Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 620 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қаңтарда № 8300 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 483 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 27.06.2014 № 250/36-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 143/18-III «Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 1 шілдеде № 395 болып тіркелген, 2005 жылғы 5 шілдедегі № 90 «Астана хабары», 2005 жылғы 9 шілдедегі № 103-104 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтарға алдағы уақытта көмек көрсету мақсатында, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:».
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Н. Мещеряков

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов