Таран ауданының Асенкритовка селосындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 120 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 мамырда № 4122 болып тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданының Асенкритовка селосындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің
      Қостанай облысы бойынша
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      ________ Б. Кенжебаев
      "Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      министрлігінің Су
      ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау
      жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы"
      республикалық мемлекеттiк
      мекемесінің бастығы
      ________ Г. Оспанбекова
      "Қостанай облысы
      әкімдігінің табиғи
      ресурстар және
      табиғат пайдалануды
      реттеу басқармасы"
      ММ бастығының
      міндетін атқарушы
      ______ С. Қалиев

  Әкімдіктің
2013 жылғы 1 сәуірдегі
№ 120 қаулысына
қосымша

Таран ауданының Асенкритовка селосындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су

тарту

көзі-

нің

атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшелері

I - белдеу

II - белдеу

III - белдеу

шекара-

сы

ауданы

шекара-

сы

ауданы

шекара-

сы

ауданы

№ 1
ұңғы-
ма

Радиусі- әр

ұңғыма-

ның

айнала-

сында

50 метр

0,785

гектар

Радиусі

- әр

ұңғыма-

ның

айнала-

сында

160 метр

8,03

гектар

Радиусі

- әр

ұңғыма-

ның

айнала-

сында

1212 метр

461,2

гектар

      Ескерту. "Қостанай облысы Таран ауданының Асенкритовка селосындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары ауыз тартудың санитарлық қорғау аймақтары I, II, III белдеулерінің санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекалары көрсетілген (Тапсырыс беруші "им. Майлина" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).