Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 257 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7956 тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 231 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай талаптар бекітілсін:

      1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрі - инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай үй-жайлардың болуын қамтамасыз етеді:

      қойма не сейф бөлмесі;

      қойманың алдыңғы бөлмесі (қойма болған кезде);

      банкноттарды және монеталарды қайта санау кассасы;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген үй-жайлардың құрылғысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген) бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

      3) инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын сақтайды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.05.2013 № 128 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко