Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 31/266 шешімі. Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 сәуірде № 11-1-132 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігі Тұщықұдық селолық округі әкімі аппаратының 16.05.2016 № 31 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Тұщықұдық селолық округі әкімі шешім етті:
      1. Тұщықұдық селолық округінің құрамдас бөліктеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1) № 8 көшенің шығыс бетінде орналасқан жаңадан салынған көшеге Иса Жанадиловтің атағы берілсін.
      2) № 9 көшенің солтүстік шығысында орналасқан жаңадан салынған көшеге Томпиев Шаңытбайдың атағы берілсін.
      3) № 10 көшенің оңтүстік батысында орналасқан жаңадан салынған көшеге Шотан Назарұлының атағы берілсін.
      4) № 11 көшенің оңтүстік батысында орналасқан жаңадан салынған көшеге Жұмалиев Қалмырзаның атағы берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Село округінің әкімі
А.Қодаров