Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны ұсыну мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 236 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қазанда № 8794 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны ұсыну мерзімдері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 236 қаулысымен
бекітілген

Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны ұсыну мерзімдері

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Осы Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны ұсыну мерзімдері (бұдан әрі – Тізбе) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 41-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және ерікті зейнетақы жарналарын тартатын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырмайтын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – Қор) үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін, есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерін белгілейді.

      Өзге пруденциялық нормативтер бойынша есептілікті есептеу және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну тәртібі Тізбеде көрсетілмеген, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдар үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9736 тіркелген "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 қаулысымен белгіленеді.

      Тізбеде Қордың үлестес тұлғаларына қатысты көзделген нормалар заңды тұлғаларға және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының аталған ұйымдардың дауыс беретін акцияларының 25 (жиырма бес) және одан астам пайызына тікелей (банктер бойынша – жанама) иелік етуі нәтижесінде олардың Қормен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.

      Пруденциялық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:

      меншікті капиталдың жеткіліктілігі;

      инвестициялау лимиттері.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

1. Жалпы ережелер

      1. Тізбенің мақсаты үшін "Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағалары да танылады.

      2. Осы Тізбенің мақсатында пайдаланылатын халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мына халықаралық қаржы ұйымдары түсіндіріледі:

      Азия даму банкі;

      Африка даму банкі;

      Америкааралық даму банкі;

      Еуразиялық даму банкі;

      Еуропалық қайта құру және даму банкі;

      Еуропа инвестициялық банкі;

      Ислам даму банкі;

      Халықаралық қаржы корпорациясы;

      Халықаралық есеп айырысу банкі;

      Халықаралық қайта құру және даму банкі.

      3. Қордың пруденциялық нормативтерін есептеу үшін бухгалтерлік есептің деректері бойынша қаржы құралдарының ағымдағы құны пайдаланылады, ол Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 5-бабының 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалады.

2. "Меншікті капиталдың жеткіліктілігі" 1-пруденциялық
нормативі

      4. Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті (К1) мына формула бойынша есептеледі:

      К1 = (ӨА - М) / МКТМ, мұнда:

      ӨА – Қордың Тізбенің 5 және 7-тармақтарында көрсетілген өтімді және басқа да активтер;

      М – баланс бойынша міндеттемелер;

      МРСК – Қордың 259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңге мөлшеріндегі меншікті капиталының ең төменгі мөлшері.

      Егер инвестициялық басқаруға қабылданған активтердің құны 40 (қырық) миллиард теңгеден астам болған жағдайда Қордың меншікті капиталының ең төменгі мөлшері мынадай формуламен есептеледі:

      МРСК = (БҚА - 40 (қырық) миллиард теңге)*0,0001 + 259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңге, мұнда:

      БҚА – инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтері;

      Қордың меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің мәні күнделікті кемінде 1 (бір) құрайды.

      5. Тізбенің 1-қосымшасында көзделген көлемдерде Қордың мынадай активтерi өтiмдi активтер ретiнде танылады:

      1) ақша, оның ішінде:

      Қордың балансы бойынша активтер сомасының бір пайызынан аспайтын кассадағы ақша;

      осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы теңгемен және Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасымен ақша;

      орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша;

      Қордың кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын клирингтік ұйымның шоттарындағы меншікті ақша;

      Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді рейтингі немесе Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасындағы басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;

      Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді және (немесе) қысқа мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, Қорға бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасында операцияларды жүзеге асыру үшін банк қызметін ұсынатын шетел ұйымдарының ағымдағы шоттарындағы ақша;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi дауыс беретiн акцияларының жүз пайызын иеленген екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымымен шығарылған борыштық бағалы қағаздар;

      3) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "В-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің отыз алты айдан аспайтын мерзімге арналған салымдары;

      4) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "В-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің банктік депозиттік сертификаттары;

      5) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес айналысқа жiберiлген мемлекеттiк бағалы қағаздарын қоса алғанда);

      6) қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарған облигациялар;

      7) "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      8) Standard & Poor’s агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілiк агенттiктердiң бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттiгiнiң ұлттық шәкiлi бойынша "kzВВ"-дан төмен емес рейтингілiк бағасы немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бірінің ұлттық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттары;

      9) Қазақстан Республикасы ұйымдарының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      10) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВ"-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің біреуінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      11) осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмен рейтингілік бағасы, сондай-ақ рейтингілік бағасы жоқ, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      12) осы тармақтың 10), 11) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

      борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі – ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі – АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біріндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

      борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытта осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;

      13) осы тармақтың 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

      борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жүзеге асырылды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілігін ХҚЕС-ке немесе АҚШ ҚЕС-ке сәйкес жасайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін соңғы аяқталған қаржы жылы үшін берді;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауға тиіс;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес аяқталған үш қаржы жылының бірінде таза пайдасының болуы;

      лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы қаржы жылындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

      борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;

      14) мемлекеттік мәртебесі бар, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингісі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттерінің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар;

      15) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      16) Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      17) Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      18) Лондондық қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған қымбат металдар және металл депозиттері, оның ішінде Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА"-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде он екі айдан аспайтын мерзімге салынған металл депозиттері;

      19) бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және акционерлері бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;

      20) зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақылар мен зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кіріс бойынша, шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген дебиторлық берешек.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

      6. Тізбенің 5-тармағында көрсетілген өтімді активтердің есебіне мыналар қосылмайды:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздармен (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда) "кері репо" мәмілелерін қоспағанда, Қордың меншік құқығы шектелген активтер (Қордың бағалы қағаздарды, оларды қайта сатуға немесе кепілге беруге міндеттеме алу шартымен, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ауыртпалықтары бар бағалы қағаздарды сатып алуы);

      Қорға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар;

      Қордың ірі акционерлеріне тиесілі Қордың дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенімгерлікпен басқарушылары және осы сенімгерлікпен басқарушылардың үлестес тұлғалары шығарған бағалы қағаздар;

      Қорға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар.

      7. Қордың балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы, Қордың жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары басқа активтер ретінде танылады.

3. "Инвестициялау лимиттері" 2-пруденциялық нормативі

      8. Қор инвестициялау лимиттерін есептеуді күн сайын жүзеге асырады.

      9. "Инвестициялау лимиттері" пруденциялық нормативін есептеген кезде:

      1) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің меншікті капиталы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының талабына сәйкес жарияланған не қор биржасының немесе қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансы негізінде шоғырландырылмаған қаржылық есептілік деректері бойынша айқындалады;

      2) бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымының меншікті капиталы қор биржасының немесе қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансы негізінде айқындалады;

      3) Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің меншікті капиталы Reuters немесе Bloomberg ақпараттық талдау жүйелерінде, сауда жүйелерінде осы бағалы қағаздарының бағасы белгіленетін қор биржасының немесе халықаралық (шетелдік) қор биржасының интернет-ресурсында немесе осы бағалы қағаздар эмитентінің интернет-ресурсында орналастырылған оның соңғы тоқсандық балансы негізінде айқындалады;

      4) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымының дауыс беретін және орналастырылған акцияларының жалпы саны уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында ай сайын орналастырылатын деректердің негізінде айқындалады;

      5) пайлары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылатын деректердің негізінде айқындалады;

      6) "Standard & Poor's principal stability fund ratings" "BBBm-" төмен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "BBBf-" төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қор активтерінің мөлшері Reuters немесе Bloomberg ақпараттық талдау жүйелерінде, сауда жүйелерінде осы пайлардың бағасы белгіленетін қор биржасының немесе халықаралық (шетелдік) қор биржасының интернет-ресурсында немесе осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының интернет-ресурсында орналастырылған деректердің негізінде айқындалады;

      7) Қордың меншікті активтерінің мөлшері Қордың бухгалтерлік есебінің меншікті активтер бойынша деректерінің негізінде күн сайын айқындалады;

      8) зейнетақы активтерінің мөлшері бухгалтерлік есептің зейнетақы активтері бойынша күн сайынғы деректерінің негізінде күн сайын айқындалады;

      9) борыштық бағалы қағаздарға инвестициялар мөлшері борыштық бағалы қағаздардың баланстық құны бойынша айқындалады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      10. Мына:

      1) Тізбенің 14 және 29-тармақтарында белгіленген инвестициялау лимиттерін есептеген кезде, бір-біріне қатысты үлестес банктер бір банк ретінде танылады;

      2) Тізбенің 18-тармағында белгіленген инвестициялау лимиттерін есептеген кезде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктер болып табылмайтын, бір-біріне қатысты үлестес болып табылатын эмитенттер Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын бір эмитент ретінде танылады.

      Осы тармақтың талаптары кредиттік бюролардың қатысушылары (акционерлері) болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ акцияларының (қатысу үлестері) мемлекеттік пакеттері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына берілген заңды тұлғаларға қолданылмайды.

      11. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қор инвестицияларының мөлшері мына мәндерді құрайды:

      меншікті активтер есебінен – Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

      жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің отыз бес пайызынан кем (қаржылық агенттіктерді және ипотекалық облигациялардың эмитенттерін қоспағанда).

      12. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкі шығарған, Қор жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған дауыс беретін акциялардың үлесі осы банктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының он пайызынан кем мәнді құрайды.

      13. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір банкі шығарған, Қор жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған орналастырылған акциялардың үлесі осы банктің орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан кем мәнді құрайды.

      14. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі және осы банктiң үлестес тұлғалары болып табылатын эмитенттер, сондай-ақ осы банктің, оның ірі акционерлеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенiмгерлiкпен басқарушылары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      Егер, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын банктің үлестес тұлғасы – эмитент, сондай-ақ осы банктің, оның ірі акционерлеріне тиесілі дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенімгерлікпен басқарушы ипотекалық облигациялардың шығарылымын жүзеге асырған жағдайда, онда осы ипотекалық облигацияларға Қор инвестицияларының жиынтық мөлшері Тізбенің 16 және 17-тармақтарында белгіленген мәндерден аспайды.

      15. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қор инвестицияларының мөлшері мына мәндерді құрайды:

      меншікті активтер есебінен – Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

      жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен – осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем (қаржылық агенттіктерді, ипотекалық облигациялар мен инфрақұрылымдық облигациялардың және мемлекеттің немесе қаржылық агенттіктің кепілдігімен шығарылған облигациялардың эмитенттерін қоспағанда).

      16. Қор жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымының бір шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының үлесі эмитенттің осы шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының жалпы санының жиырма бес пайызынан кем мәнді құрайды.

      17. Қор жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтер есебінен сатып алған, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған дауыс беретін акцияларының үлесі осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санының он пайызынан кем мәнді құрайды.

      18. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып табылмайтын Қазақстан Республикасының ұйымы және осы ұйымның үлестес тұлғалары болып табылатын эмитенттер, сондай-ақ ірі акционерлеріне тиесілі оның дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын сенімгерлікпен басқарушылары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      19. Қордың Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенті шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына инвестицияларының мөлшері мына:

      меншікті активтер есебінен - Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

      жиынтығында зейнетақы және меншікті активтер есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен - егер эмитенттің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары бойынша бас ұйымның мөлшері осы эмитенттің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары шығарылымының толық көлеміне сәйкес келетін кепілдігі бар болса, осы эмитенттің немесе оның бас ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан кем мәндерді құрайды.

      Егер эмитенттің бас ұйымы екінші деңгейдегі банк болса, Қордың жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен осы Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитент шығарған (берген) қаржы құралдарына инвестицияларының мөлшері бұл екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталының отыз бес пайызынан кем болады.

      20. Қордың жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен сатып алған Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің бір шығарылымдағы борыштық бағалы қағаздарының үлесі эмитенттің осы шығарылымдағы борыштық бағалы қағаздарының жалпы санының жиырма бес пайызынан кем мәнді құрайды.

      21. Қордың жиынтығында зейнетақы және меншікті активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен сатып алған Қазақстан Республикасының резидент емес бір эмитенті шығарған акциялардың үлесі осы эмитент акцияларының жалпы санының он пайызынан кемді құрайды.

      22. Қордың шетел валютасында номинирленген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына меншікті активтері есебінен инвестицияларының мөлшері Қордың меншікті активтерінің елу пайызынан кем болады, оның ішінде "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарына – меншікті активтердің жалпы мөлшерінің он пайызынан кемді құрайды.

      23. Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген пайларына Қор инвестицияларының мөлшері мына:

      1) меншікті активтері есебінен - Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

      2) жиынтығында меншікті және зейнетақы активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен - осы аралық инвестициялық пай қорының таза активтерінің он пайызынан кем мәндерді құрайды.

      24. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын бір басқарушы компанияның басқаруындағы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген аралық инвестициялық пай қорының пайларына және осы басқарушы компания шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      25. "Standard & Poor's principal stability fund ratings" "BBBm-" төмен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "BBBf-" төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қордың пайларына Қор инвестицияларының мөлшері мына:

      меншікті активтері есебінен - Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем;

      жиынтығында меншікті және зейнетақы активтері есебінен не тек қана зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен - осы инвестициялық қор активтерінің он пайызынан кем мәндерді құрайды.

      26. Бір басқарушы компанияның басқаруындағы "Standard & Poor's principal stability fund ratings" "BBBm-" төмен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "BBBf-" төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайларына және осы басқарушы компания шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      27. Бір шет мемлекеттің орталық үкіметі шығарған (ұсынған) мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      28. Бір халықаралық қаржы ұйымы шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына Қордың меншікті активтері есебінен инвестицияларының мөлшері Қордың меншікті активтерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      29. Қор кассасында күннің соңындағы ақша қалдығының мөлшері Қордың меншікті активтері мөлшерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейіндегі бір банкіндегі ағымдағы шоттарындағы ақшаның ең көп қалдығы Қордың меншікті активтері мөлшерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      30. Тазартылған бағалы металдарға және металл депозиттеріне Қордың меншікті активтер есебінен инвестицияларының жиынтық мөлшері Қордың меншікті активтері мөлшерінің он пайызынан кем мәнді құрайды.

      31. Осы тарауда белгіленген инвестициялау лимиттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздарға таралмайды.

      32. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің, екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитентінің меншікті капиталының төмендеуі нәтижесінде Тізбенің 11, 15 және 19-тармақтарына сәйкес есептелген мәндер сәйкес келмеген жағдайда, Қор осы сәйкессіздіктің фактісі мен себептері туралы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген оқиға басталған күннен бастап 4 (төрт) ай ішінде оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып уәкілетті органға хабарлайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      33. Қорға қатысы жоқ себептер нәтижесінде Тізбенің 12, 13, 17 және 21-тармақтарына сәйкес есептелген мәндер сәйкес келмеген жағдайда, Қор осы сәйкессіздіктің фактісі мен себептері туралы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген оқиға басталған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып уәкілетті органға хабарлайды.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

4. Есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдері

      34. Қор әр жұмыс күні оның алдындағы жұмыс күні соңындағы, сондай-ақ ағымдағы жұмыс күнінің алдындағы тікелей демалыс күндерінің әрқайсысының соңындағы жағдай бойынша К1 коэффициенті мәнінің есебін жүргізеді.

      35. Қор уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық форматта мынадай есептілікті:

      тізбенің 1-қосымшасына сәйкес К1 коэффициентінің есебі;

      тізбенің 2-қосымшасына сәйкес К1 коэффициентінің пруденциялық нормативтерді есептеуге үшің қосымша мәліметтер.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      36. Қағаз тасымалдағыштағы есептілікке есепті Ұйымда сақталады.

      Электрондық форматта ұсынылатын Қордың есептілігінің қағаз тасымалдағыштағы деректерге сәйкестігін Қордың бірінші басшысы (не оның орнындағы адам) және Қордың бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      37. алып тасталсын – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      38. алып тасталсын – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      39. алып тасталсын – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары
үшін пруденциялық нормативтердің
тізбесіне, олардың нормативтік
мәндеріне және есептеу әдістемесіне,
сондай-ақ есептілік нысандары мен
ұсыну мерзімдеріне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
К1 коэффициенті мәнінің есебі

      Есепті кезең: 20 ____жылғы "____" ___________

      Индексі: К1_DNPF

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатындар: ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры

      Нысан кімге ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей

      Нысан

      __________________________________________________________________

      (Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы (бұдан әрі - ЕЖЗҚ)

      (мың теңгемен)

Көрсеткіш атауы

Баланс бойынша құны

Ескерілетін көлем (%)

Есептелетін

сома

1.

Ақша - барлығы (1.1 - 1.6 жол сомасы):


Х


1.1

кассадағы ақша, ЕЖЗҚ-ның балансы бойынша активтер сомасының бір пайызынан аспайды


100


1.2

Ереженің 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі теңгедегі және шетел валютасындағы ақшасы


100


1.3

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша


100


1.4

клирингтік ұйымдағы шоттардағы, ЕЖЗҚ-ның кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша


100


1.5

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдің шетел валютасында басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктеріндегі ағымдағы шоттарындағы ақша


100


1.6

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі бар немесе Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ЕЖЗҚ-ға банктік қызмет көрсететін агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдардың ағымдағы шоттарындағы ақша


100


2.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің отыз алты айдан аспайтын мерзімге арналған салымдар


100


3.

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzB" төмен емес рейтингтік бағасы бар, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің банктік депозиттік сертификаттары


100


4.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарын қосқанда)


100


5.

Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар


100


6.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


7.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі дауыс беретін акцияларының жүз пайызын иеленетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


8.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


9.

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген Қазақстан Республикасы ұйымдарының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі - № 189 қаулы) көзделген "акциялар" секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары немесе ықтимал шығындарға көзделген резевтерді шегерумен, қор биржасы индексінің өкілді тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары


100


10.

"В-"-дан төмен емес рейтингі бар осы қосымшаның 9-жолында көрсетілген акцияларға жатқызылмаған заңды тұлғалардың акциялары


100


11.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


12.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-қа дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor’s агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-"-тан "kzВ"-ға дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


13.

Осы қосымшаның 11 және 12 жолдарында көрсетілген деңгейден төмен рейтингтік бағасы бар, сондай-ақ рейтингтік бағасы жоқ, № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің "квазимемлекеттік секторы субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыштың сомасы мен есептелген сыйақыны есепке ала), ықтимал шығындарға көзделген резервтерді шегерумен;


100


14.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Ереженің 8-тармағының

12) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының бағалы металдар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


16.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының ұйымдарының және басқа мемлекеттердің Ереженің 8-тармағының 13) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


17.

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесіне ие бағалы қағаздар


100


18.

Шетел ұйымдары шығарған, Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


100


19.

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


20.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, базалық активі Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


21.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтінгтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұлттық шкаласы бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


22.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, заңды тұлғалардың № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген акциялары немесе заңды тұлғалардың қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


23.

Осы нысанның 10-белгісінде көрсетілген акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


24.

Халықаралық қаржы ұйымдары шығарған, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар


100


25.

Лондондық бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде осы қауымдастық құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері, оның ішінде Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде 12 айдан аспайтын мерзімге салынған металл депозиттері


100


26.

Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және акционерлері бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары


100


27.

Зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақылар мен зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кіріс бойынша, шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген дебиторлық берешек


100


28.

ЕЖЗҚ балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы ЕЖЗҚ-тың жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары


100


29.

Өтімді және басқа активтер жиынтығы (1 - 28-жолдарының сомасы)


х


30.

Баланс бойынша міндеттемелер


х


31.

МКТМ




32.

Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті К1 ((29-жол – 30-жол)/ 31-жол) 1-ден кем емес

х

х


33.

Зейнетақы активтерінің ағымдағы құны

х

х


34.

Баланс бойынша активтердің құны

х

х



      Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)

      _________________________________________________ ___________________

      (тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қолы)

      Бас бухгалтер ___________________________________ ___________________

      (тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қолы)

      Орындаушы: ____________________________________________ _____________

      (лауазымы, тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты) (қолы)

      ________________

      (телефон нөмiрi)

      Есепке қол қойылған күн 20__ жылғы "____" __________

      Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинауға арналған
"К1 коэффициенті мәнінің есебі" нысанын толтыру бойынша
түсіндірме
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "К1 коэффициенті мәнінің есебі" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы өтімді активтер, басқа да активтер, міндеттемелер, меншікті капиталының ең төменгі мөлшері және меншікті капиталының жеткіліктілігі нормативі бойынша толтырады.

      4. Қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      5. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      6. 3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.

      7. 5-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы есептеуге арналған, 3 және 4-бағандар деректерінің туындысы ретінде есептелген сома көрсетіледі.

      8. Реттік нөмірі 32-жолда баланс бойынша өтімді активтер мен міндеттемелер айырмасының меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне қатынасы ретінде есептелген меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті көрсетіледі.

  Ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорлары үшін пруденциялық
нормативтердің тізбесіне,
олардың нормативтік мәндеріне,
есептеу әдістемесіне, сондай-ақ
тиісті есептілік нысандары мен
оны ұсыну мерзімдеріне
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 152 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

      Нысан

"К1 коэффициентінің пруденциалдық нормативін есептеу үшін
қосымша мәліметтер"
Есепті кезең: ____ж.__.__.

      Нысан индексі: DNP-8PR

      Ақпарат жинау кезеңділігі: ай сайын

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – Қор)

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.

      (мың теңге)

Белгісінің

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сомасы

1

2

3

8001

Қордың балансы бойынша активтер сомасының бір пайызынан аспайтын кассадағы ақша


8002

Тізбенің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің теңгемен және шетел валютасымен ақшасы


8003

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;


8004

клирингтік ұйымдағы шоттардағы, Қордың кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;


8005

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі немесе Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердегі ағымдағы шоттарындағы ақша


8006

Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді рейтингі немесе Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елдердің шетел валютасындағы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін Қорға банктік қызмет ұсынатын басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйымдардағы ағымдағы шоттардағы ақша


8007

Кассадағы және ағымдағы шоттардағы басқа ақша


8008

Лондондық бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде осы қауымдастық құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін тазартылған бағалы металдар және металл депозиттері, оның ішінде Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА" кем емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінде 12 айдан аспайтын мерзімге салынған металл депозиттері


8009

Зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақы және зейнетақы активтерін инвестициялаудан болған, есептелген инвестициялық кіріс бойынша шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген дебиторлық берешек


8010

Басқа дебиторлық берешек


8011

Қорға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар


8012

Қордың ірі акционерлеріне тиесілі Қордың дауыс беретін он және одан да көп акцияларын сенімгерлікпен басқарушылар және осы сенімгерлік басқарушылардың үлестес тұлғалары шығарған бағалы қағаздар


8013

Қорға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


8014

Меншігінде тұрған немесе жерді тұрақты пайдаланудағы жер


8015

Меншігінде тұрған үйлер мен ғимараттар


8016

Көлік құралдарын қоспағанда меншігінде тұрған машиналар мен жабдықтар


8017

Басқа да негізгі құрал-жабдықтар



      Қордың толық атауы

      _____________________________________________________________________

      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) __ күні ___

      Бас бухгалтер _____________ күні _____________

      Орындаушы _____________ күні _____________

      Телефон: ___________

      Мөр орны

  "К1 коэффициентінің пруденциалдық
нормативін есептеу үшін қосымша

      мәліметтер" әкімшілік деректер жинауға

      арналған нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
"К1 коэффициентінің пруденциалдық нормативін есептеу үшін
қосымша мәліметтер" нысанын толтыру бойынша
түсіндірме
1. Жалпы ережелер

      Осы түсіндірме "К1 коэффициентінің пруденциалдық нормативін есептеу үшін қосымша мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 62-5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Нысанды ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ай сайын жасайды.

      Қаржы есептілігін жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер көрсетіледі.