"Бурабай" арнайы экономикалық аймағы әкімшілігінің өкілеттіктер мерзімін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 02 тамыздағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8652 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      2011 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі басқарушы компания функцияларын 2014 жылғы 1 шілдеге дейін орындасын.
      2. «Арнайы экономикалық аймақтар әкімшіліктерінің өкілеттіктер мерзімін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 444 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 8227 тіркелген, 2013 жылғы 26 қаңтарда № 30-31 (27304-27305) «Казахстанская правда» және 2013 жылғы 26 қаңтарда № 54 (27993) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар комитеті (Хаиров Е.К.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                   А. Рау