Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 42/386 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 27 мамырда № 11-1-155 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.12.2013 № 16/155 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267 «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 3 бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-1-57 болып тіркелген, 2007 жылғы 14 шілдедегі № 121 - 122 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «Бюджет кодексінің 53 бабына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 тармағы мен 3 тармағы алынып тасталсын;
      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы, осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Е.Қосмағанбетов

      Қалалық мәслихат
      хатшысы                                 Ж. Матаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Ақтау қалалық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығының міндетін атқарушы
      Г.Хайрлиева
      27 сәуір 2011 жыл

2011 жылғы 27 сәуірдегі № 42/386
қалалық мәслихаттың
шешіміне 1 қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне және атаулы даталарына әлеуметтік төлемді алуына құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттары



Қазақс-
тан Респуб-
ликасы-
ның мемле-
кеттік мереке-
лері мен атаулы даталары
Әлеуметтік көмек алушы азаматтардың санаттары Әлеуметтік көмектің мөлшері Төлеу
мерзімділі-
гі

1

Жеңіс күніне
( 9 мамыр)

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

100 мың теңге

Жылы
на бір рет

2

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар

60 мың
теңге

Жылына бір
рет

3

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар

50 мың
теңге

Жылына бір рет

4

Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болып кеткен жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері

40 мың
теңге

Жылына бір рет

5

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен, медальдерімен наградталған адамдар және 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендері туралы мұрағаттық анықтамасында немесе еңбек кітапшасында жазбасы бар тыл еңбеккерлеріне

10 мың теңге

Жылына бір рет



6

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары (қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астартын күрес жүргізген адамдардың «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), Чернобыль АЭС апатын жоюға 1988-1989 жылдары қатысушыларын қоспағанда )

10 мың
теңге

Жылына бір рет

7

1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқандарға

20 мың теңге

Жылына бір рет

8

Конституция күніне

Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар (балаларға)

2 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

9

Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлер

60 айлық
есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

10

Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлер

36 айлық
есептік
көрсеткіш

Жылына бір рет

11

Қаланың құрметті азаматтары

10
айлық
есептік
көрсеткіш

Жылына бір рет

12

Мүгедектер күніне

Барлық топтағы мүгедектер, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

2 айлық
есептік
көрсеткіш

Жылына бір рет

(қазан)

13

Қарттар күніне

70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлер

2
айлық
есептік
көрсеткіш

Жылына бір рет қазан)