Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 62 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8420 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 35) тармақшасына, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы 
№ 62 қаулысымен     
бекітілген       

Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) заңды тұлғалар – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын (бұдан әрі – қаржы орталығының қатысушысы) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін белгілейді.
      2. Қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жүзеге асырады. Алматы қаласының аумағында қаржы орталығы қатысушысының атқарушы органының болуы мемлекеттік тіркеудің міндетті талабы болып табылады.
      Қаржы орталығының қатысушылары «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылады.
      3. Қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеуді Ұлттық Банк:
      1) қаржы орталығының қатысушыларын құру, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату фактісін растау;
      2) құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметін тоқтатқан қаржы орталығының қатысушыларын есепке алу;
      3) Қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу;
      4) қаржы орталығының қатысушылары туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) іске асыру мақсатында жүзеге асырады.
      Қаржы орталығының қатысушылары туралы мәліметтерді Ұлттық Банк жіберген хабарламалар негізінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне (бұдан әрі – БСН ұлттық тізілімі) әділет органдары енгізеді.
      4. Ұлттық Банктің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заң) 12-бабына сәйкес белгіленетін нысан бойынша беретін анықтамасы қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжат болып табылады.
      Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама оны берілген күні, тіркеген органы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні, қаржы орталығы қатысушысының атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтерден тұрады.
      Қаржы орталығы қатысушысының құқықтық қабілеттілігі Ұлттық Банк берген брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (бұдан әрі – лицензия) алынған сәттен бастап туындайды және лицензияның қолданылуы тоқтатылған немесе жарамсыз деп танылған сәттен бастап тоқтатылады.
      5. Ұлттық Банк құрылған, қайта ұйымдастырылған, қайта тіркелген және қызметін тоқтатқан қаржы орталығының қатысушылары туралы мәліметтерден тұратын Тізілімді жүргізеді.
      6. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу кезінде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен тіркеу алымы алынады.

2. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу тәртібi

      7. Ұлттық Банктің қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеуі мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттардың 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі, «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі, «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қағидаларға сәйкес келуін тексеруді, қаржы орталығының қатысушысына бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беруді, БСН ұлттық тізіліміне және Тізілімге қаржы орталығының қатысушысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтиды.
      8. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін Ұлттық Банкке Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініші беріледі және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
      Қаржы орталығының шетелдің қатысу бар қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін көзделген құжаттармен қатар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе:
      1) сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді-көшірме немесе шетелдік заңды тұлға құрылтайшының шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат қазақ және орыс тілдеріндегі, нотариат куәландырған аудармасымен бірге;
      2) төлқұжаттың көшірмесі немесе шетелдік құрылтайшының жеке басын куәландыратын басқа құжат қазақ және орыс тілдеріндегі, нотариат куәландырған аудармасымен бірге қосымша ұсынылады.
      Қаржы орталығының акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі қатысушысын және онымен үлестес тұлғаны мемлекеттік тіркеген жағдайда монополияға қарсы органның жазбаша келісімі ұсынылады.
      9. Қаржы орталығының қайта ұйымдастыру арқылы құрылған қатысушысын мемлекеттік тіркеуді Ұлттық Банк Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіпте жүргізеді.
      Қаржы орталығының бiрiктiру, бөлiнiп шығу, қайта құру нәтижесінде өз қызметін тоқтатқан қатысушысы БСН ұлттық тізілімінен шығарылады (БСН ұлттық тізілімінен шығару оған қаржы орталығы қатысушысының қызметін тоқтату туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл туралы қаржы орталығының жаңадан құрылған қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі.
      Қаржы орталығының қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан қатысушысы БСН ұлттық тізілімінен шығарылады (БСН ұлттық тізілімінен шығару оған қаржы орталығы қатысушысының қызметін тоқтату туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл туралы БСН ұлттық тізілімінен шығару туралы бұйрықта немесе қаржы орталығының қайта ұйымдастырылған қатысушысы қосылған қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік қайта тіркеу, тіркеу кезінде көрсетіледі.
      10. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тиісті түрде тіркелгеннен кейін Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесі:
      1) ұсынылған құжаттардың толық болуын, оларды жасаудың (ресімдеудің) дұрыстығын және Қағидалардың 7-тармағында аталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келуін тексереді;
      2) қаржы орталығының қатысушысы туралы мәліметтерді БСН ұлттық тізіліміне енгізуге арналған хабарлама дайындап, әділет органына жібереді;
      3) қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықты Ұлттық Банктің басшылығына қол қою үшін ұсынады;
      4) қаржы орталығы қатысушысының басшысына не сенімхат бойынша өкіліне мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы және құрылтай құжаттарының тиісінше ресімделген түпнұсқаларын береді;
      5) қаржы орталығы қатысушысының ісін ресімдейді, оған өтініш, ұсынылған құжаттар, тиісті бұйрықтың көшірмелері, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, істегі құжаттардың тізімдемесі тігіледі;
      6) қаржы орталығының тіркелген қатысушысы туралы мәліметтерді Тізілімге енгізеді.

3. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік қайта тіркеу тәртібі

      11. Қаржы орталығының қатысушысы:
      1) жарғылық капиталдың мөлшері азайған;
      2) атауы өзгерген;
      3) шаруашылық серіктестіктердегі (шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда) қатысушылардың құрамы өзгерген жағдайларда мемлекеттік қайта тіркеледі.
      12. Қаржы орталығының қатысушысы қаржы орталығы қатысушысының уәкілетті органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бір ай мерзімде Ұлттық Банкке Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы – заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтінішті береді және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса береді.
      Құрылтай құжаттарына көрсетілген негіздер бойынша, қаржы орталығының қатысушысын қайта тіркемей енгізілген өзгерістер жарамсыз болып табылады.
      13. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш тиісті түрде тіркелгеннен кейін Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесі:
      1) ұсынылған құжаттардың толық болуын, оларды жасаудың (ресімдеудің) дұрыстығын және Қағидалардың 7-тармағында аталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келуін тексереді;
      2) қаржы орталығының қатысушысын қайта тіркеу туралы мәліметтерді БСН ұлттық тізіліміне енгізуге арналған хабарлама дайындап, әділет органына жібереді;
      3) қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік қайта тіркеу туралы бұйрықты Ұлттық Банктің басшылығына қол қою үшін ұсынады;
      4) қаржы орталығы қатысушысының басшысына не сенімхат бойынша өкіліне мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтаманы және құрылтай құжаттарының тиісінше ресімделген түпнұсқаларын береді;
      5) қаржы орталығы қатысушысының ісін және құжаттар тізімдемесін өтінішпен, ұсынылған құжаттармен, тиісті бұйрықтың көшірмелерімен, мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамамен толықтырады;
      6) Тізілімге тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді.

4. Қаржы орталығы қатысушыcының құрылтай құжаттарына енгізілген
өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу тәртібі

      14. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда қаржы орталығының қатысушыcы Ұлттық Банкке бұл жөнінде жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды.
      Хабарламаға заңды тұлға мөрімен бекемделген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаржы орталығы қатысушыcының уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ қаржы орталығы қатысушыcының құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні қоса беріледі.
      15. Қаржы орталығы қатысушыcының құрылтай құжаттарына енгізілген, мемлекеттік қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін Ұлттық Банкке хабарлама беріледі және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын құжаттардың тізбесінде  көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
      16. Хабарлама тиісінше тіркелгеннен кейін Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесі:
      1) ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың дұрыс жасалғандығын (ресімделгендігін), Қағидалардың 7-тармағында аталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексереді;
      2) қаржы орталығының қатысушысы туралы жаңа мәліметтерді БСН Ұлттық тізіліміне енгізу үшін хабарламаны қалыптастырады және әділет органына жібереді;
      3) қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы (жаңа редакцияда қабылданған жағдайда) не тиісті мәліметтерді БСН Ұлттық тізіліміне және Тізілімге енгізу туралы бұйрықты Ұлттық Банктің басшылығына қол қоюға ұсынады;
      4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және құрылтай құжаттарының тиісінше ресімделген түпнұсқасын басшыға не сенімхат бойынша қаржы орталығы қатысушысының өкіліне береді;
      5) қаржы орталығы қатысушысының іс қағаздарын және құжаттар тізімдемесін хабарламамен, ұсынылған құжаттармен, тиісті бұйрықтың, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы қайта ресімделген анықтаманың көшірмелерімен толықтырады;
      6) Тізілімге тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді.

5. Қаржы орталығы қатысушысының жарғысының телнұсқасын беру тәртібі

      17. Жарғының телнұсқасын беру үшін қаржы орталығының қатысушысы Ұлттық Банкке Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес заңды тұлға – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы жарғысының телнұсқасын беру туралы өтінішті береді және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса береді.
      18. Өтініш тиісінше тіркелгеннен кейін Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесі жарғының телнұсқасын қаржы орталығының қатысушысына беру туралы бұйрықты Ұлттық Банктің басшылығына қол қоюға ұсынады.
      Жарғыға жарғының телнұсқасын беру күнін көздейтін мемлекеттік және орыс тілдерінде «телнұсқа» мөртаңбасы қойылады.

6. Қаржы орталығының қатысушысының қызметін тоқтатуды
мемлекеттік тіркеу тәртібі

      19. Қаржы орталығы қатысушысының қызметін тарату негіздемесі бойынша тоқтатуды мемлекеттік тіркеу үшін Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысының қызметін таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттар ұсынылады.
      Заңды тұлға – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысының таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш қаржы орталығының қатысушысын тарату туралы ақпарат жарияланған күннен бастап екі ай өткеннен кейін Ұлттық Банкке ұсынылады.
      20. Заңды тұлға – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушысының таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш тиісінше тіркелгеннен кейін Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесі:
      1) ұсынылған құжаттардың толықтығын, олардың дұрыс жасалғандығын (ресімделгендігін) және Қағидалардың 7-тармағында атап көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қағидаларда және қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарында көзделген тарату тәртібінің сақталуын тексереді;
      2) қаржы орталығының қатысушысы туралы мәліметтерді БСН Ұлттық тізіліміне енгізу үшін хабарламаны қалыптастырады және әділет органына жібереді;
      3) қызметті тоқтатуды тіркеу және қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы (куәлікті) жою туралы бұйрықты Ұлттық Банк басшылығының қол қоюына ұсынады;
      4) қаржы орталығының қатысушысын Тізілімнен алып тастайды;
      5) қаржы орталығының қатысушысы іс қағаздарын және құжаттар тізімдемесін өтінішпен, ұсынылған құжаттармен, тиісті бұйрықтың көшірмелерімен толықтырады.
      21. Соттың шешімі бойынша таратылған қаржы орталығы қатысушысының қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу соттың шешімі және соттың тарату ісін аяқтау туралы ұйғарымы негізінде жүзеге асырылады.
      22. Қаржы орталығының қатысушысы бұл туралы мәліметтердің БСН Ұлттық тізіліміне енгізілгеннен кейін өзінің қызметін тоқтатты деп саналады. Қызметі тоқтатылған қаржы орталығы қатысушыларының істері Ұлттық Банкте сақталады.

7. Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тарту тәртібі

      23. Қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тiркеуден (қайта тiркеуден) мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгіленген Қағидалардың 7-тармағында аталған қаржы орталығының қатысушысын құру, қайта тіркеу және қайта құру тәртiбiн бұзуы;
      2) қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарының Қағидалардың 7-тармағында аталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес болмауы;
      3) өткізу актiсiн немесе бөлу балансын ұсынбауы немесе оларда қайта ұйымдастырылған қаржы орталығы қатысушысының құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы;
      4) егер заңды тұлға немесе оның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекетсіз заңды тұлға болып табылса;
      5) егер жеке тұлға – қаржы орталығы қатысушысының жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекетсіз заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) әрекетсіз заңды тұлғаның басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылса, және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса, және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса, және (немесе) оның 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192216 және 217-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар болса;
      6) жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсынуы;
      7) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамауға алуларының) болуы.
      24. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, Қағидалардың 25 және 26-тармақтарында көзделген мерзiмдерде өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес болмауына сiлтеме жасалған жазбаша түрдегі дәлелденген бас тарту беріледі. Бұл ретте жауапқа өтінішті, талаптарға сәйкес емес құжатты және төленген тіркеу алымын қоспағанда, ұсынылған құжаттар қоса беріледі.

8. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзімдері

      25. Қаржы орталығының қатысушысын, қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттар қоса берілген өтініш тіркелген күннен кейінгі келесі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      26. Қаржы орталығы қатысушысы қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу қажетті құжаттар қоса берілген өтініш тіркелген күннен кейінгі келесі бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      27. Қағидаларда көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не ұсынылған құжаттарда кемшіліктер болған жағдайларда, сондай-ақ Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңда көзделген өзге де негіздер бойынша қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), қызметінің тоқтатылуын тіркеу, қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      28. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телқұжатын беру қажетті құжаттар қоса берілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Заңды тұлғаларды – Алматы   
қаласының өңірлік қаржы    
орталығының қатысушыларын    
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
қағидаларына        
1-қосымша          

1-нысан    

________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)

Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы
өтініш

      1. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны (тиісті х жолында көрсетіңіз):
      Акционерлік қоғам __________________________________________
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестік_________________________
      2. Заңды тұлғаның атауы:____________________________________
      3. Заңды тұлғаның құрамында шетел инвесторларының қатысуы
(тиісті х жолында көрсетіңіз):
      1) иә _____________________ 2) жоқ _________________________
      4. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті х жолында көрсетіңіз):
      1) иә _____________________ 2) жоқ _________________________
      5. Заңды тұлғаның мекен-жайы: ______________________________
                     (почта индексі, қаладағы аудан, көше, даңғыл,
__________________________________________________________________
шағын аудан, үйдің, пәтердің, бөлменің (офистің) №, телефон, факс №)
      6. Заңды тұлғаның жетекшісі туралы мәліметтер (тиісті х
тармақшада көрсетіңіз):
      1) Қазақстан Республикасының азаматы _______________________
      2) шетелдік тұлға ________ 3) азаматтығы жоқ тұлға _________
      Тұрақты тұратын елі ________________________________________
      Т.А.Ә. _____________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат _____________________________
                               (берілген күні, нөмірі, кім берді)
      ЖСН_________________________________________________________
      Телефон нөмірі: ______ Факс нөмірі:______ E-mail: __________
      7. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті х ұяшықта көрсетіңіз):
      1) орта кәсіпкерлік субъектісі______________________________
      2) ірі кәсіпкерлік субъектісі_______________________________
      8. Негізгі қызмет түрі:_____________________________________
      9. Жарғылық капиталдың мөлшері:_____________________________
      10. Жарғылық капиталдың түрі (резидент еместер үшін):
      ____________________________________________________________
      11. Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы (тиісті х жолда көрсетіңіз):
      1) жеке тұлға __________ 2) заңды тұлға ____________________
      Заңды тұлға (резидент):
      Атауы ______________________________________________________
      БСН ___________________ Тіркеу күні ________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі %__________________________
      Салым сомасы _________________________________________________
      Заңды тұлға (резидент емес):
      Тіркелген елі ______________________________________________
      Атауы ______________________________________________________
      Субъектінің заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың
атауы ____________________________________________________________
      Сауда тізілімінен немесе басқа заңдастырылған құжаттың
үзіндісіне сәйкес тіркеу нөмірі___________________________________
      Тіркелген күні _____________________________________________
      БСН ________________________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Салым сомасы ___________
      Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы):
      Т.А.Ә. _____________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат: ____________________________
                                (нөмірі, берілген күні, кім берді)
      ЖСН ________________________________________________________
      Тұрақты тұратын елі ________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ Салым сомасы __________
      Жеке тұлға (шетел азаматы):
      Т.А.Ә. _____________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат: ____________________________
                              (нөмірі, берілген күні, кім берді)
      Салықтық тіркелу нөмірі ____________________________________
      Тұрақты тұратын елі ________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % ______ Салым сомасы____________
      12. Күтілетін (шамамен) жұмыс істейтін адам саны____________
      13. Заңды тұлғаны құру алдында ұйым қайта құрылады (тиісті х
тармақшада көрсетіңіз):
      1) қайта құру____________ 2) біріктіру______________________
      3) бөлу _________________ 4) бөліну ________________________
      14. Қайта құруға қатысатын заңды тұлғалардың саны___________
      15. Қайта құрылған жағдайда келесі мәліметтерді көрсету қажет:
      Заңды тұлғаның бұрынғы атауы _______________________________
      БСН ________________________________________________________
      16. Біріктірілген жағдайда келесі мәліметтерді көрсету қажет:
      Біріктірілуге қатысатын заңды тұлғалардың атауы_____________
      БСН ________________________________________________________
      17. Бөлу кезінде келесі мәліметтерді көрсету қажет:
      Жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан жұмыс істейтін заңды тұлғаның
атауы ____________________________________________________________
      БСН ________________________________________________________
      18. Бөліну кезінде келесі мәліметтерді көрсету қажет:
      Негізінде заңды тұлға құрылған заңды тұлғаның атауы
      ____________________________________________________________
      БСН ________________________________________________________
      Өтінішке қоса беріледі:_____________________________________
                                  (құжаттардың тізбесі)

      Құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілеттік берген тұлғаның Т.А.Ә.
      және қолы

      20__жылғы «__» __________

Заңды тұлғаларды – Алматы   
қаласының өңірлік қаржы    
орталығының қатысушыларын   
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
қағидаларына         
2-қосымша           

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
ұсынылатын құжаттардың тізбесі

      1. Заңды тұлғаны – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысын (бұдан әрі – қаржы орталығының қатысушысы) мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      қазақ және орыс тілдеріндегі мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
      қазақ және орыс тілдеріндегі қаржы орталығының қатысушысы жарғысының үш данасы;
      қазақ және орыс тілдеріндегі қаржы орталығы қатысушысының құрылтай шартының немесе оны құру туралы жалғыз құрылтайшы шешімінің екі данасы;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгендігін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
      Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ мынадай құжаттар ұсынылады:
      қаржы орталығының қатысушысы мүлкі меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі, қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарымен уәкiлеттілік берiлген органның қазақ және орыс тілдеріндегі шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;
      қаржы орталығының қатысушысы мүлкі меншік иесі немесе қаржы орталығының қатысушысын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған қаржы орталығы қатысушысының міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – бөліну балансы және қаржы орталығы қатысушысының уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;
      кредиторлардың қаржы орталығының қатысушысын қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламасын растайтын құжат;
      қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгендігін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
      2. Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік қайта тіркеу үшін мыналар ұсынылады:
      қазақ және орыс тіліндегі мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш;
      қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік қайта тіркеу туралы қаржы орталығы қатысушысының уәкілетті органының қаржы орталығы қатысушысының мөрімен бекітілген қазақ және орыс тілдеріндегі шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
      енгізілген өзгерістер және толықтырулармен құрылтай құжаттарының қазақ және орыс тіліндегі үш данасы;
      қаржы орталығы қатысушысының бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары;
      заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
      Шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша қаржы орталығының қатысушыларын - шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн Азаматтық кодекс, «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иелiктен шығарылғанын (бiреуге берiлгенiн) растайтын құжат ұсынылады.
      3. Қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін:
      қазақ және орыс тілдеріндегі хабарлама;
      қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаржы орталығы қатысушысының уәкілетті органының қаржы орталығы қатысушысының мөрімен бекітілген, қазақ және орыс тілдеріндегі шешімі не шешімінен үзінді-көшірме;
      қаржы орталығы қатысушысының мөрімен бекітілген, қазақ және орыс тілдеріндегі қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарының үш данасы;
      қаржы орталығы қатысушысының бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары;
      нақты орналасқан жерін растайтын құжат (орналасқан жері өзгерген жағдайда) ұсынылады.
      4. Қаржы орталығының қатысушысы жарғысының телнұсқасын беру үшін мыналар ұсынылады:
      қаржы орталығының қатысушысы жарғысының телнұсқасын беру туралы өтініш;
      қаржы орталығы қатысушысының уәкілетті органының жарғының телнұсқасын алу туралы қаржы орталығы қатысушысының мөрі басылған шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
      қаржы орталығының қатысушысы жарғысының түпнұсқасы жоғалғаны туралы ақпараттың мерзімдік баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат.
      5. Қаржы орталығы қатысушысының қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу үшін мыналар ұсынылады:
      қаржы орталығы қатысушысы қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі өтініш;
      қаржы орталығы қатысушысының мөрiмен бекітілген қаржы орталығы қатысушысы мүлкiнің меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген қаржы орталығы қатысушысы органының шешiмi;
      қаржы орталығы қатысушысының таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;
      кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама;
      қаржы орталығы қатысушысының мөрiн жою туралы құжат;
      акция шығарылымдарының күшін жою туралы куәлік (акционерлiк қоғамдар үшiн);
      заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат;
      құрылтай құжаттары.
      Сот шешімі бойынша таратылған қаржы орталығы қатысушысының қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу үшін сот шешімі және конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы соттың ұйғарымы ұсынылады.

Заңды тұлғаларды – Алматы   
қаласының өңірлік қаржы    
орталығының қатысушыларын   
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
қағидаларына         
3-қосымша          

                2-нысан          

      __________________________________
      (тіркеуші органның атауы)     

Заңды тұлға – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қатысушысын мемлекеттік қайта тіркеу туралы
өтініш

      1. Қайта тіркелетін заңды тұлғаның атауы
      ____________________________________________________________
      2. БСН _____________________________________________________
      3. Қайта тіркеу негіздемесі:
      1) жарғылық капитал мөлшерінің азаюы _______________________
                                                (көрсетіңіз)
      2) атауының өзгеруі ________________________________________
                                    (жаңа атауын көрсетіңіз)
      3) шаруашылық серіктестіктердің қатысушылары құрамының өзгеруі
(шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу бағалы
қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының
кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін
қоспағанда)_______________________________________________________
                (құрамына кіруді немесе шығуды көрсетіңіз)
      4. Заңды тұлғаның құрамына шетел инвесторларының қатысуы
(тиісті тармақшада х түрінде көрсетіңіз):
      1) иә _______________________ 2) жоқ _______________________
      5. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті тармақшада х
түрінде көрсетіңіз):
      1) иә _______________________ 2) жоқ _______________________
      6. Заңды тұлғаның орналасқан жері:__________________________
          (почта индексі, қаладағы аудан, көше, даңғыл, шағын аудан,
      ____________________________________________________________
       үйдің, пәтердің, бөлменің (кеңсенің) №, телефон, факс №)
      7. Заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтер (тиісті тармақшада
х түрінде көрсетіңіз):
      1) Қазақстан Республикасының азаматы _______________________
      2) шетел азаматы ___________________________________________
      3) азаматтығы жоқ тұлға ____________________________________
      Тұрақты тұратын елі ________________________________________
      Аты-жөні ___________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат _____________________________
                               (нөмірі, берілген күні, кім берді)
      ЖСН ________________________________________________________
      Телефон нөмірі:_______ Факс нөмірі:________ E-mail: ________
      8. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз):
      1) орта кәсіпкерлік субъектісі______________________________
      2) ірі кәсіпкерлік субъектісі_______________________________
      9. Негізгі экономикалық қызмет түрлерін көрсетіңіз:_________
      10. Жарғылық капиталдың мөлшері ____________________________
      11. Жарғылық капиталдың түрі (резидент емес үшін)___________
      12. Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы (тиісті жолда х түрінде көрсетіңіз):
      жеке тұлға __________________ заңды тұлға __________________
      Заңды тұлға (резидент):
      Атауы ______________________________________________________
      БСН ______________ Тіркеу күні _____________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % ________ Салым сомасы _________
      Заңды тұлға (резидент емес):
      Тіркелген елі ______________________________________________
      Атауы ______________________________________________________
      Субъектінің заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың
атауы ____________________________________________________________
      Сауда тізілімінің немесе басқа заңдастырылған құжаттың үзінді
көшірмесіне сәйкес тіркеу нөмірі__________________________________
      Тіркеу күні ________________________________________________
      Салықты тіркеу нөмірі _______________ БСН __________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі %________ Салым сомасы __________

     Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы):
      Аты-жөні ___________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат _____________________________
                                (нөмірі, берілген күні, кім берді)
      ЖСН ________________________________________________________
      Тұрақты тұратын елі ________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі %________Салым сомасы ___________
      Жеке тұлға (шетел азаматы):
      Аты-жөні____________________________________________________
      Жеке басын куәландыратын құжат _____________________________
                                (нөмірі, берілген күні, кім берді)
      Салықты тіркеу нөмірі ______________________________________
      Тұрақты тұратын елі ________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі % ________ Салым сомасы _________
      13. Жұмыспен қамтылған адамның күтілетін саны (шамамен)_____
      Өтінішке қоса беріледі:_____________________________________
                                     (құжаттардың тізбесі)

      Құрылтайшының немесе құрылтайшы уәкілеттік берген тұлғаның
аты-жөні және қолы

      «__» _____________ 20__жыл

Заңды тұлғаларды – Алматы   
қаласының өңірлік қаржы    
орталығының қатысушыларын   
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
қағидаларына          
4-қосымша           

3-нысан  

_____________________________________
      (тіркеуші органның атауы)     

Заңды тұлға – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қатысушысы жарғысының телнұсқасын беру туралы
өтініш

      1. Заңды тұлғаның атауы _____________________________________
      2. БСН ______________________________________________________
      3. Жарғының телнұсқасын алуға арналған негіздеме_____________
                                    (жарғыны жоғалту жағдайлары)
      4. Қаржы орталығының қатысушысының уәкiлеттi органының жарғының
телнұсқасын алу туралы шешімінің күні мен нөмірі___________________
      5. Жарғының жоғалғаны туралы хабарландыру жарияланған мерзімді
баспа басылымының атауы, нөмірі мен күні __________________________
      Өтінішке қоса беріледі:______________________________________
                                           (құжаттардың тізбесі)

      Басшының аты-жөні және қолы
      «__» _______________ 20 __ жыл

Заңды тұлғаларды – Алматы   
қаласының өңірлік қаржы    
орталығының қатысушыларын   
мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
қағидаларына         
5-қосымша          

      4-нысан               

      _______________________________
      (тіркеуші органның атауы)  

Заңды тұлға – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қатысушысы қызметінің таратылуын тіркеу туралы
өтініш

      1. Қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның атауы
________________________________________________________________
      2. БСН ___________________________________________________
      3. Тарату негіздемесі_____________________________________
      4. Заңды тұлғаны тарату (тиісті тармақшада х түрінде
көрсетіңіз):
      1) ерікті _________________ 2) мәжбүрлеп _________________
      5. Шешімнің нөмірі және оны қабылдау күні_________________
      6. Заңды тұлға – қаржы орталығының қатысушысын тарату туралы
хабарландыру жарияланған баспа басылымының күні, нөмірі және атауы
________________________________________________________________
      Өтінішке қоса беріледі:___________________________________
                                    (құжаттардың тізбесі)

      Меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның
аты-жөні және қолы

      «___» _______________ 20 __ жыл

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2013 жылғы 25 ақпандағы  
№ 62 қаулысына      
қосымша         

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 2 шілдедегі № 02-02/158а бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4834 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2007 жылы мамыр-шілдеде жарияланған).
      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 2 шілдедегі № 02-02/158а бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 02-02/12 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2008 жылғы 17 шілдеде № 7 жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 2 шілдедегі № 02-02/158а бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» 2010 жылғы 23 ақпандағы № 04.2-40/44 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6202 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 2 шілдедегі № 02-02/158а бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 қарашадағы № 04.2-40/181 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6712 тіркелген).