Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 30.07.2014 № 483 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Заңның 21-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» Заңның 19-бабына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 9-бабының 1-тармағына, «Білім туралы» Заңға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6977 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 8 маусымда № 180 (26601) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау ережесі:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін реттейді.».
2. Қоса беріліп отырған Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және мерзімдік басылымдарда жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысына (Р.Ф. Жақсылықов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_________ Б. Жұмағұлов
2012 жылғы 29 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 21 қарашадағы
№ 620 бұйрығымен бекітілген
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске
асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Білім туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидасына сәйкес әзірленді және Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – әскери оқу орны) оқуға кандидаттарды қабылдау тәртібін айқындайды.
2. Әскери оқу орындарына:
1) оқуға түсетін жылы он жетіге толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған, әскери қызмет өткермеген Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) әскери қызмет өткерген азаматтар және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер оқуға түсетін жылы жасы жиырма төртке дейін;
3) келісімшарт бойынша әскери қызметшілер жасы жиырма беске толғанға дейін;
4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған қолданыстағы халықаралық келісімшарттар мен келісімдер негізінде шетел мемлекеттерінің азаматтары қабылданады.
3. Әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери оқу орнына қабылдау жоспарына (бұдан әрі – қабылдау жоспары) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қабылдау жоспарын Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер комитеті жыл сайын 30 қаңтарға дейін әзірлейді.
5. Қабылдау жоспарынан үзінді Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің командирлеріне оқуға
түсетін жылдың 15 ақпанына дейін жеткізіледі.
6. Құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлері қабылдау жоспарын алысымен, мынадай жұмыстарды жүргізеді:
1) әскери қызметте тұрмаған азаматтарды әскери кәсіптік бейімдеу жөніндегі жұмысқа қатысады;
2) кандидаттарға әскери оқу орындарына оқуға түсетін адамдарға қойылатын талаптар жеткізеді;
3) оқуға түсетін жылдың 15 мамырына дейін әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
4) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер арасындағы кандидаттармен кешенді тестілеуге дайындықты ұйымдастырады.
7. Үгіт шараларына қатысу үшін әскери оқу орындарының өкілдері оқу орындарының тұрмыс-тіршілігі туралы материалдарды бере отырып, әскери бөлімдер мен жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі.
8. Әскери оқу орындарына оқуға ниет білдірген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер оқуға түсетін жылдың 1 наурызына дейін 1-қосымшада көрсетілген тізбе бойынша әскери оқу орнына түсуге қажетті құжаттарды ұсына отырып, әскери бөлімнің командиріне (бастығына) өтініш білдіреді.
9. Әскери қызметте тұрмаған және әскери оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты орны бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери бөлімі командирінің (бастықтың) атына тиісті өтініш, сондай-ақ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша әскери оқу орнына түсуге қажетті құжаттарды тапсырады.
10. Әскери бөлімдердің командирлері әскери оқу орындарына түсуге кандидаттарға әскери-дәрігерлік комиссиядан өтуге осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді.
11. Іріктеуден өту үшін кандидаттардың әскери оқу орындарына келу уақыты және орны туралы әскери оқу орнының қабылдау комиссиясы оқуға түсетін жылдың 1 шілдесіне дейін кандидаттарға Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери бөлімдері арқылы хабарлайды.
12. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер белгіленген мерзімде іріктеуден өту үшін әскери оқу орнына іссапарға жіберіледі.
13. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге әскери оқу орнына түсу үшін оқу демалысы ұсынылады.
14. Әскери оқу орнына келген барлық кандидаттар тегін тұру орнымен және тамақпен қамтамасыз етіледі.
2. Әскери оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыру
15. Оқуға қабылдауды ұйымдастыруды әскери оқу орнының қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
16. Қабылдау комиссиясының функциясы, жұмыс істеу мерзімі мен құрамы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер бас қолбасшысының жыл сайынғы бұйрығымен айқындалады.
17. Қабылдау комиссиясының төрағасы болып әскери оқу орнының бастығы тағайындалады.
18. Қабылдау комиссиясы төрағасының шешімімен комиссия құрамынан дауыс беру құқығы жоқ жауапты хатшы тағайындалады.
19. Кандидаттарды іріктеуді және қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру үшін әскери оқу орны бастығының бұйрықтарымен:
1) штаттан тыс уақытша әрекет ететін әскери-дәрігерлік комиссия;
2) кандидаттардың дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия;
3) апелляциялық комиссия;
4) техникалық топ құрылады.
Штаттан тыс уақытша әрекет ететін әскери-дәрігерлік комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу жөніндегі нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген) сәйкес, денсаулық жағдайы бойынша оқуға түсуге жарамдылығын анықтау мақсатында кандидаттарға соңғы медициналық куәландыруды жүргізу үшін дәрігер-мамандардың қатысуымен Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орнының медициналық бөлім бастығының төрағалығымен құрылады.
Дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін құрылады. Комиссия құрамына әскери оқу орнының дене шынықтыру даярлығы және тактикалық-арнайы даярлық кафедраларының қызметкерлері кіреді.
Аппеляциялық комиссия кандидаттарды дене шынықтыру көрсеткіштері мен тестілеу бойынша іріктеу қорытындысы бойынша кандидаттардың арыздарын қарау үшін құрылады.
Техникалық топ кандидаттардың жеке және оқу істерін қабылдау және өңдеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін құрылады.
20. Кандидаттарды әскери оқу орнына оқуға қабылдау үш кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезеңде – әскери оқу орнының қабылдау комиссиясы кадрларды даярлаудың аумақтық қағидасын ескере отырып, медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктей отырып, кандидаттар контингентін қалыптастырады;
екінші кезеңде – кандидаттарды бірыңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша жүргізілген кешендік тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттардың балдарына сәйкес іріктеу;
үшінші кезеңде – әскери оқу орындарының қабылдау комиссиялары дене бітімі, медициналық, психофизиологиялық іріктеу нәтижелері, ҰБТ және кешендік тестілеу нәтижелері бойынша курсанттар қатарына тіркеуді жүргізеді.
21. Қабылдау тәртібі туралы ақпарат, қабылдау комиссиясының қабылдауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шешімдері, емтихандар мен консультациялар кестесі, дұрыс жауаптардың кодтары, кешендік тестілеу нәтижелері, сондай-ақ басқа да қажетті ақпараттар кандидаттарға уақтылы жеткізу үшін ақпараттық тақтаға орналастырылады.
3. Кандидаттарды дене бітімі бойынша іріктеу тәртібі
22. Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Әскери институтына оқуға түсушілерге арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер сәйкес осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес кандидаттарды дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізіледі және дене шынықтыру жаттығуларын орындау нәтижелері бағаланады.
23. Дене шынықтыру бойынша нормативтердің мазмұны және спорт жаттығуларын орындау шарттары кандидаттарға дене шынықтыру даярлығы бойынша іріктеу өткізілерден 24 сағат бұрын жеткізіледі.
24. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруды бастар алдында дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері олармен нұсқаулық жүргізуі тиіс, оның барысында оларды жаттығуларды орындау шарттарымен және қауіпсіздік техникасымен қол қойғыза отырып, таныстырады.
25. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге қосылған спорт жаттығуларының әрбір түрі жеке тапсырылады.
26. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындау үшін белтемірге тартылу және 100 метрге жүгіру бойынша бір уақытта кемінде 3 кандидат жіберіледі. 3000 метрге жүгіруге бір уақытта кемінде 10 адам қатысады.
27. Әрбір спорт жаттығуын тапсыру нәтижелерін кандидаттардың дене шынықтыру даярлығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері жеке ведомосқа белгілейді. Жаттығуларды орындау нәтижелері белгілегеннен кейін оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
28. Дене шынықтыру жаттығуларының жекелеген түрлерін тапсыру бойынша ведомостардағы деректер негізінде дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді орындаудың жиынтық хаттамасы жасалады, ол әскери оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсынылады.
Жиынтық хаттамада қандай да бір кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативті тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы қорытынды болуы тиіс және бір сағаттың ішінде осы мәліметтер кандидаттарға жеткізіледі және ақпараттық тақтаға ілінеді.
29. Дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақтың нәтижесімен келіспейтін кандидат апелляцияға арыз бере алады.
Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтің нәтижелеріне байланысты мәселелерді қарауға арналған апелляциялық комиссия құрамы әскери оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
30. Апелляцияға арызды кандидаттың жеке өзі апелляциялық комиссияға дене шынықтыру даярлығы бойынша нәтижелер жарияланғаннан кейін келесі күнгі 13 сағатқа дейін тапсырады және апелляциялық комиссия бір жұмыс күні ішінде қарайды. Арызданушыда өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы тиіс.
31. Арызды қарау нәтижелері бойынша кандидатқа оның қалауы бойынша дене шынықтыру жаттығуларының біреуін қайта тапсыру құқығы беріледі.
32. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия құрамы дауысының көпшілігімен қабылданады. Апелляциялық комиссияның жұмысы хаттамамен рәсімделеді, оған комиссия төрағасы және комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Апелляциялық комиссия шешімінің нәтижелері бойынша арызданған кандидатқа апелляциялық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді беріледі.
4. Кешенді тестілеуді өткізу
33. Кандидаттарды кешендік тестілеу тестілеуді өткізу пункттері базасында (базалық жоғары оқу орындарында) Үлгі ережеге сәйкес өткізіледі.
34. Кешенді тестілеу Үлгі ереженің 5-тармағында анықталған тұлғалар үшін жүргізіледі.
35. Әскери оқу орнына түсетін кандидаттар кешендік тестілеуді қазақ және орыс тілдерінде орта білім бағдарламасы көлемінде тапсырады. Салалық пән «физика» болып табылады.
36. Кешендік тестілеуді қайта тапсыруға жол берілмейді, медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша қайта іріктеу жүргізілмейді.
5. Әскери оқу орнына тіркеу
37. Әскери оқу орындарына тіркеу мандаттық комиссияның отырысында медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша деректерді және қабылдау жоспарында анықталған қабылдау орындарын ескере отырып, сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.
38. Әскери оқу орнының тыңдаушылары қатарына тіркеуге конкурс өткізу кезінде мемлекеттік білім тапсырысы негізінде басымдық құқығына:
1) «Алтын белгі» белгісімен наградталған тұлғалар;
2) автономды білім беру ұйымдарының білімі туралы құжаты бар тұлғалар;
3) соңғы үш жылда жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиада және ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі дипломмен наградталған), республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі дипломмен наградталған) жеңімпаздары, олардың тізбесін білім беру саласындағы өкілеті анықтайды, сондай-ақ ағымдағы жылы жалпы білім беру пәндері бойынша Президенттік, республикалық олимпиадалардың және ғылыми жарыстардың жеңімпаздары (бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі дипломмен наградталған), олардың таңдаған мамандықтары олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыстардың пәндеріне сәйкес келген жағдайда ие бола алады.
39. ҰБТ сертификаттарының немесе кешенді тестілеудің балл көрсеткіштері бірдей болған жағдайда оқуға тіркелуге басымдық құқыққа:
жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балалар;
үздік білімі туралы құжаттары (аттестат, куәлік, диплом) бар тұлғалар;
«Жас ұлан» республикалық мектебін бітіргендер;
әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламасы бар білім беру ұйымдарында тәрбиеленгендер;
қызмет өткеру кезінде қаза тапқан, хабарсыз кеткен немесе әскери қызмет өткеру кезінде мүгедектік алған әскери қызметшілердің балалары ие болады.
40. Курсанттарды Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери оқу орнына тіркеу әскери оқу орны бастығының бұйрығымен жүргізіледі.
41. Курсанттарды тіркеу туралы бұйрықтардан үзінді қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде бөлім тізімінен алып тастау үшін әскери бөлімдерге жіберіледі, сондай-ақ кандидаттарды әскери есептен алып тастау және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде арнайы есепке қою үшін қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге, аудандық (қалалық) қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға жолданады.
42. Оқуға қабылданбаған кандидаттардың жеке істерін кері қайтара отырып және тіркелмеу себебін көрсете отырып: әскери қызметшілер – бұрынғы қызмет орнына; азаматтық жастар арасынан келген тұлғалар – тұрғылықты орны бойынша қорғаныс істер жөніндегі аудандық (қалалық) басқармаларына жіберіледі.
43. Қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін әскери оқу орнының бастығы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер комитетіне курсанттарды қабылдау жүргізілгені туралы есепті ұсынады.
44. Осы Қағидада регламенттелмеген мәселелерді Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» заңдарына сәйкес қабылдау комиссиясы шешеді.
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
әскерлерінің білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдау қағидасына
1-қосымша
Әскери оқу орнына оқуға түсуге қажетті құжаттар тізбесі
1. Өтініш (баянат).
2. Өмірбаян.
3. Әскери бөлімнің кадр аппараты растаған сауалнама.
4. Жұмыс немесе оқу (әскери қызмет) орнынан мінездеме.
5. Тұрғылықты орны бойынша тіркеу туралы анықтама.
6. 3,5*4,5 көлемдегі фотосурет – 6 дана, 9*12 көлемдегі фотосурет – 1 дана (әскери бөлімнің кадр аппараты растауы тиіс).
7. Учаскелік инспектордан, көршілерінен пікірлер.
8. Жақын туыстарының (әкесі, шешесі, ағалары, апалары) жеке куәліктері мен туу туралы куәліктерінің көшірмелері.
9. Құжаттарының көшірмелері (түпнұсқалары салыстыру үшін):
- осы құжаттарға қосымшалары бар аттестат немесе диплом (орта мектеп оқушылары үлгерімі туралы табельді, лицей, колледж оқушылары – сынақ кітапшасының көшірмелерін ұсынады);
- жеке куәлігі;
- тіркелген куәлігі немесе әскери билеті.
Ескертпе:
1. Өтініште (баянатта): тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, білімі, туған жері, қандай оқу орнына, қандай мамандық бойынша түскісі келетіні, қажет болған жағдайда кешендік тестілеуді қай тілде тапсыратыны туралы көрсетіледі.
2. Кандидат әскери оқу орнына келген соң жеке куәлігін, әскери билетін немесе тіркелген куәлігін, орта білімі туралы құжатты және бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырғаны туралы мемлекеттік сертификатын (ағымдағы жылы тапсырған мектеп бітірушілер) қабылдау комиссиясына ұсынады.
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
әскерлерінің білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдау қағидасына
2-қосымша
Нысан
Әскери-дәрігерлік комиссияға
ЖОЛДАМА
Мекен-жайы: _____________________________________
Лауазымы: _____________________________________________________
Әскери атағы, Т.А.Ә. ____________________________________________
Туған жылы: ___________________________________________________
Куәландырудың мақсаты: Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі
әскерлерінің Әскери институтына оқуға түсуге жарамдылық деңгейін анықтау.
Әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысын одан әрі кадр
бөліміне ұсыну үшін қолына беруіңізді сұраймын.
Кадр бөлімінің бастығы ___________________________________________
______________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөні)
20 ___ ж. «____» _______________
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі
әскерлерінің білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдау қағидасына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Әскери институтына
оқуға түсуге арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер
р/с |
Жаттығулар |
Баға |
||
өте жақсы |
жақсы |
қанағаттанарлық |
||
1 |
3000 метрге жүгіру (минутпен) |
12,15 |
12,45 |
13,30 |
2 |
100 метрге жүгіру (секундпен) |
14,0 |
14,2 |
14,8 |
3 |
Белтемірге тартылу (рет) |
11 |
9 |
7 |
Ескертпе:
1. 3000 және 100 метрге жүгіру стадионның жүгіру жолымен немесе кез-келген тегіс алаңмен жоғарғы сөреден орындалады.
2. Бір күнде екі жаттығудан артық орындауға жол берілмейді, кросс (3000 метрге жүгіру) басқа жаттығулардан бөлек келесі күні орындалады.
3. Әскери қызметшілердің дене шынықтыру даярлығы бойынша бағасы олардың тексеруге арналған барлық жаттығуларды орындағаны үшін алған бағаларынан құралады және анықталады:
«өте жақсы» - егер жартысы және одан көбі «өте жақсы» деген баға, ал қалғандары – «жақсы» деген болса;
«жақсы» - егер жартысы және одан көбі «жақсы», ал қалғандары – «қанағаттанарлық» деген болса;
«қанағаттанарлық» - егер қанағаттанарлықсыз деген бағасы болмай бағаларының жартысынан көбі «қанағаттанарлық» немесе барлық жаттығуларды орындағаны үшін оң бағалар (оның ішінде олардың кемінде біреуі «жақсы» деген бағадан төмен емес) болып, бір бағасы «қанағаттанарлықсыз» болса.