Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесін, оны көрсету еселігін бекіту, сондай-ақ әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қаңтарда № 2339 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Зандарына, сондай-ақ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылдың 21 мамырындағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту.Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 03.02.2015 № 27/261 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ оны көрсету еселігі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы және мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері белгіленсін.
      3. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылы 04 шілдеде № 11-1-57 болып тіркелген), 2008 жылғы 01 сәуірдегі № 7/68 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылы 30 сәуірде № 11-1-81 болып тіркелген), 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 15/141 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылы 25 желтоқсанда № 11-1-101 болып тіркелген), 2009 жылғы 16 қазандағы № 24/222 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылы 20 қарашада №11-1-118 болып тіркелген), 2010 жылғы 06 сәуірдегі № 31/266 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылы 27 сәуірде № 11-1-132 болып тіркелген), 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 42/386 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 27 мамырда № 11-1-155 болып тіркелген), 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 6/61 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 01 қазанда № 2161 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Қалалық мәслихат аппаратының басшысы (Д.Телегенова) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.Шудабаева).
      6. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы                         Ж. Жолдасбаев

      Мәслихат хатшысы                        М. Молдағұлов
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г. Хайрлиева
      12 желтоқсан 2013 жыл


      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Ақтау қалалық экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А. Ким
      12 желтоқсан 2013 жыл
 
 

Қалалық маслихаттың
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 16/155 шешіміне 1 қосымша
 

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 06.06.2014 № 21/198 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. 

№ р/р Күні Мемлекеттік мерекелер және атаулы даталар Төленетін мерзімі

1

21-23 наурыз

Наурыз мейрамы

Жылына бір рет

2

26 сәуір

1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні

Жылына бір рет

3

1 мамыр

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Жылына бір рет

4

9 мамыр

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні

Жылына бір рет

5

1 маусым

Балаларды қорғау күні

Жылына бір рет

6

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні

Жылына бір рет

7

6 қазан

Қазақстан Республикасының мүгедектер күні

Жылына бір рет

8

1 қазан

Халықаралық қарттар күні

Жылына бір рет

9

16-17 желтоқсан

Тәуелсіздік күні

Жылына бір рет


Қалалық мәслихаттың
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 16/155 шешіміне 2 қосымша

      Ескерту.2-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 03.02.2015 № 27/261 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы және мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлері

№ р/р

Атаулы күндер және мереке күндері

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары

Әлеуметтік көмек мөлшерлері

1

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы

«Алтын алқа», «Күміс алқа» салпыншақтарымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандар

2 айлық есептік көрсеткіш

Барлық топтағы мүгедектер, 16-18 жастағы барлық топтың мүгедек балалары, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

5 айлық есептік көрсеткіш

2

26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы

апат күні

Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары

60 айлық есептік көрсеткіш

1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар

50 айлық есептік көрсеткіш

1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда

20 айлық есептік көрсеткіш

3

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Барлық топтағы мүгедектер, 16-18 жастағы барлық топтың мүгедек балалары, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

5 айлық есептік көрсеткіш

4

9 мамыр – Жеңіс күні

Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері

100 айлық есептік көрсеткіш

Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар (Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдардан, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларынан басқа)

60 айлық есептік көрсеткіш

Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар (1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдардан басқа)

50 айлық есептік көрсеткіш

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар

40 айлық есептік көрсеткіш

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi

40 айлық есептік көрсеткіш

Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары

40 айлық есептік көрсеткіш

Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері)

40 айлық есептік көрсеткіш

5

1 маусым – Балаларды қорғау күні

16-18 жастағы барлық топтың мүгедек балалары, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 айлық есептік көрсеткіш

6

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні

Асыраушыдан айырылу бойынша (балаларға) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

8 айлық есептік көрсеткіш

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар

60 айлық есептік көрсеткіш

Маңғыстау облысына сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын адамдар

36 айлық есептік көрсеткіш

Барлық топтағы мүгедек, 16-18 жастағы барлық топтың мүгедек балалары, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

5 айлық есептік көрсеткіш

7

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және жасы бойынша 70 жастан жоғарғы зейнеткерлер

2 айлық есептік көрсеткіш

8

6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні

Барлық топтағы мүгедектер, 16-18 жастағы барлық топтың мүгедек балалары, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

5 айлық есептік көрсеткіш

9

16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

Барлық топтағы мүгедектер, 16-18 жастағы барлық топтың мүгедек балалары, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

5 айлық есептік көрсеткіш

   
 

      Ескерту:
      Аббревиатураларды ажыратып жазу:
      «Чернобыль АЭС» - «Чернобыль атом электр станциясы»