Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының үшінші – он тоғызыншы, қырық жетінші – алпыс алтыншы, тоқсаныншы – тоқсан төртінші абзацтарын, Тізбенің 2-тармағының жиырма төртінші – отыз жетінші, елу екінші – елу алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тізбенің 1-тармағының сексен алтыншы – сексен тоғызыншы абзацтары 2013 жылғы 28 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 3-тармағының төртінші абзацы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 4-тармағы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 294 қаулысымен
бекітілді
Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктің жарғылық капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерде.
Бір филиалдан көп емес филиалы бар банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
жаңадан құрылатын банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерде;
банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерде, оның ішінде онда 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптастырылған резервтік капитал және 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптастырылған динамикалық резерв сомасында жинақталған ашып көрсетілген резерв болғанда;
2009 жылғы 1 қазанда меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден аз болған банктер үшін - 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерде, мынадай талаптармен:
банктің Астана және Алматы қалаларынан тыс қайта тіркелу;
банк міндеттемелерінің 50% (елу пайызынан) кем емес мөлшерде Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген жеке және заңды тұлғалардан қабылданған депозиттер сомасының болуы (банктің арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдарын және банкаралық салымдарды қоспағанда);
Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген жеке және заңды тұлғалардан қабылданған депозиттер мен банктің жарғылық капиталы сомасының 50% (елу пайызынан) кем емес мөлшерде Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген банкпен үлестес емес қарыз алушыларға берілген кредиттердің (банкаралық кредиттерді және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда) болуы.
Меншікті капитал мөлшері осы тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацында көзделген мөлшерге дейін ұлғайтылған жағдайда осы тармақтың екінші бөлігінің төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында көзделген талаптарды орындау талап етілмейді;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерде.
Бір филиалдан көп филиалы бар банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мен:
облыстың әкімшілік орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін 15 000 000 (он бес миллион) теңге;
басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін 10 000 000 (он миллион) теңге сомасы ретінде белгіленеді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншікті капитал бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі) және банк инвестицияларын шегергендегі үшінші деңгейдегі капиталдың (үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капитал бөлігінің екі жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.
Банктің заңды тұлғаның акцияларына (жарғылық капиталында қатысу үлестеріне) салымдары, сондай-ақ жиынтық мөлшері банктің бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталы сомасының он пайызынан асатын заңды тұлғаның реттелген борышы банктің инвестицияларын білдіреді.
Үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекел шамасын жабуға арналған.
Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді жабуға арналған бөлігі мынадай тәртіппен есептеледі:
активтердің, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің жалпы сомасы мен операциялық тәуекелдің мөлшері айқындалады;
осы тармақтың төртінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген алынған тәуекелдер шамасын осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің нормативтік мәніне көбейту жолымен меншікті капиталға екінші деңгейдегі капиталды қосу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып, меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтерін орындауға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың ең төменгі мөлшері айқындалады;
нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың бөлігі бірінші деңгейдегі капиталдың нақты мөлшері мен бірінші деңгейдегі капиталдың осы тармақтың төртінші бөлігінің үшінші абзацына сәйкес есептелген ең төменгі мөлшерінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Нарықтық тәуекелді жабуға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың бөлігі нарықтық тәуекел шамасының осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейтіндісі ретінде есептелетін, нарықтық тәуекелді жабу үшін қажетті капитал мөлшерінің 3,5-ке қатынасынан аспайды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларын да таниды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
Африка даму банкі (the African Development Bank);
Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық валюта қоры;
Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;
Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);
Ислам жеке секторды дамыту корпорациясы (ICD).»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бiрiншi деңгейдегi капитал мынадай сома ретiнде есептеледi:
сатып алынған меншiктi акцияларды шегергендегi төленген жарғылық капитал;
қосымша капитал;
өткен жылдардың бөлiнбеген таза кiрiсi (оның iшiнде өткен жылдардың бөлiнбеген таза кiрiсi есебiнен қалыптасқан қорлар, резервтер);
жинақталған ашып көрсетілген резерв;
нәтижесiнде бір мезгілде бiр тұлғада қаржы активi және басқа тұлғада қаржылық мiндеттеме немесе заңды тұлғаның барлық мiндеттемелерiн шегергеннен кейiн қалған активтер үлесiне құқығын растайтын өзге қаржы құралы туындайтын мерзiмсiз шарттар (бұдан әрi – осы Нұсқаулықтың 5-9-тармақтарында көрсетiлген мерзiмсiз қаржы құралдары);
мыналарды шегергенде:
банктiң негiзгi қызметінің мақсаты үшiн сатып алынған және 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап немесе кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржылық есептілік үшiн күшiне енген, 1998 жылғы шiлдеде Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөнiндегi комитеттiң Басқармасы бекiткен 38 «Материалдық емес активтер» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрi – 38 халықаралық қаржылық есептілік стандарты) сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер;
өткен жылдардың шығындары;
ағымдағы жылдың шығыны.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктердің қайта құрылымдау қорытындылары бойынша алынған ағымдағы жылдың кiрiстерiн бiрiншi деңгейдегi капиталға кiргiзуiне жол беріледі.
Бiрiншi деңгейдегi капиталды есептеу мақсаттары үшін жинақталған ашып көрсетілген резерв Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3510 «Резервтік капитал» және 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3400 «Динамикалық резервтер» баланстық шотындағы қалдықтар сомасы ретінде айқындалады.»;
10 және 10-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Екiншi деңгейдегi капитал:
ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының мөлшері;
негiзгi құрал-жабдықтар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау резервi;
бірiншi деңгейдегi капитал есебiне енгiзiлмеген төленген мерзiмсiз қаржы құралдары;
банктің сатып алынған меншікті реттелген борышын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал сомасының елу пайызынан аспайтын сомада меншікті капиталға енгізілетін екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы сомасы ретінде есептеледі.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауға жататын банк үшін реттелген борыш екінші деңгейдегі капиталға сот шешімімен айқындалған қайта құрылымдау жүргізу мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жыл ішінде банктің құны төленген меншікті реттелген борышын шегергенде бірiншi деңгейдегi капитал сомасының жетпіс бес пайызынан аспайтын сомада енгізіледі.
10-1. Бірінші және екінші деңгейдегі капиталдың мақсаттары үшін ағымдағы жылдың немесе өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының (зиянының) есебіне Үлгі шот жоспарының «Резервтерді (провизияларды) түзету шоты» 3300-шотында көрсетілген 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мынадай мөлшердегі дебет қалдығы (бұдан әрі – дебет қалдығы) кірмейді:
2013 жылы – дебет қалдығы сомасының 83,3 пайызы;
2014 жылы – дебет қалдығы сомасының 66,6 пайызы;
2015 жылы – дебет қалдығы сомасының 50 пайызы;
2016 жылы – дебет қалдығы сомасының 33,3 пайызы;
2017 жылы – дебет қалдығы сомасының 16,6 пайызы.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін «Резервтерді (провизияларды) түзету шоты» 3300-шотындағы дебет қалдығы деп 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесіне сәйкес құрылған резервтер (провизиялар) мен Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрылған резервтер арасындағы 2012 жылғы 31 желтоқсанда қалыптасқан теріс айырманың сомасы түсініледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай үш коэффициентпен сипатталады:
бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың екінші деңгейдегі капиталдың бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларының сомасына азайтылған банк активтерінің мөлшеріне қатынасымен (kl-1);
бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың мыналар сомасына қатынасымен:
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
операциялық тәуекел (k1-2);
меншікті капиталдың мыналар сомасына қатынасымен:
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
операциялық тәуекел (k2).
k1-1 коэффициентін есептеу мақсаттары үшін активтер және тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген, k1-1 және k2 коэффициенттері есебіне алынатын активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер шегеріле отырып енгізіледі.»;
45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45-1. Өтiмдiлiк нормативтерi орташа айлық негізде айқындалатын өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қарамастан, мынадай жағдайларда:
1) банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактiлерi болған кезде;
2) банк жеке тұлғалардың жаңадан тартылған (теңгемен және шетел валютасымен) депозиттері бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі белгілейтін және оларды сақтау үшін банктерге ұсынылатын ең жоғары (ұсынылатын) сыйақы мөлшерлемелерін асырған кезде орындалмаған болып есептеледi.»;
мынадай мазмұндағы 6-3-тараумен толықтырылсын:
«6-3. Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың ең жоғары өсімінің коэффициенті.
53-9. Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздар өсімінің коэффициенті к10 коэффициентімен сипатталады, 0,30-дан көп емес мөлшерде белгіленеді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қалыптастырылған резевтер ескеріле отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бастап есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелі өсімінің күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздардың портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.
Есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелінің өсімі есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелі мен күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздар портфелінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсаттары үшін тұтынушылық портфель ретінде жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген қарыздарды, сатып алынатын автокөлік қамтамасыз етілуі болатын қарыздарды, банктік салым шартына сәйкес банкте орналастырылған және берілетін қарыз сомасын толығымен жабатын ақша қамтамасыз етілуі болатын қарыздарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға жеке тұлғаларға берілген қарыздар және білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздар түсініледі.»;
1-қосымшаның «Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесi» кестесiнде:
реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын:
« |
59 |
III тәуекел тобына жатқызылғандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға берiлген қарыздар, оның ішінде тұтынушылық кредиттер |
100 |
». |
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншікті капитал бірінші деңгейдегі капиталдың және банк инвестицияларын шегергендегі екінші деңгейдегі капиталдың (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.
Банктің инвестициялары акцияларын немесе жарғылық капиталында қатысу үлестерiн банк заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу жолымен және (немесе) серіктестік талабымен өндiрiстiк және сауда қызметiн қаржыландыру кезінде иеленген заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталда қатысу үлестерiне) банктiң салымын қоспағанда, банктiң заңды тұлға акцияларына салымдарын (жарғылық капиталда қатысу үлестерiн) бiлдiредi.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілік бағаларын да таниды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
Африка даму банкі (the African Development Bank);
Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық валюта қоры;
Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;
Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);
Ислам жеке секторды дамыту корпорациясы (ICD).»;
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бiрiншi деңгейдегi капитал мынадай сома ретiнде есептеледi:
сатып алынған меншiктi акцияларды шегергендегi төленген жарғылық капитал;
қосымша капитал;
жинақталған ашып көрсетілген резерв;
өткен жылдардың бөлiнбеген таза кiрiсi (оның iшiнде өткен жылдардың бөлiнбеген таза кiрiсi есебiнен қалыптасқан қорлар, резервтер);
мыналарды шегергенде:
банктiң негiзгi қызметінің мақсаты үшiн сатып алынған және 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап немесе кейiн басталатын кезеңдердi қамтитын қаржылық есептілік үшiн күшiне енген, 1998 жылғы шiлдеде Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөнiндегi комитеттiң Басқармасы бекiткен 38 «Материалдық емес активтер» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрi – 38 халықаралық қаржылық есептілік стандарты) сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер;
өткен жылдардың шығындары.
Бiрiншi деңгейдегi капиталды есептеу мақсаттары үшін жинақталған ашып көрсетілген резерв Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3510 «Резервтік капитал» және 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3400 «Динамикалық резервтер» баланстық шотындағы қалдықтар сомасы ретінде айқындалады.
5. Екінші деңгейдегі капитал:
ағымдағы жыл кірістерінің ағымдағы жыл шығыстарынан асу мөлшерінің;
ағымдағы жыл шығыстарының ағымдағы жыл кірістерінен асу мөлшерінің;
негізгі қаражат пен бағалы қағаздарды қайта бағалау резервінің сомасы ретінде есептеледі.
6. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай үш коэффициентпен сипатталады:
бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың екінші деңгейдегі капиталдың бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларының сомасына азайтылған банк активтерінің мөлшеріне қатынасымен (kl-1);
бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасындағы екінші деңгейдегі капитал бөлігінің меншікті капитал есебіне енгізілетін бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың мыналар сомасына қатынасымен:
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
операциялық тәуекел;
мыналарды шегергенде:
инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер (k1-2);
меншікті капиталдың мыналар сомасына қатынасымен:
кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;
операциялық тәуекел;
мыналарды шегергенде:
инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер (k2).»;
мынадай мазмұндағы 9-тараумен толықтырылсын:
«9. Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың ең жоғары өсімінің коэффициенті.
58. Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздар өсімінің коэффициенті к10 коэффициентімен сипатталады, 0,30-дан көп емес мөлшерде белгіленеді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша қалыптастырылған резевтер ескеріле отырып, ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бастап есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелі өсімінің күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздардың портфеліне қатынасы ретінде есептеледі.
Есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелінің өсімі есепті күндегі тұтынушылық қарыздар портфелі мен күнтізбелік жылдың басындағы тұтынушылық қарыздар портфелінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсаттары үшін тұтынушылық портфель ретінде жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген қарыздарды, сатып алынатын автокөлік қамтамасыз етілуі болатын қарыздарды, банктік салым шартына сәйкес банкте орналастырылған және берілетін қарыз сомасын толығымен жабатын ақша қамтамасыз етілуі болатын қарыздарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға жеке тұлғаларға берілген қарыздар және білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздар түсініледі.»;
1-қосымшаның «Кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi» кестесiнде:
реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:
« |
42 |
III тәуекел тобына жатқызылғандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға талаптар |
». |
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8436 тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымда «Заң газеті» газетінде № 85 (2286) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 1-тармағының бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы абзацтары, 4-тармағының қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.».
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 тіркелген, 2013 жылғы 5 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 133 (2334) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күні банкте осы қаулының 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін бағалы қағаздары болған жағдайда, банк көрсетілген бағалы қағаздарды сатуды, сондай-ақ есеп саясатына сәйкес осы бағалы қағаздарды 39 «Қаржы құралдары: тану және өлшеу» Халықаралық қаржылық есептілік стандартының (IAS) талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда «өтелгенге дейін ұсталатын қаржы құралдары» санатына аударуды жүзеге асыра алады.».