оның мөлшерлерін белгілеудің және
      мұқтаж азаматтардың жекелеген
      санаттарының тізбесін айқындаудың
      қағидасына
      1 қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетуге атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ Петропавл қаласы бойынша алушылар санаты тұрғысында әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшері

№ р/с

Алушылар санаты

Әлеуметтік көмек көрсету еселігі

15 ақпан – Ауған аумағынан әскерді шығару күні

1

Бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

15

2

Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер


15

3

Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер


15

4

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы

15

5

1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер;

15

6

Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi.

15

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

7

"Алтын алқамен", "Күміс алқамен", І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар

5

26 сәуір – ЧАЭС апатты еске алу күні

8

1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар

15

9

Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары

15

10

Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы.

15

11

Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы.

15

12

1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда

15


9 мамыр – Жеңіс күні


13

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

50

14

Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондақ-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары

50

15

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар

5

16

Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар

5

17

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамына қатысқан адамдар

5

18

Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз және Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері

5

19

Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар

5

20

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары

5

21

Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;

5

22

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин ССР-і, Беларусь ССР-і, Литва ССР-і, Латыш ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар

5

23

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы

5

24

Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);

5

25

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар

5

7 мамыр – Отанды қорғау күні

26

Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы

5

27

Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы

5

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

28

Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар

15

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

29

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары

10

Әлеуметтік көмек көрсетудің,
      оның мөлшерлерін белгілеудің және
      мұқтаж азаматтардың жекелеген
      санаттарының тізбесін айқындаудың
      қағидасына
      2 қосымша

Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

№ р/с

Әлеуметтік көмек

алушылардың санаты

Жан басына шаққанда-
ғы орташа табыстың күн көрісті-
ңең төменгі деңгейіне еселі ара қатынасы

Әлеуметтік кө-
мектің атауы

Әлеумет-
тік көмектің шекті мөлшері

Әлеумет-
тік көмек көрсету еселігі

Әлеумет-
тік көмекке өтініш білдіру мерзімде-
рі

1

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүге-
дектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға

Табыста-
рын есепке алмай

Тіс протез-
деуге

Тіс про-
тездеу құны (бағалы металдар мен металлокерамика, металлоакрилден жасалған протездерден басқа)

2 жылда бір реттен артық емес

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктір-
мей

2

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүге-
дектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға

Табыста-
рын есепке алмай

Санаторлық-ку-
рорттық емделу-
ге

Қазақ-
стан Республикасының санато-
рийлері мен профилакторийле-
рінде санатор-
лық-ку-
рорттық емделу құны

Жылына бір реттен артық емес

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктір-
мей

3

Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға)

Табыста-
рын есепке алмай

Төтенше жағдай-
ларға байланысты

70 айлық есептік көрсет-
кіш

Біржолғы

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктір-
мей

4

Жетім балаларға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға

Табыстарын есепке алмай

Әлеуметтік қолдау-
ға

12 айлық есептік көрсет-
кіш

Тоқсан сайын

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктір-
мей

5

Төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған толық емес көп балалы отбасыларға

1 күн-
көрістің ең төменгі деңгейі

Әлеуметтік қолдау-
ға

12 айлық есептік көрсет-
кіш

Тоқсан сайын

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктір-
мей

6

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүге-
дектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигоны аймағында зардап шеккен адамдарға темір жол (плацкартты вагон), автомобильдік жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жөнелту станциясынан көрсетілген көлік құралдарының біреуімен Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитальдау орнына дейін бару және кейін қайту жолына

Табыста-
рын есепке алмай

Гопи-
тальдеуге бару жолына

Жол ақысының
100 пайызы

Жылына 1 рет

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктір-
мей

7

Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан, Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында оқитын, мемлекеттік жалпы білім алуға гранттар мен кредиттерге иегер болмаған, күндізгі оқу түрі бойынша оқитын студенттерге

1 күнкөріс-
тің ең төменгі деңгейі

Оқу ақысын төлеуге

Тиісті оқу жылының оқу құны

Жарты жылда 1 рет

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктір-
мей

8

Петропавл қаласына тұрақты жұмысқа келуші медициналық жоғары оқу орындарының дәрігерлері мен түлектеріне біржолғы әлеуметтік көмек көрсету

1 күнкөріс-
тің ең төменгі деңгейі

Әлеуметтік қолдау-
ға

110 айлық есептік көрсет-
кіш

Біржолғы

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктір-
мей

Әлеуметтік көмек көрсетудің,
      оның мөлшерлерін белгілеудің және
      мұқтаж азаматтардың жекелеген
      санаттарының тізбесін айқындаудың
      қағидасына
      3 қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің соңғы тізбесі

      1) Жетiмдiк;
      2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
      4) үш жасқа дейiнгi балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
      6) әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуi;
      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;
      8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгездiк;
      9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
      11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы;
      
      2) табиғи апат немесе өрт немесе әлеуметтiк мәнi бар аурулардың азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне залал келтіруі;
      13) күн көрістің ең төменгі деңгейіне еселі қатынаста Петропавл қалалық мәслихатымен белгіленген шамадан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
      14) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың тіс протездеу мен санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
      15) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың, Семей ядролық сынақ полигоны аумағында зардап шеккен адамдардың Қазақстан Республикасы аумағында госпитальдауға мұқтаждығы.

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
      мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
      азаматтардың жекелеген санаттарының
      тізбесін айқындаудың қағидасына
      4 қосымша

Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

_________________________ ________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы













      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________

      Отбасының құрамы туралы
      мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
      органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
      (қолы)

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
      мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
      азаматтардың жекелеген санаттарының
      тізбесін айқындаудың қағидасына
      5 қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның
(отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20__ ж. «___» _______

      _____________________
      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. _______________________________________
      2. Тұратын мекенжайы ___________________________________________
__________________________________________________________________
      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған
өмірлік қиын жағдай
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____________
адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілі-
гін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмір-
лік қиын жағдай









Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____

адам.

Балалардың саны: _________

жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______

адам, оқу құны жылына ______ теңге.

Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) ________________________________________________________________________________________________________________________________________ 5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше көрсету керек):_______________________________________________________ Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына































6. Мыналардың:

автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
___________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:
      ________________________ ________________________

      Комиссия мүшелері:
      ________________________ ________________________
      ________________________ ________________________
      ________________________ ________________________
      ________________________ ________________________
      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы

Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні ____________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидасына
6 қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______

Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)__________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде ____________________________________________________________________ (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
      __________________ _______________________
      __________________ _______________________
      __________________ _______________________
      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды

      қоса берілген құжаттармен ___ данада

      20__ ж. «___» ___________ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған қала әкімінің немесе

      уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________