Таран ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 120 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 мамырда № 4122 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селосындағы" сөзі "ауылындағы" сөзімен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.04.2017 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Таран ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау

      министрлігі Мемлекеттік

      санитарлық-эпидемиологиялық

      қадағалау комитетінің

      Қостанай облысы бойынша

      департаменті" мемлекеттік

      мекемесінің директоры

      ________ Б. Кенжебаев


      "Қазақстан Республикасы

      Қоршаған ортаны қорғау

      министрлігінің Су

      ресурстарын пайдалануды

      реттеу және қорғау

      жөніндегі Тобыл-Торғай

      бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттiк

      мекемесінің бастығы

      ________ Г. Оспанбекова


      "Қостанай облысы

      әкімдігінің табиғи

      ресурстар және

      табиғат пайдалануды

      реттеу басқармасы"

      ММ бастығының

      міндетін атқарушы

      ______ С. Қалиев

  Әкімдіктің
2013 жылғы 1 сәуірдегі
№ 120 қаулысына
қосымша

Таран ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшелері

I - белдеу

II - белдеу

III - белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 1 ұңғыма

Радиусі- әр ұңғыманың айналасында 50 метр

0,785 гектар

Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 160 метр

8,03 гектар

Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 1 212 метр

461,2 гектар

      Ескерту. "Қостанай облысы Таран ауданының Асенкритовка ауылындағы № 1 ұңғыманың учаскесінде жер асты сулары ауыз тартудың санитарлық қорғау аймақтары I, II, III белдеулерінің санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекалары көрсетілген (Тапсырыс беруші "им. Майлина" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).