Арнайы экономикалық аймақтар әкiмшiлiктерiнiң өкiлеттiк мерзiмдерiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 07 желтоқсандағы № 444 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8227 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 02 тамыздағы № 236 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 02.08.2013 № 236 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Арнайы экономикалық аймақтар әкiмшiлiктерi осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2013 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде басқарушы компаниялардың функцияларын орындасын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Инвестиция комитетi (Е.Қ. Хаиров) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледі және 2012 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрiнің
      міндетін атқарушы                          А. Рау 

Қазақстан Республикасы  
Индустрия және жаңа   
технологиялар министрiнiң
міндетін атқарушысының 
      2012 жылғы 07 желтоқсандағы
№ 444 бұйрығына     
      қосымша         

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймақ дирекциясы» мемлекеттiк мекемесi.
      2. «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймақ дирекциясы» мемлекеттiк мекемесi.
      3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркi» арнайы экономикалық аймақ дирекциясы» мемлекеттiк мекемесi.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Туризм индустриясы комитетiнiң аумақтық департаментi - «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкiмшiлiгi» мемлекеттiк мекемесi.