«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес конкурстық негізде тағайындалатын кеден органдары лауазымдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарына құқық қорғау қызметке орналасу кезінде конкурсты және тағлымдаманы өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (М.Т. Есенбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
Ә. Байменов _____________
2013 жылғы 09 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 409 бұйрығына
1-қосымша
Конкурстық негізде тағайындалатын
кеден органдары лауазымдарының тізбесі
Кедендік бақылау комитетінің орталық аппаратында:
Басқарманың бастығы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Басқарма бастығының орынбасары:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Басқарма бөлімінің бастығы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Басқарманың бас маманы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Басқарманың аға маманы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік.
Кедендік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде:
Құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Департамент бастығының орынбасары;
Басқарманың бастығы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Басқарма бастығының орынбасары:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Бөлім бастығы, бастығының орынбасары:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Басқарма бөлімінің бастығы, бастығының орынбасары:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Бөлімшенің бастығы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Басқарманың/бөлімнің/бөлімшенің бас маманы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Басқарманың/бөлімнің/бөлімшенің аға маманы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Басқарманың/бөлімнің/бөлімшенің маманы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік.
Кедендік бақылау комитетінің кедендерінде:
Кеденнің бастығы, құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін кеден бастығының орынбасары;
Бөлім бастығы, бастығының орынбасары:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Бөлімшенің бастығы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Бөлімнің/бөлімшенің бас маманы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Бөлімнің/бөлімшенің аға маманы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік;
Бөлімнің/бөлімшенің маманы:
контрабандаға қарсы күрес;
ішкі қауіпсіздік.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2013 жылғы 28 тамыздағы
№ 409 бұйрығына
2-қосымша
Конкурсты өткізу және Қазақстан Республикасының кеден
органдарына құқық қорғау қызметке орналасу кезінде
тағлымдамадан өткізу қағидалары мен шарттары
1. Жалпы ереже
1. Осы Конкурсты өткізу және Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке орналасу кезінде тағлымдамадан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке орналасу кезінде конкурсты өткізу тәртібі мен шартын, Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке орналасу кезінде кандидатуралар үшін тағлымдаманы ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Кеден органдарына қызметке орналасу Заңның 7-бабының 3 және4-тармақтарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Осы Қағидалар «Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және босатылатын адамдарға таратылмайды.
2. Қазақстан Республикасының кеден органдарына құқық қорғау
қызметке орналасу кезінде конкурсты өткізу тәртібі мен шарты
3. Қазақстан Республикасының кеден органдарына құқық қорғау қызметке орналасу кезінде конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) Заңмен бекітілген талаптарға сәйкес келетін азаматтар қатысады.
4. Конкурсқа қатысушы (бұдан әрі – қатысушы) белгіленген мерзімде конкурс туралы хабарлама жарияланғаннан кейін тиісті кеден органының кадр қызметіне қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
5. Конкурс комиссиясының кеден органдарында тиісті лауазымға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы шешімі қабылданған және тестілеуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидат (бұдан әрі – кандидат) болып табылады.
6. Конкурс Конкурстық негізде тағайындалатын кеден органдары лауазымдарының тізбесіне сәйкес бос лауазымы бар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде, оның аумақтық бөлімшелерінде және кедендерінде жүргізіледі.
7. Конкурстық комиссия алқалық орган болып табылады, ол қатысушы тапсырған құжаттарды, кандидаттардың дене шынықтыру дайындығы бойынша есептерді тапсыру нәтижелерін, кандидаттарды тестілеудің нәтижелерін қарастырады, қатысушылармен әңгімелесуді жүргізеді және тиісті кеден органдарында бос лауазымдарға орналастыруға кандидаттарды ақырғы іріктеуді жүзеге асырады.
8. Конкурс мынадай бір ізді сатылардан тұрады:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруларды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
3) конкурсқа мәлімделген лауазымдар санаттарына белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне конкурсқа қатысушылардың құжаттарын алдын ала қарастыру, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы конкурстық комиссиясының шешімі;
4) кандидаттарды тестілеуден өткізу;
5) кандидаттардың медициналық және психофизиологиялық тексеруден, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуі;
6) қатысушылардың дене шынықтыру дайындығына есепті тапсыруы;
7) кандидаттармен конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу және конкурс комиссиясының қорытынды отырысы.
9. Туындаған бос лауазымның жеке, іскерлік, кәсіби сапаларына жауап беретін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің санынан кандидаттардың не конкурстық іріктеуден тыс қызметке орналасу құқығы бар тұлғалардың жоқ жағдайда конкурс хабарланады.
10. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
11. Кеден органдарын қайта ұйымдастырған немесе таратқан кезде жарияланған конкурс бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарын міндетті жария етумен оны өткізудің кез-келген кезеңінде жоюға жатады.
3. Конкурс комиссиясын қалыптастыру
12. Конкурс комиссиясы кеден органының басшысымен қалыптастырылады.
13. Конкурс комиссиясы кемінде бес мүшеден тұрады. Конкурс комиссиясының төрағасы кеден органының басшысымен айқындалады.
Кеден органының басшысымен бекітілетін конкурс комиссиясының құрамына конкурс комиссиясының төрағасы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, оның ішінде орналасуға өткізілетін конкурс бос лауазымдар бар бөлімшелердің басшылары жатады.
Конкурс комиссиясының хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
Конкурс комиссиясының қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
14. Бос лауазым туындаған құрылымдық бөлімше әңгімелесуде қойылатын қойылатын сұрақтардың тізімін құрайды, ол конкурс комиссиясының шешімімен бекітіледі.
15. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін кеден органы басшысының шешімі бойынша оның отырысына қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін (бұдан әрі - байқаушылар) қатыстыруға жол беріледі.
16. Әңгімелесу өткізу процесінде байқаушылар кандидаттарға сұрақ қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
4. Конкурс туралы хабарландыру
17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде (бұдан әрі – Комитет) конкурс өткізу кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында, ал Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында таралатын мерзімді басылымдарда жарияланады.
Негізгі қызметкердің балаға қарау үшін жалақының сақтауынсыз демалыста болу кезеңіндегі бос лауазымға тағайындауға конкурс жүргізу жағдайда бұл шарт конкурс жүргізу туралы хабарламада көрсетіледі.
18. Бос лауазымға орналасуға конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялағаннан кейін конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жарияланған лауазымға азаматтарды тағайындауға (ауыстыруға) жол берілмейді.
19. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерден тұруы тиіс:
1) орналасқан жері, пошта және электрондық мекен-жайыларын, телефондары мен факстің нөмірлерін көрсете отырып кеден органының атауы;
2) негізгі функционалдық міндеттерін белгілей отырып, бос лауазымдардың атауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес кеден органымен айқындалатын конкурсқа қатысушыларға негізгі талаптар;
4) құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны (конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн).
Хабарландыру қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпараттан тұруы мүмкін.
5. Құжаттарды қабылдау
20. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін кеден органының кадр бөлімшесіне мынадай құжаттарын тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (шынайы тұратын жерінің мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (дипломы және қосымшасы);
5) еңбек кітапшасын растайтын құжаттың көшірмесі;
6) шақыру учаскесіне тізімге алынғандығы туралы әскери билеттің немесе куәліктің көшірмесі (әскери-тіркеу мамандығы жоқ әйел адамдар);
7) соттылығы туралы анықтама;
8) соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
9) 3х4 см мөлшердегі төрт фотосуретті;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.
21. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
22. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне және кәсiби деңгейіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
23. Қарауға құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы қабылдау мерзiмiнде тапсырылған құжаттар қабылданады.
24. Конкурс комиссиясының материалдары, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, сондай-ақ конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың сауалнамасы, өтініші және өзге де құжаттары кадр бөлімшесінде сақталады.
Конкурстық іріктеуден өтпеген конкурс қатысушысының жазбаша өтініші жағдайда құжаттар қайтарылуы мүмкін.
Аталған құжаттарды сақтау мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1605 «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес айқындалады.
6. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
25. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күннің ішінде конкурсқа конкурс комиссиясы қатысушылардың құжаттарын қарауды және талдауды, олардың кеден органында тиісті лауазымға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы шешім қабылдауды жүзеге асырады. Шешім хаттама түрiнде ресiмделеді және комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қояды.
26. Кадр бөлімшесі конкурс комиссиясының шешімімен бекітілген тестілеуден өтуге жіберілген қатысушылардың тізімін қатысушының сәйкестігі туралы шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күннің ішінде кеден органның интернет-ресурсында және ғимаратында, баршаға көрінетін жерлерде орналастырады.
Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен де жүзеге асырылады.
Кандидат конкурстың кез келген сатысын өткен кезде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
Конкурс сатыларының бірін өтпеген кандидат конкурстың келесі сатысына жіберілмейді.
7. Кандидаттарды тестілеуден өткізу
27. Кандидаттарды тестілеу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8128 тіркелген «Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығымен бекітілген Арнаулы атақтар мен оларға сәйкес шекті арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымдар санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, сондай-ақ шекті мәндеріне сәйкес жүргізіледі.
Лауазым санатына және қызметтің бағытына қарай әр түрлі тестілеу бағдарламалары орнатылады.
28. Тестілеуден өтуге жіберілген кандидаттардың тізімін және тестілеу өткізу кестесін жарияланғаннан кейін бес жұмыс күннен аспайтын мерзімде тестілеу жүргізіледі.
29. Бір конкурсты жүргізу шеңберінде тестілеу бойынша қайталама рәсімдер жүргізілмейді.
30. Тестілеу нәтижелері кандидаттар мен конкурс комиссиясына жолданады.
31. Жоғары шекті мәндерден алған кандидаттар медициналық және психофизиологиялық тексеруге, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуге жіберіледі. Кадр бөлімшесі конкурс комиссиясының шешімімен бекітілген кандидаттардың тізімін тестілеуден өткеннен кейін екі жұмыс күннің ішінде кеден органның интернет-ресурсында және ғимаратында, баршаға көрінетін жерлерде орналастырады.
32. Белгілі бір лауазым үшін бекітілген тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері тестілеу бағдарламасы өзгеріссіз қалған жағдайда тестілеуден өткен сәттен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
8. Кандидаттардың медициналық және психофизиологиялық
куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуі
33. Қазақстан Республикасының кеден органдарына құқық қорғау қызметке орналасуға ниет білдірген кандидаттар қызметке жарамдылығын айқындау үшін әскери-дәрігерлік комиссиясында міндетті тәртіпте медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
34. Кандидаттар медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өту үшін жолдамаларды кеден органының кадр бөлімшесі береді.
35. Кандидаттармен медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өту аталған сатыдан өтуге жол берілген кандидаттардың тізімі орналастырғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қамтамасыз етіледі.
Кадр бөлімшесі конкурс комиссиясының шешімімен бекітілген дене шынықтыру дайындығы бойынша есепті тапсыруға жіберілген кандидаттардың тізімін және есеп тапсыру кестесін медициналық және психофизиологиялық куәландыруды, оның ішінде полиграфологиялық зерттеу қорытындыларын алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде кеден органның интернет-ресурсында және ғимаратында, баршаға көрінетін жерлерде орналастырады.
9. Дене шынықтыру бойынша есеп
36. Кеден органдарына құқық қорғау қызметке орналасатын азаматтар үшін дене шынықтыру бойынша есепті қабылдау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8128 тіркелген «Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 468 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден органдарында кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидасына сәйкес жүргізіледі.
Нормативтер және дене шынықтыру дайындығы бойынша есепті қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен айқындалады.
37. Дене шынықтыру бойынша есеп дене шынықтыру бойынша есепті тапсыруға жіберілген кандидаттардың тізімін және есепті тапсыру кестесін жариялағаннан кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеді.
38. Бір конкурс өткізу шеңберінде дене шынықтыру бойынша есепті тапсыру бойынша қайталанған рәсімдерге жол берілмейді.
39. Дене шынықтыру дайындығы бойынша есепті тапсыру нәтижелері осы Қағидаларға 5 нысан бойынша есепті тапсыру өткізілген жерде конкурс комиссиясымен ресімделеді.
Кадр бөлімшесі дене шынықтыру бойынша есепті тапсырғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде әңгімелесуден жіберілген кандидаттардың тізімін және әңгімелесуді жүргізу кестесін кеден органның интернет-ресурсында және ғимаратында, баршаға көрінетін жерлерде орналастырады.
10. Кандидаттармен әңгімелесу және конкурс комиссиясының
қорытынды отырысы
40. Кадр бөлімшесі конкурстық комиссияның отырысына құжаттарды дайындайды. Әңгімелесуден жіберілген кандидаттардың тізімін және әңгімелесуді жүргізу кестесін орналастырғаннан кейін әңгімелесу бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
41. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби, іскерлік және жеке қабілеттерін бағалау болып табылады.
42. Әрбір кандидаттармен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленеді.
Конкурс комиссиясымен жазбаның техникалық құралдарын қолданылуы туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырысы хаттамасында жазылады.
43. Конкурс комиссиясы қорытынды отырыста ұсынылған құжаттардың, тестілеу, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеу, дене шынықтыру дайындығы есептердің, нәтижелердің негізінде кандидаттарды бағалайды және бос лауазымға тағайындау үшін олардың арасынан іріктеуді жүзеге асырады.
44. Конкурс комиссиясының шешімі ашық дауыс беру жолымен кандидат жоқ кезде қабылданады. Конкурс комиссиясының шешімі, егер отырысқа оның құрамының үштен екісі кем емес бөлігі қатысса, заңды деп есептеледі.
Кандидат егер оған комиссия құрамына қатысушылардың көбісі дауыс берген болса, конкурс комиссияның он қорытындысын алады. Дауыс беру кезінде дауыстар тең түссе, конкурстық комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
45. Конкурс комиссиясы кеден органының басшысына әңгімелесуден өткен кандидаттарды бір бос лауазымға екі адамнан көп емес одан әрі бос лауазымға тағайындау үшін кандидаттардың резервіне (бұдан әрі - резерв) алуды ұсынуға құқылы.
Конкурс комиссиясының қабылдаған шешімі конкурс комиссиясының төрағасы және мүшелері, сондай-ақ хаттама жасауды іске асыратын хатшының қолдары қойылатын хаттама түрінде ресімделеді. Талқылау барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленеді.
Кеден органы басшысының кандидаттарды резервке алу туралы шешімі бұйрықпен ресімделеді.
Конкурс комиссиясының ұсынымы бойынша резервке алынған кандидаттар алынған сәттен бастап бір жыл ішінде қосымша конкурстан өтусіз біліктілік талаптарға сәйкес жағдайда тиісті лауазымға орналаса алады.
46. Конкурс комиссиясы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы оның аяқталғанынан кейiн бес жұмыс күн iшiнде хабарлайды.
47. Кадр бөлімшесі конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде кеден органның интернет-ресурсында және ғимаратында, баршаға көрінетін жерлерде орналастырады.
48. Конкурс комиссиясымен әңгімелесуден сәтті өткен ретінде оң қорытынды қабылданған кандидат тағлымдамадан өтуге жіберіледі және бір уақытта осы Қағидалардың 18-тармағында аталған құжаттар арнайы тексеру жүргізу үшін жолданады.
11. Тағылымдаманы өткізу тәртібі және шарттары
49. Тағылымдама – жұмыстың ерекшелігін, одан әрі кәсіби бағдар үшін тәжірибені зерделеу, тәжірибелі қызметкерлердің қатарынан тағайындалған тәлімгердің басшылығымен орналасқан лауазым бойынша міндеттерді атқару.
50. Тағылымдама тиісті лауазым бойынша бір айға дейін тағылымдамадан өтушілер болып тағайындалған кандидаттар үшін белгіленеді.
Кеден органы басшысының кандидатты тағылымдамаға және тәжірибелі қызметкерлердің қатарынан тәлімгерді бекіту туралы шешімі бұйрықпен ресімделеді.
51. Тағылымдама кезінде кандидаттарға оларға қатысты бөлігінде кеден органдарында қызметті реттейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің ережелері таратылады.
52. Тағылымдама өзіне тән сипатта болады және:
1) жеке теориялық даярлықты;
2) кәсіби және ұйымдастырушылық дағдыларды алуды;
3) қызметті ұйымдастыруды зерделеу;
4) кедендік заңнаманы және оны тәжірибеде қолдануды зерделеу;
5) нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың жобаларын жасауда қатысуды қарастырады.
53. Тағылымдаманы ұйымдастыру кеден органының кадр бөлімшесінің және тағылымдамадан өтуші ретінде кандидат тағайындалған құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктеледі, олар:
1) тағылымдаманың уақытын (кезеңін), орнын анықтайды;
2) тағылымдаманың жеке жоспарын және ол бойынша есепті бекітеді;
3) тағылымдамадан өтушілердің және тәлімгерлердің жұмысын қадағалайды;
4) зерделінетін мәселелер бойынша тағылымдамадан өтушімен әңгімелесу жүргізеді.
54. Тағылымдама тәлімгері:
1) тағылымдамадан өтушімен жеке жоспарды құрастырады;
2) тағылымдамадан өтушіні қызметтік міндеттермен, кеден органының жұмысының ұйымдастырушылығымен таныстырады;
3) тағылымдама жоспарымен қарастырылған мәселелерді зерделеуде қажетті әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;
4) тағылымдаманың жолын және тағылымдама жоспарының уақтылы орындалуын қадағалайды.
55. Тағылымдама кезінде тағыламдама өтуші:
1) тәлімгермен бірге тағылымдаманың жеке жоспарын әзірлейді;
2) жалпы кеден органының және тағылымдама өтіп жатқан құрылымдық бөлімшенің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық және басқа актілердің талаптарымен танысады;
3) тағылымдама орны бойынша өтіп жатқан кәсіби даярлық және басқа шаралар бойынша сабақтарда қатысады;
4) жасалған жұмыс есебін жүргізеді;
5) тағылымдама жоспарының орындалуы туралы есеп құрастырады;
6) тағылымдамадан өткен кезде ақпаратты жарияламау туралы жауаптылықта болады.
Тағылымдамадан өтуін растайтын құжаттар тағылымдамадан өтушінің жеке ісіне тігілетін тағылымдаманың жеке жоспары және оның нәтижесі бойынша есеп болып табылады.
56. Тағылымдамадан өту кезінде кандидаттың теориялық білім мен тәжірибелік жұмысын бағалау, тәлімгер қол қойылатын мінездеме соңғы саты болып табылады.
Мінездемеде тағылымдамадан өтуші алған білім мен тәжірибелік дағдысының көлемі және деңгейі, сондай-ақ кәсіби дайындығы, іскерлік қабілеттіктері және оның нақты шешім қабылдау мүмкіндіктері көрініс табуы керек.
57. Тағылымдамадан өтуші оған жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда тәлімгер оны тағылымдаманы одан әрі өтуден босатады, осы жайында кеден органының кадр бөлімшесін ақпараттандырады. Тағылымдамадан өтуші тағылымдама нәтижесі бойынша теріс мінездеме алған жағдайда арнайы алғашқы даярлыққа жіберілмейді.
58. Тағылымдама кезінде тағылымдамадан өтушінің атыс қаруы мен арнайы құралдарды алып жүру және сақтау, сондай-ақ тағылымдамадан өтушінің өміріне қауіп төнгенде немесе оның өз бетімен әрекет етуі азаматтардың құқығын, еркін және заңды мүдделерін шектеуге, заңның бұзылуына соқтыратын жедел шараларда пайдалануға жол берілмейді.
59. Тағлымдама аяқталған соң тағлымдамадан өтуші тағлымдамадан өткен кеден органы құрылымдық бөлімшесінің басшысы кеден органының басшысына (тағайындау және жұмыстан босату құқығы бар) ұсынылатын қорытындыны береді.
Тағлымдаманың, медициналық және психофизиологиялық куәландырудың, оның ішінде полиграфологиялық зерттеудің және арнайы тексерудің он қорытындысы тағлымдамадан өтушіні бос лауазымға тағайындау туралы бұйрықты шығару үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының
кеден органдарына құқық қорғау
қызметке орналасу кезінде
конкурсты және тағлымдаманы
өткізу қағидалары мен шарттарына
1-қосымша
Нысан
______________________________
кеден органының атауы
Өтініш
Мені бос тұрған мынадай ______________________________________
қызмет орнына тағайындалуым үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________ ___________________________________________________
қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
«___» ___________ 20 __ ж.
Қазақстан Республикасының
кеден органдарына құқық қорғау
қызметке орналасу кезінде
конкурсты және тағлымдаманы
өткізу қағидалары мен шарттарына
2-қосымша
Нысан
Кадр есебі жөніндегі жеке ІС ПАРАҒЫ ЛИЧНЫЙ ЛИСТОК по учету кадров 1. Тегі_______________________________________ Фамилия аты____________________________________________ имя әкесінің аты___________________________________ отчество |
|
---|
2. __________________________________________________________________
тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын өзгерткен болсаңыз, қашан, қайда және қандай себеппен өзгерткеніңізді көрсетіңіз
_____________________________________________________________________
если изменяли фамилию, имя или отчество, то укажите их, а также когда, где и по какой причине изменяли
3. Жынысы ________________ 4. Туған күні, айы және жылы _____________
Пол Год, число и месяц рождения
5. Туған жері _______________________________________________________
Место рождения (село, ауыл, қала, аудан, облыс, өлке, республика)
(село, деревня, город, район, область, край, республика)
6.Ұлты _________________ 7. Азаматтық _______________________________
Национальность Гражданство
8. Білімі _______________________________
Образование
Оқу орнының атауы және |
Түскен жылы |
Бітірген немесе шыққан жылы |
Бітірмесе, қай курстан кетті |
Қандай мамандық бойынша білім алды |
Оқу орнын бітірген соң, кім болып шықты, диплом немесе куәлік нөмірін көрсету керек |
9. Қандай шетел тілдерін және ТМД халықтарының тілдерін білесіз
Какими иностранными языками и языками народов СНГ владеете
_____________________________________________________________________
(оқи аласыз ба, әлде сөздікпен аудара аласыз ба,
(читаете и переводите со словарем, читаете и можете
_____________________________________________________________________
әлде түсінісе аласыз ба, еркін сөйлейсіз бе)
объясняться, владеете свободно)
10. Ғылыми дәрежеңіз, ғылыми атағыңыз _______________________________
Ученая степень, ученое звание (қашан берілген, дипломдарыңыздың
нөмірі)
(когда присвоены, номера дипломов)
11. Қандай ғылыми еңбектеріңіз бен жетістіктеріңіз бар ______________
Какие имеете научные труды и изобретения
_____________________________________________________________________
12. Еңбек жолыңыз (жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқыған
жылдарыңыз, әскери қызмет, қоса атқарған жұмысыңыз, кәсіпкерлік
қызметіңіз және т.б. түгел жазылады)
_____________________________________________________________________
Бұл тармақты толтырғанда мекемелер мен кәсіпорындар кезінде қалай
аталса, сол қалпында берілсін, әскери қызметтің лауазымы мен әскери
бөлімі қоса көрсетілсін
Трудовая деятельность (включая учебу в высших и средних специальных
учебных заведениях, военную службу, работу по совместительству, предпринимательскую деятельность и т.п.)
_____________________________________________________________________
При заполнении данного пункта учреждения организации и предприятия
необходимо именовать так, как они назывались в свое время, военную
службу записывать с указанием должности и номера воинской части
Айы және жылы |
Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік (ведомство) қоса көрсетілсін |
Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері |
|
келген |
кеткен |
||
13. Жақын туыстарыңыз (әкеңіз, шешеңіз, бауырларыңыз,
апа-қарындастарыңыз және балаларыңыз), сондай-ақ жұбайыңыз (зайыбыңыз):
Ваши близкие родственники (отец, мать, братья, сестры и дети), а также муж (жена):
Туысқандық деңгейі |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған жері, датасы |
Жұмыс орны, қызметі |
Тұрғылықты мекен-жайы |
_____________________
1Егер туысқандарыңыз фамилиясын, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын қоса көрсетіңіз
Если родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то необходимо указать их прежние фамилию, имя, отчество
14. Қандай мемлекеттік және өзге марапаттарыңыз бар _________________
Какие имеете государственные и другие награды (қашан, немен
марапатталдыңыз) (когда и чем награждены)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
15. Әскери қызметке қатысыңыз және әскери атағыңыз
Отношение к воинской обязанности и воинское звание ______________
_____________________________________________________________________
Құрамы ______________________ Әскер түрі ____________________________
Состав (командалық, саяси, әкімшілік, техникалық және т.б.) Род войск
(командный, политический, административный, технический и т.д.)
16. Мекен-жайыңыз бен телефоныңыз___________________________________
Домашний адрес и телефон
_____________________________________________________________________
«___»______________ 20___г. Өзінің қолы ____________________
(толтырылған мезгілі) Личная подпись
(дата заполнения)
(Жеке іс парағын толтырушы қызметкер кейінгі өзгерістер туралы (білімі, ғылыми дәреже, атақ алуы т.с.с.) қызмет орнына хабарлауға міндетті. Бұл мағлұматтар жеке іс қағазына енгізіледі).
(Работник, заполняющий личный листок, обязан о всех последующих изменениях (образовании, присвоении ученой степени, ученого звания и т.п.) сообщать по месту работы для внесения этих изменений в его личное дело).
Қазақстан Республикасының
кеден органдарына құқық қорғау
қызметке орналасу кезінде
конкурсты және тағлымдаманы
өткізу қағидалары мен шарттарына
3-қосымша
Нысан
Түсінікті, ұақыпты жазуыңызды өтінеміз
Просьба: писать разборчиво, аккуратно
Ө М І Р Б А Я Н А В Т О Б И О Г Р А Ф И Я |
|
Өз қолымен еркін толтырылады, алайда төмендегідей деректер МІНДЕТТІ түрде көрсетілуге тиіс: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және туған жері; қай кезден, қандай қызметте, қай жерде жұмыс істеді; қашан жұмыс істей бастады, жұмыстан босау, ауысу себебі; Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге қашан шақырылды, қайда және қандай қызмет атқарды; әкесінің, шешесінің, жұбайының (ерінің), туған әпке-қарындастарының (сіңілілерінің), бауырларының және балаларының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні. Өзі, жұбайы (ері) және жақын туыстары қылмыстық жауапқа тартылған ба (қашан? не үшін?). |
|
«____»___________20_____ж./ г. |
Өзінің қолы __________________ |
Қазақстан Республикасының
кеден органдарына құқық қорғау
қызметке орналасу кезінде
конкурсты және тағлымдаманы
өткізу қағидалары мен шарттарына
4-қосымша
Нысан
Дене шынықтыру даярлықтары бойынша кандидаттармен есеп тапсыру
нәтижелері
№ р/н |
Қатысушының |
Нормативтің атауы |
Қолы |
|||||||||
1000 метрге жүгіру |
100 метрге жүгіру |
Салмада тартылу |
Жатқан қалыпта қолды бүгу және жазу |
16 кг. гирді көтеру (қайталау саны) |
||||||||
Уақыт |
Бағалау |
Уақыт |
Бағалау |
Уақыт |
Бағалау |
Уақыт |
Бағалау |
Уақыт |
Бағала |
|||
Конкурс комиссиясының
мүшесі ________________ ______________________________
қолы Т.А.Ә.
Конкурс комиссиясының
хатшысы ________________ _____________________________
қолы Т.А.Ә.