«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай талаптар бекітілсін:
1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрі - инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін мынадай үй-жайлардың болуын қамтамасыз етеді:
қойма не сейф бөлмесі;
қойманың алдыңғы бөлмесі (қойма болған кезде);
банкноттарды және монеталарды қайта санау кассасы;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген үй-жайлардың құрылғысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4817 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;
3) инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) белгіленген талаптарды сақтайды.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко