Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 23 сәуірде № 8436 тіркелді

Жаңартылған

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Тізбенің 1-тармағының бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы абзацтары, 4-тармағының қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 294 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Г. Марченко

          «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      ___________ Б.Б. Жәмішев
      2013 жылғы 19 наурыз
      (қолы, күні, қолтаңба мөрі)

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы  
№ 74 қаулысына      
қосымша         

Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4158 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аталған қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:
      12-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұйымның жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері;
      2. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің мәні:
      k1 - 0,06 кем емес;
      k1-2 - 0,06 кем емес;
      k1-3 - 0,12 кем емес болуы тиіс.
      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және мүмкін міндеттемелердің есебі осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес жасалады.
      Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған шартты және мүмкін міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарыз алушының тиісті санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сай есептелген шартты және мүмкін міндеттемелердің сомасын тудырушы ретінде анықталады.
      k1 коэффициентін есептеу мақсаттарына арналған активтер және кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген, k1-2 және k1-3 коэффициенттерінің есебіне қабылданатын активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған арнайы резервтерді шегере отырып, енгізілуі тиіс.»;
      2-13-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Секьюритилендіру барысында меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентін есептеудің ерекшелігі;
      3. Бір қарыз алушының барынша жоғары тәуекел мөлшері»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Егер ұйым қарыз берушісі ұйымның алдындағы міндеттемелер туындаған сәтте бір қарыз алушы ретінде қарастырылмай, соңынан ондай болып табылған жағдайда, осы Нұсқаулықтың 10-тармағының екінші абзацында белгіленгендей, осы қарыз алушының аталған шектен асып кеткен тәуекел мөлшері мына талаптарға сәйкес келсе, тәртіп бұзу ретінде қарастырылмайды егер ұйым осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосымша қамтамасыз етуді ұсыну жөніндегі қарыз алушының қабілеттілігін растай отырып, осы шектен асып кету туралы немесе норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейінгі ұйым талаптарының бөлігін орындайтындығы және уәкілетті орган белгілеген мерзімде осы тәртіп бұзуды жою жөнінде міндеттемелер қабылдағандығы туралы уәкілетті органды дереу хабарландырған жағдайда.»;
      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өтімділік коэффициенті»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Өтімділік коэффициенттерін есептеу кезінде оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне немесе көрсетілген оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптар алынып тасталуы тиіс.»;
      4-17-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелеріне ұйымның капиталдандыруы;
      7. Қорытынды ережелер»;
      5-қосымшаның «Пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есеп» кестесін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-1-жолы толықтырылсын:

«

13-1

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегергенде активтер


                                                                  ».
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банк Басқармасының 08.05.2015 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеумен қадағалау агенттігі Басқармасының «Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына ерекше талаптар белгіленген мәмілелерді жасау және тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 183 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5784 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 9 қазанда № 154 (1577) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына ерекше талаптар белгіленген мәмілелерді жасау және тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату ережесінде:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Тұрақтандыру банкіне проблемалық банктің Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықтың 43-тармағында көрсетілген жоғары өтімді активтері беріледі.».
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 31 мамыр № 226-227 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Банк үшін тыйым салуды көздейтін шектеулер мынадай талаптарды қамтиды:
      1) қарыз беру қызметін көрсету бойынша қарыз алушы – жеке тұлғамен шарт жасасу күніне бекітілген тарифтерді, комиссиялық сыйақылар мен басқа да шығыстардың ставкасын және есептеу тәртібін бір жақты тәртіпте өсіру жағына өзгерту;
      2) жасалған шарт аясында комиссияның жаңа түрлерін бір жақты тәртіппен енгізу;
      3) қарыз беру туралы шартпен сақтандыру шартын жасасу туралы және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргізуге талаптар көзделген болса қарыз алушыны, кепіл берушіні сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдау кезінде шектеу, сондай-ақ қарыз алушыға өзінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру міндетін жүктеу;
      4) мына жағдайларды қоспағанда, жасалған шарт аясында бір жақты тәртіппен жаңа қарыздар беруді тоқтата тұру:
      банктің шартта көзделген жаңа қарыздар беруді жүзеге асырмау құқығы туындаған кезде;
      қарыз алушының шарт бойынша банк алдындағы өз міндеттемелерін бұзуы;
      халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін Банктің ішкі кредиттік саясатына сәйкес банк жүргізген мониторингтің нәтижесі бойынша анықталған қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауы;
      банктің шартты тиісінше орындауына ықпал ететін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының өзгеруі;
      5) мына жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалармен шарт жасасу күніне белгілеген сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен өсіру жағына өзгерту:
      шартпен көзделген жағдайларда, қарыз алушының қарыз алу және қызмет көрсетумен байланысты дәйекті ақпарат ұсыну бойынша өз міндеттемелерін бұзуы;
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ шартта көзделген мынадай жағдайда банктің міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талаптар құқығының пайда болуы:
      банктің алдын ала жазбаша хабарламасыз, жиынтығында акционерлік қоғамның (шаруашылық серіктестіктің) акцияларының он және одан көп пайызын (қатысу үлесін) иеленетін қарыз алушының қатысушылары (акционерлері) құрамының өзгеруі;
      қарыз алушымен және (немесе) кепіл берушімен кепілге қойылған мүліктің құжаттар бойынша және нақты болуын, мөлшерін, жай-күйін және оны сақтау талаптарын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың қарыз алушының (кепіл берушінің) мүлкіне, оның ішінде банкке кепілге қойылған мүлікке талап етуді беру кепіл ұстаушы болып табылатын банктің тексеру құқығын бұзуы;
      6) қарыз алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борышты мерзімінен бұрын толық өтелген немесе мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайларды қоспағанда, қарызды мерзімінен өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының басқа түрлерін өндіріп алу;
      7) негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түскен болса және қарыз алушы сыйақыны немесе негізгі борышты төлеу одан кейінгі жұмыс күні жүргізген жағдайда тұрақсыздық айыбын немесе басқа айыппұл санкцияларын өндіріп алу.».
      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 80 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7510 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 мамыр № 261-266 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жиынтық көлемнің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:

БЗ + БГ - СП - СО - СБА < 50 % СК,

      мұнда:
      БҚ - Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген, берілген банктік қарыздар бойынша негізгі борыш сомасы;
      БК – Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген банк кепілдігі шарты бойынша міндеттемелердің барлық сомасына берілген банк кепілдіктері;
      ПС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарына қойылатын талаптарға қалыптастырылған резервтерді қоспағанда, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес қалыптастырылған резервтердің сомасы;
      ҚС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуді қоспағанда, Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және  2-тармақтарында көрсетілген банктік қарыздар мен банк кепілдіктері бойынша қамтамасыз ету сомасы;
      БАС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарына банктің талаптары бойынша негізгі борыштың сомасы;
      МК – № 358 нұсқаулыққа сәйкес есептелген меншікті капитал.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер банктің қарыз алушысы банк алдында міндеттеме туындаған күні банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылмаса, бірақ кейіннен сондай болса, көрсеткіштің мөлшері асып кеткен жағдайда, егер банк уәкілетті органға қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе көрсеткіштің мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейін банк талаптарының бір бөлігін орындау қабілетін растай отырып және бұл жөнсіздікті уәкілетті орган белгілеген мерзімде жою жөнінде міндеттеме қабылдай отырып, мөлшерден асып кету анықталған күннен бастап осындай асып кету туралы хабарлаған болса, көрсетілген асып кету бұзушылық болып қаралмайды.».
      9. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.04.2014 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 96 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 21 шілде № 405-409 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларында:
      23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қағидалардың мақсаттары үшін күмәнді және үмітсіз кредиттер (қарыздар) деп бас банк берген резервтерінің мөлшері негізгі борыш сомасынан 5 (бес) пайыздан кем емес деңгейде қалыптастырылған кредиттер (қарыздар), танылады.
      Басқа активтер деп кепіл ретінде қабылданған және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін бас банктің немесе еншілес ұйымның меншігіне өткен активтер танылады.
      3. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсатын алғанға дейін күмәнді және үмітсіз активтерді басқару қызметін жүзеге асыратын (жүзеге асырған) еншілес ұйымына (еншілес ұйымдарға) берілген кредиттерге (қарыздарға), бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымына берілген кредиттерге (қарыздарға), сондай-ақ бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымына бас банк берген активтерге қарсы резервтерді қалыптастыру халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бас банктің ішкі кредиттік саясатына сәйкес есептеледі.».