Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының үшінші – он тоғызыншы, қырық жетінші – алпыс алтыншы, тоқсаныншы – тоқсан төртінші абзацтарын, Тізбенің 2-тармағының жиырма төртінші – отыз жетінші, елу екінші – елу алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тізбенің 1-тармағының сексен алтыншы – сексен тоғызыншы абзацтары 2013 жылғы 28 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 3-тармағының төртінші абзацы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 4-тармағы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ. Келімбетов |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 қаулысымен бекітілді |
Банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8436 тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымда "Заң газеті" газетінде № 85 (2286) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 1-тармағының бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы абзацтары, 4-тармағының қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.".
4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2017 № 234 (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.