Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 1-тармағының бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы абзацтары, 4-тармағының қырық алтыншы, қырық жетінші абзацтары 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 294 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
___________ Б.Б. Жәмішев
2013 жылғы 19 наурыз
(қолы, күні, қолтаңба мөрі)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 74 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен белгіленген Екiншi деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Меншiктi капитал бiрiншi деңгейдегi капитал мен екiншi деңгейдегi капиталдың (екiншi деңгейдегi капитал бiрiншi деңгейдегi капиталдан аспайтын мөлшерде енгiзiледi) және банк инвестицияларын шегергендегi үшiншi деңгейдегi капиталдың (үшiншi деңгейдегi капитал нарықтық тәуекелдi өтеуге арналған бiрiншi деңгейдегi капитал бөлiгiнiң екi жүз елу пайызынан аспайтын мөлшерде енгiзiледi) сомасы ретiнде есептеледi.
Банктiң заңды тұлғаның акцияларына (жарғылық капиталына қатысу үлесiне) салымдары, сондай-ақ жиынтық мөлшерi банктiң бірінші деңгейдегі капиталы мен екінші деңгейдегі капиталы сомасының он пайызынан асатын, заңды тұлғаның реттелген борышы банктің инвестициялары болып табылады.
Үшінші деңгейдегі капитал нарықтық тәуекел шамасын өтеуге арналған.
Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бөлігі мынадай тәртіппен есептеледі:
активтердің, кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің жалпы сомасы мен операциялық тәуекелдің мөлшері айқындалады;
осы тармақтың төртінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген алынған тәуекелдер шамасын осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентінің нормативтік мәніне көбейту арқылы меншікті капиталға екінші деңгейдегі капиталды қосу бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтерін орындауға арналған бірінші деңгейдегі капиталдың ең төменгі мөлшері айқындалады;
бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бөлігі бірінші деңгейдегі капиталдың нақты мөлшері мен бірінші деңгейдегі капиталдың осы тармақтың төртінші бөлігінің үшінші абзацына сәйкес есептелген ең төменгі мөлшерінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бірінші деңгейдегі капиталдың нарықтық тәуекелді өтеуге арналған бөлігі нарықтық тәуекел шамасының осы Нұсқаулықтың 16-тармағында айқындалған меншікті капитал жеткіліктілігінің нормативтік мәніне көбейтіндісі ретінде есептелетін, нарықтық тәуекелді өтеу үшін қажетті капитал мөлшерінің 3,5-ке қатынасынан аспайды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің рейтингілік бағасынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағаларын да таниды.
Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін мынадай ұйымдар халықаралық қаржы ұйымдарына жатады:
Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
Африка даму банкі (the African Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропалық инвестициялық банк (the European Investment Bank);
Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).
Халықаралық валюта қоры;
Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы;
Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation).»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бірінші деңгейдегі капитал мынадай сома ретінде есептеледі:
сатып алынған меншікті акцияларды шегергендегі төленген жарғылық капиталы;
қосымша капитал;
өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (оның ішінде өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);
нәтижесінде бір тұлғада пайда болған қаржы активі және оның басқа тұлғадағы (бұдан әрі - осы Нұсқаулықтың 5-9-тармақтарында көрсетілген мерзімсіз қаржы құралдары) барлық міндеттемелерін шегергеннен кейінгі заңды тұлғаның активтер үлесіне құқығын растайтын қаржылық міндеттеме немесе өзге қаржы құралы бірмезгілде пайда болатын мерзімсіз шарттар;
мыналарды шегергенде:
1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есеп беру үшін 1998 жылғы шілдеде күшіне енген Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы бекіткен 38 «Материалдық емес активтер» тиісті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - 38 халықаралық қаржылық есептілік стандарты) және банктің негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер;
өткен жылдардың шығындары;
ағымдағы жылдың шығыны.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (асырған) банктерге қайта құрылымдауды аяқтаған қаржы жылы алынған ағымдағы жылдың кірістерін бірінші деңгейдегі капитал есебіне кіргізуіне жол беріледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Екінші деңгейдегі капитал мынадай жағдайда сома ретінде есептеледі:
бөлінбеген таза пайданың мөлшері;
негізгі құрал-жабдықтар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшері;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап кастодиан шартының талаптары негiзiнде қабылданған инвестицияланбаған қаражат қалдығын шегергендегi тәуекелдi ескерiп мөлшерлеуге жататын активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын кредиттік тәуекелдерге динамикалық резервтер мөлшері;
бірiншi деңгейдегi капитал есебiне енгiзiлмеген төленген мерзiмсiз қаржы құралдары;
банктің сатып алған меншікті реттелген борышын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал сомасының елу пайызынан аспайтын сомасында меншікті капиталға енгізілген екінші деңгейдегі банктің реттелген борышы;
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауға жататын банк үшін реттелген борыш екінші деңгейдегі капиталға соттың шешімімен белгіленген қайта құрылымдау жүргізу мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жыл ішінде банктің сатып алынған меншікті реттелген борышын шегергенде бірінші деңгейдегі капитал сомасының жетпіс бес пайызынан аспайтын сомада енгізіледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай үш коэффициентпен сипатталады:
бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергенде және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне енгізілген, бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капитал үлесі шегінде алынған банк инвестициясының сомасына азайтылған банк активтерінің мөлшеріне және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне (k-1) енгізілген бірінші деңгейдегі капиталдың қатынасы;
екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне енгізілген, бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капитал үлесі шегінде алынған банк инвестицияларын шегергенде бірінші деңгейдегі капиталдың қатынасы;
екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтер (провизиялар) сомасына азайтылған кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптарды және міндеттемелерді;
операциялық тәуекел (k1-2);
меншікті капиталдың сомаға қатынасы:
екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтер (провизиялар) сомасына азайтылған кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;
нарықтық тәуекелді ескере отырып, есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптарды және міндеттемелерді;
операциялық тәуекел (k2).
k1-1 коэффициентін есептеу мақсаттары үшін активтер және тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген, k1-1 және k2 коэффициенттерін есептеуге қабылданатын активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған арнайы резервтерді шегергенде баланстық құны бойынша енгізіледі.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:
k1-1 0,06-дан кем болмайды.
k1-2 0,06-дан кем болмайды.
Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
k1-1 0,07-ден кем болмайды;
k1-2 - 0,07-ден кем болмайды.
Банк холдингі немесе бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан артығы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні:
k1-1 - 0,05-тен кем болмайды;
k1-2 - 0,05-тен кем болмайды.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 – 0,12-ден кем болмайды.
Жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 – 0,14-тен кем болмайды.
Банк холдингі немесе бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің мәні k2 – 0,10-нан кем болмайды.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебі осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшасына сәйкес жасалады.
Тәуекел дәрежесi бойынша активтердi, шартты және ықтимал мiндеттемелердi мөлшерлеу мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал мiндеттемелер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған арнайы резервтер сомасына азаяды.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес ол бойынша банк кредиттік тәуекелге ұшырайтын тәуекел деңгейіне туындысы ретінде анықталады.
Своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар аталған қаржы құралдарының нарықтық құнының және олар бойынша кредиттік тәуекел сомасын осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агент санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне көбейту жолымен кредиттік тәуекелді ескеріп, мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер есебіне енгізіледі.
Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:
сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы нарықтық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;
сатуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы нарықтық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды шартты құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне белгіленген қаржы құралдарының құны ретінде көрсетіледі. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды шартты құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне кіргізілмейді.
Активтердің, шартты және ықтимал талаптардың және міндеттемелердің есебі нарықтық тәуекелді ескере отырып, осы Нұсқаулықтың 17-30-тармағына сәйкес жасалады;
Операциялық тәуекелдің есебі осы Нұсқаулықтың 31-тармағына сәйкес жасалады.
Меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiк коэффициенттерiн есептеу кезiнде (kl-1, kl-2, k2) салымдардың тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленетін активтердiң мөлшерiнен және активтер мөлшерiнен банк кастодиан шарты негiзiнде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.
Осы Меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің (К1-1, К1-2, К2) ең төменгі мәнін сақтау бойынша нұсқаулықтың талаптары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) банктерге таратылмайды, егер уәкілетті орган мақұлдаған банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, банк қызметіне байланысты оның қаржылық жағдайын және тәуекелдерді ұлғайту бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарында меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің (К1-1, К1-2, К2) мәні мен меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің мәні қолданылатын мерзімі анықталса банк жүйесін құрайтын критерийлерге сәйкес келетін банктерге қолданылмайды.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Активтер, шартты және ықтимал талаптар мен шетел валюталардың айырбастау бағамының (бағалы металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты міндеттемелер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегергендегі ашық валюталық позицияның есебіне кіргізіледі.»;
31-11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31-11. Меншікті капиталдан банк ұстанатын және Standard&Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі не Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kzBB» төмен рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар не тиісінше рейтингілік бағасы жоқ секьюритирлендіру позициялары шегерілуге жатады, осы Нұсқаулықтың 31-13-тармағында санамаланған талаптарға сәйкес келетін позицияларды қоспағанда.
Шегерім бірінші деңгейдегі капиталдан елу пайыз және екінші деңгейдегі капиталдан елу пайыз мөлшерінде бөлінеді. Шегерілетін позициялар қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрылған арнайы резервтер сомасына азаяды.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Бір қарыз алушыға тәуекел мөлшері (Р), оның ішінде банктің, мынадай талаптар сомасы түрінде есептеледі:
1) қарыздар, салымдар, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар (осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген банк инвестицияларын қоспағанда);
2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;
3) қарыз алушыларға қатысты секьюритирлендірілген активтер, олар бойынша банкте секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ;
4) секьюритилендіру позициялары;
5) аталған қаржы құралдары мен ондағы кредиттік тәуекелдің нарықтық құнының сомасы ретінде есептелген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар.
Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:
сатып алуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы нарықтық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;
сатуға арналған мәмілелер бойынша - берілген қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы нарықтық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды келісім-шарт құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне көрсетілген қаржы құралдарының құны болып табылады. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды келісім-шарт құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар бір қарыз алушының тәуекел мөлшеріне енгізілмейді;
6) «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясымен секьюритизация мәмілелері бойынша кредиттер;
7) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрылған арнайы резервтер сомасын, сондай-ақ мынадай түрдегі қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде:
осы міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде банк өкімімен ұсынылған салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған қымбат металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша банктің кепілдіктері;
Бір қарыз алушының тәуекел есебіне мыналар енгізілмейді:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына қойылатын талаптар, банк балансынан есептен шығарылған қарыз алушыға қойылатын талаптар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес резервтердің 100 % (жүз пайыз) қалыптастырылған қарыз алушыға қойылатын талаптар және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ»-дан кем емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша қойылатын талаптары.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Егер банк қарыз алушысы жағдай туындаған сәтте банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлға болып табылмаса, бірақ кейіннен сондай болса, онда осындай қарыз алушыға қатысты тәуекел осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерден асып кеткен жағдайда, көрсетілген асып кету мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
банк осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейінгі банк талаптарының бөлігін орындау жөніндегі қабілеттілігін растай отырып және уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде осы тәртіп бұзуды жою жөнінде міндеттемелер қабылдай отырып осындай асып кету туралы уәкілетті органға дереу хабарласа, тәртіп бұзу ретінде қарастырылмайды.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Өтімді активтер есебіне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес арнайы қалыптасқан резервтерді, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды алып тастап, жоғары өтімді активтерді қоса, барлық қаржылық активтер енгізіледі. Заемдар заем шартына сәйкес өтеу кестелері бойынша енгізіледі.
Жоғары өтімді активтерді есептеуге енгізілмейтін осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылады деген шартпен өтімді активтер есебіне кіреді.
Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізгенде, өтегенге дейін бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылатын міндеттемелердің өтеуге дейінгі мерзімі алынады.»;
47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы банктiң талап етулерінiң (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (талап етулерінiң) шегiнен асып кетуi.
Ұзын валюталық позиция - бұл талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (міндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция - бұл міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбас бағамының өзгеруімен белгiленетiн, теңгемен көрсетілген талап етулер (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) енгiзiледi (тазартылған қымбат металдардың құны).
Мөлшерi бір шетелдiк валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен анықталатын, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позицияның мейлiнше төмен лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебiне енгiзiледi.
Әрбір шетелдiк валюта бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.
Жекелеген шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) валюталары (тазартылған қымбат металдары) бойынша валюта ашық позицияларын есептеу кезінде бірінші кезекте активтер шоттарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан резервтерді шегергенде және банктің міндеттемелері шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша шоттардың сальдосы есептеледі.
Одан кейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан арнайы резервтерді шегергенде, шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған осы шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша шоттар сальдосы анықталады.
Міндеттемелерден (талаптардан) шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдағы) талап етулер (міндеттемелер) асып кетуін көрсететін сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған нәтиже банктің шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша ашық позициясының мөлшерін және түрін анықтайды.
Жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдарындағы банктің шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған туынды қаржы құралдары бойынша ашық ұзын және/немесе қысқа позициясы банктің осы шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдарындағы) баланстық шоттар бойынша ашық ұзын және/немесе қысқа позициясының 30 (отыз) пайызынан аспауы тиіс.
Ашық валюталық позициясын есептеу мақсаты үшін туынды қаржы құралдарының тізбесіне банктер жасаған мәміле споты енгізілмейді.
Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетелдік валюталары бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталары (тазартылған қымбат металдар) және барлық шетелдік валюталар бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Шетел валютасында көрсетілген талаптар және міндеттемелер осы талаптар және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлiгiндегi валюта позициясы есебіне енгiзiледi.
Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргізу кезінде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
48. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерiн белгiлейдi:
1) Standard & Poor's агенттiгiнiң «А»-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтингілік агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 12,5 пайызынан аспайтын мөлшердегi «Еуро», сондай-ақ тазартылған қымбат металл валютасы бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
2) Standard & Poor's агенттiгiнiң «А»-дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтингілік агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 5 пайызынан аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
3) банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 25 пайызынан аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.
Осы Ашық валюталық позиция лимиттерін сақтау бойынша нұсқаулықтың талаптары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) банктерге таратылмайды, егер уәкілетті орган мақұлдаған банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, банк қызметіне байланысты оның қаржылық жағдайын және тәуекелдерді ұлғайту бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарында ашық валюталық позиция лимиттерінің мәні және ашық валюталық позиция лимиттерінің мәні қолданылатын мерзімі анықталса банк жүйесін құрайтын критерийлерге сәйкес келетін банктерге қолданылмайды.»;
53-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53-8. Ішкі активтердің, банктің ішкі міндеттемелерінің, реттелмеген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың мерзімі өткен берешекті, есептелген сыйақыны, дисконттарды, сыйлықақыларды, тиісті есепті айдағы жұмыс күнінің санына оң (теріс) түзетулерді есептегендегі жалпы сомасының қатынасы ретінде есептеледі.
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі активтердің орташа айлық шамалары сонымен қатар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді ескере отырып есептеледі.»;
1-қосымшаның «Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесi» деген кестеде:
реттік нөмірі 42-1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
42-1 |
Мына шартқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары: берілген ипотекалық тұрғын үй қарыз сомасының кепіл құнына ара қатынасы кепіл құнының 50 %-қоса алғанда аспайды |
35 |
»;
реттік нөмірі 59-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
59 |
ІII- және V тәуекел топтарына жататындардан басқа жеке тұлғаларға берiлген қарыздар оның ішінде тұтынушылық кредиттер |
75 |
»;
реттік нөмірі 80-3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
80-3 |
Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген заңды тұлғалары немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне берілген қарыздар: |
150 |
»;
реттік нөмірі 83-1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
83-1 |
Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдарындағы салымдар: |
150 |
»;
реттік нөмірі 84-1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
84-1 |
Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдарының дебиторлық берешегі: |
150 |
»;
реттік нөмірі 88-1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
88-1 |
Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар: |
150 |
».
2. «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4158 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі мен олардың нормативтік мәні және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:
1, 2-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұйымның жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері;
2. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ұйымның меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің мәні:
k1 - 0,06 кем емес;
k1-2 - 0,06 кем емес;
k1-3 - 0,12 кем емес болуы тиіс.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және мүмкін міндеттемелердің есебі осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес жасалады.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған шартты және мүмкін міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарыз алушының тиісті санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сай есептелген шартты және мүмкін міндеттемелердің сомасын тудырушы ретінде анықталады.
k1 коэффициентін есептеу мақсаттарына арналған активтер және кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген, k1-2 және k1-3 коэффициенттерінің есебіне қабылданатын активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған арнайы резервтерді шегере отырып, енгізілуі тиіс.»;
2-1, 3-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Секьюритилендіру барысында меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентін есептеудің ерекшелігі;
3. Бір қарыз алушының барынша жоғары тәуекел мөлшері»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Егер ұйым қарыз берушісі ұйымның алдындағы міндеттемелер туындаған сәтте бір қарыз алушы ретінде қарастырылмай, соңынан ондай болып табылған жағдайда, осы Нұсқаулықтың 10-тармағының екінші абзацында белгіленгендей, осы қарыз алушының аталған шектен асып кеткен тәуекел мөлшері мына талаптарға сәйкес келсе, тәртіп бұзу ретінде қарастырылмайды егер ұйым осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосымша қамтамасыз етуді ұсыну жөніндегі қарыз алушының қабілеттілігін растай отырып, осы шектен асып кету туралы немесе норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейінгі ұйым талаптарының бөлігін орындайтындығы және уәкілетті орган белгілеген мерзімде осы тәртіп бұзуды жою жөнінде міндеттемелер қабылдағандығы туралы уәкілетті органды дереу хабарландырған жағдайда.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтімділік коэффициенті»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Өтімділік коэффициенттерін есептеу кезінде оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне немесе көрсетілген оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптар алынып тасталуы тиіс.»;
4-1, 7-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелеріне ұйымның капиталдандыруы;
7. Қорытынды ережелер»;
5-қосымшаның «Пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есеп» кестесін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-1-жолы толықтырылсын:
«
13-1 |
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегергенде активтер |
».
3. «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесінде:
1-қосымшаның «Пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп» кестесінде:
реттік нөмірлері 8, 15, 17-жолдары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-1-жолы толықтырылсын:
«
17-1 |
Кастодиан шартының талаптары негізінде қабылданған инвестицияланбаған қаражат қалдығын шегергендегі тәуекелді ескеріп, саралауға жатқызылатын активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын кредиттік тәуекелдердің серпінді резервтерінің мөлшері |
»;
20-қосымшаның «аптаның (айдың) әрбір жұмыс күні үшін әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позициялар немесе тазартылған қымбат металл және валюталық нетто-позиция туралы есеп» кестесіндегі түсіндірмелерді мынадай редакцияда жазылсын:
«Әрбір шетел валютасы мен валюталық нетто-позиция бойынша валюталық позициялар туралы есепті толтыру жөніндегі түсініктеме
1. Сәйкес халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес резервтерді шегергенде баланс шоттарында есепке алынған шетел валютасында талаптар мен міндеттемелер көрінеді.
2. «Баланстан тыс шоттар бойынша талаптар жиынтығы» және «Баланстан тыс шоттар бойынша міндеттемелер жиынтығы» ұяшықтарында банк жүргізген хеджирленген мәмілелер, оның ішінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегергендегі, жеткізілмейтін мәмілелер сомасын есепке ала отырып, шетел валютасында шартты талаптар мен міндеттемелер көрсетіледі.
3. «Талап жиынтығы» және «Міндеттемелер жиынтығы» ұяшықтарында «позиция» бағаны бойынша есепті кезеңнің әрбір жұмыс күніндегі барлық шетел валюталары бойынша нетто-позиция көрсетіледі.
4. Жеке шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) валюталары бойынша ашық позициялар мөлшерлері жөніндегі немесе белгіленген ең жоғары мөлшерлерден асып кететін валюталық нетто-позиция жөніндегі деректер қызыл түспен бөлінеді.».
23-қосымшаның «пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтер» кестесінде:
реттік нөмірлері 8424, 8914-жолдар алып тасталсын.
4. «Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Екінші деңгейдегі капитал:
ағымдағы жыл кірістерінің мөлшері ағымдағы жыл шығыстарынан асу мөлшерінің;
ағымдағы жыл шығыстарының ағымдағы жыл кірістерінен асу мөлшерінің;
негізгі қаражат пен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерінің;
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап кастодиан шартының талаптары негiзiнде қабылданған инвестицияланбаған қаражат қалдығын шегергендегі тәуекелді ескеріп мөлшерлеуге жататын активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын кредиттік тәуекелдерге динамикалық резервтер мөлшері.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k2 0,12-ден кем болмайды.
Қатысушысы банк холдингі не бас банк болып табылатын, рейтингілік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингіне ие, тізбесі және ең төмен талап етілетін рейтингі № 55 қаулымен белгіленген банк үшін, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабымен белгіленген тәртіппен акцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін, сондай-ақ орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k2 0,10-нан кем болмайды.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес есептеледі.
Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсатында активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес олар бойынша құрылған резервтер сомасына азайтылады.
Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленетін шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сай есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының банк кредиттік тәуекелдер шегетін тәуекелдің осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агенттің тиісті санатына сәйкес келетін дәрежесіне көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Активтер, шартты және ықтимал талаптар нарықтық тәуекел ескеріле отырып осы Нұсқаулықтың 9-19-тармақтарына сәйкес есептеледі.
Операциялық тәуекел осы Нұсқаулықтың 26-тармағына сәйкес есептеледі.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Шетел валюталарының (бағалы металдардың нарықтық құны) айырбас бағамының өзгеруiне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар мен мiндеттемелер ашық валюталық позиция есебiне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан резервтерді шегеріле отырып енгiзiледi.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Бір қарыз алушыға тәуекел мөлшері (Р) банктің барлық талаптарының сомасы ретінде есептеледі (осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген банк инвестицияларын қоспағанда), оның ішінде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген;
инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер түріндегі қарыз алушыға қойылатын талаптарды шегергендегі;
арнайы резервтердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан сомаларды, қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегере отырып, мына түрдегі:
осы міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде банк өкіміне ұсынылған салымдар;
Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған қымбат металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
Бір қарыз алушының тәуекелі есебіне мыналар енгізілмейді:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына қойылатын талаптар, банктің қарыз алушыға қоятын банктің балансынан есептен шығарылған талаптары, банктің қарыз алушыға қоятын 100 % резервтер қалыптасқан талаптары және Standard & Poor’s агенттігінің «ВВВ»-ден төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің ашық корреспонденттік шоттарына қойылатын талаптар.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Егер банктің қарыз алушысы банк алдындағы мiндеттемелер туындаған сәтте банкпен ерекше қатынасы бар тұлға болып табылмаса, бірақ салдарынан сондай тұлға болып табылса, онда осындай қарыз алушыға арналған тәуекелдің Нұсқаулықтың 33-тармағының екiншi абзацында белгiленген мөлшері асып кеткен жағдайда егер банк қарыз алушының қосымша қамтамасыз етудi ұсыну немесе банк талаптарының бір бөлігін норматив мөлшерiн сақтау үшiн қажеттi мөлшерге дейiн орындау мүмкіндігін растай және осы бұзушылықты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген мерзімде жою жөнінде міндеттемелер қабылдай отырып, осы асып кету туралы уәкiлеттi органға дереу хабарласа көрсетілген асып кету қаралмайды.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Өтiмдi активтер есебiне жоғары өтiмдi активтердi қоса алғанда, барлық қаржылық активтер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес арнайы қалыптасқан резервтер, оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген заңды тұлға немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөнiндегi ұйым ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тiзбесiне енгiзген мемлекеттердiң аумағында тiркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншiлес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптар шегеріле отырып енгiзiледi. Қарыздар қарыз шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша енгiзiледi.
Нұсқаулықтың 41-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген, жоғары өтiмдi активтер есебiне енгiзiлмейтiн бағалы қағаздар осы бағалы қағаздардың мiндеттемелердiң мөлшерiн есептеуге енгiзiлетiн мiндеттемелердi қамтамасыз етуi болып табылуы шартымен өтiмдi активтер есебiне кiредi.
Осы бағалы қағаздарды өтiмдi активтердің есебiне енгiзгенде, өтегенге дейiнгi мерзiмде бағалы қағаздар бойынша қалған мерзiм ретiнде қамтамасыз етуi осы бағалы қағаздар болып табылатын мiндеттемелердi өтеуге дейiнгi мерзiм алынады.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Ашық валюталық позиция – бұл жекелеген шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы банк талаптарының (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнен (талаптарынан) асып кетуі.
Ұзын валюталық позиция – бұл талаптардың (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнен (міндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасынан) асып кететін жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция – бұл міндеттемелердің (міндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талаптарынан (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) асып кететін жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбас бағамының (тазартылған қымбат металдар құнының) өзгеруімен айқындалатын, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) қосылады.
Мөлшері бір шетелдік валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен айқындалатын, теңгемен көрсетiлген талаптар (активтердің, шартты және ықтимал талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелердің, шартты және ықтимал мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 47-тармағында белгiленген ашық валюталық позицияның ең төменгі лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебіне енгiзiледi.
Әрбір шетелдiк валюта бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.
Жекелеген шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер тобының) валюталары (тазартылған қымбат металдары) бойынша ашық валюталық позицияларын есептеу кезiнде бірiншi кезекте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегергендегі активтер шоттарында және банк мiндеттемелерi шоттарында ашылған әрбір шетелдiк валюта (тазартылған қымбат металл) бойынша шоттардың сальдосы есептеледi.
Содан кейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған арнайы резервтерде шегергендегi шартты талаптар шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдiк валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша шоттар сальдосы айқындалады.
Шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) талаптардың (мiндеттемелердің) міндеттемелерден (талаптардан) асып кеткендiгiн көрсететін сальдо өзара қосылады, ал алынған қорытынды банктің шетел валютасы (тазартылған қымбат метал) бойынша ашық позициясының мөлшерi мен түрiн айқындайды.
Шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясы баланстық шоттар бойынша сол шетел валютасындағы банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясының 30 (отыз) пайызынан аспауға тиіс.
Ашық валюталық позициясын есептеу мақсаты үшін туынды қаржы құралдарының тізбесіне банктер жасаған мәміле споты енгізілмейді.
Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетелдік валюталары бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталары (тазартылған қымбат металдар) және барлық шетелдік валюталар бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Шетел валютасында көрсетілген талаптар және міндеттемелер осы талаптар және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлiгiндегi валюта позициясы есебіне енгiзiледi.
Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргiзу кезiнде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция бойынша валюталық позициялар осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес есептеледі.
Шетелдік және ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру осы Нұсқаулықтың 8 және 9-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.»;
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың жалпы сомасының, мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйақылар, оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып, банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің тиісті есепті айдың жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі активтердің орташа айлық шамалары сонымен қатар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді ескере отырып есептеледі.».
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ислам банктерінің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есептілігі, оны ұсыну нысандары мен мерзімдері туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5671 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-қосымшаның «Пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп» кестесінде:
реттік нөмірлері 8, 12, 13-жолдары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-1-жолы толықтырылсын:
«
13-1 |
Кастодиан шартының талаптары негізінде қабылданған инвестицияланбаған қаражат қалдығын шегергендегі тәуекелді ескеріп мөлшерленуі тиіс активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын кредит тәуекеліне келетін динамикалық резервтердің мөлшері |
»;
24-қосымшаның «Пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп» кестесінде:
реттік нөмірлері 8427, 8428-жолдар алып тасталсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеумен қадағалау агенттігі Басқармасының «Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына ерекше талаптар белгіленген мәмілелерді жасау және тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 183 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5784 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 9 қазанда № 154 (1577) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына ерекше талаптар белгіленген мәмілелерді жасау және тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату ережесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тұрақтандыру банкіне проблемалық банктің Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықтың 43-тармағында көрсетілген жоғары өтімді активтері беріледі.».
7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 31 мамыр № 226-227 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Банк үшін тыйым салуды көздейтін шектеулер мынадай талаптарды қамтиды:
1) қарыз беру қызметін көрсету бойынша қарыз алушы – жеке тұлғамен шарт жасасу күніне бекітілген тарифтерді, комиссиялық сыйақылар мен басқа да шығыстардың ставкасын және есептеу тәртібін бір жақты тәртіпте өсіру жағына өзгерту;
2) жасалған шарт аясында комиссияның жаңа түрлерін бір жақты тәртіппен енгізу;
3) қарыз беру туралы шартпен сақтандыру шартын жасасу туралы және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын анықтау мақсатында бағалау жүргізуге талаптар көзделген болса қарыз алушыны, кепіл берушіні сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдау кезінде шектеу, сондай-ақ қарыз алушыға өзінің өмірі мен денсаулығын сақтандыру міндетін жүктеу;
4) мына жағдайларды қоспағанда, жасалған шарт аясында бір жақты тәртіппен жаңа қарыздар беруді тоқтата тұру:
банктің шартта көзделген жаңа қарыздар беруді жүзеге асырмау құқығы туындаған кезде;
қарыз алушының шарт бойынша банк алдындағы өз міндеттемелерін бұзуы;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін Банктің ішкі кредиттік саясатына сәйкес банк жүргізген мониторингтің нәтижесі бойынша анықталған қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауы;
банктің шартты тиісінше орындауына ықпал ететін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының өзгеруі;
5) мына жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалармен шарт жасасу күніне белгілеген сыйақы ставкасын бір жақты тәртіппен өсіру жағына өзгерту:
шартпен көзделген жағдайларда, қарыз алушының қарыз алу және қызмет көрсетумен байланысты дәйекті ақпарат ұсыну бойынша өз міндеттемелерін бұзуы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ шартта көзделген мынадай жағдайда банктің міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талаптар құқығының пайда болуы:
банктің алдын ала жазбаша хабарламасыз, жиынтығында акционерлік қоғамның (шаруашылық серіктестіктің) акцияларының он және одан көп пайызын (қатысу үлесін) иеленетін қарыз алушының қатысушылары (акционерлері) құрамының өзгеруі;
қарыз алушымен және (немесе) кепіл берушімен кепілге қойылған мүліктің құжаттар бойынша және нақты болуын, мөлшерін, жай-күйін және оны сақтау талаптарын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың қарыз алушының (кепіл берушінің) мүлкіне, оның ішінде банкке кепілге қойылған мүлікке талап етуді беру кепіл ұстаушы болып табылатын банктің тексеру құқығын бұзуы;
6) қарыз алған күннен бастап бір жылға дейін негізгі борышты мерзімінен бұрын толық өтелген немесе мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайларды қоспағанда, қарызды мерзімінен өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының басқа түрлерін өндіріп алу;
7) негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс не мереке күніне түскен болса және қарыз алушы сыйақыны немесе негізгі борышты төлеу одан кейінгі жұмыс күні жүргізген жағдайда тұрақсыздық айыбын немесе басқа айыппұл санкцияларын өндіріп алу.».
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 80 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7510 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 мамыр № 261-266 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жиынтық көлемнің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
БЗ + БГ - СП - СО - СБА < 50 % СК,
мұнда:
БҚ - Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген, берілген банктік қарыздар бойынша негізгі борыш сомасы;
БК – Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген банк кепілдігі шарты бойынша міндеттемелердің барлық сомасына берілген банк кепілдіктері;
ПС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарына қойылатын талаптарға қалыптастырылған резервтерді қоспағанда, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес қалыптастырылған резервтердің сомасы;
ҚС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарының міндеттемелері бойынша қамтамасыз етуді қоспағанда, Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген банктік қарыздар мен банк кепілдіктері бойынша қамтамасыз ету сомасы;
БАС – бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымдарына банктің талаптары бойынша негізгі борыштың сомасы;
МК – № 358 нұсқаулыққа сәйкес есептелген меншікті капитал.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер банктің қарыз алушысы банк алдында міндеттеме туындаған күні банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылмаса, бірақ кейіннен сондай болса, көрсеткіштің мөлшері асып кеткен жағдайда, егер банк уәкілетті органға қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе көрсеткіштің мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейін банк талаптарының бір бөлігін орындау қабілетін растай отырып және бұл жөнсіздікті уәкілетті орган белгілеген мерзімде жою жөнінде міндеттеме қабылдай отырып, мөлшерден асып кету анықталған күннен бастап осындай асып кету туралы хабарлаған болса, көрсетілген асып кету бұзушылық болып қаралмайды.».
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7541 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 20 шілде № 402-404 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымның қызметі қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қағидалар мақсатында күмәнді және үмітсіз активтер деп мыналар түсініледі:
1) резервтерінің мөлшері негізгі борыш сомасынан 5 (бес) пайыздан кем емес деңгейде қалыптастырылған активтер;
2) иемденген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жылжымайтын мүлік және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығы;
3) иемденген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепіл (бас тарту төлемі немесе қамтамасыз ету) ретінде олар қабылданған жағдайда, заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) жарғылық капиталында қатысу үлестері.».
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 96 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 21 шілде № 405-409 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын иемденуге берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру қағидаларында:
2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қағидалардың мақсаттары үшін күмәнді және үмітсіз кредиттер (қарыздар) деп бас банк берген резервтерінің мөлшері негізгі борыш сомасынан 5 (бес) пайыздан кем емес деңгейде қалыптастырылған кредиттер (қарыздар), танылады.
Басқа активтер деп кепіл ретінде қабылданған және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін бас банктің немесе еншілес ұйымның меншігіне өткен активтер танылады.
3. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсатын алғанға дейін күмәнді және үмітсіз активтерді басқару қызметін жүзеге асыратын (жүзеге асырған) еншілес ұйымына (еншілес ұйымдарға) берілген кредиттерге (қарыздарға), бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымына берілген кредиттерге (қарыздарға), сондай-ақ бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымына бас банк берген активтерге қарсы резервтерді қалыптастыру халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бас банктің ішкі кредиттік саясатына сәйкес есептеледі.».