"Бурабай" арнайы экономикалық аймағы әкімшілігінің өкілеттіктер мерзімін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 02 тамыздағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8652 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 610 бұйрығымен

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 180-бабына, «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде моноқалаларда кәсiпкерлiкке микрокредит беру үшiн 2013 жылға кредит берудің негізгі шарттары белгіленсін.
      2. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi мәслихаттар 2013 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиiстi түсiмдердi көздейтiн шешiмдер қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарымен кредиттiк шарттар жасасуды;
      2) бюджеттiк кредиттердiң мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      4. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгiне бюджеттік кредиттердi игеру туралы ақпарат берсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгi Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде моноқалаларда кәсiпкерлiкке микрокредит беру үшiн 2013 жылға бөлiнген бюджеттiк кредиттердiң игерiлуiне мониторингті қамтамасыз етсiн.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгiне жүктелсiн.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2013 жылғы 2 тамыздағы
№ 768 қаулысына  
қосымша      

Облыстық бюджеттерге Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға
арналған бағдарламасы шеңберiнде моноқалаларда кәсiпкерлiкке
микрокредит беру үшiн 2013 жылға кредит берудің негізгі
шарттары

      Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына (бұдан әрi - қарыз алушы) кредиттер беру үшiн мынадай негiзгi шарттар белгiленедi:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекiтiлген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде моноқалаларда кәсiпкерлiкке микрокредит беру үшiн 2013 жылға кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзiмге 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) % сыйақы ставкасы бойынша теңгемен берiледi;
      2) кредиттердi игеру кезеңi кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледi және 2017 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады.