Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қаңтарда № 2339 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін және ерекше санаттағы мұқтаж азаматтардың тізімін анықтау үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ оны көрсету еселігі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы және мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері белгіленсін.
      3. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылы 04 шілдеде № 11-1-57 болып тіркелген), 2008 жылғы 01 сәуірдегі № 7/68 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылы 30 сәуірде № 11-1-81 болып тіркелген), 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 15/141 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылы 25 желтоқсанда № 11-1-101 болып тіркелген), 2009 жылғы 16 қазандағы № 24/222 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылы 20 қарашада №11-1-118 болып тіркелген), 2010 жылғы 06 сәуірдегі № 31/266 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылы 27 сәуірде № 11-1-132 болып тіркелген), 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 42/386 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 27 мамырда № 11-1-155 болып тіркелген), 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 6/61 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 01 қазанда № 2161 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Қалалық мәслихат аппаратының басшысы (Д.Телегенова) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.Шудабаева).
      6. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы                         Ж. Жолдасбаев

      Мәслихат хатшысы                        М. Молдағұлов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г. Хайрлиева
      12 желтоқсан 2013 жыл


      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Ақтау қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А. Ким
      12 желтоқсан 2013 жыл
 
 

Қалалық маслихаттың
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 16/155 шешіміне 1 қосымша
 

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 06.06.2014 № 21/198 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. 

№ р/р Күні Мемлекеттік мерекелер және атаулы даталар Төленетін мерзімі

1

21-23 наурыз

Наурыз мейрамы

Жылына бір рет

2

26 сәуір

1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні

Жылына бір рет

3

1 мамыр

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Жылына бір рет

4

9 мамыр

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні

Жылына бір рет

5

1 маусым

Балаларды қорғау күні

Жылына бір рет

6

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні

Жылына бір рет

7

6 қазан

Қазақстан Республикасының мүгедектер күні

Жылына бір рет

8

1 қазан

Халықаралық қарттар күні

Жылына бір рет

9

16-17 желтоқсан

Тәуелсіздік күні

Жылына бір рет


Қалалық мәслихаттың
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 16/155 шешіміне 2 қосымша


Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы және мереке
күндеріне арналған әлеуметтік көмектің мөлшерлері
 
 

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 06.06.2014 № 21/198 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. 

№ р/р Атаулы даталар және мереке күндері Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары Әлеуметтік көмек мөлшерлері

1

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы

«Алтын алқа», «Күміс алқа» салпыншақтарымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандар

2 айлық есептік көрсеткіш

Барлық топтағы мүгедек, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

5 айлық есептік көрсеткіш

2

26 сәуір – Чернобыльатом электр станциясындағы апат күні

Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушы мүгедектер;
 

1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар;
 

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар

60 000 (алпыс мың) теңге
 
 

50 000 (елу мың) теңге
 
 
 
 

20 000 (жиырма мың) теңге

3

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Барлық топтағы мүгедек, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

5 айлық есептік көрсеткіш

4

9 мамыр – Жеңіс күні

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектері;
 

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер беру бойынша теңестірілген тұлғалар;
 

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер беру бойынша теңестірілген тұлғалар (1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысушылардан басқа);
 

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ мұрағат анықтамасы бар немесе еңбек кітапшасында 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмысы туралы жазбасы бар тұлғалар және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ҚСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;
 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңының 4 бабының 3 және 4 тармағында көрсетілген Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері
 

Ауғаныстанда немесе жауынгерлік әрекеттер болған басқа да мемлекеттерде жауынгерлік әрекеттер кезінде қаза тапқан (із-түссіз жоғалып кеткен) немесе алған жарақаттары, зақымдар, ауру салдарынан қайтыс болған арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасылары; бейбіт уақытта арнайы мемлекеттік органдарда қызметтен, әскери қызметтен өту кезінде қайтыс болған арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасылары; қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған ішкі істер орган қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль атом электр станциясындағы апат және басқа да азаматтық немесе әскери мәні бар нысандардағы апаттар мен радиациялық апаттар салдарын жою кезінде қайтыс болған отбасылар; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған отбасылар немесе қайтыс болған мүгедектер, сондай-ақ Чернобыль атом электр станциясындағы апат және басқа да азаматтық немесе әскери мәні бар нысандардағы апаттар мен радиациялық апаттар мен ядролық сынақтар әсерінен қайтыс болған азаматтар
 

Қаза тапқан соғыс мүгедектерінің екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) және соғыс мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ қаза тапқан соғыс қатысушыларының әйелдері (күйеулері), партизан, подпольщик, «Ленинград қорғанысы үшін» медалімен және «Блокадаланған Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған, еңбек кемтары және басқа да себептер нәтижесінде (құқыққа қайшылықты ескергенде) мүгедек болып танылған азаматтар

100 000 (жүз мың) теңге
 

60 000 (алпыс мың) теңге
 
 

50 000 (елу мың) тенге
 
 
 
 
 
 
 

10 000 (он мың) теңге
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
40 000 (қырық мың) теңге
 
 
 
 
 
 
10 000 (он мың) теңге
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
10 000 (он мың) теңге
 
 
 
 
 
 

5

1 маусым – Балаларды қорғау күні

16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

5,0 айлық есептік көрсеткіш

6

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні

Асыраушыдан айырылу бойынша (балаларға) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар
 

Республика алдында ерекше еңбегі сіңгені үшін зейнетақы алатын тұлғалар
 

Маңғыстау облысы алдында ерекше еңбегі сіңгені үшін дербес зейнетақы алатын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес арнайы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын тұлғалар

Барлық топтағы мүгедек, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

8,0 айлық есептік көрсеткіш
 
 

60,0 айлық есептік көрсеткіш
 

36,0 айлық есептік көрсеткіш
 
 
 
 
 
 
 
5,0 айлық есептік көрсеткіш

7

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Жасы бойынша әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алушылар және 70 жастан жоғарғы зейнеткерлер

2,0 айлық есептік көрсеткіш

8

6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні

Барлық топтағы мүгедек, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

5,0 айлық есептік көрсеткіш

9

16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні

Барлық топтағы мүгедек, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

5,0 айлық есептік көрсеткіш