Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданының Асенкритовка селосындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің
Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің Су
ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттiк
мекемесінің бастығы
________ Г. Оспанбекова
"Қостанай облысы
әкімдігінің табиғи
ресурстар және
табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы"
ММ бастығының
міндетін атқарушы
______ С. Қалиев
Әкімдіктің
2013 жылғы 1 сәуірдегі
№ 120 қаулысына
қосымша
Таран ауданының Асенкритовка селосындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Су |
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшелері |
|||||
I - белдеу |
II - белдеу |
III - белдеу |
||||
шекара- |
ауданы |
шекара- |
ауданы |
шекара- |
ауданы |
|
№ 1 |
Радиусі- әр |
0,785 |
Радиусі |
8,03 |
Радиусі |
461,2 |
Ескерту. "Қостанай облысы Таран ауданының Асенкритовка селосындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары ауыз тартудың санитарлық қорғау аймақтары I, II, III белдеулерінің санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекалары көрсетілген (Тапсырыс беруші "им. Майлина" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).